Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет26/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
50 
дәрежесін және суды бактериялық және басқа да заттардан толық зарарсыздандыруды 
қамтамасыз етеді. 
Суды арнайы тазартудың тәртіптері сондай-ақ құрылғылардың құрамына 
байланысты белгіленеді және бір бірінен өңделетін суға қосылатын хлордың 
мөлшерлерімен, тазартылған судағы қалдық хлордың шоғырлануымен, судың хлормен 
байланысқа түсу уақытымен, араластырғышқа коагулянттың станцияларын қосудың 
есебінен реттелетін рН мәндерімен, таза судың сұйыққоймаларының алдында әкті 
тазартылған суға қосқаннан кейінгі рН шамаларымен және судың ондағы әкпен 
байланысқа түсу уақытымен ерекшеленеді.  
10.2.2 Суды арнайы тазартудың тәртібіне ауысу қалыпты реагенттердің мөлшерінің 
өзгеруіне және олардың өңделетін сумен байланысқа түсуінің уақытына байланысты. 
СТҚ-ны САТТ-ға ауыстыруға дайындықтың ұзақтығы 12 сағаттан аспауы керек. СТҚ 
құрылғыларының өзін САТТ бойынша жұмыс істеуге ауыстырудың ұзақтығы 6 сағаттан 
аспауы керек. 
10.2.3 Суды УЗ және БҚ-дан САТТ бойынша тазартуды жедел бақылау қалдық 
хлордың мәні және таза судың рН бойынша және өңделетін судың хлормен және әкпен 
байланысқа түсуінің уақыты бойынша жүзеге асуы керек. 
СЖ-ны САТТ бойынша пайдалануға қосу жергілікті атқарушы органдармен, АҚ 
және ТЖ сәйкесінше аумақтық органдармен, халықтың мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық амандығы саласындағы уәкілетті органдармен келісілуі керек. 
10.2.4 Реагенттік, соның ішінде хлораторлық цехтардың, қоймалардың, жапқыш 
және шығыстау бактарының, мөлшерлейтін құрылғылардың, реагент ерітінділерін оларды 
өңделетін суға қосатын орынға жеткізетін қатынас жолдарын жабдықтау СЖ-ны ТЖ-да 10 
тәуліктен кем болмайтын уақыт пайдалануды есепке ала отырып орындалуы керек.  
10.2.5 Қалдық хлордың шоғырлануы 20 мг/л дейін болған кезде хлордан арылту 
жүргізілмейді.  
10.2.6 Халықтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық амандығы 
саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша желіге қалдық хлордың шоғырлануы 
20 - 45 мг/л құрайтын суды желіге беруге рұқсат беріледі, оны тұтынушылар 30 мин. бойы 
қайнату жолымен хлорынан арылтуы қажет. Техникалық мүмкіндік болған кезде суды 
СТҚ-да күкіртті газбен қалдық хлордың әр миллиграммына 0,9 мг есебімен немесе  
натрий тиосульфатының қалдық хлормен 1 : 3,5 қатынасында, бірақ хлорынан арылтатын 
1 л суға 100 мг таза натрий тиосульфатынан аспайтындай мөлшерде суды 
орталықтандырылған хлордан арылту жүргізіледі. 
10.2.7 Белсенді көмірді өңдеп, қайта бастапқы қалпына келтіру 4 - 5% тұздың 
ерітіндісімен немесе тазартылған әкті сүттің қаныққан ерітіндісімен жүргізілуі керек. Бұл 
үшін сүзгіштер осы ерітінділермен толтырылып және 6 сағаттан кем болмайтын уақыт 
ұсталады. Пайдаланылған ерітінді жеке аралық ыдысқа құйылып және қайта қолданылуы 
мүмкін. 
10.2.8 Әсері күшті улы заттар (ӘКУЛ) болып табылатын хлор мен аммиакты сақтау 
хлорды өндіруге, сақтауға және тасымалдауға арналған қауіпсіздік ережелерінде және 
«Химиялық ластануды анықтау және жұмысшыларға, қызметкерлерге және халыққа 
хабарлау жөніндегі кезекші диспетчерге арналған типтік нұсқаулықта» мазмұндалған 
талаптарға жауап беруі керек. 
Хлораторлы құрылғының құрылысы 11 суретте келтірілген.  
10.2.9 Суды арнайы тазартудың тәртіптерін қолданған кеде пайда болатын 
тұнбаларды және жуып-шайылған суды тұнбаның алаңдарына бұру керек. Тұнбаларда 
бактериологиялық ластанулардың қалдығының болуын ескеріп,олардың шекараларында 
ескертуші белгілер орнатылуы керек. 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
51 
10.2.10 Соғыс уақытында, сондай-ақ бейбіт уақыттағы ерекше жағдайларда табиғи 
немесе техногенді сипаттағы ТЖ-ны жойғаннан кейін, жергілікті атқарушы органдармен 
және халықтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық амандығы саласындағы 
уәкілетті органдармен келісілген кезде тұнбалар және жуып-шайылған су оларды 
жеткілікті сұйылту қамтамасыз етілген жағдайда ағынды суайдындарына тоғытылуы 
мүмкін. 
 
10.3 Су радиоактивтік заттектермен ластанған кездегі суды тазартатын 
станциялардың жұмысының тәртібі  
 
10.3.1 Суды тазартатын станцияның және су көздерінің аумағы радиоактивтік 
заттектермен ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен белгіленетін уақытша жол берілетін 
деңгейлерден (УШД) аспайтын шамада ластанған кездегі су құбырлы тазарту 
құрылғыларының жұмысының тәртібі өзгермейді. 
10.3.2 Радиоактивтік заттектердің құрамы белгісіз болған және су көзінде олардың 
жиынтық құрамы бейбіт уақыттағы радиациялық - қауіпті объектілердегі апаттың 
нәтижесінде ТЖ-ғы уақытша жол берілетін деңгейлерден асатын және соғыс уақытында 
ТЖ-да 2 х 10
-6
 Ки/л дейін болған кезде СТҚ жұмысын келесі талаптарды сақтай отырып 
жүзеге асырады: 
- су көзіндегі және ішетін судағы радиоактивтік заттектердің құрамына қатаң, 
реттелген бақылау жүргізіледі; 
- қызмет көрсетуші қызметкерлер, әсіресе радиоактивтік шламдар жинақталған 
орындарда жұмыс жасайтын тұлғалар жинақтайтын мөлшерлерге үнемі жеке радиациялық 
бақылау жүзеге асырылады; 
- радиоактивтік шоғырланулар құрылғылардан арнайы бөлінген орындарға 
шығарылады. 
10.3.3 Суды тазартатын станциялар бейбіт уақыттағы радиациялық - қауіпті 
объектілердегі апаттың нәтижесінде су көзіндегі РЗ жиынтық шоғырлануы УШД асатын 
шамаға жеткен және соғыс уақытында ТЖ-да 2 х 10
-4
 Ки/л болған кезде жұмысқа кірісуі 
керек. Қалаларды бұл кезеңде сумен жабдықтау АСС-ғы және СББЖ құбырлардағы 
ауызсу қорларының есебінен және жер асты көздерінің есебінен жүзеге асуы керек. ТЖ-да 
белгіленген талаптарға толық жауап бермейтін жер асты суларын пайдалануға рұқсат 
беріледі. 
10.3.4 Тұнбалардан радиоактивтік шөгінділерді және сүзгіштердің жуып-шайылған 
су қалдықтарын және байланысу тұнбаларын бейбіт уақыттағы ТЖ кезінде суды 
тазартатын құрылғылардың шегінен тыс жерге шығару керек. Табаны бетонды немесе саз 
балшықты тұнба алаңдарының шекараларында немесе радиоактивтік қалдықтарды жинап 
сақтайтын және көметін басқа да орындарда радиациялық қауіптілік белгілері орнатылуы 
керек.  
10.3.5 Соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда радиоактивтік тұнбалар және 
жуып-шаюдан қалған су суайдындарына тоғытылуы мүмкін, суайдынындағы 
радиоактивтік заттектердің шоғырлануы оларды тоғытқан және сумен араласқаннан 
кейінгі ШЖШ соғыс уақытындағы белгіленген шамадан аспауы керек. Бұл орайда 
халықтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық амандығы саласындағы сәйкесінше 
уәкілетті органдардың келісімін алу керек. Радиоактивтік тұнбаларды және жуып-шаюдан 
қалған суды тоғыту суайдындағы РЗ соғыс уақытындағы ШЖШ жоғары шоғырлануына 
алып келуі мүмкін жағдайларда, оларды көметін орындар ескерілуі керек (тұнба 
алаңдары, тұнба жинағыштар, табиғи ойпаттар немесе жасанды шұңқырлар). Егер бұл 
аумақтардың болжалды ластану деңгейі жалпы сыртқы радиациялық ортадан недәуір 
жоғары болса, радиациялық қауіптілік туралы белгілер орнатылуы керек. 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау