Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет108/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
әдебиеті мен музикаға сүйіспеншілігін арттырады, ой- өрісін кеңітеді, өткірлік пен ептілікке үйренеді;
3.Көкпар, бәйге, аударыспақ- батылдыққа ,ептілікке баулып, бұлшық етті шынықтырып, құмарлықты
оятар, есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті ары мен атағы үшін өлімге бас тігуге дейін   баратын
дәстүрлі   ұлттық   спорттық   ойындар.   Бұл   ойындар   ер   жігіттің   бойында,   Отан   солдатына   қажетті
игілікті рыцарлық қасиетті тәрбиелейді.
Жас ұрпақты халқымыздың құнды еңбектерімен жасынан намысты, Отанын сүйетін, адамгершілігі
терең етіп тәрбиелесек мерейіміз үстем болады деп ойлаймын.
Сабақты     жоспарлау   және   оқыту   әдістемелерін   жетілдіру   мақсатында   әр   тақырыптың   өзіндік
ерекшеліктерін   ескере   отырып   тарих,   география,   әдебиет,   салауаттану   және   құқықтану   пәндерін
байланыстырып, жаңаша кіріктірілген сабақ өткізуге әбден негіз бар.
Оқушылардың бойына қайсарлық, батылдық және патриоттық сезімді қалыптастыруда тарихи жеке
тұлғаларды,   оның   ішінді   әскери     қолбасшылардың   белгілі   бір   тарихи     оқиғаларға   байланысты
көрсеткен   ерліктері   мен   соғыс   тактикасындағы   қолбасшылық   өнерлерін   дәріптеу   оқушылардың
жадында   қалары   сөзсіз.   Мысалға:   жас   ұрпаққа   өнеге   болатын   аттары   аңызға   айналған   батыр
бабаларымыз – Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев
және Әлия мен Мәншүк, Хиуаз апаларымыз тағы басқалары болмақ.
Оқушының   әскери   мамандыққа   және   пәнге   деген   қызығушылығын   арттыру   үшін   тарих   пәнін
тактикаалық дайындық тарауына , сонымен қоса патриоттық тәрбиеге негіз болатын тақырыптарға да
қолдануға болады. Мысалы: 10- сыныпта «Қазіргі заманғы ұрыс сипаты» тақырыбын өткен кезде
«Ұрыс   дегеніміз   не?»   деген   сұраққа   «Ұрыс   –соғысушы   жақтардың   ұйымдасқан   түрдегі   қарулы
шайқасы, ұрыста әскерлердің қимылдары мақсаты мен уақыты жағынан бірлікте болады әрі шайқас
онша үлкен емес, атыс және тактикалық кеңістікте өрістейді.
Ұрыстың басты да негізгі мақсаты- дұшпанның адам күшімен қару-жарағын жою, құрту. Дұшпанның
қарсылық көрсете алмайтындай етіп сағын сындырып, моральдық күші мен қабілетін басып, жаншу,
басқаша айтқанда, ұрыстың басты мақсаты-жаудың көзін жою...» (Бауыржан Момышұлы. Екі томдық
шығармалар жинағы, 1 –том, Алматы, «Жазушы», 2004 ж.94-95 беттер),- деп жауынгер атамыздың өз
сөзімен жауап беруім ұтымды шықты.
«Қорғаныс дегеніміз не?» деген сұраққа қосымша 1941 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Кеңес
әскерлерінің қорғаныс шептері туралы тарихи деректерді әңгіме түрінде айтып кетуге болады.
Мысалға:   Брест   қамалының   қорғанысы,   Москва   түбіндегі   қорғаныстар   кезіндегі   жауынгерлердің
соғыс даласындағы асқан ерліктерін оқушылардың санасына  суреттей отырып жеткізсек тақырыпты
аша білгеніміз.
Білімділік   пен   тәрбиелік   негізді   басшылыққа   ала   отырып,   бір   тақырыптың   деңгейіндегі   сабақты
жоспарладық дейік. Осы тақырыпты толық ашып бекіту үшін алғашқы әскери дайындық   мұғалімі
тарихи деректерді қолдана білуі керек. Тактикалық дайындық бөліміндегі тақырыптарды нәтижелі
түрде   ашып   бекіте   білудің   тағы   бір   әдісі   тақырыпқа   байланысты   көркем   кинофильмдердегі
оқиғаларды талқылау.
Жалпы   әскери   ұрыс   әрекеттерін   теориялық   түрде   жай   бағдарлама   мен   оқулықтың   негізінде
түсіндірсек   ол   оқушыға   ешқандай   қызығушылық   туғызбайды.   Мысалы   :   «   Бетпе-бет   ұрыс»,
«шабуыл»,   «маневр   түрлері,   ұрыстағы   атыс   жүйесі   деген   түсініктерді   алғаш   оқығанда   оқушылар
жаттанды түрде түсінеді де, ой елегінен өткізе қорытындылай алмауы әбден мүмкін. Тақырыптың
мазмұнын жаттанды түрде оқыту көбінесе оқушының есінде сақталып қалмайды.
Тактика-   ұрыс   жүргізу   өнері   өз   алдына   жеке   бір   ілім   екенін   түсіндіру   мен   оқушыларды
еңбексүйгіштікке баулимыз, сондай-ақ   ер жігітке әскери маман болу халық арасында үлкен құрмет
екенін айтудың артықшылығы жоқ.
Мұғалім   оқу   бағдарламасының   шеңберінде   қалмай     оқушылардың   жас   ерекшеліктерін   ескере
отырып,   өзінің   немесе   жолдастарының   әскери   және   еңбек   жолындағы   ерліктің   үлгісі   болатын
оқиғаларды айта  отырса, оқушылар үлкен әсер алмақ.
Оқушыларды   Қазақстан   Республикасы   Қарулы   Күштерінің   әскери   жарғыларымен   таныстырғанда
әскери   тәртіптің   басқа   мемлекеттік   тәртіптен     айырмашылығын,   жарғылардың   талаптары   мен
ерекшеліктерін   айта   отырып,   еңбек   заңындағы   еңбек   тәртібіне   байланысты   кейбір   баптары   мен
салыстырмалы түрде түсіндіруге болады, бұл жерде құқықтану пәні мен байланыстылық қажет.
241


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Әскери   тәрбиенің   басты   мақсаты   жауынгердің   бойында   әскери   қызметтің,   жауынгерлік   өмірдің
қиындығы, мұқтаждығы мен ауыртпалығын жеңе алатындай қабілеттілікке тәрбиелеу, денесін , оның
рухы мен еркін қиындықтан тайсалмайтындай етіп шынықтыру.Командирдің әміріне мойын ұсыну-
бұл   да   ауыр   нәрсе.   Әскери   тәрбиенің   мәні     қиындық   пен   ауыртпалықты,   мұқтаждықты   және
қорқынышты   жеңе   аларлық   қабілеттілікке   баулу,   тәрбиелеу,   ал   бұл   тек   парасатты   адамның   ғана
қолынан   келетін   іс».   (Бауыржан   Момышұлы.   Екі   томдық   шығармалар   жинағы,   1-том,   Алматы,
«Жазушы», 2004ж.36-37 беттер)
Сабақты   талапқа   сай   ұйымдастыру,   оқыту   әдістерін   жаңаша   түрлендіріп   өткізудегі   мақсат   білім
берумен қоса патриотизмді қалыптастыру, Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру.
Сабақ өткізу кезінде жаңа технологиямен шығармашылық жұмысты байланыстырып өтемін. Сабақта
заман талабына сай компьютер техникасы, интерактивті тақта, мультимедияны пайдаланамын.
 Сабақтың тақырыбы: Бауыржан  Момышұлы – батыр тұлға.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Халық қаhарманы Бауыржан Момышұлы туралы жан-жақты
мәлімет бере отырып , білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділігін шыңдау.       Бауыржан
Момышұлының ерлігін дәріптей отырып, ойларын дамыту.
Тәрбиелік:  а) Отанын , халқын  сүюге, атамекенін қорғауға жетелеу.
                     ә) Ұлттық тәлім- тәрбие беру.
                     б) Саяси патриоттық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2. Интерактивті тақтадан: Бауыржан  Момышұлының фотосуреті көрсетіледі.
3.Фоннан: мына өлең жолдары оқылады.
Кешіп өтіп кешегі от жалыннан,
Дүниеге ерлігімен танылған.
Кең жауырынды , Талғардай тік иықты, 
Бөрі кеуде , бүркіт қабақ Бауыржан.
Қалтыраған отынан жау ордасы,
Панфиловтың жорықтағы жолдасы,
Даңқ туын майдандағы көтерген,
 Гвардия бөлімінің қолбасы.
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, 
Тарихтың түпкірінен сөз келгенде-  деп батыр атамыз өзі айтып кеткендей Бауыржан атамыз биыл 103
жасқа толып отыр.Арамызда өзі болмаса да «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз
қалдырған» деп Абай атамыз айтқандай атаның артында ұрпағына мәңгі өлмес ерлік істері, мақал-
мәтелдері, тау суындай мұралары қалды.
Оларды танып білу, зерделеу, зерттеу оқушылар үлесінде.
Ендеше бәріміз тік тұрып Қаhарман жазушы батырымызды 1 минут үнсіз еске алайық.
Үнсіздік.
Оқушылар   бүгінгі   сабақта   атамызды   жан-жақты   тану   мақсатында   арамызға   әдебиетшілер,
тарихшылар, журналистер келіп отыр.Ендігі сөз кезегін тарихшыларға беремін.
1   тарихшы   (оқушы):  Бауыржан   Момышұлы   –   Жамбыл   облысы,   Жуалы   ауданының   Көлбастау
ауылында   Момыш   есімді   азаматтың   отбасында   дүниеге   келді.   Анасының   аты-   Рәзия.Отызыншы
жылдардың бас кезінен 1956 жылға дейін әскер  сапында болды. Ал соғыс кезінде Алматы маңында
жасақталған 316- шы атқыштар дивизиясы құрамында болды.
242


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау