Семей ќаласы аумаєыныѕ


- 2009 жылдардағы көтерме және бөлшек сауданың



жүктеу 5,64 Mb.
бет8/24
Дата16.02.2018
өлшемі5,64 Mb.
#9931
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

2007- 2009 жылдардағы көтерме және бөлшек сауданың

өзгерістер динамикасы

Сауда саласының жағдайы SWOT- талдауында көрсетілген:



Күшті жақтары:

  1. көтерме сауда нарығында қалыптасқан қатысушылардың болуы.

Әлсіз жақтары:

  1. сауда заңдарының «айқын еместігі», нормативтік-құқықтық актілерде қазіргі заманғы терминологиялардың болмауы;

  2. сауда мамандықтары бойынша кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің әлсіздігі.

Мүмкіндіктер:

1. Кедендік одаққа кіруге байланысты сауда нарығының даму болашағының зор болуы;

2. бәсекенің өсуі, сауда желілерінің бәсекеге қабілеттілігінің артуы;


  1. ішкі нарықты тұтынушы товарларымен толтыру.

Қатерлер:

  1. азық-түлік товарлары бойынша да, өзге товарлар бойынша да импортқа

тәуелділігі;

  1. өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуына байланысты өндірілетін товарларға сұраныстың төмендеуі.

Проблемалық жақтары ретінде мыналарды келтіруге болады:

- сауда қызметін реттеу саласында заңдық қамтамасыз етудің әлсіздігі;

- ішкі сауда инфрақұрылымының даму деңгейінің төмендігі.
2.2.1.7. Қоршаған ортаның жағдайы

Семей қаласының экологиялық жағдайы қалаға әкімшілік жағынан бағынышты территорияларды қоса есептегенде көптеген табиғи және техногендік сипаттағы факторлармен анықталады.

Семей қаласындағы «ШҚ гидрометеорология орталығы» ЕМК зертханасының мәліметтері бойынша ауаның ластануы индексінің орташа көрсеткіші 4,1- 5,1 құрайды. Семей қаласының ауасының тазалығына ықпал ететін негізгі факторлар өнеркәсіп кәсіпорындарының лақтырған қалдықтары мен қозғалмалы көздер лақтыратын қалдықтардың мөлшерінің артып келе жатқандығы болып отыр. Семей қаласының ауасына түсетін ластаушы заттардың эмиссиясының көлемі 34,9 мың тоннаны құрайды. Семей қаласының стационарлы көздерінен лақтырылатын қалдықтардың негізгі бөлігі «Теплокоммунэнерго» МКК пайдалануындағы коммуналдық жылу қазандықтарының үлесіне тиесілі, сондай-ақ құрылыс өнеркәсібінің кәсіпорындары - «Семей цемент заводы» ЖШС мен «Силикат» ЖШС, олардың үлесіне қаланың ауасын ластайтын заттардың жалпы эмиссия көлемінің 70 % тиесілі болып келеді. Бұл кәсіпорындардың («Семей цемент заводы» ЖШС мен «Силикат» ЖШС) табиғатты қорғау іс-шараларын орындауға, лақтырылымдардың көлемін азайту мен тазалаушы қондырғылардың жұмыс нәтижелілігін арттыруға бағытталған шараларды орындауға өз қаражат шығындары едәуір көлемде бөлініп отырғанымен осы кәсіпорындар қала ауасын негізгі ластаушылар болып қалып отыр.

Қаланың ірі стационарлық көздерінің лақтырылымдарының жалпы көлемі 25,076 мың тоннаны құрайды, оның ішінде:



- «Семей цемент заводы» ЖШС

- 8,483 мың тонна

- «Теплокоммунэнерго» МКК

- 14,439 мың тонна

- «Силикат» ЖШС

- 1,322 мың тонна

- «Алел» ҚИС АҚ

- 0,232 мың тонна

- «Ар Ман» ЖШС

- 0,146 мың тонна

- «Семей АПК»

- 0,229 мың тонна

- «ТБЖБК» ЖШС

- 0,225 мың тонна


2007-2009 жылдардағы Семей қаласы ауасына ластаушы заттарды лақтырудың көлемінің өзгерістері динамикасы

(мың тонна)

Сур. 16
Соңғы жылдар ішінде стационарлы көздерден зиянды қалдықтарды лақтыру көлемінің аздаған өсуімен жағдайдың тұрақтануы байқалады. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда лақтырулар көлемінің өсуі 0,3 % құрады.

Сонымен қатар, аймақта жыл сайын жылжымалы зиянды қалдықтар лақтырушылар паркі көбейіп келеді, олар да ауаның сапасына кері ықпалын тигізеді, бұл да аймақтың тұрақты экономикалық дамуының тікелей салдары болып табылады.

Бұрынғысынша қаланың негізгі әлеуметтік және экологиялық проблемаларының бірі жылу беруші қазандықтардың санының өте көп болуы болып қалып отыр. Қазандықтардың технологиялық қондырғылары күшті ескірген және оларды ауыстыру көптеген қаражатты құюды қажет етеді. Шағын және орташа қуатты жылу көздерінің лақтыруларының ықпалы бүкіл қала бойынан анық көрінеді, себебі қазандықтардың өндірістік алаңдары қаланың тұрғын үй аймағының ішінде орналасқан және олардың нормативті–санитарлық қорғаныс аймағы сақталынбаған. Қаланың бұл мәселені түбегейлі шешуіне тек қуатты жылу көзінің құрылысын салу (ЖЭО- 3) және ЖЭО-1 толық күрделі жөндеуден өткізу мәселесі ғана орындай алады.

2009 жылы қала кәсіпорындарының Ертіс өзеніне су лақтыруы 19,3 млн. м3 құрады. Өнеркәсіптен лақтырылған судың ықпалындағы өзеннің едеуір бөлігінде судың сапасы 4 классқа сәйкес келеді, демек ластанған су деп есептелінеді.

Шульбинск су қоймасының салынуы Ертіс өзенінің ағысының қаттылығына ықпал етті, мұның өзі өзеннің өзін-өзі тазалау процесіне әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар, су қоймасындағы судың сапасы нашарлап бара жатқандығы байқалады, оның басты себептерінің бірі суды ауыстырудың ақырындауы болып отыр.

Балық шаруашылығы үшін маңызды су қоймасының СЖК-сымен салыстырғанда судың ластануын тексеру үшін судан қаладан жоғары аймақтан да, төменгі аймақтан да тексеруге су алынбаған.

Аймақтың кәсіпорындарында жыл сайын 5-тен 8 млн. тоннаға дейін өнеркәсіп қалдықтары жиналады, олар негізінен Семей қаласының әкімшілік аймағында орналасқан тау-кен кәсіпорындарының қалдықтары болып табылады. Олардың ең көп бөлігі кен өндіруші және кен өңдеуші кәсіпорындарға тиесілі. Сондай-ақ жыл сайын 70 мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналады. Қолданылып жатқан шаралар әзірге аймақты дамыған елдер стандарттарына жетуіне мүмкіндік бермей отыр.

Семей қаласының әкімшілік басқаруына жататын барлық дерлік ауылдық елді мекендер қатты тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге тастайды, олар қазіргі экология талаптарына сәйкес келмейді.

Жер қыртысының жағдайына жел және су эрозиясы процесстері, шаруашылық қызметі барысында көрсетілетін антропогенді қиыншылықтар ықпал етеді. Жалпы алғанда аймақтың жер қыртысының жағдайы тұрақты болып табылады, олардың улы заттармен ерекше ластануы тіркелген жоқ.

Аймақта жер қорларының жағдайына негізгі теріс ықпалды өнеркәсіп кәсіпорындарының шаруашылық қызметі келтіріп отыр.

Бұзылған жерлердің аймағы орта есеппен 1,9 мың га құрайды, оның ішінде өнеркәсіптің, көліктің, қорғаныстың және өзге де ауыл шаруашылығына жатпайтын мақсаттағы жерлер 1,43 га, қордағы жерлер – 0,42 мың га және елді мекендердің жерлері - 46 га құрайды.

Аталған жерлерді өңдеуден өткізіп отыру пайдалы қазба байлықтарының кен орындарын өңдеуді аяқтаған кезде жүргізіледі, мұның өзі бұзылған жерлерді қалпына келтіру процесін уақыт жағынан соза түседі.

Аймақтың өміршең мәселелерінің бірі бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының (одан әрі СЯСП) проблемаларын шешу болып отыр, оның салдарын оның маңайында тұратын халық әлі күнге дейін сезініп келеді, полигон аймағының басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысының жері болып табылады.

Қазіргі таңға дейін СЯСП-ның теріс ықпалына ұшыраған тұрғындарды сауықтандыру бойынша тиісті шаралар толық қабылданбай отыр. Жалпы дозалық жүктемелер бойынша толық ақпарат жоқ. Радиацияның ықпал ету деңгейінің басты өлшемі жинақталған дозалық жүктеме болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда тұрғындардың сәуле қабылдау мөлшерін, әсіресе ішкі сәулеленуді анықтайтын жеткілікті қазіргі заманғы ғылыми-әдістемелік база жоқ.

«Бұрынғы СЯСП тұрғындарын сауықтандыру бойынша медициналық және әлеуметтік-экономикалық проблемалар бойынша республикалық салааралық ғылыми-әдістемелік орталық» құру мүмкіндігін қарастыру қажет.

Соған байланысты ең проблемалы келесі мәселелер болып отыр:

- ауаның автомобиль көлігінің ластауының өсуі;

- трансшекаралық Ертіс өзенінің ластануы;

- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарының экологиялық проблемалары;

- Семей қаласының тазалағыш қондырғылары мен канализациялық желілерінің салыстырма түрде күшті ескіруі;

- Семей қаласына әкімшілік жағынан бағынышты елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигондардың болмауы.

Аймақта республиканың пайдаланылатын ормандарының негізгі бөлігі орналасқан (Қазақстан ағаштарының пайдаланылатын қорының 70 %). Орман, орман өңдеуші, орман химия өнеркәсібін, ағаш өңдеу негізіндегі құрылыс материалдары өндірісін дамытудың елеулі мүмкіндіктері бар.

Семей аймағының жерінде «МОТР «Семей орманы» ММ Семей бөлімшесі орналасқан.

Семей бөлімшесінің жалпы көлемі - 104130 га құрайды, оның ішінде - 69632 га, немесе 67 % орман алып жатқан жерлер.

Аймақтың орманы орман түрінің құрамы бойынша және аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты жоғары деңгейдегі өрт қауіпі бар аймақ болып есептелінеді, мұның өзі алдын алу өрт қауіпсіздігі іс-шараларын қамтамасыз ету мен жану көздерін жою бойынша іс-шараларға ерекше көңіл бөлуді талап етеді.


2007 жылдан 2009 жылға дейін «ГЛПР «Семей орманы» ММ Семей бөлімшесі мемлекеттік орман қоры жерінде 2007- 2009 жылдарда болған орман өрттерінің пайда болу динамикасы
Сур. 17
Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері орманда қауіпсіздік ережелерін сақталуын қадағалауды күшейту бойынша барлық шараларды іске асырып отыр. Алайда өртке қарсы құрал-жабдықтардың қажетті мөлшерінің жоқ болуына байланысты 2007-2008 жылдары орман өрттерін сөндіру кезінде қиыншылыққа тап болған жағдайлар кездесіп отырды.

Осындай жағдайларда орман ағаштарын отырғызу арқылы орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ерекше маңызға ие болады, сондай-ақ орманның табиғи өсуіне жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлу қажет.



Мемлекеттік орман қоры аймақтарында орман шаруашылығы мекемелері жыл сайын ағаш отырғызады.
2007-2009 жылдары «МОТР «Семей орманы» ММ Семей бөлімшесінің орман ағаштарын отырғызу динамикасы

Сур.18
Тұрақты жұмыс істейтін орман питомнигі бар, оның аумағы - 5,4 га, мұнда кәдімгі қарағай тұқымдары егіледі, олар одан әрі орман өрті шалған аймақтардағы орманға отырғызылады. 2011 жылы осы питомникті үлкейту жоспарлануда. Күзгі есеп жүргізу материалдары бойынша 2010 жылы питомникте төмендегі көлемдегі ағаш тұқымдары өсірілген:



  • бір жасар қарағайлар 1,5 га аумаққа - 1912 мың дана.

  • екі жасар қарағайлар 1,5 га аумаққа - 2084 мың дана.

2010 жылы 312 га аумаққа орман ағаштарын отырғызу жүзеге асырылды.

Қоршаған ортаны қорғау саласында шешуді талап ететін төмендегі проблемаларды атап көрсетуге болады:



ірі көлемдегі:

  • Семей ленталы борының азаюының байқалуы;

ұлттық көлемдегі:

  • бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының болуы;

  • кен өндіруші өнеркәсіп қызметі салдарынан тарихи қалыптасқан ластандыру объектілерінің болуы;

  • жерасты суларының авиа керосинмен ластануы;

  • авариялық жағдайдағы канализациялық докерлерді пайдалана берген жағдайда шекаралық Ертіс өзенінің ластану қауіпі;

  • трансшекаралық Ертіс өзеніне Семей қаласындағы толық биологиялық тазалаудан өткізетін тазалағыш қондырғылардан толық тазалаудан өтпеген ағын сулардың лақтырылуы.

жергілікті сипаттағы:

- Семей қаласының ауасына автокөліктердің газдар лақтыруы салдарынан ауаның ластануы;

Саланың даму жағдайын бағалау SWOT- талдауда көрсетілген:


жүктеу 5,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау