116
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
әдістері белгілі. Жаңа әдістер пайда болған кезде, тиімді және
әмбебап оқыту әдістерін қалыптастыру туралы сөз болады. Алайда
жұмыс тәжірибесіне сүйенетін болсақ, әмбебап тиімді әдісті құру
мүмкін емес сияқты, өйткені тиімділік оқытудың нақты мақсаттары,
міндеттері және талаптары арқылы анықталады.
ОҚЫТУ ӘРЕКЕТІ. Мақсаты білім беру немесе сөйлеу дағдылары
мен шеберліктерін қалыптастыру болып табылатын іс-әрекет.
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ. Оқыту құралы және меңгерілуі тиіс
білім, дағды, шеберлік мазмұны мен көлемін анықтайтын, сондай-ақ
бөлімдер мен тақырыптарға бөлінген әдістемелік-нұсқаулық түріндегі
құжат. Білім стандартының негізінде құрылады. Оқыту бағдарламасы
оқытудың міндеттері көрсетілген, оқыту бағдарламасының құры-
лымы, оқытуды ұйымдастыру формалары сипатталған түсінік теме
жазбасымен қатар жүреді. Оқыту бағдарламасында оқу мате риалын
(лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, тілдесу та қы рып тары
мен жағдайлары) баяндауға орын беріледі. Оқыту бағдарламасына
тіркелген қосымшада пайдаланылатын оқу құрал дары мен әдебиет-
терінің тізімі беріледі. Оқыту бағдарламасын жазу – маңызды әрі
жауапты әдістемелік міндет.
ОҚЫТУ ДИАГНОСТИКАСЫ. Қандай да бір жүйенің күйін си-
паттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауыт-
қуларды айту, олардың жұмыс режимінің бұзылуының алдын алу
жолдарын айқындау.
ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ. Әдістеменің негізгі категориясы, сабақтарға
арналған материалды іріктеуді, оны беру формалары мен оқыту
құралдарын, сондай-ақ оларды ұйымдастыру тәсілдерін анықтайтын
оқу процесінің негізгі компоненттерінің жиынтығы. Тіл үйрету
әдістемесінің жүйелі тәсілі тұрғысынан алғанда, оқыту жүйесінің
мынадай компоненттері (немесе ішжүйелері) бөлініп көрсетіледі:
оқыту тәсілі, оқытудың мақсаттары, міндеттері, мазмұны, процесі,
принциптері, әдістері, ұйымдастыру формалары, құралдары. Тіз-
бектелген компоненттер оқыту жүйесін түзеді, олар бірыңғай міндет
– тілді үйретуге бағытталған. Оқыту жүйесінде оқытудың мақсаттары
басым рөл атқарады, оқыту мақсаттары ортаның әсерінен құрылып,
117
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
оқыту тәсілін, принциптерін, мазмұнын, формасын, әдістерін, оқыту
құралдарын таңдауға ықпал етеді. Оқыту жүйесінің жоғарыда аталған
компоненттері арқылы ол оқу процесі түрінде жүзеге асады, оқыту
процесінің ұйымдастыру-құрылымдық бірлігі практикалық сабақтар
болса, функционалды бірлігі – оқу әрекетінің циклдеріне біріктірілетін
сөйлеу іс-әрекеттері мен операциялар болып табылады. Оқыту
жүйесіне тән ерекшеліктер: 1) функционалдылық (нақты мақсаттың
әсерімен оқыту процесіндегі жүйені жүзеге асыру қабілеті); 2) күр-
делілік (жүйенің компоненттері белгілі бір иерархиялық жағынан
байланысты бүтін бір құрылым ретінде бір-бірімен және ортамен
өзара қарым-қатынасқа түседі); 3) ашықтық (тұрақты даму күйінде
болғанда орта тарапынан жүйеге барынша әсер беріледі, өзі оқытудың
мақсаттары мен міндеттеріне ықпал етеді, бұл оқыту мазмұнын және
жүйенің басқа да компоненттерін өзгертуге итермелейді). Оқыту
жүйесін үш деңгейде қарастырған (Бим, 1988) жөн:
макротәсіл
деңгейі (әдістемені басқа ғылымдармен, алғашқы кезекте, әдістеме
үшін негізгі болып табылатын басқа ғылымдармен өзара байланысты
ғылым ретіндегі деңгейде),
нақты тілді меңгеру және микротәсіл
деңгейі (нақты оқыту-тәрбиелеу процесі, негізгі құраушы бөліктері
мұғалім, оқушы, материалдық оқыту құралдары болып табылады).
ОҚЫТУ КУРСЫ. Мемлекеттік стандартқа және оқу жоспарына
сәйкес әртүрлі оқу орындарына арнап дайындалған сабақтар
жүйесі. Оқыту курсы белгілі бір уақыт кезеңіне есептелген және
бірқатар жалпы білім беретін және арнайы пәндерден тұрады. Курс
аяқталғаннан кейін, курстың атауы, мамандығы, әр пән бойынша
өткізілген сағат саны және алған бағалар көрсетілген диплом, куәлік
немесе сертификат беріледі. Мектептің жоғарғы сыныптарында
оқыту бағдарламасы деген термин қолданылады.
ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ. Әдістеменің негізгі категориясы;? оқыту-
шының тіл үйрету бойынша қызметі және оқушының тілді меңгеру
бойынша қызметі жүзеге асырылатын оқу құралдары мен техникалық
құрылғылар кешені. Оқыту құралдары тілді меңгеруді жеңілдетіп,
тиімді етеді. Құрылымдық жағынан алғанда, оқыту құралдары
төмендегідей бөлінеді: а) Оқытушыға арналған оқыту құралдары
118
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
(мем лекеттік білім беру стандарты, шет тілі бойынша бағдарлама,
оқытушыға арналған кітап, әдістемелік құралдар, анықтамалық және
ғылыми әдебиет); ә) оқушыларға арналған оқыту құралдары (оқулық,
оқуға арналған кітап, жаттығулар жинағы, кіріспе фонетикалық
курс, сөйлеуді дамыту жөніндегі оқу құралдары, тіл анықтамалығы,
сөздіктер және т.б.). Оқыту құралдары оқушылардың нақты бір
кон тингентімен жұмыс істеуге арналған және белгілі бір оқыту
профиліне есептелген типтік оқыту кешенін құрады. Кешеннің мін-
детті компоненттеріне оқулық, оқытушыға арналған кітап, аудио-
визуалды қосымша жатады, ал басқа компоненттер оқулықтың
мазмұнын нақтылап, толықтыруға арналған.
ОҚЫТУ МОДЕЛІ. Оқытушының сабақтарда нақты мақсаттар мен
жұмыс істеу талаптарына қатысты оқыту әдісін жеке-жеке түсіндіруі.
Оқыту моделі біздің оқу әрекетіміз туралы түсінігімізді ғылыми-
эмпирикалық деңгейде жеткізуге арналған белгілі бір жанама жүйе
болып табылады. Шет тілін оқыту әдістемесінде оқыту процесінің
әртүрлі қырларын сипаттайтын модельдің әртүрлі үлгілері берілген.
Оқыту моделі оқытушының таңдаған оқыту технологиясы бойынша
жүзеге асырылады (Ляховицкий, 1981).
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ. Әдістеменің негізгі категориясы; оқыту
мақсаттарының нақты оқыту талаптары мен кезеңінен объективті түрде
көрініс табуы. Оқыту міндеттерін білім, дағды және шеберлік құ райды.
Оқыту міндеттерінің оқыту мақсаттарына сәйкес болуы аса ма ңызды.
ОҚЫТУ ПРИНЦИПТЕРІ. Әдістеменің базистік категориясы.
Жалпы оқу процесіне және оның құрамдас бөліктеріне (мақсаттарына,
білімдеріне, әдістеріне, оқыту процесіне) қойылатын бастапқы
талаптар туралы түсінік. Әдістеме шет тілін оқыту жүйесін негіздеу
үшін базалық ғылымдардың (психология, педагогика, лингвистика)
ережелерін пайдаланатын болса, оқыту принципінің төрт тобын бөліп
көрсетуге болады: лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық,
әдістемелік. Бұл топқа енетін принциптердің бәрі өзара тығыз бай-
ланысты және оқытудың алға қойылған мақсатына қол жеткізуді
қам тамасыз ететін бірыңғай жүйені қалыптастырады. Сонымен қа-
Достарыңызбен бөлісу: |