Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет2/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75

ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
IV 
Кіріспе 
 
Адамзат қоғамының өмір сүруіне теріс ықпал ең бастысы төтенше жағдайларда 
(бұдан әрі – ТЖ) байқалады, бұл дүлей апаттың да, адамның өндірістік әрекетінің де 
салдары болуы мүмкін.   
ТЖ-ның түрлі себептері мен салдары болуы мүмкін, адам әрекетінің ең түрлі 
салаларында туындайды, әр түрлері, ауқымы мен сипаттамалары болады. 
Сумен жабдықтау – төтенше жағдайда қалған халықтың бірінші кезекте өмір 
тіршілігін қамтамасыз етудің ең маңызды міндеттерінің бірі. Ағынды суларды бұру 
және  оларды  тазалау  –  ықтимал  ТЖ  (жұқпалы  аурулардың  таралуы,  қоршаған 
табиғат  ортаның  ластануы)  алдын  алу  және  халықтың  санитарлық  әл-ауқаты 
бойынша ең маңызды міндет. Халықты сумен тұрақты және сапалы жабдықтау және 
ағынды суларды бұру ТЖ барлық түрлері мен типтері жағдайында күрделене түседі. 
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелері (бұдан әрі СЖ және СБ) тіршілікті 
қамтамасыз ету нысандарына жатады. Сумен жабдықтау жүйесі дегенде су алу, оны 
тазалау,  тасымалдау  және  тұтынушыларға  таратуға  арналған  өзара  әрекеттесетін 
инженерлік-техникалық  құрылғылардың  жиынтығы  түсініледі.  Су  бұру  – 
орталықтандырылған  су  бұру  жүйесін  пайдаланумен  ағынды  суды  қабылдау, 
тасымалдау, тазалау және төгу. 
Осы мемлекеттік нормативтік-техникалық құжатта: 
-  СЖ  және  СБ  жүйелерін  табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше 
жағдайларда  (жер  сілкінісі,  су  тасқыны,  сел,  дауыл,  түрлі  қауіпті  өнеркәсіп 
нысандары  жұмысының  штаттық  режимінің  бұзылуы,  СЖ  және  СБ  желілеріндегі 
апаттар) жұмыс істеуге дайындау және жұмыс істеу мәселелері қарастырылды; 
-  СЖ  және  СБ  жүйелерінде  авариялар,  бұзылу  мен  ауытқуларға  әкелетін 
төтенше жағдайлардың сыныптамасы берілді; 
- ТЖ себептері, салдары, алдын алу шаралары, тұрақтылықты арттыру, қауіпті 
төмендету және жою келтірілген; 
- пайдаланушы қызметтердің аварияны, жұқпалы аурулардың таралуын, ауыз 
сумен  жабдықтау  көздерінің  ядролық  жарылыс  өнімдерімен,  улаушы  заттармен, 
бактериалдық  құралдармен,  радиоактивті  заттармен  ластануын  жою  кезіндегі 
міндеттері анықталды.  
Осы  мемлекеттік  нормативті-техникалық  құжат  қолданыстағы  халықаралық, 
өңірлік және республикалық нормативтік құжаттар шеңберінде орындалған жұмыс 
тәжірибесін  жалпылау  негізінде,  СЖ  және  СБ  тәжірибесінде  жаңа  әдістер  мен 
құралдарды  қолдану  туралы  деректерді,  осы  салада  бұрынырақ  жасалған  ғылыми 
зерттеулердің  нәтижелерін,  оның  ішінде  соңғы  жылдарда  радиациялық-қауіпті 
нысандарда аварияның салдарын жою,  жұқпалы аурулардың таралуы кезінде, СЖ 
және СБ жүйелерін іске қосу-баптау, жобалау, құрылысы, пайдалану жұмыстарын 
жүргізу  кезіндегі  тәжірибесін  ескерумен  ВСН  ВК4-90  «Шаруашылық-ауыз  сумен 
жабдықтау жүйелерін төтенше жағдайларда  жұмыс істеуге дайындау  және жұмыс 
істеу жөніндегі нұсқаулықтың» орнына құрастырылды.  
Мемлекеттік нормативтік-техникалық құжаттың талаптары ҚР ҚНжЕ 4.01-02-
2009 «Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар» және ҚР ҚНжЕ 4.01-03-
2011 «Су бұру. Сыртқы желілер мен құрылыстарға» қосымша болып табылады.  
 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БАСШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАР 
 
 
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТӨТЕНШЕ 
ЖАҒДАЙЛАРДА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ 
 
ПОДГОТОВКА И РАБОТА СИСТЕМ ВОДОСНАБЖЕНИЯ И ВОДООТВЕДЕНИЯ 
В ЧРЕЗВЫЧАЙНЫХ СИТУАЦИЯХ  
 
 
Енгізілген күні 2015-05-01 
 
1 Қолдану саласы 
 
1.1  Осы  құқықтық-техникалық  құжат  сумен  жабдықтау  және  су  бұру 
кәсіпорындарының  пайдаланушы  қызметкерлеріне,  жобалық  және  іске  қосу-баптау 
ұйымдарының  мамандарына,  тұтынушылардың  құқығын  қорғау  және  санитарлық-
эпидемиологиялық  әл-ауқат  саласындағы  уәкілетті  органдарға,  азаматтық  қорғанысты 
қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін ТЖ органдарына арналған. 
1.2  Осы  нормативтік-техникалық  құжат  Қазақстан  Республикасында  қолданысқа 
енгізілгеннен  кейін  ВСН  ВК4-90  «Төтенше  жағдайларда  шаруашылық-ауыз  сумен 
жабдықтау жүйелерін дайындау және жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық» күшін жояды.  
Осы  мемлекеттік  нормативтік-техникалық  құжаттың  құрамында  Қазақстан 
Республикасының  аумағында  ведомстволық  бағыныштылығы  мен  меншік  нысандарына 
қарамастан кәсіпорындар, ғимараттар құрылысының жобасына  «Азаматтық қорғаныстың 
инженерлік-техникалық  іс-шаралары.  Төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  бойынша  іс-
шаралар» бөлімін әзірлеу үшін бастапқы деректерді алу жөніндегі ұсыныстар мен  талаптар 
бар. 
 
2 Нормативті сілтемелер 
 
Осы  мемлекеттік  нормативтік-техникалық  құжатты  қолдану  үшін  келесі  сілтемелік 
нормативтік  құжаттар  қажет.  Даталанған  сілтеме  үшін  сілтеме  жасалған  құжаттың 
көрсетілген  басылымы  ғана  қолданылады,  даталанбаған  сілтемелер  үшін  барлық 
өзгертулерін ескерумен сілтеме жасалған құжаттың соңғы басылымы қолданылады: 
«Қазақстан Республикасының Су Кодексі», 9 шілде 2003 жыл № 481-II (22.07.2011ж. 
жағдай бойынша өзгертулермен және толықтырулармен). 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2007  жылғы  15  мамырдағы  №251-ІІІ 
жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі». 
«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі», 2007 жылғы 9 қаңтар № 212-III 
(22.07.2011 ж. жағдай бойынша өзгертулер және толықтырулармен).  
«Азаматтық  қорғаныс  туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңы,  2014  жылғы  11 
сәуір №188-V. 
«Қазақстан 
Республикасының 
ұлттық 
қауіпсіздігі 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының заңы, 1998 жылғы 26 маусым № 233-I (2004 жылғы 20 желтоқсандағы 
өзгертулермен.  
 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 2003 жылғы 8 ақпан № 
387-II (2014 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша өзгертулер және толықтырулармен).  
 
Ресми басылым 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау