Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет171/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   245
null

«Кенді 
Алтайдың алуан байлығын ақыл зерде 
сімен қайыра шолып, 
Шы ғыс Қазақстан өнеркәсібінің келешек мүмкін ді гін... барын-
ша анықтап берген»
кең ауқымды баяндама жасаған. Одақтық 
министр ліктер дің, Жос парлау комитетінің жә не жобалау меке-
мелерінің қатысуы әзірленген ұсы ныс тар дың кедергісіз қолдау 
көріп, жедеғабыл жү зеге асуына жол ашқан. Қысқасы, Қазақ КСР 
ҒА-ның жыл бойы тыңғылықты әзірлеген көш пелі жиыны жер-су 
және кен байлығы ертеден мәлім болса да игерілмей жатқан Кенді 
Ал тайдың орасан зор күш-қуатына жұртшы лық тың назарын ауда-
рып, үкі мет тің сол үшін қыруар қаржы бөлуіне, өлкенің қарыш ты 
қадаммен өркендеуіне қозғау салған...
Алғашқы көшпелі сессияның тамаша нәтижесі – кентасы 
қорлы өлкенің табиғи қазынасын игеруге мұрындық болғаны, 
ғылыми ізденістерді өмір талабына қарай бұруға әсер еткені 
ой салып, алдағы жыл 
дарда бұл өнеге зерттеу институттары 
үшін ғылыми дең гейі, ізденіс өрісі мен танымы сыналатын игі 
сынаққа айналмақ. Академик Қ.И. Сәт баевтың тікелей ынтасы-
мен, жетек ші лі гі мен өткен ұлағатты жиын дардың мәнділерін 
атаймыз: Батыс Қазақ станның өндіргіш күштерін, әсіресе мұ най 
өндіру мен іздеу шараларын саралап, жүйелі зерттеуге арналған 


452
Медеу СӘРСЕКЕ
Гурьев сессиясы (ақпан, 1949 ж.), Орталық Қазақстанның жер 
асты қазынасын жан-жақты барлау және игеру жолдарын тал-
қылаған Қарағанды жиыны (бұл да сол жылы маусым айында 
өткен), бертінде Қостанайда шақы рыл ған, Жез қазғанда екі мәр те, 
Өскемен мен Қара ған ды қалаларында қай ыра өткізілген ғылы ми 
сессиялар...
Кейбір ғылыми мәслихаттардың қайыра өтуіне Қаныш 
Имантайұлы ерекше мән берген. Бұл кезде алғашқы кеңесте 
қабылданған ғылыми ұсыныстардың дұ 
рыс-бұрыстығы, орын-
далуы тексеріледі; қайсыбіріне шұқшия үңіліп зер сала қарауға, 
қажеттілік туса – жол-жөнекей түзеуге болады; зерттеуші ма ман-
дардың ғылыми танымы өседі...
Соған мысал – 1954 жылы Өскеменде өткен екін ші сессия: 
оған қатысқан институттар мен алыстан шақырылған маман-
дар құрамы пәлендей өзгерген жоқ; тек Кенді Алтай мәселесі 
күрделеніп, бұдан жеті жыл бұрын талқыланған қалпынан әлде-
қайда өсті, соларды ғылыми сараптан тағы бір мәрте талқылауға 
ділгерлік туған. Әлбетте, Ер тіс жағасында ірге тепкен елді мекен-
дер мен қалалар ерекше молайды. 1947 жылы жарбиған үй лері тау 
жотасына жабысып, Ертіс пен Үлбі өзендерінің жарқабағында, 
қысаң алаңдарда сығылыса орналасқан Өскемен көп-көрім 
сәулетті, тұлғалы жаңа орам дармен ауысқан; ұзын сигарға ұқ са-
ған зауыт мұржалары да өскелең мекеннің тірлік-тынысын бірден 
таныт қан дай; алғашқы сессия жергілікті театрдың жөнең залын-
да өтіп еді, енді түсті метал лур гия алыбы тұрғызған мәде ниет 
сарайының үл кен де ең селі ғима ратында бас қосты; қазыналы өл-
кенің сан алуан өндірісі ұлғайған өзге қа ла ла ры да таңғаларлық 
өзгерістерге ұшыраған – темір жол тартылып, автомобиль жүретін 
«Шығыс шеңбері» салынып, жұмыс істей бас таған Өскемен ГЭС-і 
толық қуатына жет 
кен; Бұқ 
тырма ГЭС-інің құрылысы жедел 
бастал ған... 
Бұл жолы да ғалымдар жиыны әлденеше күн алқа-қотан оты-
рып, Кенді Алтайдың алдағы он, жиырма жылдық өсу, өркендеу 
бағдарламасын белгілеумен тарқады..
Тарихи мәні ерекше болғандықтан, Қарағанды қаласында 
өтпек 1949 жылы сессияға КСРО ҒА-ның вице-президенті 
И.П. Бардин ар найы шақырылған-ды. Иван Павлович – қара ме-
таллургия өндірісінің асқан білгірі; Куз нецк, Магнитогор ком-
бинаттарын тұрғызып, солардың күрделі өндірісін жүргізген 
маман, сол үшін де 1932 жы 
лы академик болып сайлан 
ған, 


453
ШЫҒАРМАЛАРЫ
үздік ғылыми еңбектері үшін жеті мәрте Ленин орденімен 
марапатталған, Социалистік Еңбек Ері. Осындай біліктінің 
Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін ғы лыми саралайтын 
металлургия сек 
циясына басшылық етуі, Сәтбаевтың ойын-
ша, әлі күнге дейін шешілмей, сөзбұйдамен келе жатқан аса 
мәнді мәселені Қарағанды іргесіндегі шағын өндірісті аса ірі 
қара металлургия комбинатына айналдыруға кө мек тесуге тиіс. 
Ақыры, сес сия Темір тауда жаңа алып тұрғызуды жақтап қаулы 
алды. Содан кейінгі сапар Қаныш Имантайұлының ынтасымен 
Сарыарқа жонында дүниеге келмек ком бинатқа шикізат беретін 
темір кендерін көр сету мақсатынан туған-ды...
Саяхатты қос академик Теміртауға келіп, жұмыс істеп жатқан 
шағын зауытты, оның іргесін де гі Самарқан көлін көруден бастай-
ды. Одан соң темір-марганец кендерінің көмбесі Ата суға түсіп, 
осы кенді түпкілікті зерттеуші, өз 
дерімен бірге келе жатқан 
геолог-ғалым Б.С. Ба 
тищев-Тарасовтың (кейіннен Қазақ КСР 
Ғы 
лым академиясына корреспондент-мүше болып сайланған) 
жан-жақты есебін тың даған. Келесі күні ғалымдар Жезқазғанға 
жетіп, мыс қоймасын аралаған. Сол күні-ақ олар Қар сақбайға 
соғады, іргесіндегі Балбы ра у ын темір кендерін көреді. Одан соң 
Жезді кенішіне ат басын бұрады. Жезді марганеці туралы ака-
демик Бардинге түсінік беру қажет емес: 1942 жылы ол Қара ме-
таллургия наркомы И.Ф. Тевосянға: 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау