Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ауырған тамақты шайқау да пайдалы. Сондай – ақ, шәй-некте қайнап тұрған суға бір ас қасық бал
қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қы-зарғанын басады.
20. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен
адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас
тамақтың алдында бір жарым, екі сағат бұ-рын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп
отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның
құрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды
тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қыш-
қылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.
21. Жөтелді басу үшін пи-яздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сондай-
ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант және 50 грамм балды қосып, баяу жанған
отта үш сағаттай қайнатып, суыған соң, шыны ыдысқа құй-ып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны
суық тиіп, қатты жөтелген адам ас қасықпен кү-ніне бес – алты рет ішуі керек.
22. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір
мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың
(редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт
жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек.
Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.
Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға
ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда
бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.
23. Балықтың майына қосылған бал асқынған жара-қатты оңай жазады. Аузы уылған адам бал жесе
тез айы-ғатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру
керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап
араластырып жасайды.
24. Балды үккіштен өткізіл-ген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әб-ден еріп, сәбіздің
шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы
ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин
деп аталатын дәру-менді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақта-са, бүйрегі, бауыры, өт
жолы ауыратындарға өте пайдалы.
Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қой-дың іш майына
ерітіп, ішуге болады. Сондай-ақ, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды
араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына
шипалы.
25. Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат)
шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір
жақсарады.Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектесе-
ді.Қатарынан бір-екі ай үз-бей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы ежептәуір
жақса-рады.
26. Бал мен шоколадтың салмақ тастауға да өзіндік пайдасы бар. Қоңыр шоколадтың какаосының
құра-мында майды ыдырататын элементтер болса, бал жа-ғып жасалған массаждың қан айналымын
жақсартатын қасиеті бар. Әр ағзаның қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді.
Балдың құрамы мен қуаты:
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсім-діктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол
жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім
қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар,
ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір,
марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тә-різді қышқылдар да болады
Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық
қасиет-тері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара
балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті
286
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
заттармен байытып, қамта-масыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10
градусқа дейінгі температурада сақтайды.
Жазда жәндік шаққаннан бәріміздің де мазамыз кетеді. Алайда, араның шаққандағы уы – ем. Мұны
ғылым тілінде «апитерапия» деп атайды. Латын тілінен аударғанда «apis» – «ара» деген екен. Ара –
емдік фаунада көшбасшылардың бірі. Ол – уымен емдейтін жәндік. Ара уының таңғажайыбы –
физиологиялық процестердің мықты катализатор болуы. Бір тамшы уының құрамында ақуыз, тиісті
20 амин қышқылының 18-і, бейорганикалық қышқылдар, Менделев кестесінің түгелге жуығы және
көптеген дәрумендер бар. Ал оның қаншама шақырым жерді жүріп өтіп, сан алуан гүлдерден теретін
балы көп ауруға шипа екені белгілі.
– Көптеген таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – осы ара.
Олар жиналған әртүрлі өнімдерді зиянды заттардан тазартады. Араларды жергілікті жердің
экологиялық жағдайын жақсартуға да қолданады. Топырақтың құнарлылығын қалпына келтіре
алатын да қасиетке ие. Қалай дейсіз ғой. Аралар барлық өсімдіктерді аралап жүріп, олардың
тозаңдану процесін жақсартады. Аралар ұшқан жерде шөп бітік әрі тығыз шығады. Әртүрлі дала
өсімдіктерінің арасы тығыз болса, түбіне күзге қарай шірінді қабат жиналады. Ол көктемге дейін
топырақ құрамына сіңіп, құнарлылығын арттырады. Мұндай жерде шөптің, бау-бақшаның, егіннің де
бітік шығатынын көріп жүрміз.
Пайдаланған әдебиеттер:
И.Д.Митяев, Р.В.Ященко, В.Л.Казенас «Ғажайып омыртқасыздар» Қазақстан Қызыл кітабы
беттерінен, Алматы 2006 ж
Стив Паркер және Брайан Уильямс « Сұрақ және жауап» Энциклопедия Алматыкітап баспасы
2009ж
Құрастырушылар: А.Ү.Сужикова, Ф.С. Лекерова, М.Қ. Солтанғазина «Менің алғашқы
Энциклопедиям» Алматыкітап 2009 ж
Құрастырушы А.А.Иващенко «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары» Алматыкітап
2006 ж
Әбшенов Л.Ү, Заирова Б « Адам экологиясы, денсаулығы және өмірлік дағдылары»
(Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал) Алматы 2010 ж
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
БӨЛМЕ ФИТОЭКОЛОГИЯСЫ
Мукажанова Наргиза Нұрланқызы. 9 сынып оқушысы
Жамбыл атындағы облыстық
мамандандырылған мектеп-интернаты,
Жетекшісі: Бекбауова Айнаш Толеухановна
Ғасырлар бойы адамдар табиғатта өмір сүріп, оның туындысы ретінде дамып келеді. Адам
баласы салауатты өмір сүру үшін денсаулығын сақтаудың түрлі жолдарын іздестіре отырып, аурудың
алдын алу үшін күресуде. Денсаулықтың кепілі – табиғаттың тазалығы мен азық – түліктің сапасына
тәуелді екендігін ертеден білді. Халық даналары адам баласының аурулары қоршаған табиғи ортаның
әсерінен болатынын біліп, одан қорғану үшін түрлі дәрі-дәрмек ойлап тапты. Жұқпалы аурулардың
таралу жолдарын іздестіріп, емдеу тәсілдерін зерттеді. Дәрігерлер жұқпалы аурулардың ауа, су,
топырақ арқылы таралатынын байқап, зерттеулер жүргізе бастады. Адамдардың тұратын мекенінде
тазалық сақталуына, азық – түлік құрамына көңіл аударып, олардың әсеріне медициналық тұрғыдан
287
Достарыңызбен бөлісу: |