ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
86
22.44 Айырықша жағдайларда 22.40 және 22.41-тармақтардың талаптарын орындау
мүмкін болмаған жағдайда жұмыстарды ҚР ҚН 1.03-05 сәйкес нысанда берілетін наряд-
рұқсат бойынша жүргізеді, онда басқа талаптармен қатар осы телiмде жұмыстарды
пайдалану ұйымының өкілі – бақылаушы қатысында ғана жүргізуге рұқсат етілетіндігі
туралы нұсқама көрсетілуі тиіс.
Бақылаушы
жұмысшы
орындардың
уақытша
қоршауларының,
ескерту
плакаттарының сақталуына және сөндірілген тоқ өткізетін бөліктерге жұмысшы кернеуді
жіберудің алдын алуға, монтаждаушы бригадасы мүшелерінің кернеуге қосулы қалған тоқ
өткізетін бөліктерінен қауіпсіз қашықтықта болуына жауапкершілікті артады.
22.45 Электр
монтаж
ұйымының
қызметкерін
қолданыстағы
электр
қондырғыларында жұмыс істеуге жіберу алдында оған жұмысқа рұқсат беретін жауапты
тұлға жұмысшы орында электр қауіпсіздігі сауалдары бойынша нұсқамалар беруі тиіс.
22.46 Қайта монтаждалған электр қондырғыларына жұмысшы кернеуді жұмысшы
комиссияның шешімі бойынша жіберуге болады.
Анықталған кемшіліктерді жою қажеттілігі туындаған жағдайда электр
қондырғысын сөндіру және шлейфтерді, шиналарды бөлшектеу, жабдықты түсіру немесе
кабельдерді ажырату арқылы жұмыс істемейтіндер қатарына өткізілуі тиіс.
Сөндірілмеген тоқ өткізетін бөліктер қысқартылған және кемшіліктерді жою
бойынша жұмыстарды жүргізу уақытында жермеленуі тиіс.
23 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЖЕР АСТЫ ЖҰМЫСТАРЫН ЖӘНЕ ТАУ-КЕН
ҚАЗБАЛАРЫН ӨТКІЗУ
23.1 Кен қазбасын үңгілеу бойынша жұмыстарды (бұдан әрі үңгілеу жұмыстары)
және жерасты қазбаларында жұмысшы орындарды орналастыруға байланысты басқа да
жұмыстар (бұдан әрі – жерасты жұмыстары) бойынша жұмыстарды жүргізген кезде
жұмысшыларға жұмыстың сипатына байланысты келесі қауіпті және зиянды өндірістік
ықпалдардың әсер етуінің алдын алу жөніндегі шараларды қарастыру қажет:
- опырылатын тау жыныстары;
- қозғалатын машиналар және олардың қозғалмалы бөліктері, сонымен қатар олар
қозғалтатын көлік құралдары;
- жұмысшы аумақ ауасында шаң және зиянды заттардың жоғары мөлшері;
- қысқа тұйықталуы адам денесі арқылы болуы мүмкін электр тізбегіндегі жоғары
кернеу.
23.2 Үңгілеу жұмыстарының қауіпсіздігі ұйымдастыру-технологиялық құжаттарда
(құрылыс, жұмыстар өндірісі және т.б. ұйымдастыру жобаларында) берілген еңбек қорғау
жөніндегі келесі шешімдерді негізінде қамтамасыз етілуі тиіс:
- жыныстарды қазу тәртібін, сонымен қатар жұмыстар телiмінің геологиялық және
гидрогеологиялық жағдайларын ескере отырып, қазбаны уақытша және тұрақты бекітуді
анықтау;
- жыныстарды қазу және тиеу, жыныстарды және материалдарды (құралымдарды)
тасу, тұрақты бекітпені салу үшін механизация құралдарын таңдау;
- жерасты қазбаларының желдету сұлбалары
және жобалары;