Семей ќаласы аумаєыныѕ



жүктеу 5,64 Mb.
бет1/24
Дата16.02.2018
өлшемі5,64 Mb.
#9931
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24



Семей қаласы аумағының

2011- 2015 жылдарға арналған даму БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей қаласы, 2010 жыл

МАЗМҰНЫ

1. Паспорт

4

2. Ағымдағы жағдайды талдау

9

2.1. Табиғи мүмкіндіктері

9

2.2. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау

12




2.2.1.

Экономикалық дамуы

12




2.2.1.1

Өнеркәсібі

12




2.2.1.2

Агроөнеркәсіп кешені

28




2.2.1.3

Туризм

34




2.2.1.4

Негізгі қорға инвестициялар

36




2.2.1.5

Шағын және орта кәсіпкерлік

39




2.2.1.6

Сауда

42




2.2.1.7

Қоршаған ортаның жағдайы

43

2.2.2 Әлеуметтік сала

49




2.2.2.1

Білім беру

49




2.2.2.2

Денсаулық сақтау

53




2.2.2.3

Мәдениет

62




2.2.2.4

Дене мәдениеті және спорт

65




2.2.2.5

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

67




2.2.2.6

Тілдердің дамуы

72




2.2.2.7

Ішкі саясат

74




2.2.2.8

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп

76




2.2.2.9

Мұрағат ісі

79

2.2.3. Инфрақұрылым кешені

81




2.2.3.1.

Электрмен қамтамасыз ету

81




2.2.3.2

Сумен қамтамасыз ету

85




2.2.3.3

Жылумен қамтамасыз ету

89




2.2.3.4.

Су жеткізіп беру

92




2.2.3.5

Жолдар

94




2.2.3.6

Телекоммуникация және байланыс

96




2.2.3.7.

Көлік

98




2.2.3.8

Көріктендіру

100

2.2.4 Территориялық құрылым

101




2.2.4.1

Ауыл өмірін қамтамасыз ету

103




2.2.4.2

Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту

105

2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесі

108




2.2.5.1

Қала бюджеті

113

2.3 Территоряның әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

114

2.3.1 Бәсекенің дамуы

116

2.4 Проблемалар, тәуекелдер, бәсекелік артықшылар мен мүмкіндіктердің кешенді сипаттамасы

117

3. Аймақтың дамуына көзқарас

119

4. Мақсаттардың негізгі бағыттары, міндеттер, мақсат индикаторлары, нәтиже көрсеткіштері мен қол жеткізу жолдары

125







Стратегиялық бағыт 1. Аймақ экономикасының өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияларда, шағын және орта бизнесте, саудада, туристік салада және қоршаған ортада жедел дамуы.

125







Стратегиялық бағыт 2. Әлеуметтік саланың және адам мүмкіндіктерінің дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтің барлық түрлерімен қамтамасыз ету

145




















Стратегиялық бағыт 3. Экономиканы жедел индустрияландыру мен сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметін қамтамасыз етуге жағдай жасайтын инфрақұрылымдық кешенді жаңғырту.

171







Стратегиялық бағыт 4. Аумақтық құрылым

181







Стратегиялық бағыт 5. Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы.

187







Стратегиялық бағыт 6. Бәсекелестікті дамыту.

194

5. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті қорлар.

195

5.1. Қаржыландыру көздері бойынша.

195

6. Бағдарламаны басқару

195



  1. Паспорт




Атауы

Семей қаласы аумағының 2011- 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы


Құрастыруға негіз болған құжаттар

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 18 маусым 2009 жылғы № 827 Жарлығы, ҚР 2010- 2014 ж. Жедел индустриялды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасы № 958 19 наурыз 2010 ж., Қазақстан Республикасы Президентінің 1 ақпан 2010 ж. № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылғы дейінгі дамуының Стратегиялық жоспары және 1 наурыз 2010 ж. дейінгі қолданыстағы аймақтық бағдарламалар.

Құрастырушы

Семей қаласы экономика және қаржы бөлімі мүдделі қалалық салалық бөлімдермен бірлесе отырып

Стратегиялық бағыттар

Аймақ экономикасының өнімділігі жоғары инновациялық технологияларды өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияларда, шағын және орта бизнесте, саудада және қоршаған ортада енгізу негізінде жеделдете дамыту;

- әлеуметтік сала мен адам мүмкіндіктерін дамыту, тұрғындардың өмір сапасының деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтің барлық түрлерімен қамтамасыз ету;

- экономиканы жедел индустрияландыру мен сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметін қамтамасыз етуге жағдай жасайтын инфрақұрылымдық кешенді жаңғырту;

- аймақтық құрылым;

- мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін дамыту;

- бәсекелестікті дамыту;



Мақсаттар


Өнеркәсіпті диверсификациялау мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы тұрақты және теңгерімділікті дамуын қамтамасыз ету;

- аймақтық азық-түлік қауіпсіздігін

қамтамасыз ету;


  • бизнес-климатты жақсарту және аймақ экономикасына инвестициялар құюды ынталандыру;

  • бәсекеге қабілетті туристік саланы құру мен дамыту және аймақ имиджін көтеру;

  • қоршаған ортаны тұрақтандыру мен сапасын арттыру;

  • шабылған жерлердегі ормандарды қалпына келтіру, орманды өрттен қорғау;

  • әлеуметтік сала мен адам мүмкіндіктерін дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасының деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтің барлық түрлерімен қамтамасыз ету;

  • сапалы білім алудың қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау мен құқықтарын қорғаудың пәрменді жүйелерін арттыру;

  • қала тұрғындарының денсаулығын нығайту мен сақтау;

  • отандық өнерді сақтау, көпшілікке танымал қылу, насихаттау;

  • көпшілік спорты мен жоғары нәтижелер спортын дамыту;

  • әлеуметтік көмек қажет ететін тұрғындарға адрестік көмек көрсету;

  • мемлекеттік тіл мен тұрғындардың лингвистикалық қорын дамыту;

  • ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

  • ұлттық мұрағат қорының ақпараттық мүмкіндіктерін дамыту мен сақтау үшін қажетті жағдай жасау;

  • көшелер мен қоғамдық орындарда сенімді құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту;

  • электр энергиясымен үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету;

  • аймақ тұрғындарын кепілді сапасы бар және қажетті мөлшердегі ауыз суымен тұрақты қамтамасыз ету;

  • тұтынушыларды жылу беру қызметімен тұрақты және сапалы қамтамасыз ету, аймақтың елді мекендеріне су жеткізу жүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

  • автомобиль жолдары инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру;

  • тұрғындарды қол жетімді және сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

  • қала аумағында құрылыстың пәрменді дамуы мен тұрғын үйлердің қол жетімділігін қамтамасыз ету;

  • жерді тиімді пайдалану үшін қаланың жер қорын бөлу бойынша көкейкесті мәліметтер қалыптастыру;

  • мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін дамыту және т.б.;

Міндеттер

Өнеркәсіптің диверсификациясы мен

бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін басым бағыттарын дамыту;



  • азық-түлік товарларының ішкі нарығында отандық өнімдердің үлес салмағын арттыру;

  • шикізаттық емес экспортқа бағытталған жоғары технологиялы өндіріске инвестиция тарту үшін тиімді жағдай қалыптастыру, сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту;

  • табиғатты пайдалануды экологиялық реттеу жүйесін жетілдіру;

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілерін отбасыларына орналастыруды жетілдіру, қаңғыбастықты, қараусыз қалуды, әлеуметтік жетімдікті болдырмау;

  • тұрғындардың денсаулығын одан әрі нығайту;

  • медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;

  • азаматтардың нәтижелі еңбек етуіне мүдделілік жүйесін құру мен дамыту;

  • аз қамтамасыз етілген тұрғындардың еңбекке қабілетті бөлігінің экономикалық белсенділігін ынталандыру;

  • қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірінің, денсаулығының, құқықтары мен бостандықтарының қажетті деңгейін қолдау;

  • тұтынушыларды электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету;

  • елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамыту;

  • көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру мен жетілдіру;

  • тұрғын үй құрылысын дамыту;

  • ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту және т.б.;

Жүзеге асыру кезеңдері

І кезең (аралық) - 2011- 2013 жылдар, бірінші кезектегі іс-шараларды жүзеге асыру;

ІІ кезең (түпкілікті) - 2014- 2015 жылдар, алға қойған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру.

Мақсат индикаторы

Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің жинақтық көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлес салмағын 78,5 % арттыру;

  • инновациялы-белсенді кәсіпорындардың үлес салмағын 17,7 % арттыру;

  • ұйымдар, кәсіпорындардың сатып алуларында қазақстандық мазмұнның үлес салмағын товарлар, жұмыс, қызмет бойынша 80,1 % арттыру;

  • өнеркәсіптік құрылыс материалдарын өндірудегі еңбек өнімділігін 1,7 есеге арттыру;

  • жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемін 2 есеге арттыру;

  • машина құрастыру саласындағы еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыру;

  • көмір өндірудің көлемін 6,4 млн. тоннаға арттыру;

  • фармацевтикалық өнеркәсіп өндірісі көлемін 5 есеге арттыру;

  • өнеркәсіп өнімдерін өндірудің жалпы көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлес салмағын 15% арттыру;

  • 2015 жылға қарай туристік қызмет саласында қызмет көрсететін мекемелердің жиынтық кірісін 2008 жылғы деңгейден 15 % кем емес көлемде арттыру (2008 ж.- 290,7 млн. теңге);

  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін 2,1 есеге өсіру;

  • қала агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық мүмкіндіктерінің үлес салмағын облыс экспортының жалпы көлемінің 0,7 % жеткізу;

  • ішкі нарықтың азық-түлік тәуелсіздігінің 100 ℅ қамтамасыз ету;

  • балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге балалардың жалпы санының 89,0 % қамту;

  • тұрғындардың күтілетін өмір жасының ұзақтығын 69 жасқа дейін арттыру;

  • жалпы өлім көрсеткіштерін мың адамға шаққанда 7,1 дейін төмендету;

  • облыс тұрғындарының мәдениет саласы қызметінің сапасына қанағаттануының көлемін 55 % арттыру;

  • дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды тұрғындардың жалпы санынан 21,2 % дейін арттыру;

  • 2015 жылға қарай еңбекпен қамтылған тұрғындардың қаланың экономикалық белсенді тұрғындарының санынан үлес салмағын 93,3 % жеткізу;

  • 2015 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 6,7 %;

  • мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлес салмағын 76,0 % дейін арттыру;

  • мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген тұрғындардың үлес салмағын 3,3 % дейін арттыру;

  • қала жолдарының орта есеппен 65 % жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болады;

  • төтенше жағдайлар кезінде қаланы жедел қызмет көрсету күштерімен қамту деңгейі 79 %.



2. Ағымдағы жағдайды талдау

Семей қаласы аумағының 2011- 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы (бұдан әрі даму бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 ҚР 2010-2014 ж. жедел индустриялды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылғы дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарын орындау мақсатында құрастырылған.

Даму бағдарламасы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қала экономикасының барлық салаларының тең көлемде дамуы үшін жағдай жасауға, өсім нүктелерін қалыптастыруға бағытталған. Жобада Даму стратегиясы мен 2015 жылға дейінгі бәсекеге қабілеттілікті арттыру стратегиясы, экономика салаларын дамыту бойынша бағдарламалық құжаттардың негізгі ұғымдары кіріктірілген.

Даму бағдарламасы шеңберінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі жағдайына талдау жасалынған, күшті және әлсіз жақтары анықталған, қатерлер мен даму мүмкіндіктері анықталған.

Семей аймағы Шығыс Қазақстан облысының жетекші аймақтарының бірі болу үшін елеулі бәсекеге қабілетті артықшылықтарға ие. Негізгі бәсекелестік артықшылықтарына мыналар жатады: тиімді географиялық орналасуы, кен өндіру мен металл өндіру өнеркәсібі үшін қажетті минералдық шикізаттардың елеулі көлемінің болуы, металл өңдеу саласында елеулі технологиялық мүмкіншіліктерінің болуы, орман және энергия қорларының болуы, біліктілігі жоғары мамандарының болуы.

Даму бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру қолда бар бәсекелестіктегі артықшылықтарды есепке ала отырып, сондай-ақ қатер мүмкіндіктерін есепке ала отырып тұрақты экономикалық, әлеуметтік, инфрақұрылымдық даму жағдайында тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.Стратегиялық мақсаты экономиканың дамуын диверсификация мен барлық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инженерлік инфрақұрылымның пәрменділігі, ішкі және сыртқы жағдайларды барынша пайдалану есебінен әлеуметтік сала мен әлеуметтік-демографиялық саланың дамуы, табиғат кешенінің қайта өңдеу мүмкіндіктерін сақтау, тұрғындардың өмір сүруінің тиімді жағдайларын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны қалпына келтіру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.



Аймақтың жалпы сипаттамасы

2.1. Табиғи мүмкіндіктері

Семей қаласының әкімшілік басқаруындағы территория 1997 жылы Абыралы ауданы мен бұрынғы Семей облысының Жаңасемей ауданының бір бөлігінің қосылуы нәтижесінде қалыптасты және 27,8 мың текше километрді құрайды.

Аймақ шығысында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан және Жарма аудандарымен, солтүстігінде - Бородулиха ауданымен, батысында - Павлодар обылысымен, оңтүстігінде - Қарағанды обылысымен, Абай және Аягөз аудандарымен шектеседі.

Қала құрамына 14 ауылдық және 2 поселкелік округтер кіреді, олар 37 ауылдық елді мекендер мен 2 қала типтес поселкені біріктіреді.

1 шілдеде жағдайына тұрғындардың саны 318,2 мың адамды құрайды. (Шығыс Қазақстан обылысы халқының 22 %).1 қаңтар 2010 жылдағы ұлттық құрамы төмендегідей: қазақтар 62 %, орыстар 30,0 %, өзге ұлттар 8 %.

Табиғи-климаттық жағдай бойынша қала территориясы орманды далалы, шөлейтті және жартылай шөлді аймақта орналасқан.

Климаты қатаң континенталды, ауа температурасының тәуліктік, маусымдық және орташа жылдық өзгерушілігінің амплитудасы үлкен.

1 қаңтар 2010 жылдағы жағдай бойынша алып жатқан жер өлшемінің көлемі 2780,7 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 904,2 мың га, немесе 32 %. Топырақ жамылғысы ашық-сарғылт түсті, Ертіс өзені маңында қою сарғылт түсті топырақты жерлер де кездеседі.

Қала территориясымен облыстың басты өзен суы - Ертіс ағып өтеді, онда Шульба су қоймасы орналасқан. Барланған және бекітілген жер асты су қоры жалпы есепте тәулігіне 448,0 мың текше метрді құрайды. Оның ішінен маңыздысы болып тәулігіне 203,7 текше метр су қорымен барынша азбан құмының бұлақ жолағы болып табылады, бұл мәлімет 1968 жылы бекітілген болатын.

Аймақ территориясында 4 маргенец рудасының қазба орыны бар, олардың біреуі 400 метр тереңдікке қау күшімен өңделу үстінде. Құрамында рудасы бар түрлер окисті және карбонатты марганец рудасы бар әктас түрінде берілген. Қалған үш қазба орынында барлау жұмыстары жүргізіліп, олардың қорлары нақтылануда.

Семей қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 алтын өндірісі кен орындары орналасқан: Суздаль (қаладан 60 шақырым жерде), Орталық Мұқыр (қаладан 40 шақырым жерде), Жерек (32 шақырым), Мезек (320 шақырым) және Жанан (105 шақырым), оларды шаруашылық жүргізуші субьектілер өндіру үстінде. Кен орындары алтынды топтап қышқылдандыру әдісі арқылы өңдеуге жарамды.

Семей қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 120 шақырым жерде Шор мыс-молибден кен орыны орналасқан, оның қайта өңдеу саласын дамыту мен соңғы өнім алу үшін үлкен болашағы бар.

«Қаражыра» көмір кен орыны қаладан оңтүстік-батысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан, ол қаланы жылу қорлары қажеттігімен қамтамасыз етеді. Кен орынының көмірлі қабатының қалың қабаты басым болып келетін шартты түрдегі қарапайым құрылысын есепке алар болсақ, ол күрделіліктің екінші тобына жатқызылған.

Кен орыны ауданында жетілдірілген топырақты және асфальтталған қабатты дамыған жол желісі бар, сондай-ақ Курчатов қаласымен ұзындығы 90 шақырымдық темір жолмен байланыстырылған.

Беті өңделген және құрылыс тасының көптеген қорлары бар: мрамордың (Ақшам кен орыны), граниттің (Озерск және Дегелең), құмның (Семейтау және Самар).

Кірпіш пен цемент өндіру үшін қажетті сары топырақ кен орындары жұмыс істеуде.Қосалқы құрамдағы сапада шыны өндірісіне арналған кен орыны (құрамында кварц бар шикізат-альбитофир), сары топырақ (керамзит шикізаты), графит пен перлит шикізаты (витрофир) есептелінуде.

Пайдалы қазба байлықтарының кен орындарының болуы қала экономикасының өсуі үшін жағдай жасайды. Базалық салалар түсті металлургия мен құрылыс материалдары өнеркәсібі болып табылады, олардың үлесіне қаланың өнеркәсіп мүмкіншіліктерінің 44 % тиесілі болып келеді. Өнім өндіретін кәсіпорындар өнімдерінің номенклатурасында алтын, цемент, силикат және керамикалық кірпіш, шифер және өзге де құрылыс материалдары елеулі үлес салмағына ие.

Аймақта сондай-ақ машина құрылысы мен металл өңдеу, орман және ағаш өңдеуші, жеңіл және тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған.

Энергетикалық кешенді Шульба гидроэлектр станциясы мен Семей ЖЭО-ы құрайды.

Семей қаласы стратегиялық темір жол, автомобиль, су және әуе көліктері жолдарының артериясының қиылысында орналасқан.

Семей қаласындағы жолдардың жалпы ұзындығы 699,1 км құрайды, оның ішінде асфальтпен жабылғаны 224,56 км, жергілікті маңызы бар жолдар 272 км, оның ішінде асфальтпен жабылғаны 24,9 км.

Аймақ территориясымен магистралды автокөлік жолы Омск-Майқапшағай өтеді.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы дамудың оң өсімімен сипатталады, бұл нақтылы секторларда да, әлеуметтік сала мен инфрақұрылым кешенінен де көрінеді.

Машина құрылысы, энергетика, жеңіл және тамақ, химия және ағаш өңдеу өнеркәсіптері, құрылыс материалдарын өндіру үздіксіз дамып келеді.

Семей аймағы бай мәдени – тарихи мұраға ие, оны танымдық, ғылыми, ұлттық туризм объектілері ретінде қарастыруға болады.

Әлеуметтік салада халықтың табиғи өсімі құбылысы байқалады (жыл сайын орта есеппен 7,3 %), осы кезең ішінде жұмыссыздық деңгейі кәсіптік даярлау мәселелерінде күшті әсері бар шаралар қолдану есебінен 1,0 %-ға төмендеді және 7,1 % құрады.

Сонымен қатар аймақтың экономикалық дамуында байқалатын оң өзгерістер тұрақсыздық сипатына ие болып отыр.Өндірілетін өнімнің энергиялық сиымдылығы елеулі көлемде жоғары болып отыр, сол себепті оның бәсекеге қабілеттігі салыстырмалы түрде төмен болып келеді.Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың диверсификация деңгейі салыстырмалы түрде төмен, бұл әсіресе әлемдік қаржы дағдарысы шиеленіскен кезде анық байқалды.

Облыстың экологиялық проблемалары реестрінің құрамында қалада канализациялық докердің жарылу қауіпі мен Ертіс өзенінің ағын сулармен ластануы бар.

Жеке елді мекендерде инфрақұрылымдық мүмкіншіліктердің салыстырмалы түрде жоғары деңгейде бірқалыпты орналастырылмағандығы байқалады.


2.2. Аймақтың экономикалық жағдайын талдау


        1. Экономикалық дамуы

2.2.1.1. Өнеркәсібі

Семей қаласы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсібі дамыған аймақтарының бірі болып табылады. Мұнда металлургияның, машина құрылысының, энергетиканың, тамақ, жеңіл және ағаш өңдеуші өнеркәсіптің, құрылыс материалдары өндірісінің ірі кәсіпорындары орналасқан.

2009 жылы 87,6 млрд. теңге сомасындағы товар өнімдері өндірілген, бұл қолданыстағы бағаларда 2007 жылдың деңгейінен 5,5 % көп, ал облыс көлеміндегі үлес салмағы 17,8 % құрайды. 2007 жылдан бастап қаржы дағдарысына байланысты өндірістің нақты көлемінің индексі өнімдерге сұраныстың азаюы ықпалымен төмендеді, бұл әсіресе құрылыс материалдарына деген сұраныстың төмендеуінен туындады. (сурет 1).

Аймақтың өнеркәсібі үш сала арқылы берілген: кен өндіруші өнеркәсіп, өңдеуші өнеркәсіп, электроэнергияны, газ бен суды бөлу.


2007- 2009 жылдары өнеркәсіптегі товар өнімдерін

өндірудің нақтылы көлемі индексінің өзгеру

динамикасы

Сур. 1
Кен өндіруші өнеркәсіптің негізін көмір өндіру бойынша 1 ірі кәсіпорын, құрамында алтыны бар руда өндіру бойынша 3 кәсіпорын құрайды, олар сондай-ақ жаппай таралған пайдалы қазбаларды өндірумен де шұғылданады.

Кен өндіруші өнеркәсіптің өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 18,6 % құрайды.

2009 жылы 8,0 млрд. теңге сомасына товар өнімдері өндірілген, бұл қолданыстағы бағалармен 2007 жыл деңгейімен салыстырғанда 1,7 есе көп, ал облыстық көлемдегі үлес салмағы 8,7 %, өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақтылы көлем индексі 106,2 % құрады (сурет 2 қар.).


2007- 2009 жылдардағы кен өндірісі өнеркәсібінің товар өнімдерін өндірудің нақтылы көлем индексінің өзгеру динамикасы

Сур. 2
Соңғы 3 жылда қолданыстағы бағамен товар өнімдерін өндіру тұрақты өсіп келеді.

Кен өндіруші өнеркәсіпте Қаражыра көмір кен орыны сәтті игерілуде, 2009 жылы 5,25 млн. тонна көмір өндірілді.

2006 жылы Шор кен орынында «Ар-Ман» ЖШС мыс-молибден рудасын игеру мен өндіруді бастады, мұнда ағымдағы жылы қаржы дағдарысына және металлдарға әлемдік бағаның төмендеуіне байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылған болатын, бұл саланың дамуына өз ықпалын тигізді.

Тас пен құм өндіруші жаңа кәсіпорындар жұмыс істей бастады, олар «ALINA HOLDING» ЖШС жұқа ұнтақталған тығыздағыштар, «ALINA SEMEY» ЖШС өнімдері құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруде пайдаланылады, және «ALINA PRO» ЖШС.

Алтын кенін өндіретін кен орындарында 3 кәсіпорын жұмыс істейді, олар «ФИК «Алел» АҚ, «Даңқ» ЖШС, «Жерек» ЖШС, олардың жыл сайынғы өндіріс көлемі 4,5 млн. тоннаны құрайды.

2007- 2009 жылдардағы кен өндіруші өнеркәсіптің өнімдерінің маңызды түрлерінің өзгеру динамикасы төменде келтірілген (кесте 1 қар.).


жүктеу 5,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау