69
Жанғазыға жазған хатында оны «күрделі сөйлем» деп атауды орынды санайды. Біздіңше,
ғалымның орыс тіліндегі «сложное предложение» деген атаудың төңірегінде пікірі
болғандығы байқалады.
Құрмалас сөйлемнің қазіргі сипатын айтудан бұрын, оның бұрынғы қалыптасу, даму
жолдарынан да мәліметіміз болу керек. Әрбір грамматикалық категорияның даму жолы,
қалыптасу кезеңі болады. Мұндай сипатты құрмалас сөйлем де басынан кешіріп отыр. Бұл
жайындағы толық мағлұматты проф. Н.Т. Сауранбаевтың осыған арнайы жазған көлемді
мақаласынан алуға болады. («Құрмалас сөйлемдер және олардың даму жолдары»). Құрмалас
сөйлемдердің қазіргі синтаксистік құрлысына назар аударатын болсақ, оның бұрынғыдан
әлдеқайда жетілгендігін, даму заңдылықтарынан өткендігін байқаймыз. Өйткені құрмалас
сөйлемнің қазіргідей алуан түрі, оны жасауға қатынасатын түрліше амал- тәсілдер ерте уақытта
кездеспеген. Мұндай заңдылық тек қазақ тілінің тәбиғатына тән болып қоймай, көптеген тілдердің
даму сипатынан да айқын байқалады. Бұл жайыттарды сілтемеде көрсетілген еңбегінде проф. Н.Т.
Сауранбаев саралап көрсеткенін атап айтуды жөн санаймыз.
Құрмалас сөйлемнің бастапқы түрі екі жай сөйлемнің іргелесе, ешбір жалғаулықсыз
байланысуы негізінде пайда болған. Неғұрлым көне дәуірге көз жүгіртсек, соғұрлым
құрмалас сөйлемдердің қарапайым түрін кездестіреміз. Құрмалас сөйлемнің дамуы жазба
әдеби тіліміздің баюы, аударма жұмыстарының молаюы, баспа орындарының жетілуі,
көркем шығармалардың көптеп шығуы сияқты игі жұмыстармен тығыз байланысты. Мұның
бәрі адамның ойлау жүйесіне де игілікті әсерін тигізеді. Алқұрмалас сөйлем – күрделіойдың
нәтижесінен туындайтын категория. Демек құрмалас сөйлемнің даму, қалыптасу
заңдылықтарын жалпы тіл байлығымыздың өресімен тығыз байланыстыра қараймыз. Осы
жайында проф. Н.Т.Сауранбаевтіңбір кезде айтқан пікірінің дәлелі екендігін одан сайын
айқындай түсені байқалады: «Заман сайын адам баласының қоғамдық, шаруашылық, мәдени
тұрмысының бір басқыштан екінші басқышқа көшіп отыруына байланысты тілдің
синтаксистік құрлысы да бірте-бірте дамып отырады. Неғұрлым қоғамның алыс уақыттағы
дәуірлеріне терең бойлай берсек, тілдің құрылысының да соншалық жабайы болатынын
көреміз. Сол сияқты неғұрлым осы заманға жақындаған сайын тіл құрлысының
қиындығынан жаңаланғанын көреміз.
Құрмалас сөйлемнің ертеректе ешбір жалғаулықсыз, іргелесе байланысқанын көне
жазба нұсқаларынан байқауға болады. Орхон жазбаларына үңіліп байқалық. Осының
ішіндегі «Халықтың бәрі маған қарайды, халықты осынша көп еттім. Соңындағы інісі
ағасындай болмады, ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, жалтақ
қағандар отырған екен». Осындай құрылыста келген сөйлемдер (жалғаулықсыз салаластар)
тілімізде қазір де бар. Біздің бұл жерде айтпағымыз- құрмалас сөйлемдердің алғашында
көбінесе осылайша ешбір жалғаулықсыз, интонация арқылы байланысын көрсету. Мұндай
заңдылық көптеген тілдердің құрмалас сөйлем жүйесінен орын ала береді.
Тіл білімінде құрмалас сөйлемнің пайда болу, қалыптасуы жайында әңгіме болғанда,
көбінесе проф. А.П. Рифтиннің «Аккад тіліндегі құрмалас сөйлемнің дамуындағы екі жол»
атты мақаласы еске алынады. Автор осы мақаласында құрмалас сөйлемнің пайда
болуындағы екі жолды көрсетеді: біріншісі – екі жай сөйлемнің салаласа құрмаласуы
негізінде (кейінірек бұдан сабақтаса байланысу өрбіп шығады), екіншісі- жай сөйлемнің өз
ішінен оралымдар арқылы жетіліп, қорытындысында екі сөйлемнің қосындысын беруі. А.П.
Рифтин бұл жолдардың көптеген тілдерде кездесе беретіндігін ескерткен еді. Содан болу
керек, қазақ тіл білімінде де осы пікірге орай кезінде қолдау тапқан арнайы мақала да
жазылды. Проф. А. Ысқақов осы мақаласында жоғарыдағы А. Рифтиннің құрмалас
сөйлемнің дамуындағы екі жолды қолдады.Сонымен проф. А.Рифтиннің құрмалас сөйлемнің
дамуындағы бірінші жолды қазақ тілінде де бағыштап айтуға болады, ал екінші жолы сай
түспейді. Өйткені сөйлем мүшелердің (оралымның) күрделенуінен жеке сөйлем өрбіп
шықпайды, тек бас мүшелердің жан-жақты айқындалуына мүмкіндік туады.
Осы талдауымыздан байқалғандай, құрмалас сөйлемнің алғашқы түрі жалғаулықсыз салалас
болса, содан кейін жалғаулықты түрі, кейінірек сабақтаса байланысу жолы қалыптасқан. Салаласа
70
байланысу ғылыми тілде паратаксис, ал сабақтаса байланысу – гипотаксис деп аталады. Сонда
гипотаксистің паратаксистен кейін пайда болғандығы айтылады.
Құрмалас сөйлемнің даму жолындағы заңдылықты проф. Н.Т. Сауранбаевтың мына бір
сөзімен қорытындылауды жөн көрдік: «Құрмалас сөйлемдердің шығуына, дамуына игілі жағдай –
халық өмірінде, қоғамда мәдениеттің, өнер-білімнің, әсіресе көркем әдебиеттің, ғылымның дамуы
болуға тиіс. Өйткені жай оқиға, құбылыс туралы түсініктерге негізделген бірнеше жеке ойды
ұштастыру адамның ойлау әрекетінің даму процесінде болатындығы сөзсіз».
Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері. Белгілі бір грамматикалық
категориялардың өзіне тән айырым белгілері болады, грамматикалық көрсеткіштері болады.
Бұл оны өзгелерден саралап, өзіндік қасиетін даралап тұрады. Осыдан келіп әрбір
грамматикалық категория өзіне тән заңдылықтарымен қалыптасып, дамып жетіліп отырады.
Құрмалас сөйлем синтаксисінің дамуындағы негізгі арна жеке жай сөйлемдердің мағыналық
үйлесуіндегі қосындысынан алынады. Демек құрмаластың өзі жай сөйлемдерден өрбіп
шыққаннан кейін, енді оның өзіне тән айырым белгілері, зерттеу объектілері келіп шығады.
Ондай айырым белгі ең алдымен құрмалас сөйлем синтаксистің өз алдына үлкен бір саласы
болудағы негізінен шығып жатады.
Құрмалас сөйлемнің айырым белгісі дегенімізде, ол оны жай сөйлем синтаксисінен
ажырата алатындай болу керек. Сонда ғана құрмалас сөйлем синтаксистің жеке бір саласы
ретінде танылады. Біз бұл жерде құрмалас сөйлемге тән жалпы айырым белгілерді ғана санап
өтпекшіміз, ал оның нақтылай көріністері жеке түрлерінде толықтырылатын болады.
Ондай жалпы белгілер мынадай:
1. Жай сөйлемнің құрылыс материалы жеке сөздер мен сөз тіркесі болса, құрмаластың
құрылыс материалы жеке сөйлемдер болады. Мұның өзі оларда болатын предикаттық
қатынасқа негізделеді.
2. Осыған орай да құрмалас сөйлем, негізінен алғанда, күрделі ойды білдіреді.
Жоғарыдағы бірінші сөйлемнен кітап оқу жайында ғана жалаң бір ой хабарланса, екінші
сөйлемнен белгілі бір обьектілердің әрі кітап оқу, әрі сурет салу жайынан күрделі ойы білініп
тұр. Алайда бұл өзгешелікті шартты түрде санауымыз керек, өйткені жай сөйлемнің
күрделенген түрі де күрделі ойға йе бола алады.
3. Жай сөйлемде жеке сөздер мен сөз тіркестері өзара тығыз байланысқа түссе,
құрмаласта әрбір жеке жай сөйлемдер өзара тығыз байланысқа түседі. Бұл ретте олардың
арасын байланысқа түсіретін арнайы байланыстырғыш амал-тәсілдер болады.
4. Әрбір жай сөйлем аяқталған интонацияға ие болады. Ал құрмалас сөйлемде бұл
басқашарақ көрініс табады. Атап айтсақ, құрмаластың алғашқы сөйлемі (сөйлемдері)
байланыстырғыш қызметке де йе болып, интонация жағынан тиянақсыз, ұласпалы қасиетті
ғана сақтайды, ал тиянақты интонация тек оның соңғы сөйлемінде ғана болады.
Құрмаластың қарамағына түскен әрбір жай сөйлем бір-бірімен белгілі бір амал тәсілдер
арқылы байланысады. Байланыстырушы амал ретінде алғашқы сөйлемнің баяндауышы
айырықша қызмет атқарады. Өйткені жеке жай сөйлемдердің арасы осы баяндауыш
сөздерінің қатынасы арқылы жүзеге асады. Бұл ретте осындай қызметтегі баяндауыш сөздері
өз бастауыштарымен қиыса жұмсалып, тиянақтылық қалпын сақтайды, неболмаса тиянақсыз
қалыпқа түсіп, енді өз объектісімен жақтаса айтылмайтын болады. Сондай-ақ жеке жай
сөйлемдердің арасы түрліше жалғаулық, шылау сөздер арқылы да байланысқа түседі. Жеке
жай сөйлемдер арасын байланыстырудағы осындай амал-тәсілдердің негізінде құрмаластың
өзі іштей бірнеше түрге ажыратылады.
Құрмалас сөйлемдердің қазақ тіл білімінде осылайша жіктелу барысында әр түрлі
көзқарастар болды. Атап айтсақ, кезінде ғалым-азамат А.Байтұрсынов құрмаластарды ең
алдымен сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп жіктеп алады. Ал қиысулы құрмалас
деп отырғаны- бүгінгі тіліміздегі салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер. Автор екі жай
сөйлем бір-бірімен өзара тең болып құрмаласса, ондай түрін салалас деп атайды да, ал
егерде-кем болып құрмаласса, оны сабақтас сөйлем деп атайды.
Проф. Қ. Жұбанов құрмалас сөйлемдерді екі түрге бөліп қарастырған: салалас құрмалас
Достарыңызбен бөлісу: |