Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


 ҚОРШАУ ҚҰРАЛЫМДАРЫНЫҢ ДЫБЫСОҚШАУЛАУЫ



жүктеу 408 Kb.
бет5/17
Дата29.01.2020
өлшемі408 Kb.
#27654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

6  ҚОРШАУ ҚҰРАЛЫМДАРЫНЫҢ ДЫБЫСОҚШАУЛАУЫ




6.1 Қоршау құралымдарының дыбыстық оқшаулауын жобалау бойынша ұсыныстар.

6.1.1 Қоршау элементтерін өн бойы тесіктері жоқ тығыз материалдардан жобалау ұсынылады. Тесіктері бар материалдардан орындалған қоршаулардың сыртқы қабаттары тығыз материалдан, бетоннан немесе ерітіндіден болу керек.

6.1.2 Кірпіштен, керамикалық және қож-бетон блоктардан жасалған ішкі қабырғалар мен арақабырғаларды жіктерін бүкіл қалыңдығына толтырып (бос жіктерсіз) және екі жағынан шөкпейтін ерітіндімен сыланатындай жобалаған жөн.

6.1.3 Қоршау құралымдарын құрылыс және пайдалану барысында жіктерінде ең болмашы саңылаулар мен сызаттар болмайтындай (пайда болмайтындай) етіп жобалау керек. Құрылыс барысында пайда болатын сызаттар мен саңылаулар тазартылған соң, құрастырмалы шаралар арқылы және шөкпейтін герметиктермен, сонымен бірге басқа материалдармен бүкіл тереңдігіне бекітіліп, жойылу керек.



6.2 Қабатаралық аражабындар

6.2.1 Дыбыстық оқшаулау қабатындағы (аратөсем) еден аражабынның көтергіш бөлігімен, қабырғалармен және ғимараттың басқа құралымдарымен қатты байланысы (дыбыс көпірлері) болмау керек, яғни «құбылмалы» болу керек. Ағаш еденнің немесе еденнің құбылмалы бетон негізінің (тартпа) жиектері ғимарат қабырғаларынан және өзге құралымдарынан дыбыстық оқшаулау материалымен немесе бұйыммен, мысалы, жұмсақ ағаш-талшықты тақтамен, күпті полиэтиленнен жасалан орама бұйымдармен және т.с.с. толтырылатын ені 1-2 см саңылаумен ажыратылу керек. Еденкемерлерді немесе галтелдерді тек еденге немесе тек қабырғаға бекіту керек. Дыбыстық оқшаулау қабатындағы еден құралымының қабырғаға қабысуы 1 суретте көрсетілген.

Тұтасқұймалы құбылмалы тартпа мен минералмақталы, шынымақталы тақталардан құралған аратөсемдер немесе маты түріндегі негізі бар еденді жобалаған кезде, дыбыстық оқшаулау қабатының үстінен тұтас гидрооқшаулау қабатын (мысалы пергамин, гидроизол, рубероид және т.с.с.) жапсарланған қабатын 20 см кем болмайтындай орналастырған жөн. дыбыстық оқшаулау тақталарының (матылардың) жіктерінде саңылау болмау керек.

6.2.2 Дыбыстық оқшаулау қоры жоқ аражабын құралымдарында Rw индексі бойынша ауа шуының оқшаулануын 1 дБ төмендететін талшықты негіздегі линолеумнан еден жабындарын қолданбау мүмкіндігін қарастырған жөн. Ауа шуының оқшаулауына әсер етпейтін және көпіршіген қабаттардың тиісті параметрлері кезінде соққы шуының қажетті оқшаулауын қамтамасыз ететін көпіршіген қабатты линолеумді қолдануға рұқсат етіледі.

6.2.3 Дыбысоқшаулау аратөсемдерін қолданған жағдайда, серпімділіктің динамикалық модулінің (Един), салыстырмалы сығылуының (μ) есептік мәндерін, соққы шуының келтірілген деңгейінің оқшаулауының жақсаруын (ΔLnw) қосымша тіркелген Сертификаттар бойынша қабылдаған жөн.

6.2.4 Тұрғын және кіріктірілген шулы бөлмелерді бөліп тұратын ауа шуының оқшаулауына талабы жоғары қабатаралық аражабындар (Rw = 57–62 дБ), қалыптасқандай, жеткілікті қалыңдықты тұтасқұймалы темірбетонды пайдалана отырып жобалаған жөн (мысалы, қаңқалы-тұтасқұймалы немесе бірінші қабаттың тұтасқұймалы құрылымы). Осындай құралымның дыбыстық оқшаулауының жеткіліктілігін есеппен анықтайды.



6.3 Ішкі қабырғалар мен арақабырғалар

6.3.1 Екі қабат қабырғалар немесе арақабырғалар, әдеттегідей, элементтер өзара жиек бойымен немесе жеке нүктелер бойынша қатты байланыстырылып жобаланады. Құралымдардың элементтері арасындағы арақашықтық мөлшері 0,04м кем болмау керек.

6.3.2 Қаңқалы-қаптамалы арақабырғалардың құралымдарында табақшалардың қаңқаға 0,3м-ден кем емес қашықтықта нүктелі бекітілуін қарастырған жөн. Егер қаңқаның бір жағынан қаптаманың екі қабат табақшаларын қолданса, онда олар бір-біріне жапсырылмау керек. Қаңқа тіреулерінің арасы мен оның көлденең элементтері арасындағы қашықтық 0,6 м-ден кем болмайтындай қарастырылу керек. Жоғарыда ұсынылған аралықтарды жұмсақ дыбыс сіңіргіш материалдармен толтыру, әсіресе қаңқалы-қаптамалы арақабырғалардың дыбыстық оқшаулауын жақсарту үшін тиімді. бұдан бөлек, дыбыстық оқшаулауын ұлғайту үшін әр қаптама үшін өзіндік қаңқалар ұсынылады, ал қажетті жағдайда арақабырғаның әр жағына екі немесе үш қабатты қаптаманы қолдануға жол беріледі.

6.3.3 Дыбыстық оқшаулау мөлшерлері құралымға берілген сертификаты бойынша қабылданады. Қаңқалы-қаптамалы арақабырғалардың, іс жүзінде, шудың жанама таралуынан және зертханалық жағдайда аса сапалы жинақтауға байланысты зертхана жағдайында өлшенгенге қарағанда, дыбыстық оқшаулауы біршама төмен екендігін назарда ұстаған жөн.

6.3.4 Ауа шуының темірбетоннан, бетоннан, кірпіштен және т.с.с. жасалған қабырғамен және арақабырғамен оқшаулануын күшейту үшін, бірқатар жағдайда қосымша қаптаманы пайдаланған дұрыс.

6.3.5 Қаптама материалы есебінде гипсокартон табақшалар, қатты ағашталшықты тақталар және ағаш рейкалар арқылы, гипс ерітіндісінен орындалған сызықтық немесе нүктелі маяктар арқылы қабырғаға бекітілген тәріздес табақшалы материалдар қолданылуы мүмкін. Қабырға мен қаптама арасындағы ауа аралығын 40-50 мм қалыңдықта орындап, жұмсақ дыбыс сіңіргіш материалмен(минералмақталы немесе шынымақталы тақталармен, матылармен және т.с.с.) толтырған ұтымды.



6.4 Түйіспелер мен тораптар

6.4.1 Ішкі қоршау құралымдары арасындағы және олар мен басқа қабысатын құралымдар арасындағы түйіспелер ғимарат құрылысын салу кезінде қоршаулардың дыбысоқшаулауын күрт төмендететін өн бойы сызаттар, саңылаулар мен тығыздалмаған қуыстар болмайтындай және пайдалану барысында пайда болмайтындай етіп жобалану керек.

Пайдалану барысында, қабылданған конструктивті шаралар атқарылғанға қарамастан, жүктеме, температуралық және шөгу деформациялары әсерінен түйісетін элементтердің өзара жылжу мүмкіндігі бар түйіспелерді түйісетін беттерге желімдеп жапсырылатын ұзақ мерзімді герметикалық серпімді материалдар мен бұйымдарды қолана отырып құрастырған жөн.

6.4.2 Қабырғалардың көтергіш элементтері мен оларға сүйенетін аражабындар арасындағы түйіспелерді ерітіндімен немесе бетонмен толтырылатындай жобалау керек. Егер жүктемелер немесеөзге әсерлер нәтижесінде жіктердің ашылу мүмкіндігі туындаса, жобалау кезінде түйіспелерде өн бойы сызаттардың пайда болуына жол бермейтін шаралар қарастырылу керек.

6.4.3 Ішкі қабырғалардың көтергіш элементтері арасындағы түйіспелер, әдеттегідей, ерітіндімен немесе бетонмен толтырылатындай етіп жобаланады. Түйісетін элементтердің жанасатын беттері көлденең өлшемдері элементтің бойымен монтаждық бетонмен немесе ерітіндімен тығыз толтырылуын қамтамасыз ететіндей қуысты (құдықты) құру керек. Түйісетін элементтердің өзара жылжуын шектейтін шараларды қарастыру керек (сыналарды орнату, аратөсем бөлшектерін дәнекерлеу және т.с.с.) Жалғастыру бөлшектері, арматураның шығып тұрған ұштары және т.с.с. түйіспе қуысының бетонмен немесе ерітіндімен толтырылуына кедергі болмау керек. Түйіспелерді шөкпейтін (ісінетін) бетонмен немесе ерітіндімен толтырған жөн.

6.4.4 Құралымдардың құрама элементтерін жобалаған кезде, қолданылуы көзделген герметикалық материалдар мен бұйымдардың орналастырылуын, жапсырылуын, бекітілуін және талап етілетін қысылуын қамтамасыз ететін түйісетін бөліктердің құрылымы мен өлшемін қабылдау керек.




жүктеу 408 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау