ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
87
- суды айдау сұлбалары және жобалары;
- апаттардың алдын алу және жою жөніндегі шаралар;
- жерасты және жерүсті коммуникациялардың, ғимараттар мен имараттардың
тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ету.
23.3 Жерасты құрыстарын салған кезде «Жерасты тәсілімен жұмыстарды жүргізу
кезіндегі өндірістік қауіпсіздік талаптарын» басшылыққа алу қажет.
23.4 Кен қазбасын үңгілеу бойынша жұмыстарды бастағанға дейін жұмысшылар
жұмыс телiмінің геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларымен қолхатпен таныс
болулары тиіс.
Апаттарды тудыруы мүмкін жұмыстардың геологиялық және гидрогеологиялық
жағдайларын өзгерткен кезде жерасты жұмыстарын тоқтатып, апаттық жағдайдың алдын
алу және ескерту жөніндегі қарастырылатын шараларды орындау қажет.
23.5 Құрылыстың әрбір жерасты нысандары үшін апатты жою жоспары бекітілуі, ал
жұмысшылар мүмкін болатын апаттар уақытындағы іс-әрекеттер ережелеріне үйретілуі
тиіс.
Әрбір телiмді қосымша құралдармен, материалдармен, өрт сөндіру құралдарымен
және апатты жою кезінде қажет басқа да құралдармен, сонымен қатар оларды қолдану
жөніндегі нұсқамалармен жабдықталуы тиіс.
23.6 Кен қазбасын үңгілеу бойынша жұмыстарды бастағанға дейін жерасты және
жерүсті коммуникациялардың, ғимараттар мен имараттардың тұтастығын және сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар орындалуы тиіс.
23.7 Бекітпелермен
бірге
қазбалардың
көлденең
қимасының
өлшемдері
қолданылатын механизация құралдары мен көліктің габариттерін ескере отырып,
«Жерасты тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі өндірістік қауіпсіздік талаптарына»
сәйкес үңгілеудің габариттерін сақтау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
23.8 Үңгілеу кезінде қазылған жынысты, материалдар қалдықтарын, бөлшектенген
бекітулерді және қолданылмаған жабдықты алып тастау қажет.
Жерасты қазбалардың өткелдерін және рельс жолдарын үйіп тастауға болмайды.
23.9 Шахта оқпандарын және тоннельдерді үңгілеу кезінде бұрғылау-жару және
дәнекерлеу жұмыстары өндірісінің телiмдерінен жергілікті тартып-сорғышы бар жасанды
желдету қамтамасыз етілуі тиіс.
23.10 Қажетті қауіпсіздік құралдарын қолданумен қауіпті жою жөніндегі
жұмыстарды орындау жағдайларынан өзге, күйі жұмысшылар үшін қауіп төндіретін кен
қазбаларын адамдардың қатынауы үшін жабу қажет.
23.11 Жерасты қазбаларының жұмысшы және апатты электр жарығының қуаты
әртүрлі көздерден алынады.
23.12 Жерасты қазбаларында қолданылатын электр жабдығы жарылыс қауіпі болған
жағдайда жарылысқа қауіпсіз орындалуда болуы тиіс.
23.13 Шахта оқпанының аузын бекіту жоспарланған алаң деңгейінен 0,5 м кем емес
биіктікке көтерілуі тиіс.
Аузы жыныстар мен материалдарды үйіп жинауға тыйым салынған тегіс төсеммен
жабылады. Аузының айналасына ені 1 метрден кем емес бос өткел қалдырылады.
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
88
23.14 Шахта оқпандарын үңгу кезінде забойдағы жұмысшылар заттардың құлауынан
қазылатын топырақ деңгейінен 4 м биік емес орналасқан сақтану төсемімен үстіңгі
жағынан қорғалуы тиіс.
23.15 20 м дейінгі тереңдікке салынған тік оқпанда адамдардың жерасты қазбасына
түсуі үшін таяныштары бар баспалдақпен жабдықталған, тегіс қаптаманың жүк бөлімінен
бөлінген бөлім салынуы тиіс. Тік оқпанның тереңдігі 20 м терең болған жағдайда
адамдарды механизацияланған түсіруді және көтеруді қарастыру қажет.
23.16 Кен қазбаларын уақытша бекітуді жұмыс өндірістерінің бекітілген жобаларына
және уақытша бекіту паспорттарына сәйкес жүргізу қажет.
Геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларды өзгерткен кезде уақытша бекіту
паспорты қайта қарастырылуы тиіс.
23.17 Жерасты қазбасы забойынан қаптауды қалдыру (тұрақты бекітпе) шамасы
жобада көрсетілген ең жоғарғы рұқсат етілген шамадан аспауы тиіс. Забой және қаптау
арасындағы қазба телiмді уақытша бекітпемен бекіту немесе өту қалқанының
құрылымымен қорғау қажет.
Уақытша бекітпе оның контуры бойынша сынадан шығарылуы тиіс, бекітпе және
қазба беті арасындағы қуыстарды бітеу қажет.
23.18 Тау-кен жұмыстарының бүкіл мерзімінде қазбалардың уақытша бекітпесінің
күйін және жұмыстар өндірісі жобасында көрсетілген жұмыстар телiмінің геологиялық
және гидрогеологиялық жағдайларына сәйкестікті қадағалау қажет.
23.19 Үңгілеу жұмыстарын жүргізген кезде жарылғыш материалдарды қолдануды,
сонымен қатар тау-кен жұмыстары өндірісі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін
«Жарылыс жұмыстары кезіндегі өндірістік қауіпсіздік талаптарына» сәйкес жүзеге асыру
қажет.
23.20 Қазбаларды
тегіс забоймен немесе кертпештермен үңгілеу кезінде
жыныстарды қазу забойдың жоғарғы бөлігінен бастап, барлық жағдайларда жүргізілуі
тиіс. Бұл ереже механикалық кешендерді қолданумен қазылатын забойларға
қолданылмайды.
23.21 Төңкеретін вагонеткаларды қолданған кезде оларды еркін төңкерілуге қарсы
тиектермен жабдықтау қажет.
Вагонеткаларды борттарынан асырып тиеуге және қозғалыс уақытында қараусыз
қалдыруға тыйым салынады.
23.22 Жылжымалы құрамның көлденең қазбалар бойынша ең жоғары қозғалыс
жылдамдығы аспауы тиіс:
- 4 км/сағ – қолмен тасымалдаған кезде;
- 3,6 км/сағ – шексіз арқанмен арқанды тасымалдаған кезде;
- 5,4 км/сағ – ұштық арқанмен тасымалдаған кезде;
- 10 км/сағ – электрлі тасымалдаған кезде.
23.23 Бір қазбаларда вагонеткаларды қолмен және механикалық тасымалдауды
қолдануға болмайды,
Қолмен тасымалдаған кезде вагонетканың алдыңғы қабырғасында жарық сигналы
орнатылуы тиіс.
23.24 Тоннельдерді қалқандармен үңгілеген кезде:
Достарыңызбен бөлісу: |