Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
1- мысал.
Бер: шеңбер Формула Шешуі:
R=7 см D= 2 R D= 2·7=14
т/к: D-?
Жауабы: D=14см
Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі, шеңбердің өзімен қоса дөңгелек деп аталады.
Шеңбердің центрі дөңгелектіңде центрі болып табылады. Себебі дөңгелекте тек бір ғана центр
болады.
Шеңбердің бойында жатқан екі нүкте арасындағы бөлігі шеңбердің доғасы деп атайды.
Ж азылуы: АВ, ВС , АС.
ІV.Есептер шығару . K
№370 (ауызша)
а) шеңбердің бойындағы нүктелер: D , S . L
ә) дөңгелекте: Е, С, О, D , S . A
б) дөңгелектің сыртында жатқандар: А, L, K
№371-№376 (шартын құра отырып, жазбаша орындау)
№371
Бер: шеңбер Формула Шешуі:
R=3 см D= 2 R D= 2·3=6
т/к: D-?
Жауабы: D=6см
№374
Бер: шеңбер Формула Шешуі:
R=3 м D= 2 R D= 2·3=6
т/к: -?
Жауабы: D=6см
№376
Шеңбер бойындағы 8 нүктені екі-екіден неше кесіндімен қосуға болады?
Бер: шеңбер Шешуі:
АО,ВО,СВ,DО,ЕО,GО,FО,LО – радиустары 1) АВ + ВС = АС
т/к: екі-екіден неше кесіндімен қосуға болады-? 2) СD + DЕ = СЕ
3) ЕG + GF = ЕF
4) FL + LА = FА
V. Логикалық сұрақтар
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып
келеді.Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
VІ. Сергіту сәті
Оқушыларды 1-2 минут сергітіп, бой жазу.
VІІ. Бекіту сұрақтары. (сағат тілінде орналасқан сұрақтарға жауап беру)
1) Шеңбер дегеніміз не?
2) Шеңберді қандай құралмен сызамыз? Қалай сызамыз?
3) Шеңбердің радиусы дегеніміз не?
4) Шеңбердің радиусын қандай әріппен жазамыз?
5) Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?
6) Шеңбердің диаметрін қандай әріппен белгілейміз және қалай сызамыз?
7) Шеңбердің диаметрінің формуласы
16
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
VІІІ. Бағалау (белсене араласқан оқушыларды бағалау)
ІХ. Қорытынды
Ал балалар бүгінгі өткен тақырыбымызды қорытындылай кетсек: шеңберді циркульдің көмегімен
сызамыз және сол циркульдің ұшы орналасқан нүктені шеңбердің центрі етіп алады екенбіз. Өтілген
тақырыпты үйден оқып, ереже дәптерімізге ережесін жазып, үй тапсырмасын орындаймыз.
Х. Үй жұмысы: № 373, №375
-------------------------------------------------------------------------------------------------
1-СЫНЫПТА АҒЫЛШЫН ТІЛІН
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Қызылорда қаласы, №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Рахманбергенова Анар
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ құрылтайында «Үш
тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 жылдың Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы»
атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. «Үш тұғырлы тіл» идеясының үшінші
құрамдас бөлігі – ағылшын дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу
деген сөз. Қазіргі уақытта өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым-қатынасымыз күннен-
күнге нығайып, беделіміз артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді
талап етеді.
Ағылшын тілі – ХХІ ғасыр тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын
тіл. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін
шыңдай түседі. Ағылшын тілін біздің халқымыздың жаппай меңгеруі сол тілде жасалған, жасалатын
шексіз байлықты аудару машақатынан, артық шығыннан құтқарады. Демек, балаларымыздың
ағылшын тілін білуі – заман талабы. Осы мақсатта ағылшын тілін жетік меңгертудегі басты әрекет –
ерте жастан бастап ағылшын тілін оқыту. Қазіргі таңда ағылшын тілі біздің қаламызда да мектепке
дейінгі және 1-сыныптардан бастап оқытылып жатыр. Бұдан бастауыш сыныптарда тіл игеруге жаңа
әдістерді қолдану қажеттігі туып отыр, бірақ бұл бұрынғы әдістерді қолданбау керек деген пікір емес.
Қайта бұл жаңа методиканың, оқыту әдістерінің дамуына негіз салады.
Өз ана тілін енді ғана меңгеріп, әріп үйреніп келе жатқан балаға ағылшын тілін үйрету оңай жұмыс
емес. Бұл мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеп, ерінбей еңбек етуді талап етеді. 1-сыныпта жоғары
сыныптардағыдай әр түрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталау, бірнеше қайтара естеріне түсіру, тағы да
басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып шаршатады. Сондықтан да ағылшын тілін игеруде ерте
бастан жас деңгейіне сай ойын түрлерін пайдалану оқушының өзіне деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді
үйренуге ынтасын арттырады. Өз тәжірибемде жиі кездесетін жағдай балалар сөзді дұрыс дыбыстай
алмаудан қысылып, ұялады. Бастауыш сыныптарда оқушының ойлау қабілеті төмен болады. Есте
сақтау қабілеті әлсіздеу болады. Сондықтан бала тез есте сақтап қалу үшін мұғалім өз сабақтарында
ойын элементтерін пайдалану, рольдік ойындар, жарыстар, түрлі - түсті суреттер, музыка, әр түрлі
қозғалыс жаттығуларын қолданып отыруы керек. Оқушының ағылшын тіліне деген қызығушылығын
арттырып, сабақты қызықты өткізіп, баланы шаршатып алмау керек. Сабақты жоспарлы түрде
дайындаған дұрыс. Үйретілетін материал бірінен кейін бірі жалғасып отыру керек. 1-сыныптарда
ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйренуге деген ынтасын
арттырады. Ағылшын тілін үйретуде алғашқы кезде балалардың көздерімен көріп, құлақпен тыңдау
арқылы - тыңдау мен сөйлетуге үйрету керек. Бас кезде тек жеке сөздер ғана үйретілетін
болғандықтан, заттардың түрлі - түсті суреттерін іліп, ауызша оқылуын айтып бала әріпті танымаса
да суретінің астына оқылуын жазып қою керек. Бала сол суретке қарай отырып әріп танымаса да сол
сөздің қалай жазылатындығын көзбен көру арқылы есте сақтайды.
Мұғалім сыныптағы дарынды және үлгермеуші оқушыларды да анықтап, олармен де жекелеп
жұмыс жүргізіп отыруы қажет. Сондай-ақ, қосымша дәптер арнатып, бастапқы әріп элементтерін де
үйрете бастау қажет.
Ағылшын тілін оқытушы мұғалімнің мақсат-міндеті:
- Бала бойына тілге деген қызығушылықты, оны үйренуге деген құштарлықтарын арттыру;
- Оқушыларды сауаттылыққа баулу;
- Жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыт беру;
17
Достарыңызбен бөлісу: |