Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет47/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
91
 
- сақтандыру  белбеуі  мен  сақтандыру  құрылғысын  дайындауға  және  олардың 
қауіпсіздік талаптарына сай келуін тексеруге;  
- жұмыс  орны  мен  оған  баратын  жолдың  қауіпсіздік  талаптарына  сай  келетінін 
тексеруге;  
- жұмысқа  қажетті  технологиялық  құрылғыны,  сайманды  таңдауға  және  олардың 
қауіпсіздік талаптарына сай келетінін тексеруге;  
- конструкциялар мен олардың бекітпелері бүтін екенін тексеруге.  
24.13 Қауіпсіздік  талаптарында  төмендегідей  бұзушылықтар  анықталған  жағдайда 
биіктікте жұмыс жасайтын жұмыскерлер жұмысқа кіріспеуі тиіс: 
- дайындаушы  зауыттардың  нұсқауларына  сәйкес  пайдалануына  тыйым  салынатын, 
сақтандыру белбеуіндегі, сақтандыру құрылғысындағы немесе траптардағы ақаулық; 
- жұмыс  телiмінде  құрылыс  конструкциясының  беріктілігінің  жоғалуы  немесе 
бүтіндігінің бұзылуы;   
- дайындаушы  зауыттардың  нұсқауларына  сәйкес  пайдалануына  тыйым  салынатын, 
технологиялық құрылғы мен саймандағы жөнсіздіктер; 
- дайындаушы-зауыттар  белгілеген  қорғаныс  құралдарын  пайдалану  мерзімінің 
аяқталуы немесе  кезекті сынақтардың уақытылы жүргізілмеуі;  
- жұмыс орындарының және оған баратын жолдардың жеткілікті жарық болмауы;  
- жұмыс  орындарының  және  оған  баратын  жолдардың  кранмен  жылжытылатын 
жүктен  немесе  биіктеу  орналасқан  биіктікте  жұмыс  жасайтын  басқа  жұмыскерлердің 
жұмыс орындарынан қауіпті аймақ шегінде болуы;   
- жұмыстар жүргізілетін жердің төменгі жағында адамдардың болуы.  
Еңбек  қауіпсіздігі  талаптарындағы  бұзушылықтарды  биіктікте  жұмыс  жасайтын 
жұмыскерлер  өз  бетінше  жөнге  келтіруі  тиіс,  ал  бұл  мүмкін  болмаған  жағдайда  бұл 
туралы дереу бригадирге немесе жұмыс жетекшісіне хабарлауға міндетті.   
24.14 Құрылыс  (өндіріс)  алаңында,  өндірістік  және  тұрмыстық  орын-жайларда, 
жұмыс телiмдерінде және жұмыс орындарында болған уақытта биіктікте жұмыс жасайтын 
жұмыскерлер осы ұйыма қабылданған  ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға міндетті.  
Мас  жұмыскерлер  мен  бөтен  тұлғаларды  мұндай  жұмыс  орнына  жіберуге  тыйым 
салынады.  
24.15 Биіктікте  жұмыс  жасайтын  жұмыскерлер  жұмыс  барысында  белгіленген  және 
бекітілген конструкциялардың немесе тақтай төсемдердің үстінде болуы тиіс. 
Бекітілмеген  немесе  шайқалып  тұрған    конструкциялардың  немесе  тақтай 
төсемдердің үстінде тұруға тыйым салынады.  
24.16 Биіктікте  жүргізілетін  электр  дәнекерлеу  жұмыстары  МемСТ  12.3.003 
талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. 
24.17 Осы  телiмде,  сондай-ақ  төменде  орналасқан  ярустарда  (жанбайтын  төсеме 
болмағанда)  электр  дәнекерлеу  жұмыстары жүргізілетін  жерлер  кемінде  5 м  радиуста 
жанатын  материалдардан  және  жарылу  қаупі  бар  материалдар  мен  қондырғылардан 
(соның  ішінде  газ  баллондары  мен  газ  генераторлардан)  босатылып,  кемінде  10 м 
қашықтыққа апарылуы тиіс. 
24.18 Сайман,  бекіткіш,  электродтар  биіктіктен  абайсызда  құлап  қалмау  үшін 
оларды монтаждалып жатқан конструкциялардың үстіне қоюға тыйым салынады.  


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
92 
24.19 Жұмыс  орнына  жету  үшін,  сондай-ақ  жұмыс  істеу  барысында  бір  жұмыс 
орнынан екінші жұмыс орнына өту үшін  биіктікте жұмыс жасайтын жұмыскерлер саты, 
көпірше, трап қолдану қажет. 
24.20 2  м  жоғары  биіктікте  орналасқан  фермалардың,  балкалардың,  ригелдердің 
және  осы  сияқты  басқа  да  конструкциялардың  үстімен  өту  керек  болған  жағдайда 
биіктікте  жұмыс  жасайтын  жұмыскерлер  сақтандыру  қанаттарға  байланған  сақтандыру 
белбеулер тағу қажет. Қанат бекітілетін жер мен тәсілді жұмыс жетекшісі анықтайды. 
24.21 Жұмыс  аймағы  шектелген  жерде  жұмыс  жасағанда  сақтандыру  белбеуін 
құрылыс конструкцияларының элементтеріне төмендегі тәсілдердің бірімен бекіту қажет: 
- карабинді арқан жіпке бекітіп, конструкцияны арқан жіппен айналдырып орап;  
- карабинді 
сақтандыру 
белбеуінің 
бүйір 
жағындағы 
сақинаға 
бекітіп,  
конструкцияны арқан жіппен айналдырып орап;  
- карабинмен монтаждау ілмегіне немесе сақтандыру қанатына.  
Осы  жағдайлардың  барлығында  сақтандыру  белбеуін  жұмыскер  құласа  неғұрлым 
аласа биіктіктен құлайтындай бекіту қажет. 
24.22 Жұмыс барысында қозғалып-жылжуды  қажет  ететін жұмыстарды жүргізгенде 
сақтандыру белбеуін сақтандыру керек-жарақтарымен қосып пайдалану қажет.  
Сақтандыру  құрылғысын  қолдану  және  бекіту  тәртібі  орындалатын  жұмыстар 
жобасында көрсетілуі тиіс. 
24.23 Жұмыстарды  бастамай  тұрып,  құрал-саймандар  құлауы  мүмкін  аймақта 
адамдардың жоқ екендігіне көз жеткізу қажет.  
Төмен  жақтағы  жабдықтардың  қорғайтын  төсемдері,  торлары,  күнқағарлары 
болмаса, тік бұрып жасалатын жұмыстың бірнешеуін қатар орындауға жол берілмейді. 
24.24 Жұмыс  барысында  материалдар  мен  конструкцияларды  жұмыс  орнына  қарай 
жіппен немесе арқанмен көтеріп апару керек.  
Материалдар  мен  конструкцияларды  құлауға  қарсы,  соның  ішінде  желдің  әсеріне 
қарсы  шараларды  қолданып,  орындалатын  жұмыстар  жобасына  сәйкес  арнайы  бөлінген 
жерлерге жинау керек.  
24.25 Жұмысқа  қажетті  саймандар  мен  материалдарды  10  кг  дейінгі  салмақпен 
арнайы сөмкелерге салып тасу керек.  
Жұмыс  үзілісі  кезінде  материалдар  мен  саймандарды  сөмкеге  жинап  алып  қою 
қажет.  
24.26 Жүк  көтеру  краны  немесе  электр  тарату  желісі  бар  аймақта  жүргізілетін 
жұмыстарды    қауіпсіз  жұмыс  әдістерін  белгілейтін,  белгіленген  тәртіппен  рәсімделген 
рұқсат-наряд бойынша орындау керек.  
24.27 Жұмыс алаңдары жоқ сатыларды жұмыс орнына көтерілу үшін ғана пайдалану 
керек. Жекелеген жағдайларда мұндай сатыларда күш салуды қажет етпейтін жұмыстарды 
жасауға  болады.  Сатынының  үстінде  тұрып  жасалатын  жұмыстарға  қолданылатын 
сайманның немесе материалдардың салмағы 5кг аспауы керек. 
24.28 Сайман,  бекіткіш,  электрод  биіктіктен  абайсызда  құлап  кетпеу  үшін  оларды 
монтаждалатын конструкциялардың үстіне қоюға тыйым салынады.  
24.29 Сайманның, 
аспаптың 
бойынан 
жөнсіздік 
байқалғанда, 
сондай-ақ 
конструкциялардың  бүтіндігі  бұзылғанда  немесе  беріктілігі  жоғалғанда  биіктікте  жұмыс 


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау