Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет174/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   245
null

ды. Күлім 
сіреп келіп, құ 
шақ 
таған қалпы 
бірсыпыра сөздерді былдырлап жөпелдемде айтып таста ды, 
мен оны – біраз мүдіріп, әрең түсіндім: «Шөкин мырза, сіз мені 
та нымай тұрсыз ба? – деді әлгі адам. – Мен Қа зақстан ака-
демиясы құрылысында жұмыс істеген жапондық пын...» Ақылға 
сыймайтын кездесу! О, тоба, мы нау тәкаппар Оттаваның 
орта лы ғында, осы дан жиырма жыл бұ рын тағ дыр тәлке гімен 
Қазақстанға тап бол ған жапон тұтқындарының бригадирін 
Парла мент депутаты дәре жесінде көремін деп сірә да ойлап-
пын ба?!. Іле-шала ол Сәтбаев мыр за ның денсаулығын сұрады. 
Қайтыс болға нын естігенде, көзіне жас алды. «Сәтбаев қандай 
қай 
ырымды адам болғанын егі 
ле айтып, күллі тұтқындарға 
жанашыр ниетпен қарап қам қорлық жаса ғаны үшін ол кісіні 
құрмет тұ тқанын, әсіресе ауырып-сырқағанда дәрігер лік жәрдем 
көрсетуге ерекше ыждағат та ныт қанын есіне алып, кәдімгідей 
қамықсын...»


458
Медеу СӘРСЕКЕ
Ғалымның дербес мұрағатында «Қымбатты Қанеке!» деп бас-
талатын жүздеген, мыңдаған хаттар дербес бумаларда сақтаулы. 
Көп шілігі пә лен ше жерден кен белгі лерін көргенін хабар лаған. 
Болмаса шер-мұңын шағып, кейде ақыл-кеңес сұрап қиырдан 
жолдаған хатынан білеміз: дені – жәрдем тілеген хаттар; өйткені 
хат жазсаң – қайырымды Қаныш Сәтбаевтың жауап бере 
рін, 
қалай да бір көмек жасарын жұрт жақсы біледі... Сол себепті 
жез қазғандық ескі жұмыс кер Сарымолла Болманов көңілі жа-
бырқаған кү ні сүйікті Қанышына өлеңмен хат жол дай ды. Сон-
дағы айтары: «Есен-сау жүріп жа тыр балаларым, шөбі жоқ, қо-
рада тұр қара нарым...» Қаныш Имантайұлы сол хатқа жауабын 
В.И. Штифанов қа хат арқы лы: «Ескі жұмыскерді рен жіткенің 
жара маған, Сары-ағаң үйіне бір лау шөп жет кізіп бер!». Немесе 
Байқоңыр жұмыскері, қарт шахтер Әб ді рахман Жақыпұлының 
өлеңмен өрілген хаты: «Сәтбаев, сізге жаздым хат, жүрмісіз аман 
саламат!.. Қы рық жыл қазған шах тыдан көмек жоқ, көр дім сон-
дай қиянат! Ақылы кең, шырағым, бұл назым – саған аманат!..» 
Бұл хаттың да жауапсыз қалма ғаны түсі нік ті... 
Жезқазған өңірінен өзіне жолданатын арыз, хаттардан 
көкейіне түйгенін ғалым, осы жаққа келген бір сапа 
рында 
мәжіліс мінбесінен де бүкпе 
сіз жария еткен: 
«Жол дастар, 
жергілікті өкімет басындағы азамат тар!
– деген-ді ака де-
мик әлеуметтік мән бере сөйлеп. 
– Жезқаз ған іргесін бекем-
деуге атсалысқан кексе жұ мыскерлерді қамқор лыққа алып, 
лайық 
ты құр 
мет көрсету жө 
нінде ескерт 
кім келеді. Ескі 
жұмыскерлердің біразы кеше 
лі-бүгінде маған арыз айтты, 
кейбірі Ал матыға да хат жазып тұрады. Бәлкім, солардың 
қайсыбірі менімен таныс тығын арқаланатын шығар... Сөйтсе 
де, жол дастар, бір мезгіл «Осы адамдар бізге неге келмейді, 
ұсақ-түйек шаруаларды нелік тен алыс тағы Сәтбаевқа айта-
ды?» – деп ой жү гіртіп көріңіздерші. Иә, өздеріңізге осындай 
бір сауалдар қойып. Меніңше, сіздерге олар сен бейді, әлде есік 
алдында ұзақ тосып мезі болған немесе жүре сөйлесіп, біржола 
безін діріп қойған сыз дар... Ал арыз иелері – базар маңында жүрген 
қайыршы иә жол аузын да ғы тілен шілер емес. Жезқазғанды жан-
қияр лық еңбегімен алға сүйреген, күрек-қай лаларын жаяу арқа-
лап жүріп, осы күнгі қуатына жеткізген қадірменді адам дар. Бұ-
лар ды арызқой еткендерің ұят, жолдастар!..»


459
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қаныш Имантайұлы депутат болып Қа 
зақ 
станның Кенді 
Алтайдан Атырауға дейі н гі қиырынан түгелдей дерлік (Рид дер ден 
екі мәрте, Атырау, Жезқазған, Қара ғанды қалалық және ауылдық 
аймақтардан) сайланған. Анығында әрбір сайлау сайын академия 
президентіне дауыс беретін аймақ өзгеріп отырады, бұл да себеп-
сіз емес – бе делді мемлекет қайраткеріне экономи касын жедел 
көтеруді, іргелі шараларға ділгер аудан дар берілуге тиіс; өйткені 
ел ті леуіндегі атпал азамат қа – нардың жү гі ар ты лады; бұған қоса 
ака демик Сәтбаев КСРО Жоғарғы Ке ңе сіне де төрт мәрте депу тат 
болып сайлан ған. 
Бұл жайт та ғалымға жолданатын сайлаушылар аманатын, 
жеке бастың мұң-шері айтылған түрлі тапсырма-міндеттер дің, 
ұсыныс-хаттардың, шағым-арыздардың жағрафиясын кеңейте 
түскен... 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау