Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет13/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62

38
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
БІЛІМ  БЕРУ  ТЕХНОЛОГИЯСЫ.  Оқу  процесін  жоспарлау, 
оқушылардан  тест  алу  және  білім  беру  жүйесі  ретінде  мектеп  іс-
әре кетін  басқару  үшін  жүйелі  тәсіл  мен  ілеспелі  тәжірибелік  білім 
жиынтығын құру.
БІЛІМ  БЕРУ  ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ.  Әртүрлі  оқу  орында-
рындағы базалық оқу пәндерінің мазмұны мен оқылу ұзақтығы туралы 
көзқарастар  жүйесі,  білім  беру  бағдарламаларының  мақсаттарын, 
міндеттерін, ұйымдастырылуын түсінудің белгілі бір әдісі.
БІЛІМ  БЕРУДЕГІ  МОНИТОРИНГ.  Білім  беру  процесінің 
қалаған нәтижеге немесе бастапқы ұйғарымға сәйкестігін айқындау 
мақсатындағы тұрақты бақылау, қадағалау.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨКТЕМДІК ( лат. auctoritas — үкімет, ықпал). 
Білім алушы мен білім беруші арасындағы қарым-қатынас түрі; білім 
беру ісінде құрғақ беделге салу, әкімшілік жолмен өктемдік көрсету.
БІЛІМ  КӨЛЕМІ.  Мектептің  әр  сатысындағы,  әр  пән  бойынша 
игеруге қажетті білім.
БІЛІМ  МАЗМҰНЫ.  Жас  ұрпақтың  өркениетті,  демократиялық 
қоғамда өмір сүруі үшін оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесі мен дүние-
танымды игерту. Білім мазмұны жаңа ақпарат ағымын саналы түсіну, 
оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, 
рухани адамгершілік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді.
БІЛІМДІ БЕКІТУ. Алған білімді тест әдістері, сұрақ қою арқылы, 
шығарма, мазмұндама, реферат және т.б. жаздыру арқылы бекіту.
БІЛІМДІ МЕҢГЕРУ. Ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. 
Білім  жүйесін  меңгеру  арқылы  ғана  адам  ой  және  дене  еңбегінің 
тетіктерін  жақсы  түсінеді.  Ақыл-ойды  меңгеру  арқылы  заттардың 
байланыс қатынастарын ажыратуға болады. Бір нәрсені екіншісімен 
салыстырып дәлелдеуге, олардың айырмашылықтары мен ұқсастық-
тарын  көре  білуге  үйренеді,  мұндағы  себеп  пен  нәтиженің  заңды 
байланысын түсінеді. Білім беруге ұмтылдыратын мотивтер бірден 
пайда бола қоймайды. Жасы өскен сайын баланың мотивтерінің де 
мазмұны өседі.


39
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
БІР  ТІЛДЕГІ  ЖАТТЫҒУЛАР.  Орындау  барысында  туған  тілді 
пайдалануға  жүгінбейтін  жаттығулар  түрі.  Бір  тілдегі  жаттығулар 
қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды  олардың  шет  тілін-
дегі атауларымен тікелей ұқсату мүмкіндігін береді. Бір тілдегі жат-
тығулар табиғиға ұқсас тілдік жағдайларды жасауға ықпал етеді және 
спонтанды сөйлеуді дамыту мүмкіндігін береді.
БІРЫҢҒАЙ  МЕКТЕП  ТӘРТІБІ.  Бүкіл  оқу-тәрбие  процесін 
тиімді  ұйымдастыру.  Бірыңғай  мектеп  тәртібі  мектеп  жарғысында 
көрсетіледі.
БІРЫҢҒАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР. Оқушыларды тәр-
бие леуде педагогикалық ұжымның сабақ процесінде, үзілісте, сабақ-
тан  тыс  уақытта  оқушылардың  тәртібін,  іс-әрекетін  айқындауға 
бағытталған істері.
- В -
ВЕБ-КВЕСТ (ағылш. webquest). Интернет ресурсы мен мәліметтері 
негізінде  ғана  шешілетін  проблемалық  тапсырма.  Талқылауларға, 
жо баларға дайындық кезінде, шет тілін қашықтан оқыту кезінде қол-
данылады. Рөлдік ойын элементтерін пайдалана отырып, проб лемалық 
шығармашылық  іздену  тапсырмаларын  әзірлеуге  негіз делген,  ол 
үшін ақпараттық ресурстар мен Интернет қызметі пайдаланылады. 
Веб-квестті орындау нәтижесі меңгерілетін материалға байланысты 
ауызша сөйлеу, компьютерлік презентация, эссе, веб-парақтар және 
т.б. түрінде болуы мүмкін.
ВИЗУАЛДЫ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРЫ. Көру анализаторы арқылы 
қабылдауға арналған оқыту құралы. Визуалды көрнекі құралдарына 
кодопозитивтер (кодоскоптың көмегі арқылы көрсетілетін суреттер, 
сызбалар,  кестелер),  диапозитивтер,  диафильмдер,  кодофильмдер 
және дыбыссыз кинофильмдер жатады.
ВИКТОРИНА. Бір тақырыпқа арналған сұрақ-жауап ойыны.
ВИРТУАЛДЫ  (ағылш.  virtual-виртуалды,  лат.  virtualis-ықтимал, 
болуы мүмкін) 
АУДИТОРИЯ. Оқу материалын меңгеру барысында 
бір-бірімен өзара байланысу үшін телекоммуникациялар мен желілік 
компьютерлік технологиялардың көмегімен біріктірілген оқушылар 


40
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
мен оқытушылардың бір-бірінен қашықта орналастырылған көптеген 
жұмыс істеу орындары.
ВИРТУАЛДЫ  БІЛІМ  БЕРУ  ОРТАСЫ.  Бірыңғай  технологиялық 
құралдарды  пайдалана  отырып  электронды  желіге  оқу  процесін 
енгізуді,  оған ақпараттық қолдау көрсетуді және құжаттауды қамта-
масыз ететін бағдарламалық-телекоммуникациялық орта. Виртуалды 
білім беру ортасы оқу орнының мамандануы мен білім беру деңгейіне 
қарамастан кез келген оқу орны үшін ашық болуы тиіс.
- Г -
ГЕНЕТИКАЛЫҚ (грек. genētikos – туғанға қатысты) ӘДІС. ХІХ ғ. 
ортасында неміс лингвисті К.Магер ұсынған оқыту әдісі. Ол оқыту 
әдістемесін  туған  тіл  мен  үйреніп  жатқан  тілді  салыстыру  және 
салыстырмалы тарихи грамматика негізінде құруды ұсынды. Оқытуда 
аудармаға  және  грамматиканы  оқытуға  баса  назар  аударылды.  Бұл 
әдіс  аралас  әдістердің  қатарына  жатады  және  қолданысқа  кеңінен 
еніп кеткен жоқ.
ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКА  (грек. genos - тек және лат.  lingua 
– тіл) әйелдер мен ер адамдардың тілді қолданудағы ерекшеліктерін, 
бір-бірінен айырмашылығын зерттейтін тіл білімінің саласы.  Гендер 
әйел  мен  ер  азаматтардың  мінез-құлқының  әртүрлі  сипатын,  өмір 
сүру  стилін,  ойлау  ерекшеліктерін,  өмірге  деген  көзқарастарын 
көрсететін  жыныстық  әлеуметтік-мәдени  құрылымды  білдіреді.  
Әйел тілінің қалыптасуына қоғамда орын алған әлеуметтік, діни, мо-
ральдық факторлар басты себеп болып табылады. Әйел тілі мен ер 
азаматтардың арасындағы тілдік ерекшелікті гендерлік лингвистика 
зерттейді.  Әйел  тілінен  қазақ  әйелдерінің  мінез-құлқы,  ұлттық-
мәдени  ерекшеліктері,  әдет-ғұрпы,  салт-дәстүрі,  наным-сенімдері 
айқын аңғарылады. Әйел адамның биоәлеуметтік субъект ретіндегі 
тілдік  қолданысы  ер  адамнан  ерекшеленеді.  Сондай-ақ  ым  тілінің 
элементтері  ретінде  бүгінге  жетіп  отырған  «ернін  шығару»,  «бетін 
шымшу», «таңдайын қағу», «бүйірін таяну», «сәлем салу» әйелдерге 
тән  болып  келеді.  Сонымен  қатар  әйел  тілінде  балам,  көкетай, 
жәкетай, балапаным, жарқыным, қарашығым,  шырағым,  көкем, 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау