Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет232/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   245
null

СӘТБАЕВ ПЛАНЕТАСЫ
І
Бойына мысқалдап кірген дерттің алғашқы белгісі 1962 жыл-
дың басында бі лін ген-ді: ұлтабары тағамды талғап сіңіретін бір 
кінәратқа тап бол ғаны анық; ас соңынан дене сі ауырлап қалады; 
қашан сол тарқағанша ең се сін көтере алмай мамырлап отырады. 
Шау тартқан қалпын бастапқыда созылмалы тұмауға жорыған. 
Көпке дейін елемей өзі тарқайдымен жүрді.


602
Медеу СӘРСЕКЕ
Ақыр аяғында ауырсынуы жиіледі. төзе ал 
мады. Дәрігер 
досы, академик, профессор А.Н. Сызгановқа барып жайын айтты. 
Өзі еңбек ететін емханада мұқият тексерген ол кенет әлденеден 
қауіптенгендей абыржу аңғарт ты. «Қосымша тексерілу – сақтық 
үшін ар тық емес...» деген желеумен Онкология инс титутының 
жетекші дәрігері, профессор С.Б. Бал мұ хановқа қаралуды өтінді. 
Амал қанша, үй-ішіне сездірмей, оған да қаранды.
– Қатерлі дерлік ештеңе жоқ, Қанеке. Ішегіңізде аздаған 
кінәрат бар... – Бұлдырата сөйлеген дә 
рі 
гер-онколог көріп, 
біліп отырған ісікті толық ашпады. – Сәулемен емдеп, тарқатып 
жібереміз. Ештеңеге алаң болмаңыз. Оған болмаса, хирургтер сы-
лып тастайды, досыңыз Александр Николаевич үшін бұл – жарым 
сағат жұмыс...
Көктем шықанша Кавказға барып, әл жиып келсем қайтеді? 
– Тіпті жақсы, тура сөйтіңіз! – деді Сайым Балуанұлы.
– Келесі аптада-ақ аттанамын...
Бұл әңгіме наурыздың бас кезінде болған. Айтқанындай-ақ, 
Кавказ етегіндегі шипажайда бір айдай ем алды. Кисловодтың 
ши 
палы суы, нарзан ванналары, әлде дәру ауасы жақты ма, 
бойындағы кінәрат іле-шала тарқап кетті. Бірер аптадан кейін 
«Үл кен ершік ке», он екі шақырым жердегі тау жотасына күн ара-
латып жаяу баратын ермегін қайта бастады. Демалушылардың са-
уық кештеріне де қатысып, көңіл көтерді. Саябақтағы фотограф 
демалуға келген қа зақстандықтарды бәз-баяғыдай «Сәтбаевпен 
суретке түсуге» шақыратын пайдалы кәсі бі не қайта кірісті. 
Қайтар жолда Мәскеуге соққан. Қарбалас істермен бірер апта 
жүріп қалды, бір түні ұйықтай алмай мазасызданып шықты.
Бұл жолы қаралған орны депутаттарға да қызмет ететін 
Кунцеводағы Кремль емханасы (Ғалымның емхана ғана емес, 
Кремльге де кіретін тұрақты куәлігі болған) бірнеше күн мұқият 
тексеруден соң дәрігерлер консилиумы науқас күтпеген шешім ес-
тірт ті:
– Ішегіңізде қатерлі ісік бар. Ота жасаймыз. Ауруханаға 
жатыңыз...
– Бірер күн ойлануға мұрсат беріңіздер...
Қонақүйге келген соң, әлем-тапырық болған көңіліне медеу 
таба алмай, өткен-кеткенді ойлап ұйқысыз өткізді. Ертеңінде 
Алматыға, кенже қызының үйіне телефон соғып:
– Мейізжан, – деген-ді амандасудан соң, – жайым болмай тұр. 
Жұмысыңнан сұран да, Мәскеуге тездетіп жет! 


603
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Жайшылық па, көке, денсаулығың қа лай?
– Қатерлі ештеңе жоқ, балам. Қой, жылағаны несі? Үй болған 
ересек кісі сөйте ме екен? Менің шақырғанымды мамаңа сездір ме, 
ақылдым!..
Әуежай басында танымал қос дәрігер – Сызганов пен Бал-
мұхановты көрген сәтте-ақ Мейіздің беймаза жүрегі зырқ ете түс-
кен: көкесінің төтенше шақыруы, ол аздай – атақты хирург-про-
фессор мен онкология док торының мамыр мерекесі алдындағы 
Мәскеуге шұғыл сапары естияр перзентін қарадай шошытты... 
Қаныш Имантайұлы астанада «Москва» қонақүйіне тоқтайтын. 
Алғашқы жылдары үшінші қабаттағы үш бөлмелі кең люкске 
түсіп жүрді. О кезде Мейіз жас, мектеп оқушысы. Бір жолы екеуі 
шұғыл келгенде, мейманхана қызметкерлері ке 
шірім сұрап, 
оныншы қабатта үлкен бір бөлме барын, люкс босағанша сонда 
тұруын өтінді. Бұл 10-52 бөл ме еді. Бөлмесі жалғыз болғанмен, іші 
айырықша кең, жарығы мол әрі ерекше көркемделген. Бә рінен де 
ғажабы – көшенің шуылы ес тілмейді, тып-тыныш. «Қа лай, ұнай 
ма, балам?» «Ұнағанда қандай! Терезеге қарашы, бүкіл Мәскеу 
табан астында тұрғандай: Манеж алаңы, Александров ба 
ғы, 
Кремль, университеттің ескі ғимараты, Ленин мавзолейі... Көке, 
маған салсаң, еш қандай люкстің керегі жоқ. Осы бөлмеде-ақ тұра 
береміз...» Содан бері біраз жыл өтті. Қаныш Имантайұлы тек 
қана осы бөлмеге тоқтайтын болды. Алматыдан шығарда хабарлап 
қояды ма, мейманханаға келген бетте-ақ танымал кезекшілер осы 
бөлменің кілтін қолына ұстатады... 
Осы жолы да Мейіз жолсеріктерін оныншы қабатқа бастап кел-
ді. Қысқа сәлемдесуден соң-ақ жым-жырт тыныштықта бірнеше 
минут өтті. Сірә, екі жақ та сөз бастауға себеп таппағандай... Соған 
да ыңғайсызданды ма, қос дәрігер мейманханаға жайғасуды сыл-
тау ратып іле шығып кетті. Сонда ғана Мейіз:
– Көке, бұл не жұмбақ? Әлгі кісілерді неге шақырдың?
Балаларымен ғалым әрқашан да ашық сөй 
лесетін. Таисия 
Алексеевнаға естіртпей 
тін сырларын қыздарына айтып, ақыл-
дасып оты ратын. Мейіз де соған үйренген. Шешесіне айтқысы 
келмейтін кей бір шаруа ларын көкесімен кеңесуші еді. Анығында 
екеуі де мінезі шамшыл, дімкәсі молырақ Таисия Алексеевнаны 
аяғандықтан сөй тетін...
Соңғы жылдары көкесі ұшақпен ұшпайтын болды: қан қы-
сымының өршіген кеселі... Мәскеуге тек қана пойызбен бара-
ды. Балаларының бірін, иә Таисия Алексеевнаны ертіп шы ғады. 


604
Медеу СӘРСЕКЕ
Көбіне Мейізді. Тегінде, әке-шешесінің жолын кен барлаушы 
мамандығын таңдаған жас іздемпазға геология білгірімен бір ку-
педе әлденеше тәулік бірге отырып, өз кәсібі жайында сұхбат құру 
да ерекше ғанибет іс (мұндай кең шілікті Алматыда сірә да табасың 
ба?) Міне, бүгін де бү кіл өрен-жаранынан бір өзін оңаша шақырып 
отыр. Демек, қаншама ауыр десе де – әкесімен әңгіме бүкпесіз 
ашық болуға тиіс. Қызының «Бұл не?..» дегені де содан.
– Жағдайым мәлімсіз, жаным, – деді ол қызына тура қарап. – 
Одақ қана емес, дүние жүзіндегі мықты хирургтердің бірі деп 
танылған академик Вишневскийдің дербес емханасына барамыз. 
Дөйдің өзі қабылдайды, ертең консилиум. Ішінде болсын деп, дос-
жар адамдар ғой, алматылық дәрігерлерді әдейі шақырдым. Сені 
де...
Мейіз теріс айналып кетті. Көз шарасын тұмшалаған жасты 
тоқтата алмасын сезіп, коридорға атып шықты. Таңертең жан 
көкесі бір-ақ ауыз сөз айтты. 
– Балам, кешегідей осалдығыңды қайтып маған көрсетпе! 
Жаныма таяныш болсын деп алдырдым өзіңді! Шешеңді емес, 
сені шақыр ғаным содан, – деді нықтап. – Бізбен бірге емханаға 
барасың, консилиумге де қатысасың. Қысқасы, менің ендігі көз-
құлағым – сенсің, Мейізжан!
Консилиумда дәрігерлер пікірі екіге жарылды: бірі жедел опе-
рация жасауға кеңес берсе, екіншілері науқастың қан қысымы-
ның жоғарылығын, ауыр операцияны көтере алмайтындығын 
ескертіп, радиоактивті сәулемен емдеуге ойысты (соңғы пікірді 
айт қандар алматылық дәрігерлер болыпты). Тек бір ғана мәсе-
леде – дерттің табиғатын анықтауда бәрінің де ойы бір жерден 
шыққан: асқазандағы ісік – аса қатерлі...
Сол күнгі басқосуда хирург-академик А.А. Вишневскийдің өк-
тем уәжі жеңіп, нау қас әскери госпитальда жата тұратын болды. 
Атақты дәрігер бір аптадай әзірлік жасап, операцияны өзім жа-
саймын деп кесіп айтқан-ды.
Аптаның аяғында ғалым қызына телефон шалып:
– Мейізжан, Жоғарғы Кеңестің гаражынан машина шақыр 
да, дереу мені алып кет, – деді. – Қысымым көтеріліп, түні бойы 
ұйықтамай шықтым...
Мейіз машина алып келсе, әкесі әзір отыр екен. Елге қайтуға 
бекінген, операция дан бас тартқан. Қонақүйге келісімен ел жаққа 
билет алдырды. 


605
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Алматыға олар екінші мамыр күні келген. Сырқаттанып қал-
ғанын естіген жұрағаттары абыржулы екен, қарсы алуға тік 
көтеріле келіпті. Қан қысымы жолшыбай қалпына түсті, елге 
жақындаған сайын көңілі жайланды ма, сауығып кеткендей 
сергіп қалды. Вагоннан жайраңдап түсіп келе жатқан ақжар қын 
ғалымды көргенде, қарсы алып тұрғандар жамырай қуанып, үйіне 
дейін еріп барысты...
ІІ
Геохронология жөніндегі бүкілодақтық комиссияның ХІІ сес-
сиясын 12-17 мамыр күндері Алматыда өткізуге КСРО ҒА-сы 
қа у лы еткен. Сессияға басшылық ету төралқа мүшесі, академик 
Сәтбаевқа жүктелген-ді.
Денсаулығының жайын айтса, Қаныш Имантайұлын бұл мін-
деттен академия басшылары дереу босатар еді. Бірақ сырқатын 
сылтаурату ғалымның ойына келмеген... Анығында Алматы мен 
Мәскеудің ресми қызметтерінің бірде-бірі оның қатерлі сыр қаты 
жайлы ештеңе сезбеген (тегінде, бұл хақында ғалым ешкімге де 
жария еткісі келмеген; Онкология институтында радиоактивті 
сәулемен емделеді, бірақ жұртты дүр ліктіріп емханада жатпақ 
емес, елеусіздеп қатынайды; үйінде де Мейізден басқа бір жан бұл 
туралы білмесін... Әкесінің тілегі солай: «Күллі туысты жаппай 
қамықтыру қажет емес, екеуміздің білгеніміз де жетеді. Еңсең ді 
түсірме, балам!» – деген).
Мамырдың аяғында (1962 ж.) академияның жаңа сайлауы 
жарияланған. Екі жылда бір соғып тұратын сайлау аса жауап-
ты на у қан, дау-дамайы да көп. Президент бұл жұмыстан да сырт 
қалған жоқ, өз қолымен атқарды. Академия құрамына тағы да 
он төрт ака демик, жиырма бір корреспондент-мүше қосылды. Ал 
өзі бесінші мәрте президент болып бірауыздан қайта сайланды.
Емдеу маусым бойы жүрді, келесі айдың жаңасында науқас 
өзін әу бастан қараған қос дәрі гердің алдына келеді. Рентген экра-
нынан олар ғажап өзгерісті көреді. 
– Сенсеңіз, Қанеке, ішекте ешқандай ісік жоқ (ішек ісігі ту-
ралы аңызды дәрігерлер ақырына дейін ұстанған). Тіпті ештеңе 
қалмаған сықылды!.. 
Бұл қарсаңда көңіл күйі шынында да сергек-ті. Ас тарауы 
жақсарған – ұлтабардың ауық-ауық ауыратыны, тас жұтқандай 
қат 
ты болып сіресіп тұратыны да тарқап кеткен: «Шынымен 


606
Медеу СӘРСЕКЕ
құтылды ма? Бейдауа дерт деп жүрген кеселге ем қонғаны ма, әлде 
бас қа бірдеме шығар?..»
Әрдайым кейінге ысырып, қолы тимей жүр ген бір жұмысы – 
үйіндегі мұрағатты реттеу еді. Жезқазғаннан көшіп келгеннен 
беріде соған уақыт таппай қойған. Кітап шкафтарының сөрелері 
мен суырмаларында жылма-жылғысы қатталған қалпында жата-
тын. Дені ғылыми қолжазбалар, кітаптардың өзі 14 мың шамасы! 
Әмбе солар жаңа үйге кіргелі тіпті былығып кетті...
(Осыдан төрт жыл бұрын Сәтбаевтарға Коммунист даңғылы (қазірде 
Абылайхан) мен Виноградов көшесінің қиылысындағы үлкен үйден бес 
бөлмелі кеңірек пәтер берілген-ді. Соғыс басталған жылы кірген үш бөлмелі 
ескі қонысынан Қаныш Имантайұлының кетуге құлқы жоқ-ақ еді, сол кез-
де өзі тап болған төтенше бір оқиға еріксіз көшірді: Орта Азия республика-
ларына кереғар мақсатпен келген АҚШ сенаторы сол сапарын тәптіштеп 
жазған ол: «КСРО-ның азиялық бөлегін мекендейтін халықтар Ресейге бәз-
баяғыдай кіріптар, бұрынғы бодан қалпында тәуелді болып қалт-құлт еткен 
тіршілікте...» – деп көрген-білгенін бүр кеусіз сипаттаған; американдық сая-
саткерге қарымта жасағысы келген Мәскеудегі дөйлердің бірі сол құрлықтағы 
әлдебір кеңесшіл-коммунист жазғышты КСРО-ға алғызып әлбетте қыруар 
қаламақы бергізіп, сенатордың ойдан шығарған әйдік «бопсасын» шынайы 
айғақтармен әшкерелеуді жобалайды... Американдық жағымпаз Алматыға 
келгенде, қарсы жоба Қауіп сіздік комитетіндегі «біл гіш терден» туса керек, 
сол қо нақ ты бір зиялының үйіне дәмге шақырып, шат-шадыман тұрмысын 
қаз қалпында көр сетуді бағдарламаға енгізеді. Ақылдаса келе таңдау акаде-
мия президенті нің шаңырағына түседі.
Қазақстан КП ОК-нің хатшысы Ыбрайым Тәжиев Қанекеңе телефон ша-
лып, ғалым оны соғыс тан бұрын, Балқашта инженер болған кезінен жақсы 
білген. «Қанеке, бір тілек айтқалы отырмын?!.» деп, кабинетіңізде өтпек рес-
ми сұхбаттан соң саяхатшы американдықты үйіңізге шақырсаңыз қайтедіге 
меңзейді. Ғалым үзілді-кесілді бас тартады...
Арада бірқанша уақыт өткен соң, ресми емес жағдайда кездескен әйдік 
хатшы, ғалым замандасына: «Қанеке, сіздің үйде Жез қазғанның кеншісі 
де, Баянауылдың малшысы да апталап жатады деуші еді. Американдық 
бір жазушыға шай беруден бас тарт қаныңызды түсінбедік, әлде жеңгеміз 
шау тарта бастаған ба?..» – деп әзілдесе керек. «Сіз әуелі, Ыбеке, менің үй 
жағдайымды біліп алып айтсаң еді!» – деп дүрсе қоя береді ғалым. Тәжиев 
мәртебелі кексенің кіді сөзі не таң қалып: «Оныңыз не жағдай?» дегенде, 
ғалым: «Мен соғыс тан бұрын салынған үш бөлмелі ескі үйде тұрамын, жан 
басым – жеті адам. Оңаша орын жоқтықтан ертеңгі ділгер жұмысты бала-
шағам ұйқыға жатқан соң асүйде отырып істеймін. Ал сіз сондай қысылшаң 
жағдайда тұратын академикті әрі академия президентін бетке ұстарымыз деп 
шетелдік қонаққа көр сеткіңіз келеді... Менің содан бас тартып, ЦК-ның білдей 


607
ШЫҒАРМАЛАРЫ
хатшысына масқараға ұшырайтын ақыл берген білгіш тердің арандатуына 
көнбегеніме рақмет айтыңыз, Ыбеке», – деп ғалым өз басындағы кіріптарлық 
жағдаяттың күйкі шындығын естіртеді. «Ау, Қанеке, үй жағдайыңыз шы-
нында солай болса – кінә өзіңіз ден...» деген хатшыға Қаныш Иман тайұлы: 
«Маған өзге жұрттан артығырақ жағдай туғызыңдар деп ешқашан да өтініш 
жазбаймын. Түсінікті ме? Жә, бұл сөзді осымен доғарайық!..» – дейді де, 
әңгімені кілт үзеді...
Бірер аптадан соң хатшының көмекшісі президент кеңсесіне кең үйдің 
құжатын алып келеді: даңғарадай бес бөлме; тұрмыс қа шыққалы геолог ері 
және кішкентай Ескендірмен әкесінің үйінде тұрып келе жатқан Мейізге де 
сол пәтердің қарсысынан екі бөлме дербес тиеді. Сөйтіп, өмірінің соңғы төрт-
бес жылында ғана академик Сәтбаев үйінде де дербес кабинетке ие болған-ды 
(қыс күндерін де бірақ оны пайдалана алмаған: бірінші қабаттағы машина 
жүретін арка соның астына дөп келгендіктен, кабинет суық түсті-ақ қырау 
басып, тоңазытқыш бөлмеге айналатын...)
* * *
Көңілдегі кірбің түрткі болды ма, қалайда, 1962 жыл 
дың 
күзінен бастап, Қаныш Имантайұлы үйдегі мұрағатын жүйелеп, 
рет теуге кіріскен (ғылыми жазбаларын және барлық мұрағатын, 
кітаптарын ғалым ГҒИ кітапханасына табыс етуді өсиет еткен).
Сол жылы академик Сәтбаев Жезқазған сай лау аймағы бойын-
ша КСРО Жоғарғы Ке ңе сінің депутаттығына кандидат болып тір-
келген-ді. Сайлаушылармен кездесуге Қа ныш Имантайұлы ерек-
ше ыждағатпен қа райтын, олардың талап-тілектерін орындау ға 
да... Ал бұл жолғы кездесу әрдайым жанындай жақын Жезқазған 
жұртымен болмақшы...
Қарсақбай ауаткомының бұрынғы тө р ағасы ТӘЛКЕНОВ 
АЛДАЯРДЫҢ әңгімесінен:

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау