23
Сабақ өтудің тағы бір тәсілі кеспе картаға бір сөзін қалдырып, жазған мақалдың бірін
қазақ және ағылшын тілінде орындап шығу. Әрине, мұндай сабақтарды көптеп қызықты, әрі
түрлендіріп өткізуге болады. Мұндағы негізгі жетістік- баланың сабаққа белсене араласуы,
өз ойын жеткізе білуге үйренуі, сол себепті де саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолында
ұтымды тәсілдерді қолдана білу- әрбір ұстаздың міндеті. Мақал көптеген жағдайларда
тиянақталған ой ретінде, сөйлем түрінде келеді және олар нақыл, өсиет түрінде айтылатын
пәлсапалық ой қорытындылары болады. Ал мәтел сипаты жағынан бейнелеп сөйлеудің
элементі тәрізді. Ағылшын тілінде мақал-мәтелдер тест кітапшаларының ішінде де
«Мақалды жалғастыр», «Аудармасын тап» деген секілді тапсырмалар ретінде көптеп
кездеседі. Барлық тілдер секілді ағылшын тілі де мақал-мәтелдерге, сөз тіркестеріне бай,
олардың көбісі әдебиетте, газет мақалаларында жиі қолданылады.
Мақал-мәтелдерде ұлттық мәдениетке және еңбекке қатысты тарихи тәжірибесі
көрсетіледі және олар тілге қайталанбас көркемдік береді.
Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетін сүйіп құрметтеуге, сөз өнерінің асыл қазынасын
меңгеруге, тапқыр сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге, үлкен ойды аядай қалыпқа
сыйғызып, айта білуге тәрбиелейді. Мақал-мәтелдерді ағылшын тілінде жайшырай,
салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайларды өткен кезде қолдануға болады.
The degrees of comparison of adjectives
1. A good name is better than riches
Доброе слово лучше богатства
Жақсы сөз – жарым ырыс
2. Twoheadsbetterthanone
Одна голова хорошо,
две- лучше
Екі кісі бір кісінің тәңірісі
3. East or west home is best
В гостях хорошо, дома лучше
Өз үйім өлең төсегім
The plural of nouns
1. So many countries, so many customs
Что
ни город, то народ
Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа
2. Many words cut more than swords
Злые языки острее меча
Сөз сүйектен өтеді
The constructions: there is/there are
1.
There is no place like home
В гостях хорошо, а дома лучше
Айхай өз үйім, кең сарайым, боз үйім
2. There is no smoke without fire
Нет дыма без огня
Жел болмаса,
шөптің басы қозғалмайды
The Present Indefinite
1. Tastes differ
На вкус и цвет товарищей нет
Әркімнің өз талғамы бар.
2. All is well that ends well
Все хорошо,
что хорошо кончается
Басы қатты болса, аяғы тәтті болады
The Future Indefinite
1. We shall see what we shall see
Поживем – увидим
Көргеніңнен көрмегенің көп