«Бір айға жетер-жетпесте орысша шүл дірлей бастадым...
Мен үшін ең қиы ны – үйреншікті ауылдан, өзімді ерекше ерке-
лететін атам мен әжемнен, Үлкен ауылдағы Кіші аталарымнан,
өзіме меншіктеген тай-құлындарым мен аңшы иттерімнен ажы-
рағаным болды. Алайда біраздан соң қала тірлігіне көндігіп кет-
тім...
– деп Том шәрінде жас күнінде көрген-білгенін тәп тіштей
жазыпты ҒАЛЫМТАЙ ҒАЗИЗҰЛЫ естелі гінде. –
... Бір жылдан
соң біздің ауылдың оқу іздеген жастары Томға топтап келе бас-
тады: Тәрмізи, Ғазали, Әб ді р ах ман, ұмытпасам, соңғы екеуі сау-
да техникумында оқи ды. Пәтеріміз тарлық еткен соң Омар
Толыбаев жатақханаға шықты, ал біз, кілең Сәтбаевтар бір
«мойынсерік» болып ұжымдасып тұрдық. Аға тайым тәртіпті
қатты ұстады: бостағай қыдырысқа еш қайсымызды жіберген
жоқ, пәтеріміздің тазалығын, басқадай жұмыстарды кезектесіп
147
ШЫҒАРМАЛАРЫ
атқарамыз; тек маған ғана жеңілдік жасап, «Ғалымтайчиктің
жөні бөлек, ол атасының баласы, оны жұмсауға болмайды!..» деп
мені үнемі қорғап, шексіз еркелететін еді...»
Қыр сахарасында өгіздей шабан сияқтанатын уақыт қалада
жүйрік сәйгүлікке мінгендей жылдам зымырайды. Ұзақ күннің
қалай өт кенін білмей қаласың. Қаныш болса сол тір лікке баяғыда
көндіккен. Сөйтсе де әредік бой сергітіп, көңіл көтеру қажет.
Төңкеріске дейін осы қалада бірталай қазақ жастары оқыпты.
Қазір сиреген, бірен-саран ғана. Солардың басын қосып, қолы бос
кештерде, жек сенбі күндері сауық жасап, демалыс ұйым дастырса
несі бар?.. Елден алыста жүр генде бұл да туған жердің тұнық ауа-
сындай, дәмді асындай пайдалы сергу болмақ...
Ә.Х. МАРҒҰЛАН естелігінен:
«Оқудан бос уақытын студент Қаныш бір ғана іске – ой-
санасын байытуға жұмсайды. Бос уақытын Том университетінің
бай кітапханасында өткізіп, қазақ халқының тарихы, этно-
графиясы, әдебиеті туралы жазылған деректерді үңіле оқиды.
Олар жайында бірнеше мақала жазып, кей бір әдебиет үлгілерін
баспаға дайындайды. Қаныш тың бастауы бойынша универси-
тет жанынан Күншығыс мәдение т ін зерттейтін ғылыми үйір-
ме ашылып, оған Томда оқитын студенттер қатынасады. Үйір-
меде сақа (якут), бурят, хакас, тұңғыс елдерінің халық әдебиеті,
этнографиясы, тарихы туралы дәрістер тыңдалған. Қаныштың
өзі де қазақ әдебиеті, этнографиясы туралы баяндама жасай-
ды. Онымен қатар үйірме атынан сауық кешін өткізіп, онда әр
халықтың ән-күйлерінен, жыр-өлеңдерінен ойын ұйымдастырады.
Бұл сауық кештерінде Қанекең қазақ халқының ән-күй
ле
рін
жақсы көрсете алған».
Семейде шығатын губерниялық «Қазақ тілі» газеті 1926 жылғы
28 сәуірдегі санында Қаныш Сәтбаевтың «Том қаласындағы ұлттар
кеші» деген хабарын жариялапты:
«...Қазақ өлеңдерінен «Екі жирен», «Бір күн көшіп дүние»
(айтушы Ғалымтай Сәт баев), «Қараторғай», «Еркем» (айту-
шы Омар Толыбайұлы) шырқалды. Деклама ци я ға Мағжанның
«Тез барам» (айтушы Ға за ли Сәтбаев) өлеңі оқылды... Сауықта
айтылған әндердің бәрін нотаға түсіріп, дыбыс үндестігін (гар-
мония) Алек сандров дей тін шебер профессор жасап берді. Әнші-
148
Медеу СӘРСЕКЕ
лердің бәрі де әндерін рояльға қосылып айтты (буряттардан
басқасы). Өлең сөздері орындалар алдында жиналған жұртқа
орыс тілінде ұғындырылып отырды. Деклама ция ларға да осы
жол қолданылды. Кешті тамашалауға жұрт көп жиналды...»
Технология институтының студенті Қа ныш Сәтбаевтың уни-
верситет кітапханасындағы карточкасында қазақ даласы тура-
лы орыс зерттеушілерінің бұрынды-соңғылы жазған ғылыми
еңбектері молдап тізіле бастады: П. Паллас, В. Радлов, П. Мелио-
ранский, И. Веселовский, Г. Потанин және басқалардың әр жыл-
дары жазған жазбалары, саяхат күнделіктері, түрлі зерттеулері.
Сірә, сол ізденістің әсері болар, Қаныш Имантайұлы ғұмырбаяндық
жазбаларында:
Достарыңызбен бөлісу: |