Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет60/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   245
null

«Сирек қолжазбалар бөлімінен Едіге туралы ескі 
аңыздың Шоқан Уәлиханов жазып алған 3 түрлі нұс қасын көріп, 
қызыға таныстым. Солардың бірін, әрине, Шоқан нұсқасын, 
1927 жылы Мәскеудің «Күншығыс» баспасынан жеке кітапша 
етіп жарияладым...» 
– делінген.
Студент жігіттің құмар ісі әр түрлі, соның бірі – жан-дүниеңді 
рухани байытатын меншік кі тапхана жинау. Анығында, бұл әдет 
оған өз
 
әкесі Имантайдың Шығыс ақындарының асыл мұрала-
рын ұқыптап сандықта ұстаудан бастау алған. Сол әдет 
енді, «Сынықтан басқаның бәрі де жұ 
ғады деген тағылымға 
сай, Қанышқа да ауысқан. Тек оның көбірек қаузайтыны – 
ғылыми әдебиеттер, әсіресе геология саласын 
дағы кітаптар – 
К.И. Богданович, И.Н. Мушкетов, В.А. Обручев, Г.Г. Семенов-
Тян-Шанский ең бектері, Д.И. Менделеев сынды орыс ғылы мы- 
ның мақтаныштарымен қоса, сол жұрттың «Алтын ғасыр» 
әдебиетін сомдаушылары – Белинский, Писарев, Добролюбов, 
шетел классиктерінен – Вольтер, Анатоль Франс, Шекспир, 
Диккенс, Гейне, Шиллер шығармалары. Философиялық ой 
теңізіне сүңгі 
тетін ғұламалардың да бірталай шығармаларын 
Қаныш Имантайұлы студент кезінен құмарта жинаған.
IV
Қаныш Имантайұлының студенттік шағы Сібірді геология-
лық зерттеудің жаңа қарқынмен жан-жақты өрістеген кезеңіне 
дөп келген. Кеңес өкіметі жария еткен индустрияландыру жос-
парын жүзеге асыру үшін сенімді шикізат көздерін табу қажет. 
Небір қиыр шет түкпірлерге жыл сайын көктемде Томнан жаб-
дықталатын барлау партияларына осындай міндет жүктеледі. 
Соның кейбіріне оқытушы геологтар басшылық етеді. Ал профес-


149
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сор М.А. Усов – әлденеше экспедициялар мен зерт теу топтарының 
ғылыми жетекшісі. Михаил Антонович геологиялық саяхатқа 
жал ғыз шықпайды, оның қасында сарапшы мамандармен қоса 
кен барлау бөлімінің студенттері де еріп жүреді. Өйткені ол 
болашақ геологтардың дау туғызған мәселелерді талқылауда 
тыңдау шы бол уын, зерттеу материалдарын тексеруге қолғабыс 
етуін пайдалы деп есептей ді.
Профессор Усовтың тағы бір тамаша өнегесі – дала жұмысы-
нан олжалы қайтқан студентті Геолкомның Сібір бөлімшесінің 
жексенбілік мәжілісіне шақырып, есебін тыңдау. Бұл да болашақ 
кен іздеушіні тапсырылған жұмысқа жауапты қарап, барлау 
кезінде көрген-білгенін өзінше тұжырымдауға баулыған. Сіб-
геолком мәжілісінде Қа ныш Сәтбаев екі мәрте есеп берген. Оның 
бірі – М.А. Усовтың басшылығымен Анжер-Суджен кенінде өткен 
өндірістік тәжі рибе нәтижесін талқылау...
1924 жылы ол туған даласына екінші тә жі рибелік жұмыспен 
келеді. Бұл жолы доцент Н.Н. Горностаевтың қарауында жұмыс 
іс тейді. Ертістің күнбатыс төңірегінде, Семейтау деген жерде бір 
топ студент геология 
лық түсір 
іммен шұғылданады. Ал келесі 
жы лы ұстазы М.А. Усовқа еріп, Екібастұз кө мір кенінің қорын 
қайыра тексеруге қатысады.
Институт студенттері қыста да дамыл көр мейді. Әр кафедрада 
сан алуан үйірмелер жұмыс істейді. Дәріс үстінде естімегеніңді 
осында аласың. Мысалы, бір жолы барлаушылар үйірмесіне тех-
нология институтының түлегі Николай Николаевич Урванцев 
келіп, Енисей төңірегінде жүр 
гіз 
ген зерттеулері, мыс, никель 
кенінің алып ошағы – Нориль көмбесін қалай тап қаны жай ында 
әңгімелеп берді. Қиыр терістікте іздеуші геолог екі жыл тыным-
сыз жұмыс істепті; Таймыр түбегінде, Дудинка, Нориль, Игарка, 
Хантайка деген жерлерде бол 
ған; әрине, мұндай кездесулер 
тыңдаушыларды қиялға бөлеп, жан баспаған қиырларды кезіп, 
тың жаңалықтар ашуға еліктірген...
Үйірмеге қатысудың тағы бір пайдасы – студенттің ізденіске 
шыққанда әжетіне жарар дағдыларға үйренуінде. Николай 
Николаевич Горностаев оқитын петрография курсы бастапқыда 
өте күрделі, түсініксіз атаулар жиынтығынан тұратын, ұғуға 
қиын ілім сияқтанатын. Ал дәріскер теорияны оқуды бітіріп, 
нақ тылы мұрағаттарды көруге шақырғанда немесе сол жылдары 
дүниежүзілік геология іліміне етене бола бастаған «Академик 
Е.С. Федоровтың үстелінде» жұмыс істеуге үйретуі пайдалы 
тағылыммен аяқталады. Сайып келгенде, ол да өз пәнін қызықты 


150
Медеу СӘРСЕКЕ
етіп түсін діре білетін кәнігі маман болып шықты. Сі рә, сол кісі-
нің әсерімен бірталай шә 
кірттер петрограф мамандығын иге-
руге құштар болған. Айталық, Қаныштың курсындағы қыздар 
түп-түгел петрограф-минеролог мамандығын қалады. Солардың
бірі – аспан түстес көкшіл көзі үнемі күлімдеп тұратын, институт 
сұлуларының «періштесі» – Тася Кошкина.
Үйірме мәжілісінде баяндама-есепті студенттердің өздері 
жасаған. Қайсыбірі бұған жыл бойы, кем дегенде екі-үш ай 
дайында ла ды. Бұл да берері көп тағылым. Тыңдаушылар – курс 
студенттері, ал тұжырымдаушы – оқытушылардың бірі.
Сонымен тоқтаусыз зымырап бес жыл да өте шықты. Оқу зал-
дарында көз майын тауысқан, қатерлі дертпен белдескен қиын 
да қызықты жылдар. Соның бәрі де артта қалды. Таусылмас 
сияқтанған ілім құпиялары, ұшы-қиырсыз емтихандар, құлаш-
құ лаш сызу табақтары мен карта-кестелер. Ал да енді бір-ақ асу 
бар. Ол – диплом жұмысы...
– Қаныш қымбаттым, диплом жұмысына Қазақстаннан тыс-
қары жердегі кендердің бірін таңдауға мәжбүрсің. Өйткені 
сенің еліңде тап бүгінде жан-жақты зерттелген, техникалық 
құжаттармен жабдықталған бірде-бір кен орны жоқ. Ал онсыз 
тапсырманы қалай орындайсың? Қысқасы, қайда баруды, гео-
логияның қай саласында мамандануды мықтап ойлан, – деп 
Михаил Антонович күзде-ақ ескерту жасаған.
Қаныш аз-кем ойланып, Минусин округі не баруға бекінгенін 
айтты.
– Мыс кендерін барлауға мамандансам деген ұйғарымға тоқ-
тадым, Михаил Антонович. Тегінде, біздің даланың бағын ашар 
мол қазына – осы металл...
– Көрдің бе, Михаил Петровичтің не істегенін?! Орталық 
Қазақстаннан оның мыс іздегеніне талай жыл болды, демек, өзі 
құш 
тар болған зерттеуге сені де еліктіріп қой 
ған. Жарайсың, 
Русаков!..
– Минусин округіндегі Маин кеніне барсам деймін...
– Маин кені – іргелі мыс ошағы. Тек оны асықпай қарау ке-
рек! Күні ертең өзіңе пайдасы тиеді, көргеніңді жадыңа түйіп, кен 
түзілуінің бүге-шігесіне мұқият үңіл!..
Бес айдан соң Қаныш «Сібір шамшырағына» қайтып оралды. 
Көп ұзамай кафедраның қарауына «Маин кенінен мыс барлау 
және оны геологиялық зерттеу» тақырыбында жазылған диплом 
жұмысын тапсырды.


151
ШЫҒАРМАЛАРЫ
1926 жылдың 14 мамыры
 
күні Қаныш Сәт баев мемлекеттік 
комиссия алдында диплом жұмысын ойдағыдай қорғап шықты. 
Ол енді кен инженері, жоғары дәрежелі білім дар азамат! Бұл 
сөздің астарында қаншама сыр, мән-мағына жатыр!.. Семей 
губерниялық «Қазақ тілі» газетінің өз оқушыларына сүйсіне ха-
барлауына қарағанда, бұл оқиға – дала өмір інде сирек болатын 
қуаныш: 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау