7. Ұйымдастыру бөлімі -4,5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 11,25мин (15%)
Шаш, тері және май бездерінің аурулары: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері.
Емдеу, арнайы профилактикаларын
9. Жаңа сабақты түсіндіру – 22,5 мин (30%)
Пиодермия: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері.
Патогенез, алдын алу шараларын
Емдеу, арнайы профилактикаларын
Ақпараттық-дидактикалық блок
Пиодермиялар (терінің іріңді аурулары) – іріңдікті микроорганизмдермен негізінен стафилококктармен, стрептококктармен жиі, басқаларымен сирегірек (псевдомонозды инфекция және басқалар) туындайтын тері ауруларының тобы.
Пиодермиялар – барлық жастағы топтарда ең кең таралған тері аурулары. Бұл стрептококктар, стафилококктардың адамды қоршаған ортасында (ауада, жабық орынның шаңында, киімде, адам терісінде) жиі кездесуімен байланысты болуы мүмкін. Зақымдалмаған таза тері бактериялардың ішке енуіне сенімді тосқауыл бола алады. Бірақ тері зақымдануларында (жарақаттар, сызаттар, тырналу), оның жақпа майлармен, шаңмен, жану сұйықтықтарымен ластануында, теріге дұрыс күтім жасамағанда оның қызметі, соның ішінде қорғаныс қызметі де бұзылады. Аурудың дамуына ағзаның иммунды жүйесінің төмендеуі, тер құрамының бұзылуы және терінің су-липидті мантиясының рН, май секретінің құрамы мен санының өзгеруі, тиімсіз тамақтану, гиповитаминоз (А, С, В тобы), эндокринді бұзылыстар (қантты диабет, тоңу, қалжырау және т.б.) ықпал етеді.
Терінің іріңді ауруларының клиникалық пайда болуы алуан түрлі. Фолликулиттер, вульгарлы сикоз, сыздауық, карбункул, гидраденит, вульгарлы безеу, импетиго, созылмалы жаралы пиодермия кең таралған болып табылады.
Еметін балаларда нәрестелік эпидемиялық көпіршік дамуы мүмкін. Пиодермия қышитын тері ауруларын, әсіресе қотырды, экземаны, нейродермит, атопиялық дерматитті (екіншілік пиодермия) жиі асқындырады. Пиодермия үш негізгі топқа бөлінеді: стафилодермия, стрептодермия және стрептостафилодермиялар, олар өз кезегінде беткейлі және терең формалы болып бөлінеді.
Этиологиясы және патогенезі. Стафилодермиялар негізінен грам оң алтын сары стафилококкпен (Staphylococcus aureus) шақырылады. Түкті фолликулдарды мекендей отырып стафилококктар фолликулярлы пустулалардың қалыптасуына ықпал жасайды, ережедегідей, олардың пішіні конус тәрізді болып келеді. Жаңа туған нәрестелерде фолликулярлы аппарат жеткіліксіз дамыған, негізінен фолликулярлы пустулалар түзілмейді, тек іріңді сұйықтықты везикобуллезді элемент (эпидемиялық көпіршік) пайда болады.
Стрептодермиялар негізінен В-гемолитикалық стрептококкпен шақырылады және солғын қақпақшалы, ішінде іріңді сұйықтық және периферия бойымен қабынулы тәжді, диаметрі 0,5-0,8 мм жалпақ көпіршікті фолликулярлы емес пустула-фликтенамен сипатталады. Терең зақымдануларда қабынулы инфильтрат түбінен күшейеді және тіндер жара түзілімінен-эктимдерден таралуға ұшырайды. Көп жағдайларда осы екі қоздырғыштың бірге әрекет етуі байқалады, нәтижесінде вульгарлы импетиго немесе созылмалы жаралы пиодермия түріндегі зақымдалу түзіледі.
Микоздар (саңырауқұлақты аурулар) – патогенді саңырауқұлақтармен туындаған тері жамылғыларының зақымдануының ауқымды тобы.
Дерматомикоздардың заманауи жіктемесі саңырауқұлақтардың тұқымына және түріне, зақымданған тіндерге ену тереңдігі және бұл тіндердің жауап реакциясына, саңырауқұлақтардың тері қосалқыларына (шаштар, тырнақтар) қатынасына, микоздың басым орналасуына байланысты негізделген.
Оларды былай бөледі: І. Кератомикоздар: түрлі-түсті теміреткі және басқалар. ІІ. Дерматофитиялар: шаптық эпидерматофития; табан эпидермофитиясы, руброфития, трихофития; микроспория; фавус. ІІІ. Кандидоз. IV. Терең микоздар: бластомикоз, споротрихоз. Хромомикоз және басқа да псевдомикоздар; эритразма, актиномикоз.
Кератомикоздар дегеніміз - қоздырғыштар эпидермистің тек мүйізді қабығын зақымдайтын және терінің қабыну реакциясын туғызбайтын терінің саңырауқұлақты аурулары.
Дерматофитияларға теріні (негізінде эпидермисті) және оның қосалқыларын (шаштар және тырнақтар) зақымдайтын саңырауқұлақтармен шақырылатын микоздар тобына жатқызады. Ондай қоздырғыштарға Trichophyton, Microsporum және Epidermophyton тұқымының саңырауқұлақтарын жатқызады.
Дерматофиттердің басқа микроорганизмдерден ерекшелігі, олар адам қанынын температурасынан төмен температурада жақсы өседі. Оларға 25-тен 30°С-қа дейінгі температура қолайлы. Олар төмен температураны жақсы көтереді, ал жоғары температурада өледі.
Жоғары температураны дезинфекцияның тиімді әдісі ретінде қолдануға болады. Дерматофиттердің дамуы мен өсуіне қажетті жағдай ылғалды орта болып табылады. Бұл әсіресе өкше микоздарының қоздырғыштарына қатысты. Міне сондықтан ауруды жұқтыру және оның асқынуы көбінесе жазғы уақытта, аяқтың терлегіштігі артқанда байқалады. Дерматофиттер ультра күлгін сәулеге төзімді, олардың өмір сүруіне оптимальды жағдай нейтральды және әлсіз сілтілі орта; қышқылдықтың осы немесе басқа жаққа ығысуы, әсіресе қышқыл жаққа ығысуы саңырауқұлақтарға негативті әсер етеді. Кейбір дерматофиттер тек адамда паразиттейді, ал басқалары – адамда және жануарларда паразиттейді.
Аяқ ұшы микозы (руброфития және эпидермофития) ересектерде басым кездеседі. Негізгі ролді тері жамылғысының қышқылды-сілтілік балансының жастық өзгерістері, тері майының химиялық құрамы ойнайды. Ересектерде тері жамылғысының әртүрлі бөліктерінде тердің реакциясы кең көлемде тербеледі: баста, арқада, кеудеде қышқылды, ал саусақ аралық қыртыстарда, әсіресе аяқ башпайларында – нейтральды немесе әлсіз сілтілі. Дерматофитияның дамуына ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, толыққанды тамақтанудың болмауы, дәрумендер жетіспеушілігі, алмасу бұзылыстары, гормональды теңгерімсіздік және басқалар ықпал етеді. Сыртқы әсерлерден микотикалық процестің пайда болуы мен дамуына тері жамылғыларының бүтіндігінің бұзылуы, әсіресе микрожарақаттар түрінде және терінің ылғалдылығын күшейтетін факторлар ықпал етеді.
Тері қыртыстарында жиі кездесетін эпидермистің мацерациясы (баздануы) және артық ылғалдылық мүйізді қабаттың түсуімен, серозды сұйықтықтың жиналуымен және ортаның қышқылдануымен жүреді, бұл теріге патогенді саңырауқұлақтардың енуіне және олардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан жазғы уақытта жабық аяқ киімді, әсіресе табаны резеңке аяқ киім, синтетикалық материалдан тоқылған, терді өткізбейтін шұлық кию аяқ ұшының микозының дамуына әкеледі. Дерматофитияның патогенезінің негізгі мәні ағзаның спецификалық сенсибилизациясына жатады, ең алдымен терінің, яғни ауруды шақыратын саңырауқұлаққа сезімталдықтың артуында.
Сүйелдер папиломавируспен шақырылып тікелей немесе әртүрлі зат арқылы жұғуы мүмкін. Зақымдануға микротравма, терінің сүйкелуі (мацерация) бейімділік туғызады. Сүйелдердің мынадай түрлері болады: вульгарлы, жалпақты, табанды және өткірүшті. Алғашқы екі түрі жас балалар мен жас өспірімдерге тән.
Вульгарлы сүйелдер домалақ папула болып келеді. Көлемі түйреуіштен асбұршаққа дейін, түзу емес, қабыршақтану бетімен. Олардың түсі теріге тән болуы мүмкін, бозсұрлы немесе сарғыш-қоңыр. Көп шығатын орны қолдар. Бір-бірімен қосылып сүйелдер үлкен ісікке қотыр элеметке айналуы мүмкін.
Жалпақты сүйелдер бұлар папулалар, жылтыр бетімен, тері устінен сәл көтеріңкі, көлемі түйреуіштік басынан тарыға дейін болады, түсі теріге тән және қызғыш-сары немесе көкшіл. Олар домалақ болуы мүмкін және дұрыс емес көп бұрышты тәрізді. Жалпақты сүйелдерге көп бөрпе шығуы тән, қолдың сырқы жағына, бетке және білезік буында. Жалпақты сүйелдер қатты ауырғаннан ерекшеленеді және мазольға ұқсайцды. Емі: вульгарлы, жалпақты және табанды сүйелдер өз еркімен жазылуы мүмкін. Вульгарлы және жалпақты сүйелдер 50% науқастарда гипнозбен және өзін сендірумен кетеді. Барлық сүйелдерде 5% фторурацил майымен және пергидролмен сүртуге кеңес беріледі.Ең жақсы емі вульгарлы сүйелдердің бұл криотерапия, мұздатылған емдеу.
Контогиозды моллюск ірі сүзілген эпидермотроптық вируспен шақырылады. Жартылай шарлы, тығыз, жартылай түссіз, сәл жылтыр түсті түйінді түзілу болып келеді. Ортасында кіндік тәрізді ой (пупковидное вдавление) оның көлемі ұлғайып түйреуіш басынан бұршаққа дейін барады. Түсі қызғылт немесе терінің түсі тәрізді. Пинцетпен басқан кезде одан сұр түсті ақ ботқа масса шығады. Екі-үш айдан кейін контогиозды моллюск өз еркімен кетеді. Бұл ауру балаларға тән. Үлкендерде де кездеседі. Сирек жағдайда бір-біріне қосылған кезінде гигантты контогиозды моллюск болады, көлемі көгершіннің жұмыртқасындай.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 26,25 мин (35%)
Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру
11. Жаңа тақырыпты бекіту – 7,5ин (10%)
12. Сабақты қорытындылау – 1,5 мин (2%)
Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау – 1,5 мин (2%)
13. Үйге тапсырма беру – 1,5 мин (2%)
5 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Дерматомикоздар: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері. Қотыр, педикулез: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері. Клиникалық венерологиялық аурулар. Мерез, соз және басқа аурулар: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері. Несеп-жыныс жүйесінің зақымдануымен бірге жүретін инфекциялар – хламидиаз, трихомониаз және т.б.: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері. АИТВ-инфекциясы: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
2. Сағат саны: 6 с.
3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: Дерматомикоздар: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу және күтім жасау принциптері.
тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу
дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: ҚЖАА оқыту бөлмесі.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. Сестринское дело при инфекционных заболеваниях. В.А.Малов. Москва 2005г. Е.П.Шувалова. Инфекционные болезни. 2000г.
2. Е.П.Шувалова Инфекционные болезни. Москва. Медицина, 1995г.
3. Под редкацией В.И.Покровского Руководство по инфекционным болезням. М.Мед., 1999г.
4. К.Н.Бунин “Инфекционные болезни“. М., Медицина , 1977 ж.
5. В.И.Покровский, К.М.Лобан “Руководство пр инфекционным болезням“ М.Медицина, 1986 ж.
Қосымша (Қ)
1. Год редакцией Мусабаева. Руководство по зоонозным и паразитарным болезням. Ташкент. 1987г.
2. Н.Н.Худалеева “Менеджер сестринского дела“ Журнал “Медицинская помощь“ №5, М.Медицина 1996 ж.
М.Я.Ярешевский Зав.курсом Мед.Этики Московской Мед.Академии им.И.М.Сеченева. “медицинский работник и пациент“ М.Мед., 1996 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |