«Уа, дариға – алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер!»
Селдір шашты, көкшіл көз, мосқал жүр
гізуші «Мына кісі
қайтеді?» дегендей әредік аңыра қарап қояды. Сірә, әйгілі ғалым,
өзге де дәреже-атағы осал емес, тым үлкен кісінің оғаш қылығына
таңырқағандай. Одан да гөрі сүйсінгені басым.
«Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған!..»
Жолаушы кенет әнді үзіп:
595
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Па, шіркін, Аманжолдың Қасымы да әлей ақын-ау! Даланың
өлі тасына дейін тіл біті ріп, сөйлетіп қойғанын қарашы! – деді.
Қара жол Алабастың бауырын орап, Теңдікке қарай ойыса
берген-ді.
– Оңға тартыңыз, қыстауға тура түсеміз, – деді Бөпежан кексе
жүргізушіге.
«Волга» оңға қиыстап, көмекші нұсқаған сүрлеуге түсті.
ІІ
Құлауға айналған ескі зираттың қайта жөнделген жұпыны
тұрпатына ғалым дән риза болды: артық әлеміші жоқ, төрт
құлақты жатаған тас қоршау. Жол бойындағы дала бейіттерінен
оқшауланбай жұпыны соғылған. «Аруақтарды алаламай тұтас
қоршаңдар!» дегені де бұзылмай, қорған кең тартылыпты...
Зираттың қақ ортасында қатар жатқан қос қабірге жақындап
келіп тізерлеп отырды да, қалың көде қаулап өскен бет топырақ-
тың етегін сипады. Әлдекімнің қамқор қолы екеуінің де шет-
шетіндегі ермен мен көдені тегістеп отап қойыпты. Сосын тізерлеп
отырған қал пы құранның өзі бі летін қысқа қайырымды аятына
түсті:
«Ағузү біл лаһі мінәш-шәйтан ер-рәжим. Бісміл лаһір рах-
ман-рахим...»
деп бастағанда, сәл бөгеліп тыныстаған, «Апырай,
көп жылдан бері мінәжат қылмаған соң ұмыттым ба?..» деп қауіп
ойлаған, бірақ аруақтар демеді ме, әрі қарай жас күнінде жаттаған
сөздер өзінен-өзі құйылып, мақамы да түзеліп, үні көтеріле бер-
ді...
Екі жүргізуші ұзынша екі қабірдің бас жағын ұңғып, гранит
тас қоятын шұңқыр әзірлеуге кірісті. Содан құлпытастар тиісті
орнына қойылып, цемент ерітінді құйыла бастағанда ғалым зират
іргесінен ұзап кеткен-ді.
Қоралар түгел құлап, там үйлердің қаң қа сы ғана қалған екен.
Қайдан болсын көр гені – ескі мекеннің тозған, таусылған сиқы:
осы тө ңіректегі елге бір кезде ес те, сес те бол ған үл кен ауылдың
сәні көшкен жұрты; мы на үйме – есігі талдан тоқылатын мал
қораның сұлбасы; табан астындағы – қабырғасы қарағайдан
бұралған қонақүйдің орны... Бә рі-бә рі: «Күнім өтті, қызығым
бітті, өз заманымның ілкі мекені едім, енді жермен-жексен бол-
дым», – деп мұңая сыр шерткендей. Үл кен ауылдың жұр тын
аралау текке өткен жоқ, көкірегін кернеген қай-қайдағы ескі
елестерді қоздырып тынысын тарылтты: «Бә рі солай. Дән жарып
596
Медеу СӘРСЕКЕ
өнеміз, бой түзеп өсе міз, көрік шашып гүлденеміз; ал қыраулы
қы сымыз жеткенде жер қойнына кетеміз... Тір шіліктің мәңгі
заңы осы!..» Ау, сонда жа ның сөгіліп, осыншама қамы ғу ға жөн
болсын? Көңілі құлазыған қым-қуыт күн
дер болған шығар –
өмірде не кездеспей ді, шат-шадыман қызық та сондай ащылардың
дәмін татқан соң сезілмей ме? Олай болса, мәңгі тіршілік заңын
ұлы замандасы Мұх тар ша толғап:
«Қыс пен күзден соң гүл ше-
шек ататын көктемдер туады. Сонда сенің еккен дә нің биіктеп
өсіп, бүршік салады. Бі р еу емес, бірнешеу боп таралады. Тек еге-
тін дә ніңнің асыл болып, өнікті топыраққа тү су ін, мол құнарға
жолығуын ойла!»
десе ше?..
Енді бір сәтте ғалым Бұзаутөбеге қарсы бет тегі төбе үстінде
тұрғанын аңғарды. Көз жетер төңірек аяқ астында, бар келбетін
айқара ашып алдында жатыр: түс
тігінде шал
ғынға бөккен
құйқалы Дің, кер
тіп шапсаң таусылмас түпсекті Қожа қоры-
ғы; оның оң
жа
ғында тымақтай қо
қырайып Тотия тауы тұр.
Мол шалғынды екі өлкенің күзетке қойған қарауылы сияқтанып
оқшауланған тау тұр патында кесек паңдық бар. Одан арғы жон –
Аужан Керегетасы. Сол жерде Қазиза әпкесі тұрған... Оң қапталда
төбесі қылтиып Далба қараңдады. Ол да айналасы аядай бол-
ғанмен – бір көрерге сүйкімді тау. Сүй кімді болатыны – оның
түбінде Жаяудың қыс тауы, талай мәрте барып, Мұса ағасының
асыл әндерін өзінен үйренген аяулы мекен.
Терістікке жиірек бұрылып, Айырықтың суы көктемде жайы-
латын ұзынша өлкеге ұзағырақ қарап тұрғанын сезген жоқ. Шөбі
кей жылдарда салт аттыны жүргізбей тұяққа оралатын шалқар
шабындық. Биыл ғы шығымы қалай екен? Мая, отау көрін бей ді.
Орақ әлі түспеген-ау, сірә?.. Осы өлкені тура кесіп өтсе – өзі туған
Кіші ауылдың үстінен түсесің. Әлгібір әзірде тоқтап, құмарынан
шыққанша көрген. Он шақты жылдан бері ат басын бұрмаған
сағынышын да тарқат қандай болып, өзі жататын бөлменің орнына
бірер аунап та алған-ды.
Қарсыдағы шошақ төбе – Обалы. Обалыға қажы атасынан
тараған екі ауылдың бар баласы жиналып, бас қосатын. Ертегі,
жұмбақ айтысатын. Ойын соғатын. Бұл да заманында қызығы
таусылмас сияқтанған думанды шақ еді-ау. Бүгінгі жастарды
осыған иландырып көрші немесе мына иен далаға бір күн оңаша
қалдырып?.. Бәрекелді, анау не? Не шаң? Баяғыдай ат қойып,
өздерінің жұртындағы Қарамұрын дөңінен бері қарай ызғытып
597
ШЫҒАРМАЛАРЫ
келе жатқандар кімдер? Жай шабу емес. Е, ауыл хабарланып
қалған болды...
Соған өзі қуанғандай ма?! Жүрегі лүпіл
дей соқты: «Бәсе,
бағанадан бері иен даланы жайлап тұрған неғылған тыныштық де-
сем? Өстіп атойлап шабу үшін тымырсып, үнсіз тосып жатқандай
құдды! Бәсе!.. – деп өзі мен-өзі сөйлескендей болып төменге қа-
рай жіті адымдады. – Ал құтылып көр! Төрт сағатта жүріп кеткің
келді, ә? Ауылың үс ті нен жасырын өтпек болдың. Енді сытылып
көр. Қазір келеді де бас салады. Басталады дей бер ана жылғыдай
көп дырду...»
Өздеріне қарай суыт келе жатқан аттылы, машиналы қарамды
көпті көмекші де көрді. Сол сәтте-ақ тас әкелген жасаң жүргізушіге
жалт қараған. Ол болса төмен қарап жер шұ қыды: қаладан күрек,
сүймен ала шығуды ұмытып, соны жолшыбайғы елді мекеннен
қолқалаған: қай қазақ жөн-жосығын сұрамай ұстата берсін; күрек
иесі де ел ғұрпын біл мейтін аңқау жігіттен жолаушылардың жай-
жапсарын ежіктеп біліп қалыпты...
Достарыңызбен бөлісу: |