196
Если сравнить результаты по двум коэффициентам, то видно, что для множества
рассмотренных компаний они довольно близки. Соответственно, обе методики достаточно
достоверно отражают размер интеллектуального капитала организации.
У большинства компаний результаты положительные. Однако, стоит отметить, что
среди них есть компании, которые на данный момент убыточны, но при этом их
коэффициент интеллектуального капитала находится в положительном диапазоне.
Например, Златмаш из сферы машиностроения (рис. 6). Данная компания в убыточном
состоянии, но интеллектуальный коэффициент добавленной стоимости у неё выше 0.
Таким образом, можно сказать, что учёт интеллектуального капитала в организации
позволяет отразить более адекватную стоимость компании. В процессе подсчёта также
можно обратить внимание на те коэффициенты, которые влияют на увеличение
интеллектуального капитала, и, соответственно, внести изменения для его повышения. Не
менее важным является и тот аспект, что инвестиции в предприятие увеличиваются, если
система отчетности обеспечивает существующих и потенциальных инвесторов более полной
информацией о компании.
Литература:
1.
Молодчик М.А. Интеллектуальный капитал компании: диагностика и подходы к
управлению. – Пермь: Изд-во Перм. нац. исслед. политехн. ун-та, 2012. – С. 32
2.
Pulic A. VAIC – an accounting tool for IC management. – URL: http: //www.vaic-
on.net/start.htm
3.
И. О. Иванинский Е. И. Тюрина Влияние интеллектуального капитала на структуру
капитала компаний России [Journal]. - Москва: [s.n.], 2010.
4.
Каширина А.М., Румениди А.Ю. Оценка стоимости интеллектуального капитала на
примере ит-компаний. В сборнике: Современные технологии поддержки принятия решений в
экономике. Сборник трудов Всероссийской научно-практической конференции студентов,
аспирантов и молодых ученых. Национальный исследовательский Томский политехнический
университет. 2015. С. 116-117.
ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ƏРТАРАПТАНУЫН ТАЛДАУ
Толысбаев Б.С., Урисбаев Н.Н.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
E-mail: urisbayev.nurbolat@inbox.ru
Қазіргі жағдайларда экономиканы қайта құру процесі аймақтық деңгейде анағұрлым
белсенділік танытып отыр, бұл аймақтың экономикалық қызметінің субъектілеріндегі
нарықтық экономиканың заңнамалық актілері мен тетіктерін іске асыру қажеттілігімен
түсіндіріледі. Осы шарттарда аймақтың ерекшеліктерін, ас маңызды өндірістік жəне өмір
сүруді қамтамасыз етуші салалардағы жеке сектордың басымдылығын ескеретін аймақтық
экономикалық саясатты қалыптастыру жүргізіліп отыр.
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында аймақтардағы əлеуметтік-экономикалық
жағдайларды теңдестіру қажеттілігіне аса маңызды көңіл бөлінеді [1]. Бұл мəселені шешу
үшін аймақтық экономикалық мүдделерді іске асыруға бағытталған аймақтық саясатың жаңа
жолын қолданған дұрыс.
Қазақстан, орасан зор аумақта орналаса отырып, əлеуметтік-экономикалық дамудың
аймақтық ерекшеліктерге ие, олар шаруашылық байланыстарға, тауарлардың, капиталдың,
жұмыс күшінің ағымының шарттарына жəне жалпы мемлекеттің экономикалық əлеуетіне
едəуір ықпал етуге қабілетті. Аймақтардың бірінің екіншісінен артта қалушылығы өмір сүру
деңгейінің төмендеуіне, шаруашылық қызметтің аз қарқындылығына, өнеркəсіптің аз
диверсификацияланған салалық құрылымына, ғылыми-техникалық əлеуеттің төмендеуіне,
197
əлеуметтік саланың дамымауына əкеледі. Бұл қатерлер мемлекетке экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша күрделі қиындықтар туғызады.
Қазақстан аймақтары экономикасын келесідей сыныптауға болады [2]:
1. Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе жəнеҚызылорда облыстарын мұнай-
газ облыстары деп анықтауға болады. Олардың айрықша қкасиеттері: инвестициялардың
анағұрлым жоғарғы деңгейі (елге салынған барлық капитал салымдарының 50%-дан астамы),
монобағытты экономика, əлсіз дамыған ауыл шаруашылығы жəне қайта өңдеу секторлары.
Басқа сипатты сəттерге облыстар ішіндегі стагнациялық периферияларды, кедейшілік пен
жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейін атауға болады.
2. Өнеркəсіптік облыстар анағұрлым кең кеңістікті қамтиды, ол шығыстан орталыққа
қарай тарылады. Бұл Павлодар, Шығыс Қазақстан жəне Қарағанды облыстары. Берілген
облыстар үшін қара жəне түсті металлургияның ірі ресурстары, болашағы бар қайта өңдеу
секторы, əртараптандырылған өндіріс, анағұрлым дамыған перифериялар тəн. Статистикаға
сəйкес, өнеркəсіптік облыстарда ел тұрғындарының 23,3%-ы өмір сүреді.
3. Солтүстіктегі Қостанай облысын жəне оңтүстіктегі Жамбыл мен Оңтүстік
Қазақстан облыстарын аграрлы-индустриалдық облыстар деп атауға болады. Аталған үш
облыс та ауыл шаруашылығына анағұрлым нақты маманданған, бірақ өнеркəсіптік əлеуетті
дамыту үшін ресурстары да бар. Сонымен бірге бұл облыстар тартымды табиғи ресурстарға
бай. Оңтүстік аграрлы-индустриалды облыстарда жер суармалы, ал солтүстікте – қолдан
суарылады. Аймақта республика тұрғындарының 27,4%-ы тұрады.
4. Ауылшаруашылығы облыстары екі массивке бөлінген. Оларға оңтүстік- шығыстағы
Алматы облысы жəне солтүстіктегі Солтүстік Қазақстан жəне Ақмола облыстары жатады.
Олардың ауылшаруашығындағы мамандануы ортақ, бірақ өсу серпіні əр түрлі. Əлсіз
өндірістік кешен. Ауылшаруашылық облысына ресми түрде қазақстандықтардың 20%-ы
құрайды.
5. Республикалық маңызы бар Алматы жəне Астана қалалары – бұл тұтыну
орталықтары. Олардың ерекшелігі тұрғындар табыстарының жоғары деңгейінің болуында
жəне қызмет саласының дамығандығында. Олардың сауда айналымы жалпы республикалық
айналымның жартысын дерлік құрайды.
Қазақстан аймақтарын сыныптау аймақтардың аймақтардың дамуындағы ағымдағы
жалпы ұқсастықтарға негізделеді жəне бес топты бөледі: мұнай-газ, өнеркəсіптік, аграрлы-
индустриалдық, ауыл шаруашылық, тұтыну орталықтары. Мұнай алпауыты Атырау
облысын, Алматы мегаполисін жəне елдорда Астана қаласын есепке алмағанда,
Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік жағдай əр алуан жəне қазақстандық
экономиканың мұнай-газ секторы мен қызмет көрсету секторына бұрмалануын көрсетеді.
Қазақстан аймақтарының экономикалық даму деңгейінің əртараптануын [3] 1-кестеден
көруге болады.
Кесте 1
Қазақстан аймақтарын жан басына шаққандағы ЖАӨ бойынша топтастыру
Жан басына шаққандағы ЖАӨ,
орташа қазақстандық
шамасынан, %
Облыстар
Аймақтың ЖАӨ-нің жалпы
республикалық шамасының
ішіндегі үлесі, %
100%-дан астам
Атырау, Маңғыстау, Батыс
Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды,
Павлодар облыстары, Алматы
қаласы, Астана қаласы
68,6
100%
Қызылорда
3,8
50%-дан астам
Қостанай, Ақмола, Солтүстік
Қазақстан, Шығыс Қазақстан
15,3
50%-дан кем
Алматы облысы, Жамбыл
облысы, Оңтүстік Қазақстан
облысы
12,3