Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет25/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
48 
- қажет болған кезде ТЖ болады деп күтілген ауданға ТЖ алдын алу немесе ықтимал 
залалды азайту жөніндегі іс-шараларды басқаруды және жүргізуді ұйымдастыру үшін 
жедел топты жібереді; 
- бөлінетін күштердің өзара әрекет етуінің мәселелерін, құрамын, олардың 
жасақталуын, ықтимал орналасу орындарын, объектілерді, алда болатын әрекеттердің 
аудандарын нақтылайды; 
- қауіптілік ауданында күштердің шоғырлану жоспарын жасайды (нақтылайды), 
олардың қозғалу бағыттарын, шоғырлану аудандарын, келу және дайын болу мерзімдерін 
анықтайды; 
- арнайы сабақтар мен жаттығуларды өткізу жолымен әрекеттердің үйлесімді 
болуына қол жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 
- жоғары басқару органдарына жағдай туралы баяндап, қысқаша қорытындыларды 
(жағдайды бағалаудың негізінде алынған) береді, қабылданған шешім және жүргізілетін 
іс-шаралар, қолда бар күштер мен құралдардың құрамы, (оларды бөлу және пайдалану 
жөніндегі ұсыныстар), ықтимал құтқару және жедел жұмыстар туралы оларды жүргізудің 
кезектілігімен, хабарлайды; 
- өзара әрекет ету мен басқаруды ұйымдастырудың тәртібін анықтайды. 
10.1.6 Азаматтық қорғаныс саласындағы жергілікті атқарушы органдар жергілікті 
аумақтағы төтенше жағдайлардың салдарларын сәйкесінше әкімшілік-аумақтық бірліктің 
аумағында жоюды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті органның аумақтық 
бөлімшелерімен бірге олардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз етеді. 
10.1.7 Төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен инженерлік 
инфрақұрылымдарды, тұрғын үйді, қоршаған ортаны қалпына келтіру жөнінде іс-
шараларды жүргізу жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. 
10.1.8 Төтенше жағдайлар пайда болған және жою кезіндегі сумен жабдықтау және 
суды бұру кәсіпорындарының әрекеті: 
- сумен жабдықтау және суды бұру кәсіпорнында кәсіпорынның Орталық 
диспетчерлік қызметінің немесе басқа (барынша аз зардап шеккен) объектілердің негізінде 
ТЖ себептерін, ауқымын және жою бойынша қажетті әрекеттерді бағалау жөніндегі 
комиссия (ұйымның бірінші басшысының басшлығымен) ұйымдастырылады; 
- елді мекеннің, ауданның, облыстың деңгейіндегі жоғары, жергілікті атқарушы және 
ТЖ жою жөніндегі уәкілетті органдармен байланыс жолға қойылып және ақпаратты 
берудің тәртібі анықталады; 
- қажетті құралдармен, материалдармен және жабдықпен жарақтандырылған 
апаттық бригадалар және арнайы техника жұмылдырылады; 
- СЖ және СБ кәсіпорындарының апаттық бригадалары, жергілікті атқару 
органдарының және уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің (елді мекеннің, 
қаланың, ауданның АҚ және ТЖ қызметтері) басшылығымен апаттық-құтқару және  
апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысады; 
- сумен жабдықтау және суды бұрудың жағдайын бағалау үшін барлаушылардың 
бригадалары, буындары және топтары құрылады, қызметтердің арасындағы жедел 
байланыс жасаудың барлық түрлері жолға қойылады; 
- сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің жай-күйін тексеріп қарау және 
бағалау ұйымдастырылады; 
- сумен жабдықтау көздерінің, тазартушы құрылғылардың, суды бұру объектілерінің 
суының сапасын бақылау; сумен жабдықтау және суды бұру жүйелеріндегі судың 
сапасына күшейтілген бақылау орындалады, ТЖ бағалау, ауыздықтау және жою жөніндегі 
жұмыстар жүргізіледі; 
- халыққа және тұтынушыларға судың болмау себептері, қызметтерді ұсыну 
тәртібінің нашарлағаны және канализацияның жұмысындағы іркіліс туралы хабарланады, 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
49 
судың сапасы туралы ақпарат, төтенше жағдайды жоюдың белгіленген шаралары және 
жоспарланған мерзімдері туралы ақпарат хабарланады;  
- реагенттердің, құбырлардың, шикізат, материалдардың, ЖЖМ, машиналар мен 
механизмдердің, қосалқы бөлшектердің қолда бары және апаттық қоры бағаланады; 
- сумен жабдықтау және суды бұру объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі 
бірінші кезектегі іс-шаралар дайындалады; 
- суды жинау және суды тазарту құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру 
жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар дайындалады; 
- картографиялық материалдардың және сызбанұсқалардың негізінде әр түрлі 
аудандарды сумен жабдықтаудың және суды бұрудың барынша оңтайлы нұсқалары 
дайындалады; су ағызғыларды және таратушы желілерді жөндеу жөніндегі бірінші 
кезектегі іс-шаралар қаралады; 
- халыққа ауызсуды жеткізетін барлық қолданыстағы және резервтегі техника 
(автоцистерналар, тіркемелі ыдыстар, жүк автокөлігімен тасымалдауға арналған ыдыстар) 
жұмылдырылады; 
- елді мекеннің, қаланың, ауданның сәйкесінше АҚ және ТЖ қызметінің (штабының) 
өкіміне сай объектілерге және халыққа суды жеткізу ұйымдастырылады; 
- жағдайды бағалау мен дайындалған жоспарлардың негізінде, кәсіпорынның 
қызметтері сумен жабдықтау және суды бұру жүйелеріндегі қалпына келтіру 
жұмыстарына кіріседі; 
- қалпына келтіру жұмыстары, соның ішінде уақытшалары, бірінші кезекте елді 
мекеннің тіршілік әрекетінің объектілерінде (көшірілген және зардап шеккен халықтың 
жиналған орындары, ЖЭЦ, ауруханалар, мектептер, қоғамдық ғимараттар, нан зауыттары, 
тамақ өнеркәсібінің басқа да кәсіпорындары және т.б.) орындалады; 
- ТЖ салдарларын жою жөніндегі жұмыстар; 
- СЖ және СБ жүйелерінің жұмысын штаттық тәртіпке (күнделікті қызметтің 
тәртібіне) ауыстыру. 
10.1.9 СЖ және СБ кәсіпорнының ТЖ жөніндегі комиссиясы апаттық-құтқару және 
шұғыл жұмыстарды жүргізудің барысында: 
- жоғары органдармен және бағынышты құрылымдармен, ТЖ ауданында 
ұйымдастырылған жедел топтармен, сондай-ақ басқа да коммуналдық қызметтермен 
тұрақты байланыс орнатады; 
- деректерді жинауды, жағдайды талдауды және бағалауды жүзеге асырады, 
басшылыққа есептерді, қорытындылар мен ұсыныстарды баяндайды; 
- алда тұрған жұмыстардың көлемі мен сипатын бағалауды жүзеге асырады, олардың 
орындалуының есебін жүргізеді; 
- дайындалған жоспарлауға нақтылауларды енгізеді және бағыныштыларға және 
өзара әрекет ететін басқару органдарына тапсырмаларды жеткізеді, олардың дұрыс және 
уақытында орындалуын бақылайды; 
- жоғары басқару органдарына қабылданған шешімдер, белгіленген тапсырмалар 
және олардың орындалуы туралы уақытында баяндайды. 
 
10.2 Суды улағыш заттардан және бактериялық құралдардан арнайы 
тазартудың тәртібі 
 
10.2.1 ТЖ жағдайында суды су көзін ластаушы (улағыш) фактордың түріне 
байланысты суды арнайы тазартудың тәртіптері (САТТ) белгіленеді. Сәйкесінше тәсілмен 
жабдықталған суды тазартатын құрылғылар, суды арнайы тазартудың ұсынылған 
тәртіптерін пайдалана отырып, суды улағыш заттардан зарарсыздандырудың қажетті 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау