Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет169/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   245
null

ЕЛ ҚҰРМЕТІНДЕ
I
Уақыт керуені алға жылжыған сайын Қа 
зақстан Ғылым 
академиясының іргесі беки түс ті. Институттардың ізденіс кө-
лемі, та қырып өрісі сан тарамға кеңейіп, жаппай дамуға бет 
алғаны – өмір шындығы. Соған орай ғылыми қызметкерлердің 


448
Медеу СӘРСЕКЕ
зерттеушілік деңгейі өс 
кен. Әрине, академиямен бірге оның 
жетек шісінің беделі де биікке өрлеген. Қандай лауазым иесіне 
болсын емін-еркін кіреді. Кірді екен – мүдделі ша р уа сын ұтымды 
айғақ пен төндіре айтып, сұрағанын алып шығады. Оның бірауыз 
лебізі кейде үлкен істің тағдырын сәтті шешуге – дәне кер. Облыс 
орталықтары, Алматы ғана емес, Мәс кеуде де солай...
Беделінің шарықтап өсуі Қаныш Иман тайұлының кішіпейіл 
мінез-құлқын өзгерт кен жоқ. Президентке кез келген уақытта 
кіруге болады, ұзағырақ сұх бат тасуды қала саң – кешке таман 
барыңыз (ол кезде жауап ты қызмет керлер түннің бір уағына дейін 
жаппай жұмыс істейді). Одан «Бос емеспін», «Кейін келсін» дегенді 
естімейсіз. Қабыл да ды екен – алдындағы креслоға отырғызады да 
шақшасын суырады...
(Насыбай – бозбала кезінен машық ер мегі: тым ерте үйреніп кетті де жи-
рене алмай қал ды; бірақ кәнігі насыбайшылар құсап шы ны сын ала жүріп, 
шырт-шырт түкіріп отыру әде тінде жоқ; насыбайды астыңғы ерніне толты-
ра салады да, мейірі қанғанша ұстап отырып, әлден соң алып тастайды; на-
сыбайы – нағыз көкбұйраның ащысы; бұл енді ғалымның ең пәс қылығы. 
Оның көңілін аулау үшін иә бір нәрсе жай ында ұзағырақ кеңескің кел-
се – әңгімені шақшаңды ұсынудан баста. В.И. Штифанов және Жезқазған 
геологтарының жаппай насыбайшыл болуы – осыған дәлел. Сөкет іс сияқ-
танғанмен бұл да шындық, Қаныш Имантайұлы да – басы жұмыр пенде, оған 
да адам баласына тән мінез-қылықтың бәрі тән. Ұзақ жылдар бірге істеген 
геологтар Орта Азияға, түстік жаққа жолға шыққанда сыйлыққа шақ ша 
ала келеді, болмаса дайын насыбай; бұл жайында әріптестері арасында неше 
алуан лақап, аңыздар тараған; соның бірі – Қ.И. Сәт ба ев қа сыйланған агат 
шақшасы жөнін 
де 
гі әңгімелер. Ғалымның Баянауылдағы мұ 
ра 
жайында 
тұрған жалғыз шақшаны «Мен сый лап едім» деушілерден біз, мысалы, ал ты-
жеті адамның есімін білеміз...
Қаныш Имантайұлына барған кісі, шаруа сын ойдағыдай шеше 
алмай кетсе де, әрқашанда риза болып шығады. Өйткені прези дент 
өзінің зерт теуі жайында мағлұмат алды, жадында ұстап, қажет 
кезінде көмек береді. Уәде еткен ісінен ол ешқашан айнымайды. 
Қо лын да тұрса – бірден шешіп береді; шама сы келмесе – турасын 
айтады; ең құрығанда, кім ге барып иә қашан келудің жөнін түсін-
діріп жігерлендіріп жібереді.
Жұмысқа ол ерте келетін: келе-ақ әлдебір инсти тут тың же-
текші мамандарын, басшыларын ша 
қырып әңгіме бастаса, 
бірер сағат тан соң «Ака демқұрылыс» басқармасы инже нер, про-


449
ШЫҒАРМАЛАРЫ
рабтарының ғылым ордасы ның, ин ституттар құрылысының бары-
сы жайындағы есебін, талап-тілектерін тыңдап отырады; түстен 
кейін өзі директор міндетін қоса атқаратын ГҒИ-ға барып, күнбе-
күнгі ша руа лар мен шұғылданады; оның арасында қан шама ко-
миссия, техкеңес иә алқа мәжі лі сі не қатысуы шарт... Әрине, өзіне 
салса, институттың оңаша бөлмесін дербес ием де ніп, көкейкесті 
жұмысына кірісер еді. Геология 
ның зерттелмеген құпиясы 
қаншама, әсі 
р 
е 
се Қазақстандай шалқар өлкенің, байлығы сан 
алуан жер қыртысының. Айталық, ме тал логения ілімін өрістету? 
Соның бір тармағы – болжамдау карталарын жасау идеясы? Тіпті 
зерт теу шілер тобын бастап, далаға тартып кетсе!..
Бәріне де уақыт керек. Тәулік – жиырма төрт емес, қырық сегіз 
сағатқа созылса?.. Жұмысқа ынталы кісіге, сірә, бұл да жет пес...
Бірақ уақытының денін шексіз жина лыстар, толассыз қабылдау 
мен ұшы-қиыр 
сыз қағаз 
дар қарауға жұмсайтын кеңсешіл иә 
мәжілісқұмар әкім Қаныш Имантайұлы емес. Үнемі болмаса 
да аптаның екі иә үш күнін геолог-ғалымдар арасында өткізеді. 
Жыл сайын кем дегенде бір не екі мәрте өз институтының зерт-
хана, бөлім, сектор ларын ара лап және үлкен-кіші демей, әрбір 
қызметкермен негізгі жұмыс орнында сөйле седі: зерттеп отырған 
тақырыбы жайында ғана емес, үй ішінің жағдайын, тұрмысын, 
ділгер қа жетін сұрап біледі; тілек-өтіні шін тыңдайды; әлбетте 
бірталай шаруа 
ларды шешіп, тіл 
дес 
кен адамның ой-өрісін, 
ғылыми танымын да бағдарлап кетеді... 
Жаз айларында академик ғылыми экспедиция ларды бастап, 
кө біне өзінен әлденеше ай бұрын аттанып кеткен зерттеушілерді 
қуа барып, талай күнді далада өткізеді. Ежелгі барлаушы үшін 
бұл – ең мерейлі һәм қуанышты күндер!..
* * *
Ғылым академиясы шаңырақ көтерген жыл дың қоңыр күзін-
де президент баста 
ған қарамды экспедиция Кенді Алтайға 
аттанған. Мақсат – шикізат қоры сан алуан өл кенің өндіргіш 
күштерін болжамдап, зерт теу және игеру бағыттарын белгілеу. 
Сондықтан бұл экспедицияға геолог-ғалымдар ғана емес, су ма-
мандары, энергетиктер, химиктер мен металлургтер, кен зерттеу-
ші лер де ша қырылған. Олар Өскемен мен Риддерді, Глу бокое 
селосындағы Ертіс мыс зауытын, Зырянов пен Белоусов, тағы 
29-0196


450
Медеу СӘРСЕКЕ
бірнеше кенді аудандарды, «суы шалқыған, балы ғы бықы ған» 
Зайсан көлін, оның арғы бе тін дегі кен орындарын екі-үш апта 
бойы бел жаз бай аралайды. 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау