307
талап ететін саналы істерден шығады.
Дағдының қалыптасуыжад үрдісінің негізінде жүзеге асырылады. Оқу үстінде дағдыға
талпынуды жаттығу деп атайды. Дағдылану үнемі бір дәрежеде тұрып қалмау үшін жаттығу
үдерісінің әр кезеңінде де түрлі әдіс
қолданылып, сабақ беруді түрлендіріп жүргізеді.
Қорыта келе, аталмыш зерттеу барысында есте сақтау қабілетің дағдылары бірнеше
бөліктерден тұратыны анықталды:
- белгілі бір мәліметті тез есте сақтауға жәрдемдесетін жадымызға бейнелі кодттар
болуы тиіс;
- есте сақталған мәліметтерді бейнелі образдар мен ассоциацияларға айналдыру
қабілетінің болуы;
- ұзақ уақыт бойы, әрі еш қиналыссыз мәліметті есте сақтау дағдысын қалыптас-
тыратын және қажет болған жағдайда еске түсіре алатын зейіннің тұрақты болуы тиіс;
- есте сақталған ауқымды ойша қайталамай алу қабілетінің болуы;
-жадымызда мәліметтердің өзара байланысын есте сақтауға жәрдемдесетін тірек
образдар жүйесінің болуы тиіс[4.].
Күнделікті есте сақтау қабілетін саналы түрдегі мнемоникалық дағдысының
айырмашылығын білу маңызды болып табылады, яғни бұл дегеніміз, бір мезгілде жүздеген
нақты мәліметті жадыда бекіту деген сөз.
ӘДЕБИЕТТІР ТІЗІМІ
1. Литовченко Л.П., Павлов А.М. Дарындылық және ес мәселелері //
ІІ халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары «WYKSZTA CENIE I NAUKA BEZ GRANIC-2005»- 2005,
Przemyse –Praha, 2005 – 84-87 б
2. Мұхатаева А.С.,Бектасова Г.С.Коммуникация құралдарының электромагниттік өрісі адамдардың есте
сақтау қабілетіне әсері //ШҚМУ Шығыстың аймақтық хабаршысы
3. Сергиенко А.А. Жалпы білім беретін мектептерде оқитын 6-9 және 9-11 жастағы балаларда мнемикалық
әрекеттердің қалыптасу және даму ерекшеліктері. П.ғ.к. деңгейіне жазылған диссертация – М.: 2006.
4. Блонский П.П. Память и мышление спб 6.: Питер, 2001.-5-6 с.
ӘОЖ 373.3:355.233.231.1
МҰЗАРАП А.С., ҚАЙСАНОВА Т.Т.
С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
«Біздің алдымызда “бабаларының игі дәстүрлерін сақтайтын”, “күллі әлемге әйгілі әрі
сыйлы өз елінің патриоттары” болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері тұр»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Патриотизм (грек тілінен аударғанда – отандас, патриот – атамекен) – Отанға деген
махаббатпен, жеке мүддені ел мүддесіне бағындырумен мазмұндалатын өнегелі және саяси
қағида, әлеуметтік сезім.Патриотизм өз еліне және азаматтығына, тіліне, дәстүріне тиесілігін
сезінетін ерекше құбылысы. Патриотизм ұғымын Отанға деген жүректі тулатар қатынаспен
байланысты, бірақ патриотизмнің ішкі мәні туралы ойы әр адамда әр түрлі. Сол себепті
адамдардың бірі өздерін патриотпын деп ойласа, екіншілер олай ойламайды. Қазақстан өзін
егеменді мемлекет деп жариялағаннан бері патриотизм сұрағы Елбасын үнемі толғандыруда.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» атты осы жылғы Жолдауында «Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс
тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың
жүрегіне қз еліне деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне,
елінің болашағына сеніммен қарайды» деп атап көрсетті. Қазіргі жастардың бойында ұлттық
сана қалыптастыру мәселесі өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта мемлекет тарапынан