53
Екіншіден, оқушылардың атамекенге деген сүйіспеншілігін қалыптастыратын
педагогикалық шарттарды анықтау және оны жаратылыстану пәндерін оқытуда іс жүзіне
асыру.
Баланың бойына игілікті, ізгілікті дарытушы табиғат қорғау сезіміне тәрбиелеу
туралы орыс халқының классик педагогы К.Д.Ушинский айта отырып, оның адамгершілк-
эстетикалық дамуындағы табиғаттың маңызын аша түскен.
«Табиғатпен егесу, зиян келтіру
жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін
пайдалану ғана қалады» - дейді. Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекі
орын
алатын
ұлы
қайраткерлері
Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин
шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік көзқарастарының негізі, табиғаттың тепе-
теңдігін сақтауға ақыл-кеңестер берген.
Кең-байтақ еліміздің табиғатын аумақты зерттеу жұмыстарының көлемі де, маңызы
орасан зор, зерттеушілер жан-жақты жоспарлы зерттеу, іздену жұмысымен шұғылданады.
Олар еліміздің белгілі бір бөлігінің табиғатын, тарихын, экономикасын, шаруашылығын
және мәдениеті мен өнерін зерттейді. Бұл күндері өлкетану жұмысымен айналысатын
адамдар санының барынша өсіп келе жатқандығын өлке тануды мемлекеттік, мектептік және
қоғамдық деп бөлуден де көруге болады.
Өлкетану жұмыстарымен әр түрлі пән мұғалімдері, өнер адамдары, табиғат
зерттеушілері тағы басқа да көптеген мамандық иелері айналысады. Оның ішінде, әсіресе
мектеп оқушыларын көбірек қамтитын география пәнінің орны ерекше. Мектеп
оқушыларына тәрбие беру, оқу-тәрбие жұмысының басты бөлігі бола отырып,
өлкетану
материалдары жас жеткіншектердің білім алуына, ғылым негіздерін тиянақты меңгерулеріне
жағдай жасайды
. Қазіргі республика мектептерінде өлкетану жұмысы жақсы жолға қойылған
және жан-жақты өркендеп келуімен қатар теориялық әрі практикалық маңызы зор. Бұл –
балалар ұжымын ұйымдастыру мен оқу-тәрбие жүйесін жақсартуға ықпал жасауға мүмкіндік
беретін жұмыстың аса маңызды түрлерінің бірі болып табылатынын дәлелдейді [2, б.32].
Өйткені, ғылым мен техниканың барынша қарыштап дамыған қазіргі кезеңінде, жан-жақты
білім керектігін өмірдің өзі көрсетуде. Сондықтан да оқушыларға тек қоршаған орта мен
туған өлкенің табиғатын өз көздерімен көріп, оның шежіресін өз қолдарымен жазу, оның
қиыншылықтарын ұжым болып жеңе білу зор қуаныш әкеледі.
Мектептегі өлке тану жұмысының құрылымын К.Ф.Строев (2-кесте) таныстырады.
Кесте №2
Өлкетану құрылымы
1.Мемлекеттік
→
Өлке тану мұражайы.
Ғылыми - зерттеу мекемелері
Мұражайлық
Аймақтық (регионалдық)
2. Мектептік→
Мектеп
Оқу (бағдарламалық)
мақсаты мен міндеті оқу
бағдарламасында көрсетіледі
Сабақ үстінде
Өлке тану
үйірмесі
Сабақтан тыс
Танымжорық (экскурсия),
туристік жорықтар
Сыныптан тыс
(бағдарламалық емес)
мақсат
мен міндеті.
Мектептің оқу-
тәрбие
жоспарында
көрсетіледі.
Туристік
жорықтар
Экспедициялар
3. Қоғамдық→
Мәдениет үйлері
Туризм
Балалардың
өз
күшімен
сауықкеш
өткізу
Өлкетану – жергілікті белгілі бір шектелген өңірді оқып үйрену немесе еліміздің
шағын бөлігі. Оқушылар өз өлкесінің өлкетану жөніндегі білім
қорын меңгеруді алғаш рет
мектеп табалдырығын аттаудан бастайды. Бастауыш сыныптардағы өлкетану бағдарлама
бойынша сыныптағы сабақта басталады. Мәселен, бастауыш оқушыларына «Дүниетану»
атты оқулық өздерінің күнделікті көріп, араласып жүрген табиғатпен, адам қоғамымен
54
таныстырады және табиғат өзгерістерінің жеке объектілері туралы ұғымды түсіндіреді. Ал
ІІІ, ІV сыныптарда өлкетану жұмыстары барған сайын күрделене әрі кеңейе түседі,
оқушылардың өз өлкесі жөніндегі білім
негіздері қорлана түседі. Оқушылар ІІІ – ІV сыныпта
табиғаттың маусымға қарай өзгеруін, соған сәйкес адамдардың еңбектегі іс-әрекетінің
өзгеруін бақылай алады.
Бастауыш сыныптардағы өлкетану жұмысы, әсіресе дүниетану пәніне байланысты
табысты шешіледі. Төменгі сынып оқушыларында мұндай дағдыларды қалыптастыруда
табиғат көріністерін бейнелейтін картиналарды пайдаланудың, олар бойынша жұмыс
жүргізудің маңызы зор. Картиналар бойынша жоспар құрылып, әңгіме өткізудің, оның
мазмұнын «оқи білуге», сол сияқты оқушылардың әсемдікті, табиғат сұлулығын, суретшінің
қалай бейнелегенін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты
жазбаша тіл мен сөйлеу тілінің қор деңгейі көтеріліп,
сөздік
кені молаяды.
Оқу өлкетануының жиі қолданылып келе жатқан формасының бірі – табиғатқа және
жергілікті өндіріс орындарына жасалатын
танымжорық (экскурсия – латын тілінен
аударғанда
жол жүру мағынасын білдіреді). Белгілі педагог, әдіскер К.Г.Ягодовский ХХ
ғасырдың басында
«танымжорық жүргізудің негізгі мақсаты – оқушыларға тірі
заттардың аттарын жаттау емес, табиғатты бақылауға (көруге) үйрету», деді. Мұндай
танымжорықтар нәтижесінде оқушылар өлкенің басты-басты объектілерімен танысып,
айналадағы ортаны қорғауға, зерттеп білуге, дүниетанымын қалыптастыруға және онда басқа
пәндерден алған білімдеріне сүйене отырып, өздерінің байқау, бақылау жұмыстарын
жүргізуге, салыстыруға үйренеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық, этикалық,
экологиялық мәселелерді оқып үйренуге, тәрбие дамытуда үлкен рөл атқарады.
Танымжорықтың негізгі объектісі –
табиғат құрам бөліктері және үш кезеңнен тұрады
дайындық, далалық зерттеу, өңдеу жұмыстарынан [2, б.48].
Танымжорыққа шығар алдында мұғалім оқушыларға алдын-ала дайындық жүргізеді
не көретіні, қалай бақылау керек екенін түсіндіріледі және табиғатта өздерін ұстау, мінез-
құлық ережелері жөнінде нұсқау беріледі.
1. Танымжорық мәселелерін ертерек анықтау, алдын-ала жергілікті жермен бағдарлау үшін
маршрут жобасын көрсету.
2. Танымжорық кезінде көзге көрінетін құбылыстар мен көріністер жөнінде әңгімелесу
керек.
3. Табиғатта балалардың зейінін керекті табиғи объектілерге аудара білу керек.
4. Оқушыларды шамадан тыс шаршатуға болмайды
5. Танымжорық қорытындысын келесі сабақта бекіту керек.
Бұл күндері республикамызда өлке тану мәселелерін табысты шешіп отырған
мектептер аз емес. Мысалы, Астана қаласындағы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-
гимназиясында өлкетану жұмыстарының белгілі бір жүйесі қалыптасып келеді. Мәселен,
«Жергілікті өңірдің өсімдіктерін жүйелеу» тақырыбында өлкетану жұмысы жүргізілуде.
Республика ғылымдарының мәліметтеріне қарағанда бізде өсімдіктердің 6000-нан
астам түрі өседі. Соның 760-ы, яғни 12,6% тек біздің жерімізде ғана өсетін (эндемик)
өсімдіктер. Республика бойынша 250-ден астам өсімдік түрлерін медицинада пайдалануға
рұқсат етілгені (өлкетану) танымжорық кезінде әңгімеленеді. Ұстаз оқушыларға
жергілікті
өңірде өсетін өсімдіктер жамылғысының түрлерімен таныстырып, дәрілік өсімдіктердің
маңызын және қорғалатын себебін түсіндіріді. Пән дәптеріне (Дүниетану) өсімдіктердің
суретін салуы мен қатар атауын жазуға (қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында)
тапсырма береді. Жұмыстың
мақсаты мен міндеті оқушылардың жас ерешеліктеріне
байланысты төменнен жоғарыға күрделенеді яғни, қарапайымнан күрделіге өрлеуден
тұратын үрдіс. Мәселен, өлкетану жұмысының нәтижесінде аймақтардан жинақтаған
материалдарынан жоғарғы сыныпта оқушылар
«ғылыми-жоба» зерттеу жұмысын
орындайды [2, б.51].
Өлкетану жұмысы жеке пәндер бойынша сол пән материалдарының мазмұнына
сәйкес орындалады
. Фенологиялық, метеорологиялық бақылаулар, туған ауылдың,
ауданның, қаланың кәсіпорынның тарихын білу, этнографиялық, фольклорлық және архив