ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
60
қолына тапсыру арқылы немесе іс қағаздарын жеткізушілер арқылы дереу хабарлануы
керек.
13.2.2 Сәйкесінше ақпаратты қаланың, облыстың, ауданның АҚ және ТЖ штабына
беруді объектінің АҚ және ТЖ жөніндегі бастығы жедел байланыстың және ақпаратты
беруге арналған жедел жеткізулердің жабық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асыруы
керек.
13.3 Жедел байланыс жүйесін құрудың негізгі қағидаттары
13.3.1 Жедел байланысу жүйесі жедел ахуал жағдайларында СЖ және СБ
жүйелерінің қызметін басқаруды қамтамасыз ету үшін қолданылуы керек.
13.3.2 Бұған келесілер арқылы қол жеткізіледі:
- ТЖ-ның алдын алу және жою жөніндегі қызметтердің күшін және құралдарын
басқару жүйесінің талаптарына жауап беретін байланыс құралдарын қолдану;
- резервтегі аппаратураның, айналма және резервтегі арналардың болуымен;
- байланыс құралдарын олардың мақсатына және пайдалану талаптарына сәйкес
қолдану.
13.3.3 Жедел байланыс жүйесінің құрамына:
- ретрансляциялық жабдық;
- стационарлық радиостанциялар;
- абоненттік ұялы телефондар (ықшам/тасымалданатын);
- коммутациялық және диспетчерлік жабдық;
- тоқтаусыз электр қуатын беретін жабдықтың жүйесі енуі керек.
13.3.4 Жедел байланыс жүйесі келесі атқарымдық талаптардың (сипаттамалардың)
орындалуын қамтамасыз етуі керек:
- жедел байланыс жүйесі үшін белгіленген тәртіпте бөлінген жиіліктердің
диапазондарындағы жұмысты;
- тоқтаусыз екі жақты радио және телефон байланысын;
- берілетін ақпаратты қорғауды;
- базалық жабдықтың, коммутация орталығының және жүйенің диспетчерлік
орталығының негізгі электр қуаты ажыратылған кезде резервтегі электр қуатына (және
керісінше) автоматты түрде ауысуының мүмкіндігін. Резервтегі қуат көзінен жұмыс
істеудің уақыты - 2 сағаттан кем емес.
13.3.5 Ақпараттың қауіпсіздігі ұйымдық-техникалық іс-шаралармен қамтамасыз
етілуі және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болуы керек.
13.3.6 Байланыс жүйесінің құрамдас бөліктерінің құрылымы оларды пайдалану,
қызмет көрсету және жөндеу кезінде қызмет көрсетуші қызметкерлердің электр
қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
13.4 Хабарлау жүйелеріне және құралдарына қойылатын талаптар
13.4.1 Азаматтық қорғануды хабарлау жүйесі:
- республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасының аумағын қамтитын
республикалық хабарлау жүйесі;
- аумақтық деңгейде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
аумағын қамтитын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың хабарлау
жүйесі;
- объектілік деңгейде – адамдар көп жиналатын объектінің, қауіпті өндірістік
объектінің аумағын және төтенше жағдай таралатын есептік аймаққа жататын
тұрғындарды қамтитын жергілікті хабарлау жүйесі арқылы ұйымдастырылады.
ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
61
13.4.2 "Барлықтарыңыз назар аударыңыздар!" деген хабарлау дабылы іске қосылған
кезде хабарлау жүйесі бір уақытта және бірнеше рет қайталанатын төтенше жағдайдың
пайда болу қаупі немесе пайда болғаны және қалыптасқан жағдай кезіндегі адамдардың
әрекетінің тәртібі туралы ақпаратты халыққа жеткізуді қамтамасыз етуі керек.
13.4.3 Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде азаматтық қорғанудың
хабарлау жүйесінде бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі "112" құрылады.
13.4.4 Жеке және заңды тұлғалардан түскен хабарларды қабылдау мен өңдеуді
қамтамасыз етудің мақсаттарында бірыңғай телефон нөмірі "112" жұмыс істейді.
13.4.5 СЖ және СБ кәсіпорындарында хабарлау жүйесі адамдарға ТЖ, дабыл немесе
төтенше оқиға (апат, өрт, табиғат апаты, шабуыл, лаңкестік әрекет) туралы, әрекеттерді
үйлестіру мақсатында хабарлау үшін құрылады.
13.4.6 СЖ және СБ кәсіпорнының әрбір құрылымдық бөлімшесінде және әрбір ірі
объектіде хабарлау жоспары жасалуы керек, ол келесілерді қамтиды:
- ТЖ және штаттан тыс жағдайлардың алдын алу немесе жою жөніндегі шараларға
қатысу лауазымдық міндеттеріне кіретін қызметкерлерді шақырудың сызбанұсқасын;
- ТЖ кезіндегі қызметкерлердің әрекетін реттейтін нұсқаулықты;
- эвакуацияның жоспарларын;
- хабарлау дабылының жүйесін.
13.4.7 Хабарлау жүйесі келесі атқарымдық талаптардың (сипаттамалардың)
орындалуын қамтамасыз етуі керек:
• ғимаратта, жайда, адамдар уақытша немесе тұрақты болатын объектінің аумағында
дыбыстық және (немесе) жарық сигналдарын беруді;
• қауіптің сипаты, эвакуацияның қажеттігі және жолдары, адамдардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер туралы сөзбен айтылатын ақпаратты таратуды.
13.4.8 Хабарлау жүйелері басқа мақсаттағы сигналдардан өзгеше болуы керек.
ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
62
А ҚОСЫМША
(ақпараттық)
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану амалдарымен
жабдықтаудың, олардың орнықтылығын арттыратын қайта құруды және
жетілдіруді жүргізу жөніндегі негізгі техникалық талаптар мен ұсыныстар
Сызбанұсқалар және суреттер
А.1 сурет - Елді мекеннің (қаланың) сумен жабдықтау жүйесінің
сызбанұсқасы
а) жеке орталықтандырылған жүйе (елді мекенді сумен жабдықтау - үстіңгі көз,
өндірістік аймақты сумен жабдықтау - жер асты сулары);
б) біріктірілген орталықтандырылған жүйе (елді мекенді және өндірістік аймақты -
үстіңгі көз);
в) құрама жүйе (елді мекенді тәуелсіз екі көзден сумен жабдықтау - үстіңгі көз және
жер асты сулары, өндірістік аймақты сумен жабдықтау – жер асты сулары):
1 – су жинайтын құрылғы; 2 – бірінші көтеру деңгейіндегі сорғы станциясы; 3 –
тазарту құрылғылары; 4 – таза судың сұйыққоймасы; 5 – екінші көтеру деңгейіндегі сорғы
станциясы; 6 – сукернеуіш мұнара; 7 – су ағызғылар; 9 – бөліп тарататын су құбырының
желісі; 9 – елді мекен; 10 - өндірістік аймақ
Достарыңызбен бөлісу: |