Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет48/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
93
 
жасайтын  жұмыскерлер  жұмысын  тоқтата  тұрып,  бұл  туралы  жұмыс  жетекшісіне 
хабарлауы, ал қажет болған жағдайда жұмысшыларды қауіпсіз жерге шығару қажет.  
24.30 Биіктікте жасалатын жұмыстар аяқталғаннан кейін жұмыскерлер:  
- жұмыс орнын жұмыс барысында жиналған құрылыс материалдарының қалдықтары 
мен қоқыстан тазалауға;   
- жұмыс 
барысында  пайдаланылған  қол  сайманды,  керек-жарақтар  мен 
пайдаланылмаған материалдарды жинап, сақтауға арналған бөлек орынға апаруға;  
- жұмыстың  аяқталғаны  туралы  және  жұмыс  кезінде  болған  жөнсіздіктер  туралы  
жұмыс жетекшісіне хабарлауға міндетті. 
24.31 Жұмыс айналасы  анық  көрінбейтіндей ауа райы кенеттен бұзылған жағдайда 
(қар, тұман немесе жауын-шашын), сондай-ақ жел жылдамдығы 15 м/с және одан жоғары 
үдегенде  биіктікте  жұмыс  жасайтын  жұмыскерлер  биіктіктен  түсіп,  қауіпсіз  орынға 
баруға міндетті.  
24.32 Биіктікте жұмыс жасайтын жұмыскер биіктіктен құлаған жағдайда қасындағы 
жұмыскерлер бұл туралы жұмыс жетекшісіне хабарлап, құтқару қызметін шақырту қажет. 
Зардап шеккенге алғашқы медициналық көмекке дейін жәрдем берілу үшін қолға барлық 
шаралар алынады.  
24.33 Жұмыскер  кенеттен  сырқаттанған  жағдайда  науқастанған  жұмыскерді  жұмыс 
орнынан шығару шаралары қолға алынып, алғашқы медициналық көмекке дейін жәрдем 
беріледі, орын алған жағдай туралы шеберге немесе жұмыс жетекшісіне хабарланады.  
24.34 Өрт 
шыққан  жағдайда  дереу  өртке  қарсы  қызметті  шақыртып, 
қызметкерлердің  барлығын  қауіпсіз  жерге  шығару  керек,  өртті  объектте  тұрған  қол 
астындағы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге ұмтылып, жұмыс жетекшісіне хабар беру 
қажет. 
 
 
25 ӨНЕРКӘСІПТІК АЛЬПИНИЗМ 
 
25.1 Өнеркәсіптік  альпинизм  әдісі  өнеркәсіптік  және  өзге  де  объекттерде  биіктікте 
жасалатын  жұмыстарды  орындаудың  арнайы  технологиясы  болып  табылады.  Мұндайда 
жұмыс  орнына  арқанға  асылып  немесе  өзге  альпинистік  әдістерді    қолданып,  көтеріліп-
түсуге  тура  келеді.  Өнеркәсіптік  альпинизм  технологиялары  жұмыскерге  құрылыс 
сатыларын,  бесік  тәріздес  құрылғыларды,  көтеру    механизмдерін  қолданбай,  бару  қиын 
жерлерге жетуге мүмкіндік береді.  
Жұмысты  өнеркәсіптік  альпинизм  әдістерімен  ұйымдастыру  және  орындау             
ҚР ҚН 1.03-11 сәйкес жүзеге асырылады.  
25.2 Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктікке өрмелеп жасалатын жұмыстарды 
сатыларды,  қоршауларды,  құрылыс  сатысын,  тақтай  төсемдерді  және  жұмыстарды 
орындаудың  басқа  да    стационарлық  құралдарын  пайдаланып  орындау  мүмкін  болмаған 
кезде  жүргізген  жөн.  Бұл  әдістер  тексеру  үшін  және  ауырлығы  жеңіл  немесе  орташа 
жұмыстарды жүргізу кезінде анағұрлым тиімді. 
Өнеркәсіптік  альпинизм  әдістерімен  биіктікке  өрмелеп  жасалатын  жұмыстардың 
жұмысты  бір  орында  ұзақ  уақыт  және  қайта-қайта,  ауыр  немесе  күрделі  жабдықтарды 
немесе көп  материалды пайдаланып орындау керек болғанда тиімділігі аз.  


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
94 
25.3 Өнеркәсіптік  альпинизм  әдістерімен  биіктікке  өрмелеп  жасалатын  жұмыстарға 
тартылып  немесе  ілініп  тұрған  күйде  жүргізілетін  жұмыстар  ғана  емес,  көлденең  
(траверс)  жылжып,  қолдан  жасалған  тіреулермен  өрмелеп  және  төменгі  сақтандырумен  
өрмелеп жасалатын жұмыстар да кіреді. Мұндай жұмыс  әдістері өзіндік қауіпті анықтап 
алған  соң  және  тәуекелдерді  бағалағаннан  кейін  ғана  пайдалану  керек.  Бұған  қоса, 
өрмелейтін  және  құлаудан  сақтайтын  жабдықтардың  тиісті  таңдауы  болуы  шарт. 
Өнеркәсіптік  альпинизмнің  мұндай  әдістерін  тек  арнайы  оқытылған  және  білікті 
жұмыскерлер ғана қолдану тиіс. 
25.4 Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері: 
а) жұмысты дұрыс жоспарлау, ұйымдастыру және басқару;     
б) тиісті  деңгейде  бақылау  жүргізу  арқылы  жұмысқа  білікті  жұмыскерлерді 
жұмылдыру; 
в) тиісті  жұмыс  жабдығын,  жеке  және  топтасып  пайдаланылатын  қорғаныс 
құралдарын таңдау, оларға техникалық қызмет пен күтім көрсету;  
г) жұмыс орындау әдістеріне тиісті бақылау жүргізу, соны  ішінде: 
- жұмыс жабдығын пайдалану бойынша іс-шаралар жүргізу;  
- апатты  жағдайларда  процедуралардың  орындалуына  мүмкіндіктер  жасалуын 
қамтамасыз ету; 
- жұмыскерлер мен үшінші тұлғаларды қорғау. 
25.5 Өнеркәсіптік  альпинизм  әдістерімен  орындалатын  барлық  жұмыстарды 
жұмыстың  қауіпсіз  орындалуына  жауапты  жұмыс  жетекшісінің  жұмыстарды  орындау 
жобасына сәйкес жоспарлау қажет.  
Жұмыстарға  жауапты  жетекші  болып,  бригадир  немесе  жекелеген  жағдайларда 
бригаданың анағұрлым тәжірибелі мүшесі тағайындалады.  
25.6 Өнеркәсіптік 
альпинизм  әдістерімен  биіктікте  жасалатын  жұмыстар 
төмендегідей  қолайсыз  ауа  райында  басталған  болса,  жүргізілмеуі  және  тоқтатылмауы 
тиіс:   
- егер  жұмыстарды  ұйымдастыру  жобасында  және  технологиялық  регламентте 
арнайы  қарастырылған  жарық  беру/қосымша  жарық  беру  құралдары  (бас  киімге,  қолға 
орналатын  шамдар,  жерге  немесе  ғимарат/құрылыс  конструкцияларына  орнатылған 
жасанды жарық беру көздері және т.б.) пайдаланылмаса, жұмыс айналасының жеткілікті 
көрінбеуі;  
- қарқынды атмосфералық жауын-шашын; 
- найзағай кезінде және найзағай фронты жақындағанда; 
- желдің жылдамдығы 15 м/с және одан артық болғанда. 
25.7 Өнеркәсіптік  альпинизм  әдістерімен  орындалатын жұмыс  алдында  жұмыстарға 
жауапты  жетекші  қауіпті  сәйкестендіруі  және  өнеркәсіптік  альпинизм  әдістерін 
пайдаланудың  орындылығын  анықтау  үшін  және  ҚР  ҚН  1.03-11  талаптарына  сәйкес 
қауіппен байланысты барлық аспекттерді ескеру үшін тәуекелдерге баға беруі тиіс.  
25.8 Тәуекелге баға беру принциптері төмендегілерді қамтиды:  
- жүйе ең әлсіз буынының беріктігіне қарай берік болады; 
- сақтандыру жүйесі негізгі жүйе бастапқы қатынау, қолдау және жайғастыру құралы 
болған уақытта пайдаланылуы тиіс;   


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау