2007- 2009 жылдардағы жеңіл өнеркәсіп товар өнімдерін өндіру
мен нақтылы көлем индексі өзгерістерінің
динамикасы
Сур. 7
Ішкі сала кәсіпорындарының дамуына ықпал ететін негізгі себептер нарықтың неғұрлым арзан шет елдік товарларға толуына байланысты бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі, тұрғындардың өзгеріп отыратын сұранысына жылдам жауап бере алатын бейімделгіш технологияның жоқтығы, моральдық және қызмет жағынан ескірген құрал-жабдықтарды жаңғырту үшін өз қаражаттарының жетіспеушілігі болып отыр.
Облыста Қазақстанның іскерлік ағашының қорының 70 % астамы шоғырланғанына қарамастан ағаш өңдеу мен ағаштан бұйымдар жасап шығарудың ішкі саласы тиісті деңгейде дами алмай келеді. Бұл саланың негізін сіңдірілген шпал шығаратын «Жаңа Семей шпал заводы» АҚ құрайды. Шағын бизнес кәсіпорындары қиынды ағаштар, терезе және есік ағаштарын, жиһаз жасауға маманданған.
2009 жылы осы сала кәсіпорындары өндірген өнеркәсіптік өнімнің көлемі 1,3 млрд. теңгені құрады, немесе қала көлемінің 1,4 %. Өнеркәсіп өнімдерінің нақтылы көлемінің индексі 75,3 % құрады.
Ағаш өңдеуші өнеркәсіптегі нақтылы көлем индексі мен товар өнімдерін өндіру индексінің өзгеру динамикасы 8 суретте көрсетілген.
Ағаш өңдеу өнімдерінің өндірісінің төмендеуі басқа елдерден ағаш материалдары мен өңделген ағаш өнімдерінің импортының көлемін өсуіне алып келеді.
2007- 2009 жылдардағы ағаш өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру мен нақтылы көлем индексі өзгерістерінің динамикасы
Сур.8
Ішкі саланың проблемалық мәселелеріне мыналар жатады:
- ағаш өңдеу мен ағаштан бұйымдар шығару бойынша қазіргі заманғы өндірістің жоқтығы;
- ағаштан шпал жасауға мемлекеттік тапсырыс алудың тұрақсыздығы.
Сусындарды қоса есептегендегі тамақ өндірісі өнеркәсібі саласының экономикалық көрсеткіштері қаланың өндірілмейтін өнімдерді есепке алмағанда (күріш, қант, теңіз өнімдері, ерте пісетін жемістер мен жидектер) қала тұрғындары үшін пайдалану стандарттары бойынша қажетті көлемде негізгі азық-түлік товарларын (ұн, макорон, нан, нан және кондитер өнімдері, печенье, колбаса өнімдері, ет консервілері) өндіру үшін қажетті өңдеуші қуаттарының бар екендігін көрсетеді. Сусындарды қоса есептегендегі тамақ өнімдерін өндіру 9 бағытты қамтиды, оларда 5 ірі және орта кәсіпорын қызмет етеді.
2009 жылы сала бойынша 15,5 млрд. теңге көлемінде товар өнімдері өндірілген, бұл қолданыстағы бағалар бойынша 2008 жыл деңгейімен салыстырғанда 0,9 млрд. теңгеге аз болып келеді, нақтылы көлем индексі 91,7 % құрады (сурет 9).
Достарыңызбен бөлісу: |