Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет13/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
22 
6.3.15 Ластанған аймақтарда, су жинау орындарында беткі және жер асты көздеріндегі 
судың  сапасына  зертханалық-өндірістік  бақылау  нақты  жағдай  ескеріле  отырып, 
қолданылған  жаппай  жою  құралының  шоғырлануы  мен  түрін,  ластану  фактісін  анықтау 
мақсатымен жүргізіледі.. 
6.3.16  Су  сапасын  бақылау  және  дер  кезінде  радиоактивті  немесе  улы  заттарды 
анықтау үшін СҚ және СТ жүйелерінің орталық зертханаларындағы сумен қамту көздері 
қажет құралдармен және құрылғылармен жабдықталады, персоналға дайындық жүргізіледі.  
6.3.17  ТЖ  кезінде  және  әскери  уақытта,  су  тазартатын  құрылыстардың  бірнеше 
топтары  болса,  ең  алдымен,  арнайы  режим  бойынша,  суды  қаладан  неғұрлым  алыс 
орналасқан су жинаудан алатын тазартушы құрылыстар жұмысқа қолданылады.  
6.3.18  Су  көздері  ластанған  жағдайларда  су  тазартушы  құрылыстар  толық  қуатта 
жұмыс  істеулері  тиіс.  Оның  өндірушілігін  төмендетуге  суды  өңдеу    мүмкін  болмаған 
жағдайда ғана жол беріледі. Бұл жерде су тазартушы құрылыстарды (СТҚ) және кәріздік 
тазартушы құрылыстарды (КТҚ) арнайы тазарту режиміне ауыстыру қажет.  
6.3.19 Су тазартушы құрылыстардың персоналы арнайы тазарту режиміндегі СҚ және 
СТ  жүйелерінің  жұмысын  реттейтін  қажетті  нормативтік-техникалық  құжаттармен 
қамтылады.  
Тазартатын  және  су  жинайтын  құрылыстардың  аумағында  қосымша  шаралар 
қолданылып, оларды күзету күшейтіледі. 
 
7 ТЖ кезіндегі су тұтыну нормалары 
 
Су  көздерінің  ластануына  немесе  сумен  қамту  жүйелерінің  істен  шығуына 
байланысты тапшылық туындаған кезде әртүрлі  су тұтыну және  сумен қамту режимдері 
үшін  халықты ауыз сумен қамтудың минималды физиологиялық-гигиеналық нормалары 
МЕМСТ  22.3.006-87  «АҚ  стандарттар  жүйесі.  Халықты  сумен  қамту  нормаларымен» 
реттеледі және ол 3 қосымшада көрсетілген (17 кестенің жалғасы). 
Төтенше  жағдайлар  кезінде  шаруашылық-ауыз  сумен  қамту  немесе  жылжымалы 
құралдардың көмегімен қамтылатын минималды су көлемі мына есеппен анықталады: 
- бір адамға тәулігіне 31 л; 
-  стационарлық  емделуге  түскен  бір  жаралыға  немесе  ауруға  ішу  қажеттігін  қоса 
алғанда тәулігіне  75 л;  
- жеңіліс орнында жұмыс істеп жатқан әскери емес құрылымдардың жеке құрамын 
қоса есептегенде бір адамды жуындыруға 45 л.  
Жергілікті  атқарушы  органдармен  келісе  отырып,  жеке  өндіріс  және  коммуналдық 
кәсіпорындардың су тұтыну көлемін қысқарту арнайы су тазарту режимі бойынша жұмыс 
істеп жатқан құрылыстардың жүктемесін төмендету үшін мүмкін болады  (7 кесте). 
 
8  Сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерін  олардың  тұрақтылығын 
арттыратын құралдармен жарақтауға арналған негізгі техникалық шешімдер 
 
8.1 Сумен жабдықтау көздері және су жинау құрылыстары 
 
8.1.1 Төтенше жағдай кезінде сумен қамту жүйелері үшін жер асты суларының барлық 
қорлары  қолданылуы  тиіс.  Бұл  жерде  артықшылық  жақсы  қорғалған  жер  асты  сударына 
беріледі.  Сонымен  қатар  құрамында  табиғи  қоспалары  бар,  тәжірибеде  тексерілген  және 
қолданылатын  әдістердің  (темірсіздентіру,  фторсыздандыру,  жұмсарту,  күкірт  сутегі, 
метан,  микрофлораны  жою)  көмегімен  алынатын,  жақсы  қорғалған  жер  асты  суларын 
қолдану қажет.  


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
23 
8.1.2  Төтенше  жағдай  кезінде  СҚ  жүйесінің  барлық  элементтері  олардың  жоғары 
бекітілімін  және  жоғары  санитарлық  сенімділігін  камтитын  келесі  талаптарға  сай  болуы 
тиіс:  
- барлық су  жинаушы  ұңғымалардың тәждері  мен тұрбаның ар жағындағы кеңістігі 
сенімді герметизацияланған болуы тиіс; 
- қосымша су жинау ұңғымалары дайындалған болуы тиіс; 
- ұңғымалардың бірқатары электроэнергиядан басқа тұтынушыларды тоқсыздандыру 
кезінде  ажыратылмайтын  электрмен  қамтылатын  қосымша  стационарлық  көздердің 
жұмыстарына 
қосылуы, 
ал 
ұңғымалардың 
бірқатарында 
жылжымалы 
электростанциялардың сораптарына қосылатын құрылғылар болуы тиіс; 
-  жер  асты  суларын  тазарту  бойынша  су  кернеулік  мұнаралар  мен  су  тазартушы 
құрылыстар су айналасы желілерімен (байпастармен) жабдықталуы тиіс, ал  ұңғымаларда 
жылжымалы  цистерналар  мен  ыдыстарды  толтыруды  қамтамасыз  ету  үшін  кернеулік 
желілерінде қосымша тұрбашалар болуы тиіс; 
-  су қорларында таза ауыз су қорлары қалыптасуы тиіс; 
- беткі сулардан су жинау конструкциясы бетінде үлдірлер, заттар жүзіп жүрген және 
басқа да су планктондары бар дондық және жағалау шөгінділері желісінен құрамында адам 
өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қауіпті  заттар  мен  микроорганизмдер  шоғырланған  ағын 
суларды алуға жол бермеуі тиіс. 
8.1.3 Су жинау ұңғымаларының тәждерін герметизациялау 
8.1.3.1  Тәждерді  герметизациялау  типтік  жобалар  мен    шешімдерге  сәйкес 
орындалады.  
8.1.3.2 Тәждер алмастандырылып, дәнекерлендіріліп орындалады. Тұрбалық құдықты 
герметизациялау  резеңке  нығыздағыш  сақинамен  қамтамасыз  етіледі.  Тәж  плиталарында 
электр  кабельдерін  өткізетін  шажырқай  және  деңгей  өлшегіштің  көмегімен  тұрбалық 
құдықтағы су деңгейін өлшеу үшін тығыны бар ойық қарастырылған. Монтаждау кезінде 
тәждер бетонмен қапталады. Бетон алабының үстіндегі ықтаушы плита фланцының биіктігі 
500  мм  кем  болмауы  тиіс.  Артұңғымаларының  герметизацияланған  тәждерінің 
құрылғылары 6 сурет 1 қосымшада көрсетілген.  
8.1.3.3 Қажет болған жағдайларда ұңғымалар  сүзгі-сорғыштармен жабдықталады. 
8.1.3.4 Қолданылмайтын және жарамсыз ұңғымалар жойылуы (тампондалуы) тиіс.  
8.1.4 Қосымша су жинау ұңғымаларын даярлау 
8.1.4.1 Елді мекеннің су тұтынуына және су көздерінің алымдылығына қарай әрбір су 
жинау кезінде оларда қосымша болуына қарай ұңғымаларды бұрғылау орындалады. 
8.1.4.2 Су жинаудағы қосымша ұңғымалар жұмыс жағдайында болуы тиіс, әрдайым 
және кезеңмен жұмысшылардың орнында әрекет етеді. 
8.1.4.3 Тек беткі су көздеріне негізделген сумен қамту жүйелерінде судың шектеулі 
дебиті бар су жинаушы ұңғымалар жинақталады. Қосымша ұңғымалар дебиті елді мекеннің 
қажеттілігін  тәулігіне  бір  адамға  10  литр  нормасында  қанағаттандыруы  тиіс,  ол  әскери 
уақытта су тұтынудың минималды нормасын құрады.  
8.1.4.4  Бір  уақытта  жер  асты  және  беткі  су  көздерін  қолданатын  сумен  қамту 
жүйелерінде су желісіне су жеткізу мүмкіндігі тек жер асты көздерінен болуы тиіс немесе 
жер асты және беткі сулардың желілері ажыратылуы тиіс.  
8.1.5  Сорғылық  станциялар  мен  су  көтеруші  жабдықтардың  қосымша  электрлік 
қамсыздандырылуын қамтамасыз ету 
 
8.1.5.1  Сорап  станцияларын  және  ұңғымалардың  су  көтерілімі  құрылғыларын 
электрмен қамту, коммуналдық шарушылықтың аса қажет элементі ретінде ҚР ПУЭ 2012 
талаптарын ескере отырып, өзара әрекеттеспейтін тәуелсіз екі  қосымша қор көзі  арқылы 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау