Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет30/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
58 
11.3.1.2 Бүлінген және зақым келген канализациялық желілердің және 
коллекторлардың өткізу қабілетін қалпына келтіру жөніндегі АҚЖ жүргізу: бүлінген 
телімдерді ескі арналары бойынша қалпына келтіру; құбырларды бүлінген телімдерді 
айнала жаңа арнамен төсеу арқылы жүзеге асады. 
11.3.1.3 Суды бұру желісінің бүлінген телімдерін қалпына келтіру үшін болуына 
қарай темірбетонды, асбестті цементті, керамикалық, шойын және металл құбырлар 
қолданылады. 
11.3.1.4 Топырақтың шөккен жерлерінде сынған құбырларды ауыстыруды, сондай-ақ 
құбырлардың жекелеген буындарын ауыстырып және түйіскен жалғауларды қалпына 
келтіру арқылы бітелулерді жоюды ашық орларда, сынған немесе бітелген құдықтан 
құдыққа сүйреп апарылатын сымның көмегімен қазылатын орындарды алдын ала белгілеп 
жүргізген дұрыс. 
11.3.1.5 Ағын суларды бұру үшін жекелеген жағдайларда жол кюветтері және 
науалар, жер арналары түбін және қиябеттерін топырақты су шайып кетпеуі үшін 
тақтайлармен  нығайтып пайдаланылуы мүмкін. 
11.3.2 Канализациялық сорғы станциялары 
11.3.2.1 Канализациялық сорғы станциялары бірінші кезектегі объектілердің 
қатарында қалпына келтірілуі керек. 
11.3.2.2 Бүлінген коммуникацияларды қалпына келтірген кезде арналар мен науалар 
болмаған жағдайда құбырларды және жапқышты еденге немесе қабырғаларға 
орналастыруға болады. Сонымен бірге, сорғылар мен құбырларды уақытша орналастыру 
кейін күрделі жұмыстарды жүргізуге кедергі келтірмеуін де ескеру керек. 
11.3.2.3 Канализациялық сорғы станцияларында АҚЖ механикаландыру құралдарын 
тарту арқылы және қаланың канализациясын немесе жалпы объектіні қалпына келтіру 
жөніндегі басқа да шаралармен үйлестіре отырып жедел жүргізілуі керек. 
11.3.2.3 Электр энергиясын беретін құрылғылар бүлінген жағдайда, электр 
энергиясын басқа көзден алудың мүмкіндігі туралы мәселені шешу немесе іштен жанатын 
қозғалтқыштарды және  жылжымалы электр станцияларын пайдалану қажет. 
11.3.2.4 Сорғы станцияларының бейбіт уақытта жабық болатын және пломба 
салынған апатты шығаратын жерлері болуы керек. 
11.3.3 Канализациялық тазарту құрылғылары 
11.3.3.1 Құрылғылардың бір бөлігі істен шыққан кезде олар жұмыстан ажыратылып 
және ағынды сұйықтық бұратын науалар мен арналар арқылы уақытша артық жүктемемен 
жұмыс жасайтын істен шықпаған құрылғыларға беріледі, немесе санитарлық органдармен 
келісуі бойынша су қоймасына тоғытылады. 
11.3.3.2 АҚЖ-ны жүргізу жөніндегі техникалық шешімдер нақтылы жағдайларды 
есепке ала отырып орнында қабылданады және, әдетте, суды бұру кәсіпорнының немесе 
жобалық ұйымдардың мамандары жасайтын нобайлар мен сызбанұсқалар бойынша бар 
техникалық атқару құжаттарын және пайдаланудың қалыпты жағдайларында пайда 
болатын апаттарды жоюдың тәжірибесінен туындайтын техникалық шешімдерді 
пайдалана отырып  орындалады. 
 
12. Сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорнының қызметкерлерін төтенше 
жағдайларда жұмысқа дайындау 
 
12.1 СЖ және СБ жүйелерінің барлық өндірістік қызметкерлері және зертхананың 
қызметкерлері ТЖ және су адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті заттектермен 
және микроорганизмдермен ластанған кездегі жұмысқа жүйелі түрде дайын болуы керек, 
соның ішінде: 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
59 
- қолданыстағы нормативтік құжаттаманың негізінде жергілікті жағдайларды есепке 
ала отырып жасалған арнайы техникалық минимумды тапсыру; 
- АҚЗ-мен ластанған сумен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік талаптарын және 
эпидемиологияға қарсы ережелерді білу және қатаң сақтау; 
- арнайы қорғану киімін, жеке қорғану құралдарын пайдалана білу және алғашқы 
медициналық көмекті көрсете алу. 
12.2 Кесте бойынша су жиналғыларды қамтитын бас тазарту құрылғыларында (БТҚ) 
су адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті заттектермен және микроорганизмдермен 
нақтылы ластанбаған жағдайдағы суды тазарту станцияларының жұмысы кезінде суды 
арнайы тазарту тәртіптерін қысқа мерзімге (10 - 12 с) қолдана отырып жаттығу өткізілуі 
керек.  
12.3 Сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорнында жасалған кесте бойынша 
сейсмикалық жаттығулар, апатты жою және апаттық бригадалардың жұмысы бойынша 
басқа да жаттығулар, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің төтенше жағдайлар 
кезіндегі жұмысының тұрақтылығын арттыруға бағытталған басқа да іс-шаралар өткізілуі 
керек. 
 
13 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қызметтерінің және 
бөлімшелерінің төтенше жағдайлар кезінде олардың жұмысына қатысатын және 
жауап беретін ұйымдармен өзара әрекет етуі 
 
13.1 Жалпы ережелер 
 
13.1.1 Осы нормативтік-техникалық құжатта көзделген барлық әдістер және тәсілдер 
бейбіт уақытта да СЖ және СБ жүйелерінің пайдаланудың штаттық жағдайларындағы 
жұмысының санитарлық сенімділігін қамтамасыз ету және ТЖ кезінде халықты сапалы 
сумен үздіксіз жабдықтауды арттыру үшін пайдаланылуы керек. 
13.1.Болжанған немесе пайда болған ТЖ жағдайына, ауқымына байланысты СЖ 
және СБ жүйелерінің келесі қызмет атқару тәртіптерінің бірі белгіленеді: 
- күнделікті қызметтің тәртібі (бейбіт уақыттағы қалыпты жағдайларда қызмет 
атқару); 
- жоғары дайындықтың тәртібі (жағдай нашарлаған немесе ТЖ пайда болу 
мүмкіндігі туралы болжам алынған кезде); 
- төтенше жағдай тәртібі (ТЖ пайда болған және жою кезінде). 
13.1.3 Азаматтық қорғану жөніндегі сәйкесінше жыл сайынғы іс-шаралардың 
жоспарлары СЖ және СБ кәсіпорындарымен жасалып, АҚ және ТЖ аумақтық 
органдарымен, халықтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық амандығы 
саласындағы уәкілетті органдармен келісілуі және жергілікті атқарушы органдар бекітуі 
керек. 
13.1.4 СЖ және СБ жүйелерінің осы нормативтік-техникалық құжаттың 
талаптарының көлемінде жабдықталуы және үнемі жұмысқа дайын болуы үшін СЖ және 
СБ кәсіпорындарының басшылары - объектілердің АҚ және ТЖ жөніндегі бастықтары 
және олар соған бағынатын жоғары ұйымдардың басшылары жауап береді. 
 
13.2 Ақпаратты берудің тәртібі 
 
13.2.1 Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ туралы, су көздерінің ластануы туралы 
ақпарат, басқа да ақпарат объектінің АҚ және ТЖ жөніндегі бастығына, объектінің АҚ 
және ТЖ аумақтық штабына қолда бар кез келген техникалық байланыс құралдарымен не 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау