Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет175/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   245
null

«Аса қадірлі Михаил Маркович! 
(Рут 
ман – Қазақстанның 
Москвадағы өкілдігінің қызметкері – М.С.)
 Ерлі-зайыпты 
геолог тар Инешиндердің Кенді Алтайдың жер асты байлығын 
барлаудағы еңбегі ерекше зор. Бір ғана өкі 
нішті жайт, осы 
отбасының перзенті бақытсыздыққа душар болғаны шым-
байыма батады: олардың үлкен бала 
сы Валерий тұмаумен 
сырқаттанып, соңынан мүлдем естімейтін болып қалып ты. 
Алты жыл емделуден соң байғұс бала логопед арқылы оқуға 
үйренген, кәдімгі мектепке бірақ қатынай алмайды... Сізге мен 
Павел Викторовичтің баласын Мәскеудегі саңырау балалар 
интернатына орналастыратын бір амал жасайды деп ерекше 
сенемін!..»
Ғалымның мұрағатында ерлі-зайыпты гео 
лог 
тардың Ұлы 
Қазан, Бірінші мамыр мерекелерімен құттықтап әрі Валераның 
Мәс кеу интернатында өте жақсы оқып жүр генін, академик ата-
сына шексіз алғыспен сәлем жолдайтынын хабарлаған хаттары 
сақтаулы.
Бәймен Алтыаяқұлының тағдырына Қ.И. Сәт 
баевтың өзі 
араласқан, оны әр кезде жолданған екі хаттан аңғарамыз. Ал-
ғаш қысы Ұлы тауға 1944 жылғы 24 мау сым кү ні жазылған, 
«...1916 жылғы көтері ліс кезінде Аман келді батыр мен оның 
сарбаздарына қару соққан тамаша еңбе гіңіз, қадірлі Бәйке, 
халық бақыты үшін болған ұлы күреске сіздің белсене қатыс қа-


460
Медеу СӘРСЕКЕ
ны ңыз ды дәлел деу мен бірге... сол кезде қолдан ған қару түрлерінен 
тарихи мағұл мат береді және бұл келер ұрпақ үшін өте бағалы 
ескерткіш!» 
– десе, 1950 жылдың 25 нау рызы күні Қазақ КСР 
Әлеумет тік қам сыз дандыру министрлігіне ресми жолдаған екін-
ші хатында депутат Сәтбаев қарт жұмыс кер, азаттық жолында-
ғы күрес кер Б. Алты аяқұлына тиісті зейнетақы таға йын дауды 
өтінген... 
Мұрағаттағы «Депутатқа хаттар мен арыздар» деп дара лан-
ған шкафтың сөрелерінде қаттаулы тұр ған әрбір қораптан неше 
алуан адамдар тағ дырын аңғаруға болады. Солардың қайсыбірі 
Одақ түкпірлерінен жолданған: Том техноло гия институтының 
профессоры Н.С. Пенн бұрынғы шәкіртіне дербес зейнетақы 
ала алмай жүргенін ескерт се; нақ сондай үміт артқан өтінішпен 
Қарағанды көмір ошағы ның орасан алып екен дігін дәлелдеуші ірі 
маман А.А. Гапеев те өзекжарды хат жазып ты; осы тарауда есімі 
аталған, Атасу темір кенін (қазіргі Қаражал) түбегейлеп бар-
лаушы Б.С. Батищев-Тарасовтың жұбайы сырқаттанып қалған 
ерін Мәскеудің арнаулы емханасына жатқызуға көмек сұраған 
хат та сол шкафта...
Та тарстанның Ар кентінен 1950 жылдың 14 жел тоқсанында 
жолданған хатта мынадай жайт баяндалған: «...Сәлем жолдау-
шы өзі ңіз дің бұрынғы тілемсегіңіз, Отан соғы сы ның 1-дәрежелі 
мүгедегі Осин В.И. Сіз жі бер ген 100 сомды алдым, шексіз ал ғыс 
жол даумен бірге, бұл тілектің ішінде кіш кен тай ұлым мен оның 
жас шешесі де бар, осы ақ ша ның 66 сомына біз Юрикке пима 
мен жылы күртеше сатып әпер генімізді хабар лауды жөн көрдік. 
Қаныш Имантае вич, Сіз ге, от басыңызға денсау лық, бақыт тілей-
міз!..»
«Сізден нақты көмек сұрауға мәжбүр мін. Үш жыл қатарынан 
Алматыға барып, электро техникумда оқуға қолым жете алма-
ды. Әкем – неміс ұлтынан, шешем – орыс қызы. Әке-шешемді 
1941 жылы Куй бышев қала сынан Қазақстанға жер ау дар ған... 
Арманым – техникалық маман дық алу, сол үшін 8 класты бітірген 
құжа тым ды 1947 жылы электротехникумға жібергемін, шақыру 
да алдым, бірақ Жез 
дідегі спецкомендатура Алматыға баруға 
рұқсат бермейді...» – деп қиыла өтініпті Михаил Раймондович 
Оберт 1950 жылдың ақпанының 20-жұлдызында жол даған ха тын-
да. Қазақ КСР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Екешов 
сол жылдың маусым айының 12-сі күні М.Р. Оберт ке Ал матыға 


461
ШЫҒАРМАЛАРЫ
баруға рұқсат беріл ген ді гін Қ.И. Сәт баевқа ресми хабар лапты. 
Демек, М.Р. Оберт арман еткен оқуына түскен...
1946 жылдың 17 қарашасында КСРО Жо ғарғы Кеңесінің де-
путаты Қ.И. Сәтбаевқа Қарағанды облысындағы Жаңаарқа стан-
са сы ның тұрғыны Е.Ф. Ветцельден мынадай арыз жолданған: 
«Мен – Украинадан жер аударылған немістердің бірімін. Күйеуім 
Харь ков қаласындағы еңбек армиясында, қо лымда 7 балам бар, 
ең үлкені 17 жаста, кі ші сі – үште. Пәтер ала алмадым, жал даған 
үйім нен шығарғалы жатыр. Бала ларымда киім жоқ – тұттай 
жалаңаш, бәрі жалаңаяқ, нан алатын кәртішке де бермеді, 
көмір де тимеді. Көмек сұрап бармаған жерім жоқ, ешкімнің 
көмек тескісі келмейді. Балала рымның нан сұрап жылағанын, 
олардың су ық пен аш тықтан көз алдымда өлуіне мен, туған ана-
сы, қалай шыдаймын?! Әкесінің не міс болғанына балаларымның 
кінәсі жоқ қой, айтыңызшы, құдай үшін, барлық ха 
лық 
тар 
теңдігін әлемге жария еткен Кеңес Ода ғын да олар қаңғыбас ит-
тей қалайша тен ті реуге тиіс? Сіз, қымбатты депу тат, менің осы 
кіріптар жағдайыма бірдеме жасаңыз, ең құрығанда, балаларым-
ның бірнешеуін же тім дер үйіне қабыл дасын немесе аман сақ та-
у ыма жағдай туғызсын...» 
Әлбетте, бұл хат иесіне де жәрдем көрсетілген. Тіпті кө мектің 
заңды да тұрақты жөні табылыпты: жеті бала тауып тәрбиелеген 
Е.Ф. Ветцельге 3-дәре желі «Ана даңқы» ордені беріліп, соған орай 
тиісті жәрдемақы тағайындалыпты; қомақ ты кө мек те жасалған.
Ғалым-геолог Н.А. РОЗЫБАКИЕВАНЫҢ естелігінен:

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау