Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет38/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62

113
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
қамтамасыз  ететін  техникалық  оқыту  құралы.  Оқытатын  маши-
на ның  жұмыс  істеуі  үшін,  оқу-әдістемелік  бағдарлама,  яғни,  оқу 
алгоритмінен,  сондай-ақ  оқушының  жұмысын  ұйымдастыру  алго-
ритмінен тұратын оқытатын немесе басқаратын бағдарламалар болу 
керек. Бұл алгоритмдер әдетте, құрылғының өзінде бекітілген, десе 
де көптеген машиналардың бірнеше жұмыс істеу режимдері болады. 
Оқытатын  машинаны  пайдаланған  кезде,  оқытушы  еңбекті  қажет 
ететін және өнімділігі аз операциялармен байланысты оқу процесінің 
бірқатар топтарына тікелей қатыспаса да болады, бұл оқушылармен 
жеке-жеке  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді.  Оқытатын  машина 
қыз метінің  қатып  қалған  компоненттері  оқытушыға  қарағанда 
тиімді  жұмыс  істейді.  Оқытатын  машина  орналасқан  оқу  бөлмесін 
автоматтандырылған сынып? деп атайды. Оқытатын машиналардың 
көбі екі режимде жұмыс істейді: оқыту (бақылау) және өз бетінше оқу 
(өзін-өзі бақылау). Олар оқушылармен жеке-жеке қарым-қатынасқа 
түседі және әрі қарайғы әрекеті берілген жауаптың сипатына қарай 
болады. Қазіргі таңда оқытатын машинаның орнына компьютерлер 
пайдаланылып жүр.
ОҚЫТАТЫН  ЭКСПЕРИМЕНТ  (ағылш.  educational  experiment). 
Табиғи эксперимент түрі, ерекшелігі – зерттеу пәні болып табылатын 
құбылыс оқыту жағдайында қалыптасады. Оқытатын эксперименттің 
көмегімен оқушының жинаған білімі, дағдылары, шеберліктері емес, 
оқыту барысында олардың қалыптасу, құрылу ерекшеліктері анық-
талады.  Сондықтан  да  негізгі  тәжірибенің  алдында  білім  (дағды, 
шеберлік) деңгейін белгілеуге мүмкіндік беретін, белгілейтін экспе-
римент  деп  аталатын  алдын  ала  кезең  болады.  Әдетте,?  оқытатын 
экспе римент  оқушы  әлі  оқымаған  оқу  материалы  негізінде  жүзеге 
асады. Оларға жаңа материалды (мысалы, оқулық бойынша) өз бе-
тінше  меңгеру  ұсынылады,  содан  кейін  жаңа  материалды  мең геру 
деңгейі  тексеріледі,  бұл  оқу  құралындағы  материалдың  қолже тім-
ділігі және тиімділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 
Оқытатын эксперимент әдетте,? жаңа оқу материалы негізінде жүзеге 
асырылады, яғни, оқушы әлі оқымаған материал таңдалады.


114
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ОҚЫТУ. Адамның білім, дағды, шеберлік және танымдық қызмет 
тәсілдерін меңгеру және беру процесі, оқытушы, сондай-ақ оқушы 
қатысатын екі тарапты процесс, олардың бірлескен қызметі. Оқыту 
барысында  практикалық,  жалпы  білім  беру,  тәрбиелік  мақсаттар 
іске  асырылады.  Оқыту  мақсаттарына  сәйкес  оқытудың  мазмұны, 
әдістері, құралдары іріктеледі. Оқытудың мақсаты - тек белгілі бір 
білім  беру  деңгейін  қамтамасыз  ету  ғана  емес,  сондай-ақ  адамның 
жеке  тұлғасын  қалыптастыруға  ықпал  ету.  Коммуникативтік-
қызметтік  тәсіл  тұрғысынан  алғанда,  оқушы  оқыту  «нысаны»  (оқу 
барысында  ықпал  ететін)  ғана  емес,  сондай-ақ  оқыту  «субъектісі» 
(оқушы өзінің оқу әрекетінің ұйымдастырушысы) болып табылады. 
Оқыту  барысында  оқушылардың  жас  ерекшелігін,  әсіресе,  жеке 
басының  ерекшелігін  ескерген  абзал.  Оқыту  тиімділігін  арттыру 
үшін, оқушылардың арасындағы айырмашылықты ескеріп қана қой-
май, оларға әсер етіп, дұрыс бағыт көрсетіп, жөн сілтеу керек. Оқуға 
қарағанда?  оқытудың  айырмашылығы  –  мұнда  тәжірибені  беру 
процесі тәжірибені беруші және оны қордалаушы сияқты екі (және 
одан да көп) субъектінің бірлескен қызметі. Әлеуметтік тәжірибені, 
білімді  беру  түсіндіру,  көрсету  және  бекіту  сияқты  объективті  үш 
тәсіл арқылы іске асырылады.
ОҚЫТУ  АЛГОРИТМІ.  Оқыту  процесін  жүзеге  асыру  тәсілдері 
туралы нақты анықталған және сөзсіз жүзеге асырылатын белгілер 
жүйесі, бұл жоспарланған мақсат аясында алға қойған мақсатқа қол 
жеткізуді немесе нақты оқу міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді. 
Оқыту алгоритмі бағдарламаланған оқытудың негізіне алынған.
ОҚЫТУ АСПЕКТІСІ (лат. aspectus – түр). Тілді (лексика, грамматика, 
фонетика, стилистика, мәтінді талдау, аударма, лингвоелтану) қарым-
қатынас құралы ретінде оқыту жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі.
ОҚЫТУ ӘДІСІ. 1. Жалпы дидактикалық ұғым. Оқушылардың бі-
лім алу, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарына қол жеткізуге бағыт-
талған  оқытушы  мен  оқушылардың  өзара  байланысты  қызмет  ету 
тәсілдерінің жиынтығы; әртүрлі пәндерді оқыту барысында пайдала-
нылатын әмбебап болып табылады, алайда әрбір нақты пәнде ерекше 


115
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
болып  көрініс  табады.  Оқыту  әдісі  сабақ  беру  әдістері  (көрсету, 
түсіндіру, жаттығуларды ұйымдастыру, тәжірибелерді ұйымдастыру, 
түзету,  бағалау)  және  оқу  әдістері  (таныстыру,  зерделеу,  жаттығуға 
қатысу,  практика,  өзін-өзі  бағалау,  өзін-өзі  бақылау)  деген  өзара 
байланысты  екі  топтан  тұрады.  Оқыту  әдістері  әртүрлі  белгілер 
бойынша  классификацияланады:  а)  білім  алу  және  дағдылары  мен 
шеберліктерді  қалыптастыру  көзі  бойынша  (мұғалімнің  сөзде рі, 
әңгілемесу,  баяндау,  тілді  талдау,  жаттығу  жасау,  кітаппен  жұмыс 
істеу,  экскурсиялар,  көрнекілік  құралдарын  пайдалану);  ә)  оқушы-
лардың  оқу  процесіне  қатысу  деңгейі  мен  сипаты  бойынша  (оқу 
әрекеті  барысында  оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеу  деңгейі 
бойынша  бөлінетін  белсенді  және  белсенді  емес  оқыту  әдістері); 
б)  оқушылардың  жұмыс  сипаты  бойынша  (ауызша  және  жазбаша, 
сыныптық  және  үй,  жеке  және  ұжымдық  оқыту  әдістері).  Қазіргі 
таңда  оқыту  әдістерінің  оқытудың  қызметтік  түріне  негізделген 
классификациясы  кеңінен  таралған.  Осыған  байланысты  мынадай 
әдістер бар: 1) оқу пәнін меңгеруді қамтамасыз ететін әдістер (сөз, 
көрнекіліктер,  практикалық,  репродуктивті,  проблемалық-іздену, 
индуктивті,  дедуктивті);  2)  оқу  әрекетін  ынталандыратын  және 
моти вациялайтын әдістер (танымдық ойындар, оқу дискуссиялары, 
проблемалық жағдайлар және т.б.); 3) оқу әрекетін бақылау және өзін-
өзі бақылау әдістері (сауалнама, сынақ, емтихан және т.б.). 2. Жеке 
әдістемелік ұғым. Жалпы дидактикалық оқыту әдістеріне қарағанда 
әмбебап және әртүрлі пәндерді оқыту кезінде пайдаланылады, атап 
айтар болсақ, оқыту әдістері нақты бір пәннің немесе пәндер тобының 
ерекшелігін  көрсетеді.  Шет  тілдерін  үйрету  әдістемесіне  тарихи 
кезеңнен бастап әдісті жеке әдістемелік ұғым ретінде белгілеудің екі 
анықтамасы берілген: 1) кең мағынада алар болсақ, оқытудағы бағыт; 
2) тіл аспектілерін немесе сөйлеу қызметінің түрлерін үйрету тәсілі 
(Общая методика..., 1967). Әдістерді жалпыдидактикалық және жеке 
әдістемелік  деп  бөлу  шет  тілін  оқытудағы  әдістерге  жатады.  Шет 
тілдерін  оқыту  тарихында  қоғамның  тілді  үйрену  қажеттіліктеріне 
қарай туындаған және қоғам дамуының әртүрлі кезеңдерінде ғылым 
мен  техниканың  даму  деңгейін  көрсететін  бірнеше  ондаған  оқыту 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау