ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
56
жиналғыларда, жылжымалы сорғы станцияларында және т.б. суды қосымша хлорлау
қажет (санитарлық қызметтің талап етуі бойынша) болуы мүмкін.
11.2.8.2 Суды бірінші деңгейдегі көтеру сорғыларымен желіге берген кезде хлорды
сорғының алдында енгізген дұрыс. Бұл орайда хлорлы әктің ерітіндісі немесе кальций
гипохлориті сорғының сорып алатын құбырына тікелей берілуі мүмкін, газ тәрізді хлор
алдын ала суда ерітіліп және хлорлы су түрінде мөлшерленуі керек.
Ескерту. Сорып алатын құбырға хлорға беруді сорғы хлордан тоттанып бұзылмауы
үшін уақытша 3—5 тәулікке ғана жүргізуге болады.
11.2.8.3 Кальций гипохлоритін, хлорлы әкті және сұйық хлорды пайдалану, оны
пайдалану және сақтау су құбырының-канализациялық құрылғыларды пайдалану кезіндегі
қолданыстағы қауіпсіздік ережелеріне қатаң сәйкестікте жүргізілуі керек.
11.2.9 Су ағызғылар
11.2.9.1 Бірінші кезекте суды беру үшін пайдалануға болатын су ағызғыларының
неғұрлым сақталған тармақтары оларды сақталған жалғастырғыштар немесе айналма
желілері арқылы жалғау жолымен қалпына келтіріледі. Су ағызғысын қалпына келтіруді
жекелеген телімдермен, қалпына келтірілетін су ағызғысы қалпына келтірілген телімге
гидравликалық сынауды жүргізу үшін сумен толтырылатын шетінен бастап жүргізеді.
11.2.9.2 Шойын құбырлардан су ағызғыларды қалпына келтіру үшін құбырлардың
барлық бүліген телімдерін алып тастап және олардың орнына жаңаларын төсейді.
11.2.9.3 Ауаны шығаруға арналған вантузтар бүлінген жағдайда жөнделіп және
орнына орнатылуы керек; жөндеу аяқталғанға дейін олардың орнына бүлінген су
ағызғыны пайдалануға қосқан кезде ауаны шығару үшін вентильдер орнатылуы мүмкін.
11.2.9.4 Болат су ағызғыларда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде келесі
шаралар жүргізіледі:
- болат құбырлардың жарылған жерлері, қаяулар, құбырдағы жекелеген ойылған
жерлер дәнекерленіп, бүлінген түйіскен жалғаулары қайта дәнекерлеп жалғанады;
11.2.9.5 Су ағызғыны пайдалануға қосқанға дейін ол сумен жуылып және хлормен
дәріленуі керек. Су ағызғының телімін хлордың иісі толық кеткенше сумен жуып-шаяды.
Әдетте залалсыздандыру кезінде құбырдың телімін шоғырлануы 25 мг/л хлорлы сумен
толтырып және 24 сағат ұстайды.
11.2.10 Су құбырының желілері және құдықтар
11.2.10.1 Су құбырының желілерінде және құдықтарда АҚЖ:
- құбырлардың өткізу қабілетін қалпына келтіру және қаланың неғұрлым маңызды
объектілеріне шаруашылық-ауызсу және өнеркәсіптік қажеттіліктеріне, сондай-ақ өрт
сөндіруге суды беруді қамтамасыз ету;
- баспаналар мен жертөлелерді, жолдар мен өтетін жолдардың телімдерін су басуы,
жол төсемін шайып кету және қаланың төменде орналасқан аудандарын су басуының
қаупінің алдын алу және жою;
- бүліну ошағындағы құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
11.2.10.2 Желінің бүлінген телімдерінен су төгілген кезде: бүлінген телімді қарайтын
құдықтарда орнатылған бекіткіштердің көмегімен, ал құдықтар бүлінген және бекіткіштер
істен шыққан кезде — бүлінген құбырдың ұштарына саңлаусыз бұқтырмаларды және
тығындарды орнату жолымен ажырату; келген суды жақын маңдағы канализациялық және
суағар құдықтарға, табиғи ойпаттарға (жыра, сайларға) немесе су басу қаупі төнбейтін
көрші көшелерге және өтпелерге жіберу үшін уақытша топырақ үймелерін, бұратын
арналарды, науаларды немесе қайта бағыттайтын құбырларды жасау жолымен жақын
маңдағы аудандарды су басуының қаупін жою; апаттың орнын құрғату және желінің
бүлінген телімін жөндеуді жүргізу үшін суды жылжымалы сорғылармен тартып шығару
қажет.
ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
57
11.2.10.3 Бүлінген телімді ажыратқан кезде тұтынушыларды сумен жабдықтау
желінің шығыршықталған телімдері бойынша немесе қол ыдыстарға бөліп таратуды
ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
11.2.10.4 Желідегі қажетті ауыстырып қосуларды апат орнына келген және су
құбырының-канализациялық желілердің сызбанұсқасы бар апаттық-техникалық команда
(топ, бөлім) жүргізеді.
11.2.10.5 Суды бар желілер бойынша бүлінген телімнен айнала беру мүмкін
болмаған және ажыратылған желіні тез қалпына келтіру мүмкін болмағанда апат орнында
құбырларды екі жағынан да ең ыңғайлы жерлерінен ашып (үйінділер мен опырылған
жерлерді тазарту жұмысының көлемін барынша азайта отырып), кесіп немесе фасонды
бөліктерді орнату, олардың арасынан уақытша айналма желіні төсеу қажет. Жұмысты
тездету үшін айналма желіні жердің бетімен, оны механикалық зақымданудан қорғай
отырып төсеуге және оны резеңке құбыршектерден немесе өртке су себетін түтікті
құбырлардан, сондай-ақ болат құбырлардан жасауға болады. Айналма желі бүлінген
жердің екі жағына да орналасқан өрт сөндіру гидранттарына орнатылған стендерлерге
жалғануы мүмкін. Қыс мезгілінде ұзақ уақыт пайдаланған кезде айналма желіні жылылау
қажет.
11.2.10.6 Құбырлардың қатқан телімдерін жылытуды жылжымалы қазандардан
немесе электр жылытқыштардан ыстық сумен немесе бумен жүргізген дұрыс. Соңғы
жағдайда болат құбырлар үшін дәнекерлеуші аппараттарды, олардың амперметрлерін ғана
ауыстырып, өйткені қыздыруды 10 В кернеуде және тоқтың күші 600 А жүргізуге кеңес
беріледі, пайдалануға болады.
11.2.10.7 Пайдалануға қосқанға дейін құбырдың жаңа телімі сумен жуып-шайылып
және хлормен дәріленуі керек.
11.2.10.8 Құдықтарды және желідегі ауыстырып қосу камераларын үйінділерден,
опырылудан, қоқыстан және бүлінген фасонды бөліктерден және арматурадан тазартады.
Жергілікті жағдайларға байланысты құдықты қалпына келтіру толық немесе жартылай
болуы мүмкін:
11.2.11 Сукернеуіш мұнаралар және сұйыққоймалар
11.2.11.1 Сукернеуіш мұнаралар және сұйыққоймалар бүлінген кезде АҚЖ
жүргізудің кезектілігі олардың сумен жабдықтаудың жалпы сызбанұсқасындағы маңызын
есепке ала отырып белгіленеді. Бірінші кезекте жұмыс істеп тұрған тазартушы
құрылғыларға, сорғы станцияларына, маңызды су тұтынушыларға жақын орналасқан және
осы ауданның суды тұтыну тәртібін реттейтін ыдыстар, сондай-ақ беретін құбырлары
сақталған ыдыстар қалпына келтіріледі.
11.2.11.2 АҚЖ сипаты және көлемі ыдыстардың бүліну дәрежесіне және
құрылғының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты болады.
11.2.11.3 Қатты бүліну кезінде және АҚЖ көп еңбекті қажет еткен кезде құрылғылар
су құбырынан айналма желіні салу немесе тарту жолымен ажыратылады. Сыртқы
коммуникациялар бүлінген кезде олар судың қорын сақтау үшін желіден ажыратылады.
11.3 Бүлінулерді жою және ТЖ кезінде су бұру жүйелеріндегі апаттық-қалпына
келтіру жұмыстарын жүргізудің тәртібі
11.3.1 Канализациялық желілер және коллекторлар
11.3.1.1 Кезек күттірмейтін және бірінші кезектегі іс-шаралар ағын суды қаланың
тіршілігі үшін неғұрлым маңызды объектілерге (өнеркәсіптік кәсіпорындарға, нан
зауыттары, адамдарға санитарлық қызмет көрсету орындары) жіберуді қамтамасыз ету
және қаланың аумағындағы жекелеген объектілерді су басуына жол бермеу үшін су бұру
жүйелерін пайдалануды жартылай қалпына келтіруді алдын ала ескеруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |