ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
54
Қалпына келтіру жұмыстарының құрамы және көлемі қалпына келтіру жобаларын
жасау жолымен анықталады.
11.2.2 Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары (АҚЖ) бірінші кезекте бүліну
аймағындағы құтқару жұмыстарын жүргізуге көмектесуі керек және аман қалған және
жұмыс істеп тұрған сумен жабдықтау объектілерінің, резервтегі жабдықтың жұмысын
қамтамасыз етуге, жер астының су жиналғыларын, энергия қуат көздерін пайдалануға,
сондай-ақ құрылыстардың бүтіндігіне, жертөлелерді, баспаналарды, қаланың төменде
орналасқан аудандарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қоймалардың аумағын, сондай-ақ
оларға баратын және кіреберіс жолдарды су басудың қауіп төндіретін апаттарды
ауыздықтауға және жоюға бағытталуы керек.
11.2.3 АҚЖ-ны, әдетте, жекелеген технологиялық желілерді, бұдан ары
(пайдаланумен қатар) басқа да құрылғыларды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар
жүргізілуі үшін, жартылай пайдалануға қосудың мүмкіндігін есепке алатын реттілікпен
орындаған дұрыс.
11.2.4 Әр түрлі апаттық жағдайларда СЖ және СБ барлық кәсіпорындары мен
объектілерінде АҚЖ-ны орындау және құрылғылар мен желілерді пайдалану үшін осы
НТҚ 8.6 тармағының ережелеріне сай жөндеу-апаттық бригадалары құрылуы керек.
Бүлінудің көлемі үлкен болған, АҚЖ көлемі үлкен, оларды жедел орындау қажет болған
кезде СЖ және СБ объектілеріндегі апатты жоюға осы елді мекеннің мамандандырылған
құрылыс-құрастыру ұйымдары тартылады, олар СЖ және СБ кәсіпорнының
басшылығымен жұмыс істейді.
11.2.5 Су жинайтын құрылғылар.
11.2.5.1 Жер асты су жиналғысының кешеніне кіретін құрылғылар жартылай
бүлінген кезде, қалаға суды беруді толық немесе жартылай қалпына келтіру үшін:
- мамандандырылған бұрғылау бригадасының күшімен жағалай төселген
құбырлардың бүліген жерлеріне дәнекерлеу немесе осы құбырлардың жоғары бөлігін
ауыстыру, ұңғымаларды құлаған суды көтеретін жабдықтан немесе басқа заттардан
(мысалы, құрылыс қоқысынан, құлаған құралдан) тазарту жолымен жөндеуді жүргізу;
- ұңғыманы бататын сорғылармен оларға электр энергиясының жетегін жалғап
жабдықтау қажет.
11.2.5.2 Ұңғымада үлкен бүлінген жерлері анықталған және оны қалпына келтіру
мүмкін болмаған жағдайда ұңғыма тампонажға (жоюға) жатады. Бұл орайда суы бар
қабаттар сүзгілеуші материалмен — қиыршық таспен, ұсақталған таспен көміліп, ал суға
төзімді қабаттар — ұсақталған тасты саз балшық төгіледі немесе 1:3—1:4 цемент
ерітіндісі құйылады.
11.2.5.3 Қалада немесе елді мекенде электр энергиясы болмаған жағдайда оны су
көтеретін жабдықпен қамтамасыз ету үшін әр түрлі жылжымалы электр станцияларын
пайдалануға болады.
11.2.5.4 Басындағы құрылғы толық бүлінген кезде бірінші кезекте суды өздігінен
ағатын құбырлардың сақталған бөліктері арқылы қажет болған жағдайда оларды
қадалармен, тасты үйіндімен немесе басқа тәсілмен нығайту арқылы жинаудың
мүмкіндігін тексеру қажет.
11.2.5.5 Жер асты сулары болмаған кезде санитарлық органдармен келісу арқылы
хлормен зарарсыздандырылған шикі суды берумен шектелген дұрыс.
11.2.5.6 Беткі су жинау кезінде топырақты, балықты сорып тартып алудан немесе
өздігінен ағатын құбырларға бөгде заттардың түсуінен қорғау үшін келесі шаралар
ұсынылады:
- сақталған өздігінен ағатын құбырдың ұшына 0,5 — 0,8 м ұзындығына сәйкесінше
диаметрдегі болат құбырдың кесегі оған дәнекерлер жалғанған сондай диаметрдегі иінмен
және жоғары және бір жағына қарай (өзеннің бағыты бойынша төмен) бағытталған келте
ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
55
құбырмен бірге енгізіледі. Келте құбырдың саңылауы оларды мерзімді түрде қайықтан
немесе мұз бетінен әдеттегі тырмалармен тазартып отыру мүмкін болуы үшін төменннен
жоғары қарай тігінен бағытталған металл шыбықтармен қорғалады;
- өздігінен ағатын құбырдың ұшына тас салынған және түбінен немесе үстінен
жоғары деңгейден суды қабылдауға арналған терезелермен немесе саңылаулармен
жабдықталған бункер (жәшік) орнатылады, ол нығайтылып және барлық жағынан ірі
тастар үйіледі.
11.2.5.7 Өзен онша терең болмаған кезде бүлінген құбырларды қалпына келтіру және
ауыстыру жөніндегі жұмыстар тығынды қоршауда суды үздіксіз тартып шығара отырып
жүргізіледі. Тереңдік недәуір болған кезде жұмысты сүңгуірлер жүргізеді.
11.2.5.8 Жекелеген жағдайларда жағадағы су жиналғыларға соқпай, құбырларды
өзенге қадалармен оларға 1 көтеру деңгейіндегі сорғыларды жалғай отырып түсіру
арқылы оңайлатылған су жинайтын құрылғыны қолданған дұрыс.
11.2.5.9 Жағадағы су жиналғылар (құдықтар) бойынша қалпына келтіру жұмыстары
кезінде қабырғалардағы, бөгеттердегі жарылған, ойылған жерлерді бітеп және
құрылғының ішінен қосымша бекіткіштерді (көлденең тосқауылдар, рамалар) қояды,
қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде соратын желіні өздігінен ағатын желімен қосу
үшін айналма желіні төсейді.
11.2.6 Сорғы станциялары
11.2.6.1 Сорғының жабдығы да бүлінген, 1 көтеру деңгейіндегі сорғы станциясы
бүлінген немесе қатты зақым келген кезде оны толық қалпына келтіргенге дейін су
жинайтын және суды көтеретін құрылғылар ретінде уақытша стационарлық немесе
жылжымалы сорғы станцияларын, соның ішінде зәкірлермен және кергіштермен
бекітілетін жүзбелі сорғы станцияларын пайдаланған дұрыс.
11.2.6.2 Электр энергиясы болмаған кезде сорғылар сумен жабдықтау кәсіпорнында
немесе сәйкесінше уәкілетті қызметтерде болса жылжымалы электр станциялары арқылы
іске қосылады.
11.2.7 Тазарту құрылғылары
11.2.7.1 АҚЖ-ны жүргізген кезде бар немесе салынып жатқан жаңа уақытша тазарту
құрылғыларындағы негізгі бірінші кезектегі шара шикі суды зарарсыздандыру болып
табылады.
11.2.7.2 Суды су құбырына оны алдын ала зарарсыздандырмай беруге тек жер асты
көздерінің сулары үшін ғана халықтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
амандығы саласындағы уәкілетті органның рұқсатымен жол беріледі.
11.2.7.3 Жекелеген жағдайларда уақытша реагенттік шаруашылық 1 көтеру
деңгейіндегі станцияға ауыстырылуы мүмкін, бұнда реагентті беру сорғының сорып
алатын құбырына жүргізіледі.
11.2.7.4 Тұндырғылар толық бұзылған кезде құрамында бактериялық және басқа да
зиянды заттары жоқ су тікелей сүзгіштерге берілуі мүмкін.
11.2.7.5 Су тасыған уақытта өртке қарсы су қоймалары түріндегі, жеңіл бөгеттері
(жылдың жылы мезгілінде жұмыс жасау үшін) бар, суды кіргізуге және жіберуге арналған
бөлетін науалары мен құдықтары бар уақытша топырақтан жасалған жазық тұндырғылар
салынуы мүмкін.
11.2.7.6 Егер бұрынғы көлемінде сумен жабдықтау қажет болмаса, уақытша
сызбанұсқалар бойынша жұмыс жасауы үшін бар құрылғылардың бір бөлігін ғана
қалпына келтірген дұрыс. Бұл орайда суды хлорлауды, коагуляциялауды, тұндыруды және
сүзгіден өткізуді алдын ала ескеру қажет.
11.2.8 Суды зарарсыздандыру
11.2.8.1 Тазарту құрылғыларында суды зарарсыздандырудан өзге қаланың
аумағында немесе оның аумағынан тыс орналасқан сұйыққоймаларда, уақытша су
Достарыңызбен бөлісу: |