Физика-математика пәнінен Ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолы



жүктеу 48,62 Kb.
Дата13.11.2017
өлшемі48,62 Kb.
#143

Алматы облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылы «Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар »кмм физика – математика пән мұғалімі Нурланова Асем Турсыналиевна

Физика-математика пәнінен Ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолы

«Ұстаздық ету-уақыт ұту емес, өз бақытын аялау, ал оқушы үшін өзінің уақытын аямау» Ж.Ж.Руссо

Еліміздің саяси, мәдени, экономикалық дамуына үлес қосатын, әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару біздің міндетіміз. Жалпы білім беретін мектептердің түлектерін ҰБТ арқылы аттестациялау және оларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындау мектеп ұжымын жеке пән мұғалімдерін үлкен жауапкершілікке міндеттейді және бұл жүйе мектеп түлектері , мұғалімдер және ата-аналар арасында үлкен беделге ие. Оның нәтижелері жақсы нәтижеге жетіп, сынақта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу- олардың негізгі арманы десек те болар. ҰБТ өткізудің Білім министрлігі бекіткен арнайы ережесі бар екені белгілі. Бұл жерде төрт міндетті пән , таңдау пәні бар. Бірақ ,жоғары көрсеткіштерге жету үшін физика және математика пәнінің мұғалімі ретінде білім сапасы мен біліктіліктің есеп шығара білу дағдыларының, іскерлік қабілеттілігінің маңызы зор деп ойлаймын. Бұл тұрғыда физикалық математикалық есептерде уақытпен санаса білу, есепті шешудің тиімді жолдарын таңдай білуге де ерекше мән беруді қажет етеді.Тесттің негізгі мақсаты- оқушы білім тез және нақты бағалау.

«Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп Елбасымыз Н.Ә Назарбаев айтқан болатын.

Сондықтан қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіліп отыр.

Тестке даярлауда  мұғалім – оқушы - ата-ана  байланысын  дамыта  отырып,  оқу мен  тәрбиеленудің  бірлігін  сақтап,  түпкілікті  нәтижеге  қол   жеткізетініміз  ақиқат.

Мектеп пәндерінің ішінде физиканың ,математиканың алатын орны ерекше. Физика оқушыларға ғылыми әлемді суреттейді. Физика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.Ғылыми техникалық прогресстің негізі бола тұрып,физика және математика оқушылардың шығармашылық қабілеттілігің қалыптастырады,әлемге деген көзқарасын кеңейтеді, әлемге деген қызығушылығын оятады. Білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,істеген ісіне тұжырым жасап,қорытындыға келу, ойлауларын кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу.

Ұлттық бірыңғай тест -  мемлекеттің  қадағалау  саласын  айқын  көрсетіп, оқушылар мен  мұғалімдердің  бірлесе  жасаған  еңбегін   білімнің  сапалылығына  қол  жеткізетін  көрсеткіш. 

Тест мектеп бағдарламасының негізгі бөлімдерінің мазмұны мен әр түрлі  деңгейлері қамтыла отырып, мемлекеттік білім стандартына сәйкес   жасалады.  ҰБТ-ның   негізгі  міндеті - мемлекеттік  қадағалау  арқылы   білім сапасын  бағалау. Оқушыларды  ҰБТ-ге  даярлауда  мына  жағдайларды  басты  назарда  ұстаймын:Физика,математика - күрделі әрі қиын пәндердің бірі. Оқушылар Ұлттық бірыңғай тест тапсырған кезде есептеу кезінде қателер жіберіп жатады сондықтан әрбір  тарауды,  тақырыпты  мұқият  оқып, формуланы дұрыс қолдануды  басшылыққа  алу қажет ;қиындық  туғызған  есептерді  мұғалімнің,  көмегімен орындау;теориялық білімді нығайту; формуланы тиімді оңай жолын іздеп тез  жұмыс  жасауға  үйрету..

Сол себептен оқушыларды ҰБТ-ға және кешенді тестке дайындау барысында математикадан 5 сыныптан бастап ал , физикадан 7 сынып оқулықтарымен дайындаған дұрыс. Пән мұғалімі әр тараудан соң тест алып,оқушылардың білімін бағалап,кеткен кемшіліктерді айтып дәптерге жаздыру керек. Сонда оқушының есінде қалады.

Тестпен оқушылардың білімін бағалаудың жетістігі:

Жұмыс істеу кезінде оқушылардың өз бетінше ізденуіне жол ашады және ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттырады. Қазіргі таңда оқушы білімін бағалаудың тиімді жолы тест әдісі екендігі белгілі.

Оқушыларды ұлттық біріңғай тестке дайындау кезінде: - Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. - Тест жұмысын үй тапсырмасын тексергенде және сабақты бекіткенде үнемі тест қолдану. - Оқушы білімін тексеруде бөлім, тарау, тақырып бойынша тесттік тапсырмалар орындату. - ҰБТ-ға дайындықты жоспарлы түрде жүргізу. - Сынып оқушыларына арнап, ҰБТ-ға дайындық дәптерін ашып, қатемен жұмыс жүргізу. - Оқушының үйде өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау (дәптерін тексеру). - Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету, бұл мұғалімнің ең басты міндеті.

Ұлттық бірыңғай тест нәтижесінің сапалы болуына төмендегілерді айтуға болады. а)Бастауышта алған білім деңгейі. ә)Оқушылардың табиғи қабілеті. б)Пән мұғалімінің үйрету шеберлігі. в)Оқушылардың ортасы,ұжымы, достары Ата-ананың ықпалы.

Ұлттық бірыңғай тестіге дайындауда нашар үлгіретін оқушылармен жүргізілетін жұмыстар

Оқушымен бірге атқарылатын жұмыстар:

1. Жеке оқушымен жұмыс;. Әр тест сұрақтарымен жұмыс;

2. Меңгермеген тақырыпты қайталау жұмысы;. Ауызша сұрақ, жауап

3. Қосымша сабақ өткізу; Ата-анамен қарым-қатынас жасау;

4. Үй тапсырмасын беру, тексеру, бақылау; Арнайы бақылау дәптерін жүргізу;

5. Мониторинг жасау; Кемшілігін жоюға талпындыру, жетістіктерін мадақтау;

6.Оқушымен достық қарым-қатынас орнату;Өзіне-өзін сендіру(ақыл-кеңес беру).


Оқушыларға психологиялық көмек:

Ұлттық бірыңғай тестімен қорқытуға болмайды
• Оқушы өз күшін және өз мүмкіндігін нақты білуі керек
• Алдына мақсат қою
• Қате жіберуден қорықпау
• Тест тапсыру техникасына үйрету
• Өз уақытын бақылауға үйрету
• Тапсырма қиындықтарын жеңе білу

Қорыта келгенде

Жай мұғалім-хабарлайды,

Жақсы мұғалім-түсіндіреді.



Керемет мұғалім-көрсетеді,

Ұлы мұғалім-шабыттандырады. - дегендей шәкірттерімізді іргелі білімге ғана үйретпей, оны алыс сапарға жетелейтін білімге ерінбей уақытпен санаспай жүйелі түрде үйреткенде ғана жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатынын өз тәжірибемде байқадым. Қорытындылай келе оқушылармен тест түрлері арқылы жұмыс істеу үшін мұғалім өз ісінің шебері және сауатты болғаны дұрыс. Сонда ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады.
жүктеу 48,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау