30
Lego- конструктора,Lego Mindstorms NXT, который сам по себе исследовательский
компонент.
Web-сайтприобщает
пользователей
кисследовательской
деятельности,
к
самообразованию и профессиональной ориентации. Web-сайт содержит информацию о
апробация конструкторов, знакомит с направлением «робототехника» на примере
конструктора LegoMindstorms NXT, ее историей и основными направлениями в
общественной жизни (рисунок 2), описывает конструктор LegoMindstorms NXT и его
программное обеспечение, показывает детали: балки, шестеренки, датчики, сервомоторы,
блоки NXT; рассматривает проект шаблоны, являющихся подготовкой к более сложным, по
своей структуре, проектам; показывает текст простейших программ для моделей, содержит
описание блоков (блок движения, блок аудио, блок отображения, блок паузы),
представленные непосредственно компанией LegoMindstorms NXT.
Рисунок 2 – Фрагмент с Web-сайта об
истории робототехники
Организованная работа студентов разных категорийсо средствами ИКТ способствует
формированию у них для себя целей в учебной деятельности и деятельности, связанной с
повседневными задачами.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Acedo C., Amadio M.,Opertt, R. et all. (Eds.) Defining an Inclusive Education Agenda: Reflections around
the 48th Session of the International Conference on Education. Geneva: UNESCO IBE, 2008.
2. КонцептуальныеподходыкразвитиюинклюзивногообразованиявРеспубликеКазахстан.
-Астана:
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. - 13 с.
3. Гринкевич Л.Н. Создание условий для развития детей с глубокой умственной отсталостью
посредством телесно-ориентированных техник и музыкальной терапии // Научный форум: Педагогика и
психология: сб. ст. по материалам III междунар. науч.-практ. конф. - № 1(3). - М., Изд. МЦНО, 2017. — С. 5-9.
4. Макаров И.Б. Организация самостоятельной работы студентов при обучении робототехнике //
Современные наукоемкие технологии. - 2015. - № 9. - С. 152-154;URL: http://top-technologies.ru/ru /
article/view?id=35143 (дата обращения: 10.04.2017).
31
ӘОЖ 811.512.122'1
АЛТАЕВА А.А., ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ.
С.
Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ШҚО КҮРШІМ АУДАНЫ «ҚИЫН-КЕРІШ» ТУРИСТІК ЕЛДІМЕКЕНІНІҢ
ЛИНГВОЕЛТАНЫМДЫҚ БЕЙНЕСІН ЖАСАУ
«Лингвоелтаным» тіркесі өзі айтып тұрғандай, бір жағынан тілді үйретсе, екінші
жағынан, сол тілді тұтынатын ел туралы бағыт. Дәстүрлі елтаным мен лингвоелтанымның
айырмашылығын нақты анықтап алу керек. Қандай тілді оқытуда болмасын, елтаным ұзақ
уақыт бойы оқытылып келе жатқан қоғамдық пән, ал лингвоелтаным филологиялық пән
ретінде тілді оқытудан бөлек қарастырылмайды, тілді үйретуде практика түрінде тілдік
бірліктердің семантикасын оқытады. Олай болса, лингвоелтанымның басты мақсаты –
мәдениетаралық коммуникация актісінде қарым-қатынас құзіреттілігін қамтамасыз ету.
Лингвоелтаным бірнеше мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Тіл – мәдени-тарихи мәліметтерді сақтау құралы.Әлемдік лингвистика сөз
семантикасындағы мазмұнның әлеуметтік шарттастығын, сондай-ақ «тіл мен мәдениет»
мәселесініңжалпы теориялық және әдістемелік аспектісін зерттеуге Н.Г. Комлев, О.С.
Ахманова, Е.М. Веращагин, В.Г. Костомаров, Т.Д. Томахин сияқты тілші ғалымдар үлес
қосты.Лингвоелтанымдық бағыттың теориялық іргетасын қалаған Е.М. Веращагин мен В.Г.
Костомаров қазіргі таңда лингвистер, психологтар мен психолингвистер, әлеуметтанушылар
мен әлеуметтік лингвистикамен айналысатын ғалымдардың қызығушылығын тудырған түрлі
мәселелерді алғаш рет қозғаған болатын.
ҚР статистика Агенттінің мәліметі бойынша Өңірлерге туристік келушілердің
көрсеткіштері: Астана (18,4%), Алматы (18,2%), ШҚО (12,4 %), Қарағанды облысы (7%);
Бүгінде Шығыс Қазақстандағы туризм саласының алты негізгі бағыты бар.Атап
айтқанда, экологиялық (Катонқарағай, Күршім аудандары мен Риддер қаласы), мәдени-
танымдық (Семей қаласы, Абай және Ұлан аудандары), емдеу-сауықтыру (Катонқарағай,
Үржар аудандары), жағажай (Зырян, Ұлан, және Күршім аудандары), тау шаңғы (Глубокое,
Зырян аудандары мен Риддер қаласы) және ауыл туризмі (Катонқарағай, Күршім аудандары
мен Риддер қаласы).
Қазіргі уақытта облыста бұрындары көп мән берілмеген лингвоелтанымдық
материалдарғабіртіндеп назар аударылып келеді.
Туризмнің мемлекеттік бағдарламасында - экологиялық туризм негізгі бағыт ретінде
көрсетілген. Шығыс Қазақстан облысында тарихи ескерткіштердің бірегей кешені бар.
Солардың бірі– Күршім ауданының территориясында орналасқан «Қиын-Керіш» шатқалы.
Қиын-Керіш - қызыл топырақты құлама жарлардан, өркештелген адырлардан, қызғылт
сары, ақ, көк және басқада сан түрлі топырақты мұнаралардан тұратын ерекше шатқал.
Аумағы 300 га. Орналасқан жері - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының орталығы
Күршімнен оңтүстікке қарай (Күршім-Қалжыр жолы бойымен) - 120 км, Зайсан көлі мен
Аманат ауылы тұсынан солтүстікке қарай - 25-28 км.Топырағының қызғылт түсі жаздың
аптап ыстығында сағымданып, жалын шашып тұрғандай көрінеді, сондықтан "Жалынды
жар" деп те атайды. Қиын-Керіштің ең басты қазынасы - әр геологиялық дәуірлер із
қалдырған түрлі-түсті қатпарлары, шөгінділері мен бедерлері. Геологтар бұл жерді табиғат
ескерткіші деп санауда. Топырақ құрамы ақ балшықтан тұратындықтан қар, жаңбыр
суларынан майша еріп, шатқал маңындағы жолдарда көліктер тайғанақтап, батып,
жолаушылардың өтуіне қиындықтар келтіреді. "Қиын-Керіш" деп осы жол қиындығына
байланысты қойылса керек. Жалпы "керіш" сөзі түркі тілінде "тау", "жота" дегенді білдіреді.
Бұл аймаққа қызығушылықтары артып, туристер көптеп келгенімен Қиын-Керіш,
Шекелместе арнайы тоқтайтын орындар, базалар жоқ. Оларға жол бастап, көрсететін
ыңғайлы әрі түсінікті етіп жасалған материалдар
да жоқтың қасы
«Голландияның табиғатты қорғау департаментінің натуралистері осында болып,