Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


Нормативтік талаптардың мақсаттары



жүктеу 408 Kb.
бет4/17
Дата29.01.2020
өлшемі408 Kb.
#27654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

4.1 Нормативтік талаптардың мақсаттары



Нормативтік талаптардың мақсаттары - адамның заманауи талаптарына жауап беретін акустикалық ортаның нормативтік параметрлерін қамтамасыз ете отырып, ғимараттар мен орынжайларда шудан қорғалған, қауіпсіз, қолайлы ортаны құру, тұрғын үйлер орамдары мен аудандарын жоспарлап, құрылысын салу кезінде өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындардың, автомобиль және темір жолдарының, әуежайлардың, көлік кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарын сақтау

4.2 Функционалдық талаптар

Шудан қорғауды қамтамасыз ету бойынша функционалдық талаптарға келесі талаптар жатқызылады:

- нысанның бас жоспарының акустикалық тұрғыдағы оңтайлы шешімі және ғимараттардың тиімді сәулеттік-жоспарлау шешімі;

- жасыл желектердің шудан қорғау ғимараттары мен шудан қорғау жолақтарын жобалай отырыптұрғын үйлер орамдарын және аудандарын жоспарлау және құрылысын салу оңтайлы тәсілдерін қолдану;

- талап етілетін дыбыстық оқшаулаулы ғимараттардың қоршау құралымдарын қолдану;

- мәжбүрлеп желдету және ауа баптау және ғимараттардың инженерлік және санитарлық-техникалық жабдықтарын дірілоқшаулау жүйелерінде шуды бәсеңдеткіштерді, акустикалық қалқаларды (экран) қолдану

- аудиторияларда, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет сарайларының көрермендер залдарында, спорт залдарында, теміржол, аэро және автовокзалдың күту және операциялық залдарында оңтайлы акустикалық жағдай жасау.
ЖҰМЫСТЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5.1 Нысандарды шудан қорғау шараларын қоса отырып жобалау

5.1.1 Нысандар құрылысының жобалық құжаттамасында шудан қорғау бойынша шаралар қарастырылу керек:

- «Технологиялық шешімдер» тарауында (өндірістік кәсіпорындар үшін) технологиялық жабдықтарды таңдаған кезде, аз шулайтын жабдықты таңдаған абзал.

- оңтайлы сәулеттік-жоспарлау шешімдерді қолдану арқылы бөлмелердегі жұмыс орындарында және аумағында шудың төмендеуін ескере отырып, технологиялық жабдықты орналастыру керек;

- «Құрылыстық шешімдер» тарауында (өндірістік кәсіпорындар үшін) жұмыс орындарында күтілетін шудың акустикалық есебі негізінде, қажет болған жағдайда, шудан қорғау бойынша құрылыстық-акустикалық шаралар есептеліп, жобалану керек;

- «Сәулеттік-құрылыстық шешімдер» тарауында ғимараттардың қоршау құралымдарының дыбыстық оқшаулауын есептеу негізінде тұрғын үй-азаматтық құрылыс нысандарын;

- «Инженерлік жабдықтар» тарауында инженерлік жабдықтарды діріл және дыбыстық оқшаулау бойынша есебінің негізінде тиісті жобалық шешімдер дәлелдену керек.

5.1.2 «Шудан қорғау» тарауы қалаларды, кенттерді, ауылдық елді мекендерді, және қалалардың жекелеген ықшамаудандарын жоспарлау және құрылысын салу бойынша жобалық қалақұрылыстық құжаттаманың құрамына енгізілу керек.

5.1.3 Тараудың құрамына кіретіндер:

- қала дамуының техника-экономикалық негіздері (ТЭН), қаланың, елді мекеннің бас жоспары кезеңінде: жол-көшелік желінің, темір жолдарының, су және әуе транспортының, өнеркәсіптік аймақтардың және жекелеген өнеркәсіптік және энергетикалық нысандардың шу карталары;

қаланың өнеркәсіптік аймағын жоспарлау мен кәсіпорындар тобының бас жоспарының жобасы кезеңінде: өнеркәсіптік кәсіпорындардың шу карталары, сәулеттік-жоспарлау және селитебті аумаққа шу әсерін төмендету бойынша құрылыстық-акустикалық іс-шаралар;

- қала ауданының жіті (детальды) жоспарлауының жобасы кезеңінде: аумақтағы шу карталары, ғимарат ( тұрғын, әкімшілік, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектептер, ауруханалар) қасбеттерінің жанында, демалыс алаңдарында күтілетін шудың есептері; магистральды көшелерде шудан қорғау ғимараттарының типтері және орналасуы; жылдамдықты жолдардың телімдерінде шудан қорғау қалқаларын орнату.

5.1.4 Акустикалық есеп келесі тәртіп бойынша атқарылу керек:

- шу көздерін табу және олардың шу сипаттамаларын анықтау;

- есеп атқаруға арналған орынжайларда және аумақтарда нүктелерді таңдау (есептік нүктелер);

- шу көзінен (көздерінен) есептік нүктелерге дейінгі шудың таралу жолдарын және әр жол бойынша дыбыстық энергияның жоғалуын ( қашықтыққа, қалқалауға, дыбыстық оқшаулауға, қоршау құралымдарының дыбыстық оқшаулауына, дыбыс сіңіруге байланысты анықтау;

- есептік нүктелердегі күтілетін шу деңгейлерін анықтау;

- күтілетін шу деңгейлерін рұқсат етілген мәндермен салыстыру негізінде шу деңгейлерінің қажетті төмендеуін анықтау;

-талап етілетін шудың төмендеуін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлеу;

- құрылыстық-акустикалық іс-шаралардың орындалуын ескере отырып, есептік нүктелердегі күтілетін шу деңгейлерінің тексеру есебі.

5.1.5 Жобаларда қолданылатын дыбысоқшаулағыш, дыбыс сіңіруші, дірілдемпферлеуіш материалдар тиісті өрт сөндіру және гигиеналық сертификаттары болу керек.
5.2 Шудың көздері және олардың шу сипаттамалары
5.2.1 Әр түрлі мақсаттағы ғимараттардағы негізгі шу көзі болатын - технологиялық және инженерлік жабдық.

Тұрақты шу көзі болатын технологиялық және инженерлік жабдықтардың шу сипаттамалары - орташа геометриялық жиіліктері 63-8000 Гц (дыбыстық қуаттың октавалық деңгейлері) сегіз октавалық жолақтағы дыбыстық қуат деңгейлері Lw, дБ, ал тұрақсыз шу шығаратын жабдықтікі  сегіз октавалық жиілік жолақтарындағы дыбыстық қуаттың эквивалентті деңгейлері Lwэкв және дыбыстық қуаттың максимальды деңгейлері Lwмакс.

5.2.2 Технологиялық және инженерлік жабдықтардың шу сипаттамалары оның техникалық құжаттамасының құрамында болу керек және жобаның «Шудан қорғау» тарауына қосымша енгізілу керек. Жұмыс тәртібінен, атқарылатын операциядан, өңделетін материалдан және т.с.с. шу сипаттамаларының тәуелділігін ескерген жөн. Шу сипаттамаларының нұсқалары жабдықтардың техникалық құжаттамасында көрсетілу керек.

5.2.3 Сыртқы шудың негізгі шығу көздері – көшелер мен жолдардағы көліктік ағымдар, теміржол, су және әуе транспорты, өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындар мен олардың жекелеген қондырғылары, торапішілік шу көздері (трансформаторлық подстанциялар, желдету және ауаны баптау жүйелері, орталық жылу пункттері, дүкендердің шаруашылық аулалары, спорттық және ойын алаңдары, құрылыс алаңдары).




жүктеу 408 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау