Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2 тарихшы (оқушы): 1941 жылдың күзінен бастап, соғыс аяқталғанға дейін талай-талай қиян-кескі
шайқастарға қатысады. Батальонды, полкты, дивизияны басқара жүріп, ерекше қаhармандық және
тапқырлық көрсетеді.
3 тарихшы (оқушы): Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған
қазақстандықтар шайқасқан Кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға
қарсы кескілескен ұрыс жүргізді. Кеңес Қарулы Күштері орасан зор қиыншылықтарды жеңе отырып
төтеп берді, күш жинап, жауды Москва түбінде алғаш рет ірі жеңіліске ұшыратты.
4 тарихшы (оқушы): Москва үшін шайқасқа И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен
аға лейтенант Бауыржан Момышұлы қолбасшылық еткен батальонның жауынгерлері ерекше
табандылық көрсетті.
5 тарихшы (оқушы): Б. Момышұлы 207 ұрысқа қатысқан, 5 рет қоршауда жүріп шайқасқан, 2 рет
ауыр жараланған.
Жалпы Ұлы Отан соғысында А. Матросовтың ерлігі-207 рет қайталанса, біздің панфиловшылардың
ерлігін ешкім қайталай алмады. Москва түбінде фашистер 500 мың адамын жоғалтып, 1300 танктен
айырылды, 2300 зеңбірек, 15 мыңнан астам машина мен басқа да техникаларынан айырылды. Мұндай
шығынды фашистер көрмеген еді. «Біз жеңілмейміз!» деген фашистік армия шынымен талқандалды.
2 тарихшы (оқушы): Бауыржан Момышұлы –әділ, өткір, шыншыл, қырағы, айбынды, арлы, рухы
күшті әскери басшы.
4 тарихшы (оқушы): Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысын аға лейтенант шенінде бастап, батальон
командирі ретінде соғысып, соғысты полковник шенінде дивизия командирі болып аяқтады. Яғни
Ұлы Отан соғысынан 9 гвардиялық дивизияның командирі болып оралды (оған 1945 жылдың
басында тағайындалған болатын). Сонымен қатар Б. Момышұлы соғыстан кейін 1946 жылы
Москвадағы әскери академияны бітірген тұңғыш қазақ.
2 тарихшы (оқушы): Ұлы Отан соғысы кезінде ерен ерліктері үшін қазақстандық 497 жауынгер
Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның ішінде бұл атаққа 1990 жылдың 11 желтоқсанында Б.
Момышұлы да кешеуілдеп барып ие болды.
6 тарихшы (оқушы): Бұл 1941 жыл еді. Қазақстандық генерал-майор И.В.Панфиловтың
басшылығымен 1941 жылы 15 шілдеде Алматы облысы Талғар қазақ станциясында Қазақстан мен
Қырғызстан ұландарынан 1073 атқыштар полкі жасақталды. Генерал Панфилов басқа полктардан
ерекшелеп «Талғар полкі» деп ат қойды. Полк осы атымен Отан тағдыры қыл үстінде тұрғанда неміс
басқыншыларына қарсы әділетті ұрысқа кірісті.
Журналист: 8-ші Гвардиялық атқыштар дивизиясы 1073-ші гвардиялық атқыштар полкінің
командирі, майор Б. Момышұлына жауынгерлік мінездеме:
1910 жылы туған, 1942 жылдан БК(б)П мүшесі, ұлты қазақ, әлеуметтік тегі-қызметші. Жалпы білімі
орта, әскери білімі- бір жылдық.
1932-1934 жылдары Қызыл Армия қатарында әскери борышын атқарған.
1941 жылдың қыркүйегінен майданға аттанған. Қазақ халқының адал ұлы, өзінің Кеңес елінің
абыройы мен тәуелсіздігін қолына қару алып қорғап жүрген, осы халықтың таңдаулы өкілдерінің
бірі-майор Момышұлы үкімет наградасына ұсынылды.
Ендігі сөз Б. Момышұлының жазушылық жағына тоқталу негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Гүлшара апайға беріледі.
-Оқушылар, Б.Момышұлы соғыс тақырыбында қалам тербеген талантты да, атақты жазушы ретінде
тарихта қалғаны өздеріңе аян.
-Ендеше, Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп. Солардың бірегейін ғана атасақ
«Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Менің отбасым», «Майдандас
достарым», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Адам қайраты», «Артымызда Москва», батыр
бабамыздың өзі туралы жазылған А. Бектің «Арпалыс», «Волокалам тас жолы», Ә.Нұршайықовтың
«Ақиқат пен аңыз» шығармалары дәлел. Енді оқушылардың зерттеп , ізденген жұмыстарына кезек
берейін:
1-әдебиетші: Бауыржан бабамыз соғыстан кейін жоғары әскери академияны бітіреді.1956 жылы
демалысқа шығып, біржола шығармашылық жұмыспен айналысады.Ол орыс және қазақ тілдерінде
бірдей жазады. Оның «Біздің отбасы», «Артымызда Москва», «Майдандағы кездесулер» сияқты
243
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.
2-әдебиетші: Б. Момышұлы –ерекше тұлға. Сондықтан да ол туралы жазылған көркем шығармалар,
өлең-жырлар, тіпті халық арасында кеңінен тараған ауызекі әңгімелер де көп-ақ. Соларда қазақ
халқының осы біртуар азаматының білімділігі, дарындылығы, ерекше батылдығы, жарлы-
жақыбайларға, кемтарларға аса қамқорлықпен қарайтыны, кем адамдарды ерекше сыйлайтындығы
сияқты көптеген қасиеттері айтылады. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді келтіре
кетсем, ол кісі былай деді: «Кейде менің есіме, өнеге алған, тәлім үйреткен, дәріс оқыған
ұстаздарымды еске түсіре ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен әжем, ата-
анамның бейнесі елестейді. Солардың уағызы басымырақ бола береді».
3-әдебиетші: «Жаным-арымның садағасы» деген сияқты ерекше мағынасы бар халық мақалы,
орыстың кемеңгер қолбасшысы А.В.Суворовтың: «Әскери машықта азаптансаң, ұрыста
қиналмайсың» деген тамаша қағидасы, Панфиловтың «Солдат жаумен шайқасқанда өлу үшін емес,
өмір сүру үшін шайқасады» деген нақыл сөзі бабамыздың күнделікті іс-әрекетінде бұлжымас ереже,
жетекші нұсқау болды.
4-әдебиетші: Б. Момышұлы соғыс жылдарында қатал әскери бастық болып қана қоймай, сонымен
қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, дарынды да талантты
сардары бола білді. Жауынгерлерді қан майданда халықтың қасиетті тапсырмасын, сүйікті
Отанымыздың абзал аманатын абыроймен адал орындайтын жалынды патриоты етіп тәрбиелеу үшін
Б. Момышұлы халықтың даналығынан туған мақал- мәтелдерді, қанатты сөздерді, өсиеттері мен
қағидаларды кеңінен пайдаланып отырды. Бауыржан атамыздың мына қанатты сөздері: «Опасызда
Отан жоқ», «Епсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды», «Командир-аға, солдат-іні» сөздері соған
дәлел.
5-әдебиетші: Қиян-кескі арпалыс тұсында Бауыржанның өзі де сол дәуірге дөп келетін көптеген
нақыл сөздерді тудырып еді. Солардың біразын мысалға келтірейін:
1.Әдіссіздік- әлсіздік, ептілік те ерлік.
2.Қара бет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық!
3.Өжеттіктен не пайда, ерлігі мен ақылы көпті батыр етпесе!
4.Жігіт болсаң жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін.
5.Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің.
6.Ашуыңа ақылыңды жеңдірме.
7.Хас батыр ұрпағы бардың арманы жоқ.
6-әдебиетші: «Б.Момышұлы тек атақ-даңқы шыққан батыр ғана емес, терең ойлы, өзіндік пікір
толғанысы бар, алғыр да тапқыр азамат»- деп бағалаған қазақ халқының заңғар жазушысы М. Әуезов.
Бауыржан (оқушы):
Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,
Я өліп,я болмаса өлтіретін.
Жүректе жанып тұрған жұлдызыңды,
Жандыратын болмаса сөндіретін.
Соғыста бір-ақ заң бар, мен білетін,
Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін.
Жас қаның туған жерге босқа ақпасын,
Онсыз сен көре алмайсың жердің бетін!
1-журналист: «Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады»- дейді Б.Момышұлы. Ол
халықтың, ұрпақтың рухының сынбауын армандады.
Оның образы арқылы: -Отанына деген сүйіспеншілікті, өз парызын шексіз қызмет етуді
шыншылдықпен әділдікті, шыдамдылықпен төзімділікті, батылдық пен қаhармандықтың қандай
қасиетті екенін ұғынамыз.
-Б. Момышұлының- жазушы, көрнекті қолбасшы болғанын батыр бойынан байқаймыз.
2-журналист: Қорыта келгенде, батыр ата Бауыржанды кім деп танимыз?
Оқушылар интерактивті тақтаға жазады.
3-журналист: -Енді Бауыржан дүниесін терең жинақтап, ғылым тілімен қандай баға беруге болады?
244
Достарыңызбен бөлісу: |