Кіріспе
Бұл құрылыс нормалары «Қазақстан Республикасындағы сәулеттік, қалақұрылыстық және құрылыстық қызмет туралы», «Техникалық реттеу туралы», Қазақстан Республикасы заңдарының, «Ғимараттар мени имараттар, құрылыстық бұйымдар мен материалдар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» атты Қазақстан Республикасының техникалық регламентінің талаптарына және тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қоршау құралымдарын шудан қорғау және дыбыстық оқшаулауына қойылатын талаптарды реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әзірленді.
Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының құрылыс саласына нормалаудың параметрикалық әдісін ендіру мақсатымен әзірленді және ғимараттар мен имараттарда дыбыстық оқшаулауды жобалау мәселелері бойынша нұсқамалық-нормативтік құжаттаманың келешектегі дамуы болып табылады.
Құрылыс нормалары:
- шудан қорғау үшін және акустикалық ортаның нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету үшін нормативтік талаптардың мақсаттарын белгілейді;
- функционалды талаптарды тұжырымдайды;
- акустикалық ортаның жұмыстық сипаттамаларының минимальды деңгейін белгілейді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЛЫСТЫҚ НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ШУДАН ҚОРҒАУ
ЗАЩИТА ОТ ШУМА
Енгізілген мерзім – 2015–07–01
1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ
Осы құрылыстық нормалар ғимараттар мен имараттарды жобалауға, құрылысын салуға және пайдалануға, шудан қорғау үшін және өндірістік, тұрғын, қоғамдық ғимараттарда, оларға телінген аймақтарда және рекреациялық өңірлерде акустикалық ортаның нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету мақсатымен елді мекендерді жобалауға және құрылысын салуға таралады.
Бұл құрылыстық нормалар арнаулы ғимараттар мен имараттарды жобалауға таралмайды.
.
2 НормативТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл нормалар мен ережелерде келесі сілтемелі нормативтік құжаттарға сілтемелер келтірілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 17 қарашасындағы №1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен имараттардың, құрылыстық материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті ;
Ескертпе – Осы құрылыстық нормаларды пайдаланғанда сілтемелі құжаттардың ақпараттық «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесі», жыл сайын ағымдағы жылдың жағдайы бойынша құрастырылатын «Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттар анықтамалығы» және «Мемлекетаралық нормативтік құжаттар анықтамалығының» Қазақстан Республикасы аумағында қолданылуын тексерген абзал. Егер сілтемелі құжат алмастырылған болса, онда орнына енгізілген (өзгертілген) мемлекеттік нормативтер талаптарын басшылыққа алған жөн. Егер сілтемелі құжат алмастырусыз тізімнен алып тасталынса, онда сілтеме жасалған осы ережелер осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігінде қолданылады.
3 ТерминДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы құрылыстық нормаларда тиісті анықтамалары бар терминдер қолданылады:
3.1 Дыбыстық қуат: Уақыт бірлігінде шу көзінен тарайтын энергия көлемі, Вт.
3.2 Ауа шуын оқшаулау (дыбыс оқшаулау) R, дБ: Қоршау құралымының өзі арқылы өтетін дыбысты азайту қабілеті. Жалпы түрде қоршауға құлайтын дыбыс энергиясының қоршау арқылы өтетін энергияға қатынасының он логарифмі болып табылады. Осы құжатта ауа шуын дыбыстық өткізбеу ретінде екі орынжайды бөлетін қоршау қамтамасыз ететін дыбыстық қысым деңгейлерін төмендету дБ, айтылып отыр, ол қоршау құралымы ауданының және қорғалатын орынжайдағы эквивалентті дыбыс сіңіру ауданының тең шарттарға келтірілген.
3.3 Жол-көшелік желінің, темір жолдардың, әуе көлігінің, өнеркәсіп аймақтарының және жеке өнеркәсіптік және энергетикалық нысандардың шу карталары: дБА-да 5дБА аралықпен (интервалмен) жергілікті жердегі түрлі дыбыс деңгейлерінің салынған сызықтарымен шу көздері бар аумақтардың карталары
3.4 Коэффициент звукопоглощения a: Отношение величины неотраженной от поверхности звуковой энергии к величине падающей энергии.
3.5 Дыбыстың максимальды деңгейі: Визуалды есептегенде өлшегіш, тура көрсеткіш құралдың (шу өлшегіштің) максималды көрсеткішіне сәйкес келетін тұрақсыз шудың дыбыс деңгейі немесе шуды автоматтық бағалаушы құрылғы (статистикалық талдаушы) тіркеген кезде өлшегіш интервал ұзақтығының 1 %-ында асатын дыбыс деңгейі.
3.6 Тұрақсыз шу: МемСТ 17187-81 бойынша шу өлшегішінің «баяу» уақытша сипаттамасында өлшегенде 8 сағаттық жұмыс күні бойында дыбыс деңгейі 5 дБА-дан артық өзгеретін шу
3.7 Дыбыстық қысымның октавалық деңгейі: Жиіліктердің октавалық жолақтарындағы дыбыстық қысымның деңгейі дБ-мен.
3.8 Өтуші шу: Кеңістіктен тыс есептік нүктелермен туындайтын және оған қоршау конструкциялары, желдету жүйелері, сумен қамту және жылыту жүйелері арқылы өтетін шу.
3.9 Тұрақты шу: МемСТ 17187-81 бойынша шу өлшегішінің «баяу» уақытша сипаттамасында өлшегенде 8 сағаттық жұмыс күні бойында дыбыс деңгейі 5 дБА-дан артық өзгермейтін шу
3.10 Реверберация: Орынжайда дыбыс көзінің жұмысы тоқтағаннан кейін дыбыстық энергияның біртіндеп құлдырау құбылысы.
3.11 Тональды шу: Спектрінде естілетін дискреттік үндері бар шу. Шудың үндік сипатын үштен бір октавалық жолақтарда бір жолақтағы деңгейдің көршілес жолақтардан кем дегенде 10 дБ-дан артуы бойынша өлшеумен анықтайды.
3.12 Дыбыстық қысымның деңгейі: Дыбыстық қысым квадратының шекті дыбыстық қысым квадратына қатысты дБ-мен он еселенген ондық логарифм (Ро = 2 · 10-5 Па).
3.13 Дыбыстық қуат деңгейі: Дыбыстық қуаттың шекті дыбыстық қуатқа қатынасының он еселенген ондық логарифм(wo=10-12Вт).
3.14 Дыбыстың эквивалентті (энергиясы бойынша) деңгейі: Белгілі бір уақыт аралығындағы зерттелетін тұрақсыз шу сияқты, дБА-мен, орташа квадраттық дыбыстық қысымы бар тұрақты шудың деңгейі.
3.15 Ауа шуын оқшаулауының жиіліктік сипаттамасы: Ауа шуын оқшаулау R, дБ,100-3150 Гц диапазоныдағы жиіліктердің үштен бір октавалық жолақтарындағы өлшемі (график немесе кесте түрінде).
3.16 Аражабынның астындағы соққы шуының келтірілген деңгейінің жиіліктік сипаттамасы: Аражабынның астындағы соққы шуының келтірілген деңгейлерінің Ln дБ, 100-3150 Гц диапазоныда жиіліктердің үштен бір октавалық жолақтарындағы өлшемі (график немесе кесте түрінде).
3.17 Сіңірудің эквивалентті ауданы (беттің немесе заттың): Аталған бет немесе заттың дыбыстық энергиясындағыдай көлемін сіңіретін дыбыс сіңіру коэффициенті =1 (толығымен дыбысты сіңіретін) бетінің ауданы.
3.18 Шудан қорғайтын экрандар: Шуды төмендету мақсатымен автокөлік және темір жолдардың бойынша орнатылған қабырға, жер үйіндісі, галерея түріндегі құрылыстар.
3.19 Шудан қорғайтын терезелер: Орынжайда (бөлмеде) нормативті ауа алмасуды бір мезгілде қамтамасыз ете отырып, жоғары дыбыстық оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы желдету құрылғылары бар терезелер.
4 МАҚСАТТАРЫ МЕН ФункционалДЫҚ ТАЛАПТАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |