Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет166/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   245
null

«...Бізде қазір гидроэлектростансалар салу ісінде қолданы-
ла бастаған тоннель қазуда Шотландияның мамандары өте 
көп жоғары өнімділікке жеткенін ескерту парыз: тоннельдің 
диаметрі 15 фут (5 метр шамасы) болғанда, олар Герсоль-Ранд 
типіндегі колонкалы перфораторларды қолданып, әр аптада 80-
100 фут (айына 105-130 метр) жер өтеді. Бір погон фут қаз ба-
ның құны 

 80 фунт стерлинг шамасын да. Бұл өнімділікке олар 
ұзындығы 5
-
6 миль (8 км-ден астам) тоннельдерді қазуда жет-
кен. Тегінде, шетел мамандары көлденең түсетін ұзын про ходқа 
өтуден тартынбайды. Меніңше, Шот ландияның гидроэлектро-
станса тұр ғы зу тәжірибесін шұқшия зерттеп, әжетке жарату 
біздің гидроэнергетиктер мен құрылысшыларға теріс болмас еді.
13 наурыз – 11 сәуір, 1947 жыл»»
* * *
«Білу үшін – көру керек, көру үшін – жү ру керек» дейтін 
нақылды Қаныш Имантайұлы жиірек айтқан. Көбіне ғылыми 
шын дыққа көзін жеткізу үшін, ойын жаңа түйсіктермен жаңғырту 


436
Медеу СӘРСЕКЕ
үшін... Ал шетелге сапарды? Турасын айтсақ, мұндай қыдырысқа 
ол аса құмар болмаған. Нақты пайдасы жоқ, көбіне қызықтау 
үшін ғана қажет, ресми кез десуі, дырдуы көп, сыр даң сөз, жорта 
сыпайыгершілігі мол, демек, қымбат уақыттың дені зая кететін 
артық жүріс деп есептеген...
Әлбетте, бұл жаңсақ түсінік. Алайда әділ дік үшін сол жылдарда Ке ңес 
елінде үстемдік еткен саяси ахуалды, сол кезде өмір сүрген адамдардың ой-
түйсігін де естен шығармаңыз.
Соған айғақ – Англияға барған сапарында Қа ныш Имантайұлы басынан 
кешкен одағай оқиға: Британия мұражайын аралау кезінде болса керек, 
әлдебір мұрағат туралы тү сінік тың даған қазақ ғалымы делегация мү шелері-
нен сәл кейіндеп қалады білем; сол сәтте парламент тобына әлдебір журнал-
дың қызмет 
керімін деп Мәскеуден қосыл 
ған, үнемі бейтарап тыңдаушы 
қалпында жүретін серігі қасына келіп: «Сіз неге көпшіліктен дара ланасыз? 
Әрі әрдайым сөйтесіз...» – деп реніш білдіреді. Академик оның дөрекі 
қылығына қатты налып: «Сіздің онда шаруа ңыз қанша? Білгім келген соң 
сұра дым...» – десе, анау одан бетер дауыс көтеріп: «Сіздің ниет-пиғылыңыз 
аса кү дік ті...» – деп, жұрттан бөлінбеуін талап етеді.
Депутат әріптесінің жуық маңда тыншыға қоймаған қоймаған ренішін 
Никола Бажан: «Қа ныш Имантаевич, ол шіркіннің журна лис ті гі – менің 
геолог екендігімдей қисынсыз өтірік, ол бізді аңду үшін жіберілген қауіпсіз-
дік комитетінің тың шы сы. Ұқтыңыз ба? Бәл кім, сіз сол сәтте шетел агентіне 
құпия материал бермек болған шы ғарсыз... Сон дықтан, қадірменді депутат 
жол дас, бұдан былай көпшіліктен даралан бауға тыры сыңыз. Ал ол байғұс 
сізді ғана емес, менің де жүріс-тұрысымды аңдуға ти іс...» – деген түсінік айт-
қан да ғана басын шайқап, ашуын басыпты...
Сірә, сол себептен де Қаныш Имантайұлы шетелге сапар 
жөніндегі ұсыныстардың көбінен ила нымды сылтау айтып бас 
тартқан. Өзі үшін бұлжымас ереже сана ған осы рәсім ді ол бір-
ақ мәрте, он жылдан кейін бұзып, 1957 жылы Қытай Халық 
Республикасының ресми шақыруымен ба рып, толық бір ай бо-
лып, Қытай геолог тарының бірінші құрылтайында баяндама жа-
сап, соңынан металлогениялық карта түзудің әдістемесі жайында 
Пекинде әлде неше күн қытайлық әріптестеріне дәріс оқыған...
IV
Ғылым адамының да барлық жан иелері тәрізді асқақ сезімге 
бөленіп, шарықтап-шалқитын сәттері болады. Кейде ол өткінші 
жаңбырдай қысқа болады, кейде ұзақ жылдарға созылады...


437
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Англия сапарынан оралғаннан беріде Қаныш Имантайұлы 
да қиял қанатына мініп, Алатаудың бұлт тіреген шыңдарын 
шарлағандай болып біршама уақыт шат-шадыман жағдайда 
жүрген-міс. Тегінде, бұл – оның кішіпейіл болмысына жат 
құбылыс, уақытша желік екенін өзі де білген деседі. Десек те сол 
жайт – өмір шындығы, жанын жадыратқан, қайта түлеген дүз 
қыранындай тұла бойын жасартқан елігуден бас тартпай, соны 
мүмкіндігінше ұзарта түсуді жан-тәнімен қалаған. 
Сонымен, мәймөңкесіз айтқанда, 1947 жылдың көктемінде 
ол көрік-келбетімен де, бекзат қылығымен де өз ортасынан дара 
шыққан перизат бір жанға ғашық екенін сезген; сол жанның өзіне 
кетәрі емесін де аңғарған.
Ол – Кәмила Досмұхамедқызы (құжаты бойынша Досқызы) 
Өтегенова. Сол жылы отыз екі жаста. Алматылық дәрігерлер 
қауымының алдыңғы легінде жүрген ғылым иесі, оған қоса өзін 
көрікті санайтын жүз әйел бас қоса қалса, аса талғампаз серілердің 
көзіне бәрінен де бұрын ілігер хас сұлу, мөлдіреген қарақаттай 
көз жанары өткір, орта бойлының талдырмашы, қыпша белі 
тал шыбықтай бұралған, қоңырқай бет-жүзіне ашық маңдайы, 
көмірдей қара қою шашы жарасқан, парасатты болмысы сұңғыла 
ақылдан ада емесін әйгілеп тұрғандай жарастыққа ие. Әрине, 
өзінің қадір-құрметін шамалай білетін тәкаппарлығы және бар. 
Ең ғажабы, дүйім жұртты тамсантқан бекзат әйелдің басы бос, 
ғылым соңында ұзақ жүріп тұрмыс құрмаған әлде сәтсіз болған? 
(Құрбыларының айтуынша, ең алғаш жүрегі қалаған жігіті мықты 
альпинист Р... аса дарынды суретші екен, Хан-Тәңірінің басы-
на шыққан, одан да биігірек ақбас шыңдарды игеруді армандап 
жүргенде әскер қатарына шақырылып, кешегі алапат соғыстың 
алғашқы айында жау оғынан ажал құшқан... 
Кәмила сұлу содан бері өзі таңдаған акушер-гинеколог 
мамандығына жан-тәнімен беріліп (Алматыдағы дәрігерлер инсти-
тутына ол 16 жасында түсіп, 1936 жылы тәмамдаған), Түстіктегі 
Ащысай кенішінің емханасында еңбек жолын бастап, Алматының 
1-перзентханасында ординатор болыпты. Соғыстың алдында 
Мәскеуге аттанып, Акушер-гинекология институтында ғылыми 
ізденісін жалғастырады. 1945 жылы медицина ілімінің кандида-
ты атағын иеленіп, Алматыға оралған бетінде осындағы дәрігерлер 
институтының арнайы кафедрасында ұстаздық еткен. Онымен 
істес болған зиялы қауымының айтуынша, Кәмила Досқызы – ал-


438
Медеу СӘРСЕКЕ
дына үлкен мақсат қойған дәрігер, яғни ана құрсағындағы жан 
иесінің дүние жарығын аман-есен көруіне жәрдемдесу, перзент 
сүйе алмайтын бейкүнә әйелдерді емдеп құса жағдайдан құтқару, 
тұжырымдап айтқанда, Мәскеуде бастаған ғылыми ізденісін 
Қазақстанда жалғастырып, сол істің білгірі болу; соған жету үшін 
білімі де, өжеттігі де, оташылық шеберлігі де – бір басына жетіп 
артылады-мыс...
Шамалауымызша, Қаныш Имантайұлы Кәмила сұлумен неме-
ре ағасы Әбікей Зейінұлы Сәтбаевтың тұрмыс құрған ересек қызы 
Райхан (оның ері – академия жүйесіндегі Химия-металлургия 
институтының тұңғыш директоры һәм құрушысы, академик 
Әбікен Бектұров), әлде ғалым-археолог Әлкей Марғұланның жа-
ры Раушанның отбасында танысқан (Марғұлан мен Сәтбаевтар 
отбасы Калинин көшесіндегі 83-үйде көп жыл бойы бірге тұрған. 
Кәмила Досқызы да нақ осы үйден екі бөлмелі пәтер иеленген). 
Ал Райхан мен Раушан Әбікейқыздары білікті дәрігер ретінде әрі 
ғылым тереңіне бойлау жолында да Кәмиламен сырлас та, сыйлас 
та болған жандар (біздің қолымыздағы көлемді естелікте бұл жа-
йында неше алуан хикаят баяндалған, естелік иесін сәл кейінірек 
атаймыз). Үшеуінің жастары да шамалас. 
Қаныш Имантайұлы Лондоннан 1947 жылғы сәуірдің екінші 
жартысында оралған, бұл енді о күнде айтулы оқиға. Марғұлан 
мен Бектұров отбасылары қадірменді туысының Англияда көрген-
білгенін өз үйлерінде тыңдауға ықылас білдірген. Қонақжай от-
басынан тәрбие алған Раушан мен Райхан, сірә, сол бас қосуға 
өздерімен тілектес, ниеттес достарын да шақырған. Солардың 
бірі – Кәмила Досқызы. Өйткені Кәмила қандай қауымда бол-
сын сұлу көркімен ғана емес, жан-жақты өнерімен де даралана 
білетін сауыққой жан. Ол қазақ әндерін ғана емес, орыс пен та-
тар әуендерін де сызылта салып, бірнеше музыка аспабында жап-
жақсы ойнайды. Биді де келістіре билеген (К.Д. Өтегенованың 
туып-өскен жері – Ресейдің теріскей шебіндегі сауда-саттығы 
өркендеген, мұсылманша оқуға діндарлығы да Арқа қазағына 
ертеден таныс Троицк қаласы. Бұл қаланы татарлар жайлаған, 
ішінара қазақтар да қоныстанған. Солардың бірі – Сыр бойының 
байырғы тұрғыны Өтеген отағасы. Алайда жасы егде тартқан кез-
де ол туған еліне оралуды жөн көріп, 1930 жылы Алматыға қоныс 
аударған. Отбасында Өсер, Меңсұлу, Кәмила есімді үш қызы бо-
лыпты, кенжесі – Кәмила).


439
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Айтып-айтпай не керек, екі жақсы кезіксе, бірін-бірі жа-
тырқамайдының кері болды. Баянауыл әндерінің жан сергітер 
ғажап әуенін бойына сіңірумен есейген Қаныш Имантайұлы дом-
быра шертіп, сүйікті әндері «Шама», «Бір бала», «Бүркітбайды» 
әуелете шырқағанда, әнге әуей Кәмила да даңқты көршісіне елігіп, 
әлде сырлас құрбыларының қиыла сұрауымен кәрі Орал атыра-
бын жайлаған, Челябі, Түмен маңындағы қазақтардың мәнерімен 
туған халқының ескі әндерін келістіре салған. Әредік мың бұрала 
билеп те тыңдаушыларды сүйсінткен. Қысқасы, жан-жақты 
өнерлі жандарға ықыласы бөлек, қадірлей білетін ғалым бір ба-
сына соншама қабілет-дарын дарыған жасаң көршісіне, әрине, 
сұлу жүзіне сүйсіне қарап отырып (бәлкім, бір кеш емес, бірнеше 
мәрте кездесу соңында), өз бойында тұтанған ынтық сезімді теже-
меген тәрізді. Ақыры, Кәмила Досқызын жиірек көруді аңсайтын 
болыпты (Көлденең жұрттың бертінде гулеткен сөзіне қарағанда, 
соған бастапқы ынта Кәмиланың өзінен өрбіпті-міс. Бұл да кәдік 
жайт: Қаныш Имантайұлы – еркек атаулының маңғазы ғана емес, 
нағыз дарабозы; ұзын бойымен де, ақжарқын келбетімен де, ша-
радай үлкен басымен де, ересен алып тұрпатымен де мың кісінің 
ортасынан оқшауланып көрінетін тұлғалы азамат. Соған енді 
күллі қазаққа мақтаныш болған атақ-даңқын, дүйім елге аңызға 
айналған азаматтық парасатын қосыңыз. Олай болса Кәмиладай 
бекзат жан Алматы ғана емес, Мәскеудің де ғылыми қауымын 
жақсы білетін (екі қаланың да театрларына жиі барып жүріп, 
атақты актерлермен, өнер жұлдыздарымен де аралас-құралас 
болған), өз халқының Қаныштай дара тұлғасына неліктен іңкәр 
болмайды?.. 
Бұдан әрі біз екеуінің қайда, қандай жағдайда кездесіп, тіл 
табысқанын тәптіштеп жазбаймыз. Әлмисақтан бұл – екі асықтың 
жүрегінде сақтайтын құпиясы. Бізге мәлім гәп: 1948 жылдың та-
мыз айының 22 жаңасында Алматының 1-перзентханасында қыз 
баланың дүниеге келуі.
Сөйтіп, Қаныш Имантайұлы бесінші мәрте әке атанады. Сол 
хабарды естігенде ол орауда отырған Кәмилаға бір құшақ гүлмен 
қоса, біз есімін әзірше атамай отырған естелік жазбалар иесінің ай-
туынша, «Қызың құтты болсын, Кәмилаш! Шексіз қуаныштамын, 
бұл нәресте екеуміздің қалауымызбен дүниеге келген. Саған да, 
маған да бақыт сыйлар ұрпақ болсын! Өзіңнің Қ...» – деген си-
патта құттықтау хат жолдаған. Отыз үш жасында тұңғыш рет ана 
атанған Кәмила да: «Ардақты Қанекем! Жүрекжарды хатыңызға 


440
Медеу СӘРСЕКЕ
шексіз ризамын, тәнті көңілмен рақмет айтамын. Алайда мен 
уәдемнен шыға алмадым, кінә – өзімнен... Сізге ұл сыйламай, қыз 
туған соң, басыңыз менен азат. Бұл сәбидің алдағы тауқыметі, 
тәрбие-тәлімі – өзімнің мойнымда. Азатсың дегенімді солай 
түсініңіз және келіспеймін деп дауласпаңыз, асыл Қанекем! Бір 
ғана тілегім бар: балаңызға атыңызды сыйлаңыз, есімі Жәмила 
болады, фамилиясы – Өтегенова, тек куәлігіне Қанышқызы деп 
жаздыруға рұқсат етіңіз! Сізге менен бұдан өзге тілек болмайды...» – 
деген хат перзентханадан жолданады. 
Өмірдің осындай да қалтарыс-бұлтарыстары болады. Мынау 
да соның бірі. Арада көп жылдар өткен соң соны ақтап иә даттап 
ұзақ сонар ежіктеу қажет пе? Жоқ. Кім не айтса да әншейін бопса 
болмақ. 
Сол себепті оқиғаның одан бергі өрбуін біз Жәмила 
Қанышқызының осы хикаяттың авторына 2007 жылы біздің 
өтінішіміз бойынша жолдаған естелігі бойынша жалғастырамыз...
Жәмила (құжаты бойынша, Джамиля, туған анасы Джама 
деген) Қанышқызы Өтегенова қазірде алпыс жасты қоралап, 
пайғамбар жасынан да асып отыр, он жеті жасынан былай 
Мәскеуде тұрады. Балғын шағын Алматыда өткізіп, 39-орта 
мектепті тәмамдаған. Мәскеудегі Шетел дипломатия институтына 
(МГИМО) 1966 жылы түсіп, диплом алған соң, Мәскеу радиосына 
қызметке шақырылып, шетелге хабар тарататын Бас редакцияның 
қытай тіліндегі бөлімінде бірнеше жыл аға редактор болып еңбек 
еткен. Соған қоса КСРО ҒА Мемлекет және құқық институтының 
аспирантурасында білімін көтерген. «Сол институтқа жиі қатынап 
жүріп, 1975 жылы Сергей Егоровпен таныстым. Екі жылдан соң 
тұрмыс құрдық. Шаңырақ түзеуден бір жыл бұрын екеуміз де 
кандидаттық диссертация қорғадық... – депті Жәмила естелігінің 
60-бетінде. – 1978 жылдың 20 наурызында тұңғыш ұлым Тимур 
туды. Мамам Алматыдан ұшып келіп, толғақ басталған сәтте 
қасымда отырды: «Қатты шыңғырма, қазақ әйелі перзентін ды-
бысын шығармай туады...» деп қайрап бақты, қайран мамам...» 
«Тимурдың бет-пішіні – нағыз қазақ, күйеуім екеуміз тұңғыш 
перзентіміздің кімге тартқанын білмей, көп уақытқа дейін аң-
таң болып жүрдік. Бұл жұмбақтың шешуі бертінде, Алматыдағы 
туған әпкелерім Сәтбаевалар маған сый еткен, жазушы Медеу 
Сәрсекевтің 1999 жылы жарыққа шыққан «Қаныш елі» альбом-
кітабының бір бетінен Ғазиз аға Имантайұлы Сәтбаевтың суретін 
көргенде Тимурдың сол кісіге айнымай ұқсағанын біліп, ерім 


441
ШЫҒАРМАЛАРЫ
екеуміз қайран қалдық. Алматылық туыстарымның айтуынша, 
Тимурдың бет-пішіні ғана емес, сабырлы мінез-құлқы да, маңғаз 
қалпы да әкемнің туған ағасын қайталаған-мыс...» 
Естелік иесінің өз өмірінің әр алуан кезеңдерін бүкпесіз ба-
яндауына қарағанда, сөйтуіне, сірә, отбасындағы орысша тәрбие 
де әсер еткен тәрізді. Жәмила бүлдіршін күллі Өтегеновтер 
әулетінің жан-тәнімен өбектеп, қолын ештеңеден қақпай, шат-
шадыман тұрмыстың рақатын шектеусіз кешіп, еркетотай болып 
ержеткен. Қызмет бабымен Одақ қалаларын аралағанда, әсіресе 
демалысқа шыққанда анасы оны қасынан қалдырмай, қайда 
болсын әрдайым ертіп жүрген. Мысалы, жеті жасында Жәмила 
Ленинградқа мамасымен бірге барып, докторлық диссертация-
сын қорғаған күні мәжіліс залында тілеуқор болып отырған. Он 
жастан асқан соң шешесіне еріп, Кавказ бен Қырымның, Балтық 
бойының сауықтыру орындарында бірге демалған. Ленинград, 
Мәскеу, Тбилиси, Ереванды, тағы қаншама қалаларды арман-
сыз ақтаған. Жас қыздың ерекше ұғымталдығы ерте байқалып, 
естігенін әсте ұмытпайтын қабілетімен де өзін өбектеушілерді 
қайран қалдырған, шетелдің бірнеше тілін (ең алдымен игергені − 
қытай тілі) де аса қиналмай үйренген. Сірә, бұл қабілеттер 
Жәмилаға зейіні мықты анасы ғана емес, кемеңгер ақылын дүйім 
жұрт таныған әкесінен де ауысқан... 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау