Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет98/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   187

200 
 
«Лингвоелтаным»  тіркесі  өзі  айтып  тұрғандай,  бір  жағынан  тілді  үйретсе,  екінші 
жағынан,  сол  тілді  тұтынатын  ел  туралы  бағыт.  Дәстүрлі  елтаным  мен  лингвоелтанымның 
айырмашылығын  нақты  анықтап  алу  керек.  Қандай  тілді  оқытуда  болмасын,  елтаным  ұзақ 
уақыт  бойы  оқытылып  келе  жатқан  қоғамдық  пән,  ал  лингвоелтаным  филологиялық  пән 
ретінде  тілді  оқытудан  бөлек  қарастырылмайды,  тілді  үйретуде  практика  түрінде  тілдік 
бірліктердің семантикасын оқытады. Аталған филологиялық жол екі түрлі міндетті атқарады, 
біріншіден, тілдік бірліктерден мәденитанымдық  ақпаратты бөліп алу, бұл  жағдайда негізгі 
нысан  мәдениет  болып  саналады.Екіншіден,  тілдік  бірлікті  сол  тілді  және  мәдениетті 
иеленушілердің санасындағы бейнеге ұқсас етіп қабылдату және оқыту.  
Олай  болса,  лингвоелтанымның  басты  мақсаты  –  мәдениетаралық  коммуникация 
актісінде қарым-қатынас құзіреттілігін қамтамасыз ету. Лингвоелтаным бірнеше мәселелерді 
шешуді  қамтамасыз  етеді,  соның  ішінде  мәтінді  бара-бар  қабылдаудың  филологиялық 
мәселелерін  атау  керек,  себебі  ол  тек  лингводидактиканың  ғана  емес,  аударматанудың  да 
лингвистикалық негізі болып табылады.   
Сондай-ақ  лингвоелтанымдық  бағыт  -  тілдің  әлемеуметтік  сабақтастығын  зерттеудің 
орталық бағыттарының бірі. Тілдің әлеуметтік сабақтастығын зерттеудің аталған бағытының 
өкілдері,  ең  алдымен,  сөз  мағынасына  назар  аударады.  Ғалымдардың  айтуынша,  сөздер 
ақиқаттағы  реалийлердің  таңбасы,  сондықтан  олардың  семантикасынан  кейбір 
«экстралингвистикалық»  мазмұндарды  бөліп  алуға  болады,  бұл  мазмұн  тікелей  немесе 
жанама  түрде  сол  тілде  көрінетін  мәдениетті  танытады.  Олай  болса,  мағына  арқылы 
лексикалық бірлік пен тілдік емес ақиқат арасындағы байланыс жүзеге асады. 
Қазақ лексикографиясы тіл біліміндегі кенже дамыған ғылым саласының бірі. Сондықтан 
біздің  тіл  білімімізде  лингвоелтанымдық  сөздік  жөнінде  түсінік  жоқ.  Оны  жасау  қазіргі 
заманның  талабы.  Мемлекетіміз  егемендігін  алғаннан  кейін  мемлекетімізді  әлемге,  әлемді 
мемлекетімізге  таныстыратын  еңбектер  қажет.  Өзгелерге  елімізді  сырттай  ғана  танытпай 
мәдениетімізді, ел құрылымын, дәстүрін терең танытатындай еңбектер жазған дұрыс. Ол үшін 
дамыған  мемлекеттерде  қолға  алынып  жатқан  және  өзінің  оң  нәтижелерін  беріп  жүрген 
лингвоелтанымдық  сөздік  құрастыру  ісін  алға  қою  керек.  Біздіңше,  алдымен  оның  ғылыми 
құрылымын жасау қажет, содан кейін сөздік жұмысымен айналысқан дұрыс болар.  
Әрине, тілді лингвоелтанымдық бағытта қарастыру барысында салыстырмалы-тарихи, 
типологиялық  және  салғастырмалы  зерттеу  әдістері  қолданылады.  Қазақ  тіл  білімінде  бұл 
бағыт  бойынша  зерттелген  бірқатар  еңбектерді  атап  өтуге  болады:  Г.Сағидолланың 
«Поэтикалық  фразеологизмдердің  этномәдени  мазмұны  (қазақ  және  моңғол  тілдерінің 
фразеологизмдері  бойынша)», 
«Қазақ  және  ағылшын  тілдеріндегі  анималистік 
фразеологизмдердің коннотативтік семантикасы» атты Т.Мықтыбаеваның, С.Садыбекованың 
«Сопоставительный  анализ  народной  метрологии  в  казахском,  русском  и  английском 
языках»,  Ә.Айтбаеваның  «Бесік  жырларының  этнолингвистикалық  сипаттамасы  (қазақ, 
орыс, неміс тілдерінің материалдары бойынша)» және т.б.[2]. 
Лингвоелтанымдық  ұстанымдарға  негізделген  сөздік  –  құрамына  лингвистиканың 
элементтері  (тілдік  бірліктердің  семантикасын  ашу)  мен  елтанымның  (елдегі  реалдарды 
аталатын  сөздері  арқылы  үйрену)  элементтерін  жинақтайды.  Лингвоелтаным  әлеуметтік 
лингвистиканың  жеке  бір  бұтағы  ретінде  де  қарастырылып  жүр.  Бірақ  әлеуметтік 
лингвистика  зерттеу  нысанына  ұлт  ішіндегі  қандай  да  бір  әлеуметтік  ұжымды  жатқызатын 
болса,  лингвоелтаным  әдеби  тілден  көрініс  табатын  жалпыұлттық  мәдени  элементтерді 
үйренуді,  зерттеуді  мақсат  етіп  қояды.  М.С.Колесникова  лингвоелтанымдық  сөздіктерді 
лингвомәдениеттанымдық  сөздіктердің  дамыған  түрі  деп  көрсетеді.  Лингвомәдениет 
танымдық  сөздіктер  күнделікті  тұрмыстағы  ұсақ-түйекті  немес  сол  ұлттың  өзіне 
байқалмайтын  өзін  ұстау  ережесін  тіркемеуі  мүмкін.  Ал  лингвоелтанымдық  сөздікте  ол 
мәселелер  негізгі  орындардың  біріне  қойылады.  Лингвоелтанымдық  сөздік  қарапайым  екі 
тілді сөздік пен энциклопедялық анықтаманың жай ғана қосындысы емес, ол ел реалдарына 
қосымша мағыналық жүктемелерді беруді өзіне негізгі мақсат етіп қоятын еңбек. Сондықтан 
бұл  сөздіктердің  өзіне  тән  ерекшелігі  мен  олардың  басқа  сөздік  туындылары  жүйесіндегі 


201 
 
орнын теориялық тұрғыдан ұғыну маңызды міндет. 
Енді  лингвоелтанымдық  сөздіктің  басқа  сөздіктерден  айырмашылығы  қандай  деген 
мәселелерге 
жауап 
беруге 
тырысайық. 
Энцикалопедиялық 
сөзтізбе 
негізінен 
қоғамтанушылық  терминдерді  қамтиды,  лингвоелтанымдық  сөздік  болса  қоршаған  ортада 
күнделікті  өмірді  бейнелейтін  құбылыстар  лексикасын  сипаттайды.  Әрине  онда  да 
терминологиялық, әсіресе құрамдық номинативтік топтарды қамтитын лексикалар кездеседі 
(мәдени-ағартушылық жұмыстар, муызкалық білім, т.б.), дегенмен сөз тізбедегі бірліктердің 
көпшілігі күнделікті қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Ердавлетов  С.Р.  Становление  высшеготуристского  образования  в  Казахстане  //Вестник  КазНУ. 
Сериягеогр., № 2 (17). – Алматы, 2003. –С.160-167. 
2.  Сәлім  Е.Қ.  Лингвоелтанымдық  сөздік  жасаудың  маңыздылығы  және  оның  басқа  сөздіктерден 
айырмашылығы // Инновационное развитие и востребованность науки в современном казахстане V международная 
научная конференция сборник статей (часть 2)общественные и гуманитарные науки. – Алматы, 2011 
3.  Верещагин Е.М. Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. -М.: 1980 г. 
4.  Бейсенбекова  Г.Т.,  Ныязбекова  К.С.  Қазақ  тілін  лингвоелтанымдық  бағытта  оқыту  /  «Современная 
педагогика» электронды ғылыми-тәжірибелік журналы 
5.  Әмірбекова А.Б. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. – Алматы: Елтаным,  2011 
 
 
ӘОЖ 811.512.122’1 
ТЕМІРБЕКОВА А.С.,  ӘЛІМХАН А.Ә., ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.  
 
МӘТІНДЕГІ ЛИНГВОЕЛТАНЫМДЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ КӨРІНІСІ 
 
Кез  келген  тілді  үйрену  сөздерді  меңгеруден  басталады.  Адам  санасында  белгілі  бір 
дәреже  сол  тілдің  сөздік  қоры  қалыптасқанда,  ол  қарым-қатынас  жасау  немесе  хабарласу 
құралы ретінде қызмет атқара бастайды. Белгілі бір тілді оқытуда фонетикалық, лексикалық, 
грамматикалық,  стилистикалық  білім  берумен  қатар  әлеуметтік,  мәдени  және  эстетикалық 
тұрғыда білім беру қажеттілігі туындайды. Мұндай қажеттілікті лингвоелтаным компоненті 
іске асырады. 
Лингвоелтанымдық  тұжырымдар  ХХ  ғасырдың  70-жылдарынан  бастап  қалыптасты. 
«Лингвоелтану»  термині  алғаш  Е.М.Верещагин  мен  В.Г.  Костомаровтың  еңбегінде  жарық 
көрді.  Е.  Верещагин  мен  В.Костомаровтың  еңбегінде:  «Лингвоелтанымдық  тәсіл  бойынша 
өзге  ұлт  өкілдеріне  тілді  кешенді  меңгерту  –  бұл  тілдің  кумулятивтік  қызметін 
лингводидактикалық  тәсілде  үйретіп,  адресат  санасына  сол  ұлттың  мәдени  өмірін  толық 
сіңіретіндей дәрежеде оқыту аспектісі», - деп беріледі [1]. 
Сонымен қатар лингвоелтану мәселелері Г.Д. Томахин, А.А. Брагина, В.В. Марковкин, 
В.В.  Сафонов,  Ю.Е.  Прохоров,  т.б.  ғалымдардың  еңбегінде  жарық  көрді.  Мысалы  Ю. 
Прохоров  лингвоелтану  ғылымын  танытатын  мынадай  анықтамаларды  («оқыту  әдістемесі 
аспектісі»,  «жеке  әлеуметтік  тіл  білімі  саласы»,  «филология  саласы»)  жүйелеп,  бірізділікке 
салу  керектігін  айтады.  Өзі  мынадай  анықтама  ұсынады:  «Лингвоелтану  –  бұл  әдістемелік 
пән, яғни орыс тілін өзге ұлт өкілдеріне сол елдің мәденитімен, таңдаулы ерекшеліктерімен, 
құндылықтарымен таныстырудың, үйретудің әдістемелік аспектісі».  
Лингвоелтану  –  тіл  үйретуді  негізге  ала  отырып,  сол  үйреніп  отырған  ел  туралы 
деректер  беру  бағыты.  Лингвоелтанымның  басты  мақсаты  –  түпнұсқа  мәтіндерді  және 
серіктесінің  сөзін  қабылдай  отырып,  мәдениаралық  қатысым  актісіндегі  коммуникативтік 
құзіреттілікті  қамтамасыз  ету.  Елтанымдық  бағытта  тіл  үйретудің  негізгі  тапсырмасы 
үйреніп  отырған  халықтың  ұлттық  мәдени  ерекшеліктерінен  нақты  көрініс  беретін  тілдік 
бірліктерді  меңгерту  болып  табылады.  Демек,   лингвоелтаным,  бір жағынан,  тілді  үйретуге 
бағытталса,  екінші  жағынан,  үйреніп  отырған  ел  туралы  мәліметтер  береді. 
Линвгоелтанымның негізгі  объектісі  сол  ел  емес,  үйреніп  отырған  елдің  аялық  білімі,  яғни 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау