Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет41/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62

122
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
терең игеруді, қажетті білікті, дағдыны жүйелі қалыптастыратындай 
және  олардың  байқампаздық,  ойлау,  сөйлеу,  шығармашылық  және 
есте  сақтау  қабілеттерін  дамытатындай  етіп  құруды  талап  ететін 
дидактикалық қағида. 
ОҚЫТУДАҒЫ ДАҒДЫЛАР. Бірнеше мәрте қайталау нәтижесінде 
автоматтандырылған сипатқа ие болған оқу әрекеті. Ол оқушылардың 
білім мен білікті игеру мөлшеріне қарай олардың ауызша және жаз-
баша сөйлеу кезінде, оқу міндеттерін орындауда т.б. көрінеді.
ОҚЫТУДАҒЫ ДЕДУКЦИЯ (лат. deductio – қорыту). Жалпы білім 
негізінде белгілі бір объект туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой 
қорытындыларын оқытуда пайдалану. Мұнда оқу материалына сәй-
кес  логикалық  процесс  пен  мазмұндау  жолы  жалпы  қағидалардан 
басталып, оларды сол немесе басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады. 
ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ. Оқушыларды айналадағы құбы-
лыс тарды  бақылап,  ондағы  заңдылықтарды  тануға,  өздігінен  қо-
рытынды жасай білуге үйретуде зерттеу элементін қолдану. Оқу шы-
ның  белсенділігін,  қызығушылығын  қалыптастырып,  оның  ойын 
дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталады.
ОҚЫТУДАҒЫ  ИНДУКЦИЯ (лат. Inductio - сілтеу). Оқу барысын да 
ой тұжырымын пайдалануда ойдың өрбуінің жалқыдан жалпыға қарай 
ілгерілеуі.  Бірақ  индукциялық  әдіс  жаңа  ұғымды  қалыптастыруда 
едәуір уақытты талап етеді.
ОҚЫТУДАҒЫ САНАЛЫЛЫҚ. Дидактикалық принцип, XVII-XVIII ғ. 
Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци сияқты педа гогтар ұсы-
нып,  қазіргі  педагогикада  кеңінен  дамыған.  Оқытудағы  саналылық 
оқыған  материалды  түсінуінен,  практикалық  міндеттерді  шешуде 
және жаңа фактілерді түсіндіруде, ақыл-ой және практикалық қызмет 
процестерін,  қолданылатын  әдіс-тәсілдердің  жүйелілігін  түсінуде, 
алған  білімді,  дағдылар  мен  шеберліктерді  пайдалану  қа бі летінен 
байқалады. Саналылық компоненттеріне оқушының өз бетінше білім 
алу  арқылы  жаңа  білімді  қалыптастыруына  мүмкіндік  беретін  өз 
бетінше ақыл-ой қызметінің тәсілдерін меңгеруі, зерттеу жұмыстарына 
қатысуы  жатады.  Оқытудағы  саналылықтың  ең  жоғарғы  көрінісі  – 


123
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
алған  білім,  дағды  және  шеберліктерді  практика  жүзінде  табысты 
пайдалану, жинаған тәжірибеге сүйене отырып, ақиқат құбылыстарды 
терең әрі жан-жақты талдау қабілеті болып табылады.
ОҚЫТУДАҒЫ ТЕАТРЛАНДЫРУ. Оқу материалы бойынша са бақтан 
тыс  уақытта  түрлі  атрибуттар,  көптеген  қатысушылар  мен  уақыты 
ұзартылған алуан жанрлы театрланған шығармашылық кө ріністер.
ОҚЫТУДАҒЫ  ТЕОРИЯ  МЕН  ПРАКТИКА  БАЙЛАНЫСЫ. 
Теориялық  білімнің  іс  жүзінде  білім,  дағды,  шеберлік  тұрғысынан 
көрініс табуы. Оқушыларды нақты іс-әрекетке үйретеді, тиісті әре-
кетке бейімделуге икемдейді.
ОҚЫТУДАҒЫ  ТЫҢДАЛЫМ.  Өзге  тілдегі  сөздерді  есту  арқылы 
қабылдайтын  оқыту  құралы  болып  табылатын  тыңдалымның  түрі. 
Оқытудағы  тыңдалым  сабақта  аудиомәтіндердегі  лексика-грамма-
тикалық бірліктерді, тыңдалым механизмін танытудағы, ауызекі естуді 
дамытудағы дағдыны қалыптастырады. Мәтінде ұсынған шарттары, 
формалар, тыңдалымдағы қиындықтарды жеңуге бағытталған, оның 
мазмұндық  деңгейі  үшін  жаттығулар  орындалады.  Аудиомәтінмен 
жұмыс істеу сипатына байланысты оқытудағы тыңдалым интенсивті 
және экстенсивті болып бөлінеді.
ОҚЫТУДАҒЫ  ФОРМАЛИЗМ.  Материалды  толық  түсіне  ал-
май тын  және  іс  жүзінде  қолдана  алмайтын  деңгейдегі  құр  жат тан -
дылық.  Оқытудағы  формализмнің  негізгі  себебі  -  оқытудың  абс-
трак тылығы,  материалды  өмірмен,  практикамен  байланыстыра  ал-
мау,  дидактиканың  көрнекілік,  саналылық  және  белсенділік  ұста-
нымдарын жеткілікті қолдана білмеуден туындайды.
ОҚЫТУДЫ  АВТОМАТТАНДЫРУ  –  оқу  үдерісіне  оқыту  қыз-
мет терінің кейбір бөлігін автоматтандыру, жеделдету, ақпарат алма-
суды жылдамдату үшін автоматтық құрылғыларды (ең алдымен ком-
пьютерлерді) енгізу. Автоматтандырылған оқыту техникалық құрал-
дарды және басқару әдістерін жеңілдетуге негізделген оқыту үдерісін 
жеделдетуге бағытталған. 
ОҚЫТУДЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ. Білім, дағды және шеберлікті өз 
бетінше  меңгеруді  қамтамасыз  ететін  арнайы  оқыту  бағдарламасы 


124
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыру.  Педагогиканың  кибернетика, 
математикалық  логика  және  есептеу  техникасының  күрделі  жүйе-
лерін  басқарудың  ұтымды  принциптері  мен  құралдарын  алу  нәти-
жесінде  пайда  болған.  Терминді  кең  мағынада  алар  болсақ,  бұл 
оқушылардың  танымдық  қызметін  басқару  принциптері  негі зінде 
құрылған оқыту. Оқытуды бағдарламалау арнайы оқу құрал дарының 
(машиналық  емес  оқытуды  бағдарламалау)  немесе  техни калық 
тетіктердің  (машина  арқылы  оқытуды  бағдарламалау)  көмегімен 
жүзеге  асырылады.  Қазіргі  педагогикалық  әдебиетте  оқытуды 
бағдарламалау  оқыту  әдісі  ретінде,  еңбекті  ғылыми  тұрғы дан 
ұйымдастыру  жүйесі  ретінде,  кибернетикалық  дидактика,  педаго-
гикалық  технологияның  саласы  ретінде  сипатталады.  Оқытуды 
бағдар ламалауға мынадай белгілер тән: 1) оқу жұмысының мақсатын 
және  осы  мақсатты  орындау  алгоритмін  өлшеу;  2)  оқылатын 
материалды және оқуға қатысушылардың қызметін бірнеше орташа 
бөліктерге (деңгейлерге) бөлу; 3) оқушының әрбір деңгейді орындауы 
туралы ақпарат алу мүмкіндігі (деңгейлерден дұрыс өткені туралы 
белгі беретін шұғыл кері байланыстың болуы және оны оқу әрекетін 
түзету  үшін  пайдалану);  4)  оқу  процесін  ерекше  ұйымдастыру, 
оқытушы  оқушылардың  жұмыстарын  бақылап  қана  қоймайды, 
сон дай-ақ  іріктеп  бақылау  мәліметтері  негізінде  көмек  көрсетеді;              
5)  оқыту  барысында  арнайы  бағдарламаланған  оқу  құралдары  мен 
техникалық құралдарды пайдалану. Жоғарыда көрсетілген оқытуды 
бағдарламалауға  тән  белгілердің  ең  бастысы  –  оқу  жұмысының 
алгоритмінің  болуы,  яғни  алға  қойылған  мақсатты  шешуге  ықпал 
ететін іс-әрекеттердің қатаң регламенттелген жүйесінің болуы. Оқу 
жұмысының осындай алгоритмінің болуы оқытуды бағдарламалайды, 
өйткені  оқу  процесі  деңгейлерге  бөлініп,  шұғыл  кері  байланыс 
жүзеге асырылады. Оқытуды бағдарламалау термині 50 ж. АҚШ-та 
пайда  болды.  Психологиялық  бихевиоризм  теориясына  негізделген 
оқытуды  бағдарламалау  ұзақ  уақыт  бойы  осы  салада  дамып  келді. 
60  ж.  тармақталған  оқыту  бағдарламасын  жасаған  П.  Краудердің 
(Б.Скиннер мен оның жақтастарының желілік оқуына қарама-қайшы) 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау