Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет100/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   187

204 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Верещагин Е.М. Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. -М.: 1980 г. 
2.  Бейсенбекова  Г.Т.,  Ныязбекова  К.С.  Қазақ  тілін  лингвоелтанымдық  бағытта  оқыту  /  «Современная 
педагогика» электронды ғылыми-тәжірибелік журналы. 
3.  Байғұтова  А.М.  Қазақ  әйелі»  концептісінің  этномәдени  сипаты  /  фил.  ғыл.  канд.  ғылыми  дәрежесін 
алу үшін дайындалған дисс. –Алматы, 2008. 
4.  Оңғарсынова Ф. Мен саған ғашық емес ем. Өлеңдер жинағы. – Алматы,  2009. 
5.  Әмірбекова А.Б. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. – Алматы: Елтаным,  2011. 
 
 
ӘОЖ 322(574) 
ТІЛЕУБАЕВА Ә.Б, ШҮРШІТБАЙ М.Ш. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ЕЛІМІЗДЕГІ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТУРАСЫНДА 
 
Қазақстандағы зайырлы мемлекеттік биліктің діннен бөлінгендігі және олардың қызмет 
ету  салаларының  аражігінің  ажыратылғандығы  -  мемлекеттің  конститутциялық  және 
құқықтық  сипаты  ретінде  көрініс  табады.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Қазақстан-2050» 
стратегиясында  Қазақстан  халқына  арналған  тарихи  жолдауында  еліміздің  зайырлы 
мемлекет екендігін ерекше атап өтті.Елбасы осы орайда Қазақстанның өзіне тән дәстүрлі мен 
зайырлы  қоғамы  бар  екеніне  тоқтала  отырып,  мемлекетіміздің  азаматтарының  ар-ождан 
бостандығын қамтамасыз етеді. Алайда дәстүрлерімізбен заңнамаларымызға қайшы келетін 
қандай  да  бір  әрекеттер  арқылы    қоғамға  өз  нормаларын  таңғысы  келетін  талпыныстарға 
қатаң тойтарыс берілетіндігін айтты. Зайырлылық  ұғымының шығу тегі  мен тарих көшінде 
қалдырған  ізіне  сәйкес  аталмыш  анықтама  бере  кетсек.  «Зайырлылық»  сөзінің  көптеген 
баламасы бар, солардың бірі араб тіліндегі «захир» сөзі «сыртқы», ал қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігінде  «зайыр»  сөзі  «анық»,  «айқын»,  «ашық»  деген  мағыналарды  береді.Сонымен 
«зайырлылық»  деп  «біргілікті»,  «білімдарлықты»  атасақ  болады  [1].  Алайда  қазіргі  кезде 
адамдардың  көпшілігі  зайырлылық  сөзін  батыс  елдерінен  ауып  келген  «лаицизм», 
«секуляризм»,  «светскость»  сияқты  терминдермен  шатастыруда.  «Лаицизм»  термині 
француз тілінен аударғанда «діни адам емес», «діни адамнан өзге халық» деген мағынаға сай 
келетін  латын  тіліндегі  «laicus»  сөзінен  шыққан.  Секуляризм  -  мемлекеттің  діннен  бөлініп, 
барлық әлеуметтік және саяси функцияларды зайырлы билікке берілуін қолдап, агнотицизм 
позициясын ұстанады. «Лаицизм» мен «секуляризм» сөздері орыс тіліне «заманға сап түзеу» 
немесе  «дүниеге  бой  түзеу»  деген  мағынадағы  «светскость»  сөзі  түрінде  енді.  Жалпы 
зайырлылық  тарихына  қысқаша  тоқтала  кететін  болсақ,  зайырлылықтың  отаны  Франция 
болып саналады. Дегенмен діннің мемлекеттен бөлінуі  Ежелгі Антикада байқалған. Жалпы 
батыста зайырлылық ұғымы екі бағытта дамыды: 
1) Оңтүстік Латындық бағыт. 
2) Солтүстік Герман және Англо-саксондық бағыт [2]. 
Жалпы әлемдік қауымдастықта зайырлылықтың үш түрлі үлгісі қалыптасқан: 
1)  Зайырлылықтың  бірінші  үлгісі  –  таңдамалы  негіздегі  үлгі.  Бұл  үлгі  қоғам  үшін 
ерекше  құнды  болып  табылатын,  конституциялық  деңгейде  анықталатын  діни 
басымдықтарды басты тірек етеді. 
2) Зайырлылықтың екінші үлгісі  – секуляристік (атеистік) үлгі. Оның көрнекі мысалы 
халқымыз  бастан  өткерген  кеңестік  режимді  орнықтырған  КСРО  болып  табылады.  Қытай 
Халық Республикасында бүгінге дейін осы үлгіні пайдалануда. 
3)  Зайырлылықтың  үшінші  үлгісі  –  сепаратистік  үлгі.  Бұл  үлгі  діни 
қауымдастықтардың  мемлекеттен  бөлінгенін  және  заңнамада  қандай  да  бір  діннің  немесе 
конфессияның ерекше құқыққа ие болмайтынын негізге алады. Зайырлылықтың сепаратистік 
үлгісі АҚШ, Нидерланды секілді жекелеген елдерде ғана қолданылады. 
Қазақстан  Республикасы  қазіргі  таңда  зайырлықтың  үшінші  үлгісі-сепаратистік  үлгісі 
негізінде жұмыс істеуде. Еліміз Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, Ата Заңымызды қабылдағаннан 


205 
 
бастап Қазақстан Республикасы егеменді, зайырлы мемелекет болып есептеледі. Соған дәлел  
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  1-бабының  1-тармағында  «Қазақстан 
Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Қазақстан 
Республикасының  конституциясы  Франция  конституциясының  негізінде  әзірленгендігін 
есепке  ала  отырып,  француздардың  дінге  қатысты  ұстанған  саясатының  тарихын  төртке 
бөліп жіктесек болады. Олар: 
1)  басқа  діндерге  тыйым  салып,  бір  дінді  ғана  қолдаған  саясаты  (ортағасырлық 
Франция); 
2) бір дінді қолдай отырып, екінші дәрежелі деп есептеген діндердің қызметіне рұқсат 
етіп, оларды да белгілі бір дәрежеде қолдаған саясаты (Ұлы Француз төңкерісі жылдарының 
қарсаныңдағы Франция); 
3) діндерге қолдау көрсетпестен, кейбір діндердің қызметіне рұқсат беріп, оларды бір 
белгілі  дәрежеде  қолдаған  саясаты  (1801-1905  жылдар.  аралығындағы  Франция).  Әлі  күнге 
дейін Эльзас-Лотарингия аумағында осы саясат қолданылуда; 
4) теориялық тұрғыдан шіркеу мен мемлекеттің өз арасында тәуелсіз қызмет жасауына 
жағдай  жасайтын,  және  мемлекеттің  ешбір  дінді  мойындамайтын,  ешбіріне  қолдау 
көрсетпейтін,  «зайырлылық»  деп  аталатын  саясаты  1905  жылдан  бергі  қазіргі  Францияда 
қолданыста  жүр  [3].  Осы  саясат  қазіргі  таңда  біздің  елімізде  қолданыста  жүрген 
программалардың  бірі  болып  табылады.  Конституциялық  негіздегі  «зайырлы»  ұғымы 
мемлекеттің  барлық  салаларында,  соның  ішінде  дін  саласында  да  ашық,  айқын  саясат 
ұстанатынын,  азаматтардың  ар-ождан  бостандығын  қамтамасыз  ететінін,  дін  мен 
мемлекеттік  саясатты  араластырмайтынын  білдіреді.  Қазақстан зайырлы  мемлекет  болуына 
байланысты, ресми түрде діндерге мейлінше бейтарап қарайды: ол діншіл де, дінге қарсы да 
сипатқа  ие  емес.  Қазіргі  Қазақстандағы  діннің  жағдайы  авторитарлық,  тоталитарлық  және 
теократиялық  басқару  жүйелері  бар  мемлекеттерден  түбірінен  өзгеше.  Конфессияаралық 
бейбітшілік  пен  келісім  көпұлтты,  көп  тілді  және  көпкофессиялы  Қазақстан  үшін  күрделі 
мәселе. Қазақстан елін, рухани дәстүрін сыйлайтын зайырлы мемлекет Конституцияның 22-
бабындағы  «Әркімнің  ар-ождан  бостандығына  құқығы  бар»,  14-бабындағы  «дінге 
көзқарасына»  байланысты  «ешкімді  кемсітуге  болмайды»  деген  қағидаларына  сәйкес 
мемлекет: 
-  азаматтардың  дінге  қатынасына,  дін  таңдауына,  балаларының  да  дін  таңдауына 
араласпайды; 
- мемлекеттік органдардың жұмысын діни бірлестіктерге жүктемейді; 
- діни бірлестіктерді қаржыландырмайды; 
- діни бірлестіктердің жұмысына, егер ол заңға қайшы болмаса, араласпайды; 
-  әр  түрлі  діндегі  немесе  дінге  сенбейтін  адамдардың,  діни  бірлестіктердің  өзара 
сыйластықта, төзімділікте болуына ықпал етеді. 
Ал діни бірлестіктер: 
- мемлекеттік биліктің қызметін атқармайды және мемлекеттік органдардың жұмысына 
араласпайды; 
- саяси партиялардың жұмысына қатыспайды, оларға қаржылай қолдау көрсетпейді; 

мемлекеттің  заңнама  талаптары  мен  құқық  тәртібін  сақтауға  міндетті.  
Осыған сәйкес мемлекетіміз "зайырлы" қағидасын есепке алады. 
Қазіргі  таңдық  қоғамда  дін  мемлекеттік  мәртебеге  ие  емес,  бірақ  оның  өзіндік  орны 
бар.  Жалпы,  соңғы  кезде  еліміздің  ақпараттық  кеңістігінде  және  қоғамдық-саяси 
шынайылықты ой елегінен өткізу мақсатын ұстанатын пікір  алмасулар мен пікірталастарда 
зайырлы  мемлекет  ұғымынан  туындайтын  мәселелер  жиі  көтеріле  бастауда.  Бұл  бір 
қарағанда түсінікті де, өйткені, зайырлы мемлекет қағидаты бүгінгі әлемдегі демократиялық 
елдердің шынайы өмір сүру ортасы болып табылады. Екінші жағынан алып қарайтын болсақ, 
зайырлы  мемлекет  ұғымының  өзектілікке  ие  болуына  қоғамға  өз  идеяларын  таңумен 
айналысатын  жалған  діни  ұйымдар  мен  радикалды  діни  ағымдардың  әрекеттері  мен 
идеялары  да  түрткі  болып  отырғаны  анық.  Осы  ретте,  мемлекеттің  діни  саладағы  басты 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау