Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет11/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
отырып, әлеуметтік сындарлы тұрғыдан оқытуды түсіндіру. Оның маңызы мен мақсатын жай ғана
түсініп  қоймай,   осы  бағыттағы  жүргізіліп  отырған  жұмыстардың  негізгі   мазмұны  жеті   модульдің
мұғалім үшін де және оның оқытып отырған оқушысы үшін де оқыту мен оқудағы жетістікке жетудің
тиімді стратегиясы болып табылатындығы. Осыған байланысты еліміздің болашағы зор көркеюі үшін
мұғалім сыни тұрғыдан ойлайтын, өзінің жұмыс тәжірибесінде жаңа тәсілдерді қолдана отырып және
бағалау   әрекеттеріне   сыни   көзқараста   болғаны   абзал.   Сондықтан   дәстүрлі   жүйедегі
бірсарындылықтан арылып, жаңаға, жаңалыққа қарай өзгеру дұрыс болар.  
Сындарлы   оқыту   технологиясында   оқыту   мен   оқудың   негізгі   аспектісі,   мұғалім   өзінің
қамқорлығындағы оқушыларды қанаттандырып жаңалықтар ашуға жетелеп, белгілі нәтижелерге қол
жеткізетіндеріне, өз білімдерін қадағалауға және бағалауға ыңғайлы стратегияларды ұйымдастыра
және   тиімді   пайдалана   білетін   шебер   мұғалім   болуы   керек.   Мұғалімнің   оқу   үрдісінде   оқушыға
беретін ақпараты тың, қызықты ғана емес, сонымен бірге оның сол кезеңдегі даму деңгейіне , оқудағы
қажеттілігіне сай қолжетімді болғаны да үлкен роль атқарады. 
Оқытушы мен оқушы арасында сындарлы оқудың жаңа тәсілдерінің бірі, сыныптағы диалогтің орын
алуы да маңызды. Оқушы өзін, өзінің қабілетін танып оқудың не екенін түсіне алады. Яғни, саналы
білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ету. Сындарлы оқыту теориясында оқушының бұл әрекеті
«метатану» термині арқылы сипатталады. Метатануға танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу
деген анықтама беруге болады. [МАН, 44-бет] 
Сындарлы   оқыту   теориясының   өзіндік   ықпалы   зор   екені   қай   қырынан   қараса   да   түсінікті   .
Оқушыларға   өз   бетімен   жұмыс   жасауға,   өздерін   бағалауға,   диагностикалауға,   шығармашылық
табыстарға жетуге мүмкіндік береді. Әр оқушының жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы,
жеке өзінің дарындылығын, талантын, қабілетін ашуға мұғалімге деген сенімі, ертеңгі күнге деген
көзқарасын қалыптастыратын білім саласындағы жаңа серпіліс деуге болады. Бұл теорияда мінсіз
оқушы,   құзырлы   мұғалім,   мәдениет,   құндылықтар,   көзқарас   деген   ұғымдар   бір-бірімен   ұштасып
жатады.
Оқушы мінсіз болуы үшін, оның мұғалімі құзырлы болуы керек, мұғалім құзырл ы болуы үшін оның
ең алдымен ұстанымы, көзқарасы болған жағдайда ғана ол бір шешімге келіп іс-әрекетке көше алды.
Ал осы екі тұлға бір-бірімен үйлесімдік табу үшін мәдениет пен құндылықтар маңызды. Сол себепті
мұғалімнің   құзыреттілігін   жетілдіру   мен   кәсіби   дамуына,   оқытудың   биік   деңгейіне   қол   жеткізу
мақсатында сындарлы теорияның ұсынары көп. 
Мысалы, «адамдардың қалай оқитынын» түсінудегі ғалымдардың жүргізген жұмыстарының негізгі
бағыттары   мен   оқу   туралы   көптеген   зерттеулерінің   нәтижесінде   оқудың   ынталандырушы
факторларын   көрсеткен   Маслоудың   қажеттіліктер   иерархиясы   мен   К.Роджерстің   «Мен»
тұжырымдамасының   компоненттерінде   оқушының   адами   әлеуеті   және   оқуға   деген   ынта-жігеріне
нелер түрткі болатындығы туралы тамаша айтылған. 
Оқушымен жүргізілетін сан алуан жұмыстардың ішінде  жоғарыда  атап кеткен Роджерстің «Мен»
тұжырымдамасының   эмоциялық   параметрлерін   ескере   отырып   жеке   тұлғаның   қаншалықты   өзіне
сенімді және қаншалықты өзін бағалайтындығы және Бандураның жеке тұлғаның өзіндік тиімділігін
қалыптастырудағы негізгі факторларын терең ұғына отырып, оқушының оқудағы кедергілерін қалай
жеңу мәселелерін де шешуге болады. Бірнеше әдіс-тәсілдерін өзіміздің педагогикалық тәжірибемізде
қолданып көрдік. Мәселен, оқулықта берілген мәнмәтінді бірнеше бөліктерге бөліп, есте сақтау тірек
сөздерін   пайдалануға   ,   тұжырымдамалық   карта   дайындау   негізінде   оқушылардың   оқуға   деген
ынтасын   оятуға,   дамытуға   болады.   Мұғалім   мен   оқушы   арасындағы   қарым-қатынас   өзара
үйлесімділік табуы маңызды. 
Жеті модульді ықпалдастыра жүргізуде мұғалім төмендегідей қағидаларды есінде ұстауы қажет: 

Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға
деген   табиғи   талап-тілектерін,   сұраныс   пен   мұқтаждарын   ескеру,   шығармашылығын
жетілдіру;

Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру;

Мұғалім бала бойындағы шығармашылық сапалардың болатындығын мойындап, әрі қарай
дамытуы керек. 
Ол үшін өзі де өзгеруі, әсіресе дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы қажет. 
22


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Міне,   осындай   күрделі   де   қызықты   бағдарламаны   жүзеге   асыру   біздің   басты   міндетіміз.
К.Д.Ушинский:   «Мұғалім   өзінің  білімін  үздіксіз   көтеріп  отырғанда   ғана   мұғалім.   Оқуды,   ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады»   деп бекер айтпаған. Ал, жаңа форматтағы үш айлық
оқытудың кэмбридждік әдіс-тәсілін үйренгеннен тапқанымыз көп болды. Бұл тұрғыда оқытудың қыр-
сырын үйреткен және жаңашыл ұстаздың шынайы көрінісін көрсеткен тренерімізге мың алғыс. 
Сындарлы оқыту теориясының негіздері еліміздің білім беру саласына тереңінен сіңіссе, білімді де
тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықты бойына сіңірген жастар өсіп шығары сөзсіз. 
Ал,   жастар-   еліміздің   болашағы.   Болашағымыз   жарқын,   еліміздің   де   іргетасы   мығым   болса,
өміріміздің  әрі   болары  анық.   Білімнің  мазмұнымен  қоса,   түрлі   әдіс-   тәсілдер  арқылы  ақпараттық
технологияны пайдалана отырып, мағынасына терең мән бере оқытуды көздейтін сындарлы оқыту
теориясының   берері   көп.   Сол  себепті   еліміздің   әрбір  мұғалімі     бұл  оқыту  әдісін   меңгеруден   бас
тартпауы тиіс деп есептейміз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН 
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ
Қызылорда қаласы. №43 Ж.Махамбетов атындағы 
орта мектептің математика пәнінің мұғалімі 
Алиханова Айжан Құрбанғалиқызы
Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл ойы дамыған  азаматын даярлау бүгінгі күн талабы. Білім беру
үрдісінде   қолданыс   тапқан   педагогикалық   технологиялар   жаңаша   сипат   алуда.   Білікті   білімді
мамандар   жаңалықты   теориялық   жағынан   меңгерумен   қатар   білім   беру   үрдісіне   енгізе   отырып,
тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде. «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім, ал, оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның ұстаздық еңбегінің жемісі болмайды»,-
деп К.Д.Ушинский айтқандай, оқытушылар заман көшінен қалмай, жаңалықтың   жаршысы болуы
керек.Белгілі ғалым А.Маслоу тұлғаның қиындыққа дайын болу, қарым- қатынас, таным, сыйластық,
қауіпсіздік, шығармашылық, өзін- өзі өзектілендіру, өзін- өзі бекіту т.б. қажеттіліқ жүзеге асса, оның
танымдық   құрылымының   дамитынын,   қызығушылығының   қалыптасса,   тұлғаның   белсенділігі
артатыны   белгілі.   Бұл   тұрғыда   п.ғ.д.,профессор,   қазақстандық   педагогикалық   технология   авторы
Кобдикова Жанар Уажитқызының оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясын оқу
үрдісінде енгізудің тиімділігін тәжірибеде көрсетіп отыр. 
Қазіргі  кездегі  ғылым  мен  техниканың  даму  деңгейі  әрбір  оқушыда  сапалы  және   терең  білім
мен  іскерліктің  болуын, олардың  шығармашылықпен  жұмыс  істеуін, ойлауға  қабілетті  болуын
талап     етеді.   Математика     пәнін     оқыту     үрдісінің     негізгі     мақсаты   –   арнайы     педагогикалық
әдістермен    мақсатты     жүйелі     түрде     пайдаланып     оқушылардың     интеллектін,   шығармашылық
ойлауын,  ғылыми  көзқарасы  мен  белсенділігін  қалыптастыру, өз  бетімен  білім  алу  дағдыларын
дамыту   болып   табылады. Жалпы   білім беретін   мектеп   оқушылардың   тиянақты   білім   алуын
мақсат  ете  отырып,  оларды  өз бетінше  білімдерін  толықтыру, жаңа  білімдерді  алу  тәсілдерімен
қаруландыру, алған  білімдерін  теориялық  және  практикалық  мәселелерді  шешуге  саналы  түрде
қолдана  білу  сияқты  ақыл – ой  белсенділігін  дамыту  қажет. Ендігі  жерде  білім  беру  жүйесінен
шығармашыл,   техникада,   экономикада,   жаңа     жолдар     мен       әдістерді     таба     алатын,   батыл     да
жаңашыл,   ақыл–   ойы     дамыған     ұрпақты     тәрбиелеу     талап     етіледі.Оқу   –   танымдық     қызметі
барысында  оқушылар  қажетті  көлемдегі  білімді  игеріп  қана  қоймастан, олардың  қабілеті  мен
шығармашыл     ойлауы     да     дамытылады.   Қазіргі     математиканы     оқыту     әдістемесі     оқушының
танымдық   қызметі     мен     ойлау     жүйесінің     ара     қатынасын     анықтай     түсуде.   Ол     оқушының
дербестігін, қажеттілігін, интелектуальдық   ойлау   мүмкіндіктерін   қалыптастырады.             Сондай
оқытудың   үшөлшемді   әдістемелік   жүйесін   қолданып, математиканы   оқыту –     жаңа   жетістікке
жетелейтін  сара  жол  десек  қате  болмас. 
Өйткені,   қараша   айынан   бері   осы   аталған   оқытудың   жаңа   әдістемесі   «Үшөлшемді   әдістемелік
жүйесі»   бойынша       6   сыныпта     математика   пәнін   оқытудамын.Тәжірибе   барысында   байқағаным
сабаққа деген оқушылар   қызығушылығы арта түсуде, әр оқушы сабақ соңында түгел бағаланады,
тапсырманы   деңгей-   деңгейімен   орындау   арқылы   шығармашылық   тапсырмаларды   орындауға
мүмкіндік туады.   Сондай әдістемелік  жүйемен  өткізілген  сабағымның  жоспарын  үсынамын.
23


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау