Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет215/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   245
null

басшыларына шаң жуытпайтын, мұның бәрі орта жолдағы 
ұсақ шенеуніктердің жы мыс қы қарекеті, ал үлкендер оны біл-
мейді... де ген уәжге имандай сенетін. Әсілі, бүкіл кеңес халқы сон-
дай жаңсақ ойда болды емес пе?.. Сондықтан да, көкем алғашқы 
кезде Сталинді сықпырта жамандаған сөздерге аса елікпей, 
ерік те бермей, кейде ақтап: «Ол жарықтықтың қылмысынан 
гөрі жақсы ісі көбірек!..» 

деп қорғап та жүрді. Алайда сол кез-
де жария болған күйінішті айғақтар көбейген сайын, әсіресе 
36-0196


562
Медеу СӘРСЕКЕ
Маленковтың, Берияның жауыздық істері әшкереленген соң 
бұрынғы пікірін өзгертіп, кей жайттарды күйіне айтатын бол-
ды. «Бір ғана Қазақстаннан қастандық еткен пәленше мың 
жапон мен неміс шпионы шықты дегенге қалайша сенуге бола-
ды? Біздің Әбікей аға, Бөкеш пен Кәрімдер тірі жанға қастығы 
жоқ ақпейіл адамдар еді, олардың түбіне жетушілер 

 қасында 
жүргендердің іштарлығы, әрине, заман да сөйтіңдер деп 
құтырып тұрған соң не сорың?! 

 деп бірде әңгіме айтып отыр ды 
да, кенет өз жайына ауысты. 

 Апы р-ай, ана жылы әділдік іздеп 
Орталық Комитеттің дөкейлеріне сенім артқанда, қандай 
аңғал болғанмын? Соның бәрі бос әуре екен ғой. Тевосянның мені 
дер кезінде ашына қимылдаудан тоқтатқан себебін де ен ді ұқ-
тым, сөйтсем сабазың бәрі-бәрін біліп, амалсыз іштен тынып, 
тұншығып жүр екен... Сендер, жастар, бақытты жансыңдар, 
нақақ жазалау тыйылды. Міне, көр діңдер ме, үкімет саясатын, 
басшыларды да емін-еркін сынап отырмыз. Көкейіңдегі пі кіріңді 
ешкімнен қорықпай ашық айтатын заманда өмір сүрудің өзі 
шексіз бақыт!..»
Өзі тұңғыш қатысқан билеуші партия құ рылтайынан алған 
әсері мен тағылымы турасында Қаныш Имантайұлы академия 
ға 
лымдарының жалпы жиынында, Алматы 
да 
ғы жоғарғы оқу 
орындарының оқытушыларымен кездесуде кең көсіле әңгіме ет-
кен. Әрине, соның бәрі де партия құрылтайы қа былдаған алтын-
шы бесжылдық жоспарды сәт ті орындау жолдарын, Қазақстанның 
табиғи қорларының, өндіріс ошақтарының қан шалықты үлес қоса 
алатынын нақты мысалдармен қызықтыра баяндауға ұласады.
Академия басшысының ойынша, республика жері техника-
экономикалық дамуына орай шартты түрде 11 аймаққа бөлінуге 
тиіс. Оларды зерттеу де жан-жақты жүр гізілсе игі. Бұл міндетті 
академияның сан-салалы ғылыми институттары атқара алады. Сол 
үшін Қазақ КСР ҒА жанынан өнді р гіш күш терді басқаратын, өзара 
реттейтін және тексеретін Үйлестіру кеңесі (СОПС) құрылады. 
Бұл жолы да Қаныш Имантайұлы мәселе нің тиімді жолын 
ойлаудан жаңылған жоқ, алыс көкжиектегі қиял жетпес іске 
баспай, таяу күндердің мүддесін қарастырған: энергетикада – 
Ертіс қуатын (Бұқтырма және Шүлбі ГЭС-терін тездетіп салу) 
пайдаланып, Орал-Ембі ауданындағы мұнай көз 
дерін игеру, 
Қарағанды, Екібастұз бен Торғай иініндегі көмірді алу шарала-


563
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ры; өн дірісте – Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатын тұр-
ғызып, Теміртаудағы металлургия алыбын іске қосып, Қаратау 
фосфориттері негізінде тыңайтқыш қоспаларды молдап шығару...
Тың көтерген облыстарда сол қарсаңда қазақ даласы бұрын-
соңды көрмеген, естімеген ұлан-асыр айқас жүріп жатқан-ды. 
Республика үш жылда 18 миллион гектар жаңа жер ге астық ек-
кен. Ғылым акаде мия сы сол жылдарда 69 экспедиция жасақтап, 
178 аудан ның жерін тыңнан зерттеп, егістік үшін жалпы қарамы 
23 миллион гектар аймақты айналымға қосуға қолғабыс етеді; 
жаңа кеңшарлар қоныстанатын мекендерді сумен, құрылыс 
шикізатымен жабдықтауға жәрдем береді; Тың өлкесінің топырақ 
құра мы қайтадан анықталып, картасы жасалады; микробиолог-
тар онда азот бактерияларының таралу құбылысын зерттесе, се-
лекционерлер жоғары өнімді дақылдардың жа 
ңа тұқымдарын 
таратады. Қысқасы, бү 
кіл 
халықтық қоғалысқа академия 
ның 
биологтары, агрономдары, зоологтары ғана емес, гидротехниктері 
мен химиктері де, тіпті тыңайт 
қыш қорларын молайтуға 
металлургтері де айтарлықтай еңбек сіңіреді. Соның бәрінің 
ұйымдастыру жұмысында президенттің өзі отырады. 
Осы шараларды жүзеге асырудағы ұлан-асыр еңбегі үшін 
Қазақстан ғылымының көптеген өкілі үлкенді-кішілі сый-
сияпатқа ие болған. Академик Сәтбаев та сол топтың қатарында, 
үшінші мәрте Ленин орденімен (1957) марапатталған. 
СОКП ХХІ құрылтайында Қазақстан ғылымының көшбасшы-
сы жарыссөзге шығып, туған жұртының сол күндегі көкейкесті 
мәселелерін көтерген: «...Орталық Қазақстандағы орасан зор ши-
кізат қорын игеруге су тапшылығы қазірдің өзінде зор кедергі 
келтіруде, – деген-ді ол. – Осы ділгерлік алдағы уақытта «Ертіс – 
Қарағанды» жармасын тежеусіз салу мәселесін күн тәртібіне 
қояды. Қазақстандағы
 
үш тарам темір жол өнеркәсібі өркендеген 
орталық аймақта өзара жалғаспаған. Соның кеселінен бұл 
аудандарға жүк тиім сіз түрде, зор айналма жолмен әкелінеді. Ал 
«Жезқазған – Арал теңізі» темір жолын салу – Жезқазған, Теміртау 
және Қарағандының өнімдерін орталық аудандарға төте тасымал 
арқылы жеткізуге мүм кіндік туғызар еді әрі Қияқты көміріне 
жол ашылып, Орал бойындағы темір кенін игеруге түрткі болмақ. 
Сондай-ақ, Қарқаралы арқылы өтетін «Қарағанды – Ақтоғай» жо-
лын салатын болсақ, осы өңірдегі минералды шикізаттарды алуға 
қол жет пек». 


564
Медеу СӘРСЕКЕ
Бұл ұсыныстардың кейбірі өз кезегін күтулі. Ал қайсыбірі 
жүзеге асып, республика экономикасын күрт арттыруға сүбелі 
үлес қосқан. 
* * *
Дархан өмір ғылым жетекшісінің назарына күн сайын алуан 
міндеттер ұсынған. Со ның бірі – Алматы іргесінде тұрғызылмақ 
Яд ролық физика институтының құрылысы. Бұл құрылыс 1950 
жылдарда басталғанымен, өте баяу жүрген. Басты кедергі – 
«Шамамыз келмейтін күрделі іс, онда жұмыс істейтін мамандар-
ды қайдан табамыз, демек, ғылымның соншама қиын саласы-
на ұмтылу керек пе?..» деген енжарлық. Нәтижесінде іргетасы 
қаланған институт ғимараты, оның реак 
тор орнамақ кешені 
мүлдем тоқтап қал ған. Амал қанша, Мәскеуге барған бір сапа-
рында КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының (бастығы 
Н.С. Хрущев) бірінші орынбасары, Жоспарлау комитетінің же-
текшісі А.Н. Косы гиннің қабылдауына сұрануға тура келді.
Алексей Николаевич қазақ ғалымын соғыс жылдарынан білетін-ді. Отан 
ғылымын, өнер кәсібін өркендету жолындағы ұлан-ғайыр істерін өте жоға-
ры бағалаған. Сірә, сондықтан да, Косыгин өзіне әредік телефон шалып, 
жарым сағат уақыт бөлуін сұранған қазақ стандық қайраткердің меселін 
ешқашанда бос қайтармаған. Өйтетін себебін Алексей Николаевичтің өзі 
республикаға келген бір сапарында үкімет мүшелерімен бас қосқан ресми 
мәжілісте басқаларға үлгі ретінде баяндап беріпті.
...Жазықсыз кінәлі болып жүрген жылдардың бірінде Қаныш Иман-
тайұлы Жоспарком төрағасының қабылдауына сұранады. СОКП Саяси 
төралқасының мүшесі ойлаған: «Е, бұл кісі өзіне жасалған әділетсіздікке 
араласып, нақақ жазадан құтқаруды өтінер, – деп ойлаған. – Оған
 
мен не 
істей мін?..». Алайда Сәтбаев бұл жайында ләм-мим демейді. Ал сұрап келген 
ісі – өзі басқаратын ГҒИ-дың болжам карталарын жасауға қомақты қаржы 
керек екен; республика бюджетінен академияға берілетін қаржы ондаған 
институттарға бөлініп, өздеріне содан тиын-тебен ғана тиеді-міс; «Сіз маған, 
Алексей Николаевич, өз құзырыңызбен бір мәрте қомақты көмек бе ріңіз 
және соны ешкім көз алартпайтындай етіп, тікелей ГҒИ зерттеуі үшін. Маған 
сенсеңіз, Одақ үкіметі бұдан ұтылмайды, осы бесжылдықта-ақ ондаған есе 
қайтарым алады!..» – дейді.
А.Н. Косыгин ғалым сұрап келген шаруаны сол заматта-ақ шешеді.
Сол істі мемлекеттік қайраткер есіне алып: 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау