Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет43/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
83
 
22.14 Электр  тоғымен  электрлі  машиналарды  және  трансформаторларды  кептіруді 
бастағанға дейін олардың корпустарын жерге қосылуы тиіс. 
Трансформаторларды өз багында немесе арнайы металл бакта индукциялық шығын 
әдісімен  кептіруді  магниттелген  орауышқа  жанасуды    болдырмайтын  шараларды  ескере 
отырып, орындау қажет. 
22.15 Ауа  сөндіргіштерін  сынау  орындарына  50  м  кем  қашықтықта  жұмыс  жасауға 
және болуға болмайды.  
Ауа  жинағыштағы  сақтандырғыш  клапанды  жұмысшы  қысымнан  10%-дан  жоғары 
аспайтын қысымға реттеу және сынап көру қажет.  
Ауа  жинағыш  ішіне  адамдардың  келуімен  байланысты  жұмыстар  өндірісі  кезінде 
ауаны  ауа  жинағышқа  жіберуге  арналған  құбырлардағы  вентильдерді  құлпылармен 
бекітіп  жауып,  ескертуші  плакаттарды  орнату  қажет.  Түсіру  вентильдері  ашық  болуы 
және плакаттармен және жазулармен белгіленуі тиіс. 
22.16 Жөндеу  жұмыстары  жүргізілетін  кернеу  трансформаторлары  және  күштік 
трансформаторлар тізбектеріндегі сақтандырғыштарды алу қажет.  
Сақтандырғыштар  алынған  орындарға  «Қосуға  болмайды.  Адамдар  жұмыс  істеп 
жатыр» тыйым салу плакаттарын қою қажет.  
22.17 Монтаждалған  тізбектерді  және  электр  қондырғыларды  жөндеу  үшін 
оперативті тоқты жіберу қажет болған жағдайда оларға ескерту плакаттарын (белгілерін) 
орнату  қажет.  Жөндеуге  қатысы    жоқ  жұмыстарды  тоқтату,  ал  осы  жұмыстарды  істеп 
жатқан адамдарды шығару қажет.  
22.18 Іске  қосу-жөндеу  жұмыстарын  бастағанға  дейін  бөлгіш  құрылғылардағы 
барлық  қуаттандыратын  және  басқа  қосымша  станцияларға  жіберетін  желілерді 
жабдықтан ажыратып, жермелеу қажет.  
22.19 Монтаждалған  электр  тізбектерін  және  электр  жабдықтарын  қолданыстағы 
электр желілеріне қосуды осы желілерді пайдалану қызметі жүзеге асыруы тиіс.  
Уақытша  электр  желілері  және  электр  қондырғылары  ретінде  белгіленген  тәртіпке 
қабылданбаған  электр  желілерін,  бөлгіш  құрылғыларды,  қалқандарды,  тақталарды 
қолдануға  және  жалғауға,  сонымен  қатар  жөндеу  ұйымының  рұқсатысыз  монтаждалған 
және  жөндеуге  берілген  электр  қондырғыларында  электрлі  монтаждау  жұмыстарын 
жүргізуге болмайды,  
22.20 Қайта  монтаждалған  электр  қондырғыларында  іске  қосу-жөндеу  жұмыстарын 
орындаған  кезде  оған  жұмысшы  кернеуді  тек  электр  қондырғыда  пайдалану  режимін 
қойғаннан кейін және іске қосу-жөндеу жұмыстары жетекшісінің жазбаша өтінімі болған 
кезде ғана беруге болады.  
Тұрақты  сұлба  бойынша  іске  қосу-жөндеу  жұмыстарын  жүргізу  үшін  пайдалану 
режимі  қосылмаған  қалқандарға,  басқару  және  күштік  жинау  станцияларына  1000  В 
дейінгі кернеуді  уақытша беруге болады, бірақ бұл жағдайда берілген кернеуде еңбектің 
қауіпсіз  шарттарын  қамтамасыз  ететін  шараларды  орындау  бойынша  міндеттемелер 
жазбаша түрде іске қосу-жөндеу жұмыстарының жетекшісіне жүктеледі.  
22.21 Ажыратқыштарды  және  ажырататын  түрдегі  басқа  аппараттарды  көтеру, 
орналастыру  және  орнату  «Қосулы»  жағдайында,  ал  қайтару  серіппелері  немесе  еркін  
ағыту механизмдерімен жабдықталған аппараттарды – «Сөндіру» жағдайында жүргізіледі.  


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
84 
22.22 Сымдармен  жалғанған  сөндіргіштерді  және  ажыратқыштарды  реттеген  кезде  
олардың  өздігінен  немесе  күтпеген  жерден  қосылуының  немесе  сөнуінің  алдын  алу 
шаралары қабылдануы тиіс.  
22.23 Монтаждалатын  аппарат 
тізбектерінің  сақтандырғыштарын  монтаждау 
уақытында алып қою қажет. 
22.24 Коммутациялық аппараттарда іске қосу-жөндеу жұмыстарын бастағанға дейін 
орындау қажет: 
- коммутациялық  аппараттардың  серіппелі  және  жүк  таситын  жетектерді  жұмысшы 
емес жағдайға қою қажет; 
- оперативті  тізбектерді,  дабылдама  тізбектерін,  жетектің  күштік  тізбектерін  және 
қыздыру тізбектерін сөндіру қажет; 
- сөндіргіш  бактарына  және  пневматикалық  жетектерге  ауа  жіберу  құбырларының 
ысырмаларын жауып, құлпы салу және ондағы ауаны шығару қажет; 
- қашықтықтан  басқару  кілттеріне  және  батырмаларына  ««Қосуға  болмайды. 
Адамдар жұмыс істеп жатыр» тыйым салу плакаттарын ілу қажет. 
22.25 Жетектерде  және  коммутациялық  аппараттарда  бір  уақытта  жұмыс  жасауға 
тыйым салынады.  
22.26 Тоқ  трансформаторларында  жұмыс  істеген  кезде  оған  қосылған  тізбектердің 
монтажын толық аяқтағанға дейін екіншілік орауыштардың өткізгіштерін трансформатор 
қысқыштарымен  қысқа  уақытқа  тұйықталуы  және  жермеленуі  тиіс.  Кернеу 
трансформаторының барлық өткізгіштерін монтаждау уақытында жермелеу қажет.  
22.27 Электр  тоғымен  кептіру  процесінде  оқшаулау  кедергісін  өлшеу  кезінде 
магниттелген және жұмысшы орауыштарды қоректендіруді сөндіру қажет.  
22.28 Кернеуді  жіберумен  байланысты  тексерулер  мен  өлшеулерді  жүргізу 
уақытында күштік трансформатордың төбесінде болуға болмайды.  
22.29 Аккумуляторды  орналастыруда  электродтарды  дәнекерлеуді  аккумуляторлық 
батареяның заряды таусылғаннан кейін 2 с өткен соң ғана жүргізуге болады.  
22.30 Кернеуді  және  электролит  тығыздығын  өлшеуді  резеңке  қолғаптарды, 
респираторды қолданып, оқшаулайтын резеңке кілемде тұрып жүргізу қажет.  
22.31 Аккумуляторлардың  полюсті  қысқыштарының  күйін  тексеруді  диэлектрлі 
қолғаптарды  киіп  жүргізу  қажет.  Аккумуляторларды  бір-бірімен  жалғайтын  болттарды 
тартып  бекіткен  кезде  кілттің  аккумулятордың  полярлығы  әртүрлі  пластиналарына 
оқыстан жанасуын болдырмауға қарсы шаралар қабылдауы тиіс.  
22.32 Кернеу  астындағы  сымдар  төселген  ұзын  қораптар,  жәшіктер,  құбырлар, 
блоктар арқылы сымдарды созуға, сонымен қатар жұмыстар өндірісінің жобасы бойынша 
бекітілмеген  құбырларда,  науаларда  және  қораптарда  сымдар  мен  кабельдерді  төсеуге 
болмайды.  
22.33 Мегаомметр  көмегімен  сымдар  мен  кабельдердің  оқшаулау  кедергісін 
тексеруді  электр  қауіпсіздігі  бойынша  біліктілік  тобы  ІІІ  төмен  емес  қызметкерлер 
жүргізуі  тиіс.  Сынау  процесі  кезінде  кернеу  болуы  мүмкін  сымдар  мен  кабельдердің 
ұштарын оқшаулау және (немесе) қоршау қажет.  
22.34 Электр таратудың ауа желілерін монтаждаған кезде: 
- электр  таратудың    монтаждалған  желісінің  телiмдерін  жермелеушіден  3  м  артық 
емес қашықтықта жермелеу қажет; 


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау