Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет35/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62

104
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
типтік проблемалық педагогикалық жағдайларды талдау қабілеті; ә) 
конструктивті-жоспарлау – проблемалық педагогикалық жағдайларды 
өз бетінше модельдей білу шеберлігі және оларды шешудің жалпы 
жоспарын  беру;  б)  коммуникативті  –  кәсіби  педагогикалық  қарым-
қатынас жасай білу шеберлігі; в) ұйымдастырушылық – өзінің жеке 
қызметін де, оқушылардың қызметін де ұйымдастыра білу шеберлігі.
- Н -
НЕЙРОЛИНГВИСТИКА  –  неврология  мен  лингвистика  ғылым-
дарының түйіскен нүктесінде пайда болған, тіл жүйесін тілдік мінез-
құлықтың ми субстратымен қатынасын зерттейтін ғылыми пән. 
НОРМАТИВТІК-БАҒДАРЛЫ  ТЕСТ  (ағылш.  norm-referenced  test). 
Жеке  сыналушылардың  оқу  жетістіктері  салыстырылатын  педа-
гогикалық  тест  түрі.  Тест  нәтижелері  тест  балдарымен  көр се-
тіледі,  олар  әзірлеушілер  жасаған  арнайы  шкалаларда  белгіле неді. 
Нормативтік-бағдарлы  тест  сыналушыларды  салыстыру  үшін  се-
німді  көрсеткіштер  алу  үшін  пайдаланылады.  Мұндай  тестілеу  ке-
зінде  тест  балдарына  талдау  жүргізудің  ең  оңай  тәсілі  –  сынақ 
өткізген оқу тобындағы оқушылардың қанша пайызы тестті дұрыс 
орындады  (қаншауы  жоғары  балл  алды),  қанша  пайызы  дұрыс 
орындамады  (қаншауы  төмен  балл  алды)  деген  мәселені  анықтау 
болып табылады. Бұл тесттің ерекшелігі – сыналушыларды жіктеу. 
Егер  сыналушылардың  басқа  сыналушылармен  салыстырғанда 
оқу  қабілетімен  немесе  деңгейімен  байланысты  ақпарат  алу  қажет 
болғанда  тест  өте  пайдалы  болады.  Бұл  тест  оқушылардың  тілдік 
даярлығы  мен  қабілет  деңгейін  ескере  отырып,  оқушыларды  оқу 
топтарына бөлген кезде кеңінен пайдаланылады.
- О -
ОВЕРХЕД-ПРОЕКТОР (ағылш. overhead – бастан жоғары + projector 
– алға итермелейтін). Мөлдір үлдірден қабырға экранына оптикалық 
проекциялау құралы. 
ОЙЫН ТЕРАПИЯСЫ (грек. therapeia – күтім жасау, емдеу). Әртүрлі 
эмоционалды  бұзылуларға  (үрей,  невроз  және  т.б.)  шалдыққан 
балалар  мен  ересектерге  емдік-педагогикалық  тұрғыдан  ықпал  ету 


105
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
әдісі.  Ойын  терапиясы  әдістемесінің  негізінде  ойынды  тұлғаны 
қалыптастыру мен дамытудың маңызды факторы ретінде тану жатыр. 
Балалар  психотерапиясы  практикасында  ойындарды  қосымша  әдіс 
ретінде пайдаланғандардың бірі З. Фрейд (1913).
ОҚУ.  Оқушының  алдағы  іс-әрекеті  үшін  білім,  білік,  дағдыларды 
мақсатты түрле меңгеру процесі. Мектеп жағдайында оқу оқытумен 
өзектес  жүреді.  Оқу  оқушының  ақыл-ой  (байқау,  оқу,  тапсырма 
орындау  және  т.б.)  және  дене  (шеберханада,  мектеп  жанындағы 
үлескіде  жұмыс  істеу,  т.б.)  жұмысының  жиынтығын  бейнелейді. 
Мұғалімнің оқытқанын оқушы оқуда жүзеге асырады: тапсырманы 
көшіру, орындау және шығармашылық өзіндік әрекеттер орындалады.
ОҚУ АРҚЫЛЫ ҮЙРЕНУ ӘДІСІ. Оқыту әдісі, бұл әдіске сәйкес 
оқушылар жаңа білім мен шеберлікті меңгеруі тиіс. Сабақ дегеніміз 
жай ғана білімді беру үшін емес, ол оқушылардың интерактивті қарым-
қатынасын ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Мұғалімнің міндеті 
–  оқушылардың  бір-бірімен  белсенді  түрде  араласуын  қамтамасыз 
ету, тұлғааралық байланыстарды дамыту. Әртүрлі зерттеу жобалары 
маңызды рөлге ие.
ОҚУ  БАҒДАРЛАМАСЫ.  Әрбір  оқу  пәні  бойынша  меңгерілуге 
тиісті  білімнің,  шеберлік  пен  дағдылардың  мазмұны  мен  көлемін 
айқындайтын құжат.
ОҚУ  ЖАТТЫҒУЫ.  Белгілері  бойынша  бөлінген  жаттығу  түрі; 
ауызша  сөйлеуді  дамыту  немесе  тілдің  жекелеген  құбылыстарын 
меңгерту мақсатында орындалатын әртүрлі жаттығулар. 
ОҚУ  ЖОСПАРЫ.  Оқу  орындарында  оқылатын  оқу  пәндерінің 
құрамы, оның оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу 
пәніне  берілетін  уақыт  мөлшерін  және  оқу  жылының  құрылымын 
белгілейтін  құжат.  Оқу  жоспары  –  оқу  орнының  мақсат,  міндетіне 
сай жасалады. Оқу жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты 
оқу бағдарламалары мен оқулықтарда айқындалады.
ОҚУ ЖЫЛЫ. Оқу орындарында белгіленген жыл сайынғы (жазғы 
каникулға дейінгі) оқу мерзімі. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. 
Оқу  жылы  басталғанға  дейін  барлық  оқу  орындарында  дайындық 
жұмыстары ұйымдастырылады.


106
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ОҚУ КЕСТЕСІ. Белгілі бір жүйеге келтірілген, мағлұматтар, есептеу 
мәліметтерінің тізбегі, көрнекі құралдардың бір түрі. Оқу кестесі – 
тақырыптық мазмұн, сандық, графикалық (сызықтық), суретті және 
аралас болады. Оқу кестесі – ауқымды хабар беруге, көрсеткіштерді 
салыстыруға, кез келген дамудың ретін бейнелеуге және т.б. мүмкіндік 
береді.  Сондықтан  оқу  кестелері  әдебиеттерде,  оқу  құралдарында, 
оқытуды ұйымдастырудың барлық түрлерінде қолданылады.
ОҚУ  КОЛЛЕКЦИЯСЫ.  Оқытуда  көрнекі  құрал  ретінде  қолда-
нылатын,  тегіне  байланысты  іріктеліп  алынған  және  түрлік 
белгілеріне  қарай  жүйеленген  заттар.  Оқу  коллекциясына  пайдалы 
қазбалардың,  жануарлардың  басты-басты  түрлері  өкілдерінің, 
құрылыс материалдарының, минералдардың үлгілері және т.б. жата-
ды.  Жергілікті  мекеннің  өлкетану  материалдарын  жинап,  сабақта 
пайдаланудың дидактикалық мәні зор.
ОҚУ МАКЕТІ. Көрнекі құрал; қандай да бір объектінің декоративті-
көркем безендірудегі үлгісі. Үлгіге қарағанда оқу макеті бөліктерінің 
көлемі азырақ дәлдікпен сақталады. Оқу макетінің қызметі – объек-
тінің сыртқы көрінісі мен оны қоршаған жағдайды көрнекі жеткізу. 
Сондықтан  оқу  макетінің  негізгі  сипаттық  ерекшелігінің  бірі  – 
декоративтілік болады.
ОҚУ  МАТЕРИАЛДАРЫ.  Презентацияларға  және  оқу  үдерісін 
меңгеруге  жататын  арнайы  таңдалған  және  ұйымдастырылған  әдіс-
темелік  материалдар;  дыбысталатын  және  жазбаша  мәтіндер, 
бейвербалды таңбалық хабарламалар (формулалар, кестелер, сыз балар), 
ым-ишара тілі мен мимика, бейвербалды мінез-құлық дерек тері, тілді 
оқып жатқан елдің болмысы (мысалы, суреттері) және т.б. жатады.
ОҚУ  МАТЕРИАЛДАРЫН  ТАЛДАУ  (ағылш.  materials  evalua tion). 
Оқыту  мақсаттарын  орындау  тұрғысынан  алғанда,  оқу  материал-
дарының  тиімділігін  және  жарамдылығын  бағалау.  Сонымен  қатар 
мұнда әдіскерлер дайындаған бірқатар критерийлер қатарын ес кер ген 
жөн: 1) осы тәрізді материалдарды құру кезінде негізге алын ған оқыту 
мақсаттары  мен  міндеттеріне  сәйкестік;  2)  оқытушы  өзінің  жұмысы 
барысында  басшылыққа  алатын  оқыту  тәсілдерін  ескеру.  Сондай-ақ 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау