Саулет қала құрылысы қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



жүктеу 1,25 Mb.
Pdf просмотр
бет8/51
Дата04.02.2020
өлшемі1,25 Mb.
#28114
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51

 
 
МОНТАЖДАУ 
 
14 
баспақ не болмаса компрессиялық). 
5.7.3  Жоғары  температуралы  дәнекерлеу  кезінде  дәнекер  капилляр  тартылыс 
әсерімен  жинақталатын  элементтердің    түйіспелі  бөлшектерінің  арасындағы  саңылауды 
толтырады. Жұмыс температурасын 450 °С-тан 750 °С шегінде ұстаған жөн. 
 
5.8 Кәріздік жүйелер қосылыстарының түрлері мен тәсілдері   
 
5.8.1 Кәріздік шойын құбырлардың жапсарлары МемСТ 30055 бойынша майланған 
кендір  арқанмен  немесе  майланған  таспалы  талшықпен,  кейін  МемСТ  127.4  бойынша 
балқытылған  кесек  немесе  үгілген  күкіртті  МемСТ  19608  бойынша  байытылған  каолин 
қосып құйып немесе гипсглиноземді кеңейтілген цементті МемСТ 11052 бойынша, немесе 
жапсарды  жұмыс  құжаттамасында  көрсетілген  басқа  тығыздауыш  және  толтырғыш 
материалдармен тығыздалуы тиіс. 
5.8.2  Ішкі  кәріз  жүйелері  үшін  полимер  материалдардан  жасалған  құбыржолдарын 
кең  қонышты  қосылыстардың  көмегімен  тығыздауыш  сақиналарды  пайдаланып,  ал 
поливинилхлоридтен жасалған құбырлар үшін –желіммен де қосады. 
5.8.3  Ернемек  қосылыстар  құбыржолдарының  шойын  немесе  болат  құбырларға 
ауысатын жерлерінде немесе жабдыққа қосылу үшін пайдаланылады. 
5.8.4 Бұрғыш құбыржолдарын тік құбырмен қосуды тығыздауыш сақинасы бар кең 
қонышта  жүргізу  қажет.  Тегіс  құбырларды  өзара  қосқанда  екі  кең  қонышты 
жалғастырғышты  пайдалануға  болады  және  де  жалғастырғыштарды  тіректерге  бекіту 
қажет. 
5.8.5  Шойын  бөлшектердің  тегіс  ұштарын  (басқыш  шығарымларын,  суағар 
құйғыштарын  және  т.т.)  полимер  материалдардан  жасалған  құбырлармен    тығыздауыш 
сақиналары  немесе  манжеттері  бар  байланыстырғыш  кең  қонышты  келте  құбырлармен 
қосу қажет. 
5.8.6  Полимер  материалдардан  жасалған  кәріздік  құбырлардың  тегіс  ұштарын 
сдиаметрі сондай шойын кәріздік құбырдың кең қонышымен  қосуды арнайы тығыздауыш 
сақиналарды немесе манжеттерді қолданып жүргізу қажет. 
 
5.9  Сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерінің  жабдықтарын жинақтау  және 
дайындау 
 
5.9.1  Тиеу  және  түсіру  жұмыстарын  сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерінің 
құбырларын,  дайындамалары  мен  жабдықтарын  қабылдау  кезінде  МемСТ  12.3.002, 
МемСТ 12.3.009, ҚР ҚТ 1.03-14 «Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану 
жөніндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына» сәйкес  орындалуы тиіс. 
5.9.2  Жеткізілетін  жабдықтар  мен  бөлшектерді  қабылдау  жобалау-сметалық 
құжаттамаға, жеткізілетін материалдардың спецификациясына сәйкес жүзеге асырылады. 
5.9.3 
Сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелері  үшін  құбырдан  жасалған  тораптар 
мен  бөлшектер  объектілерге  контейнерде  немесе  пакеттерде  тасымалдануы  қажет  және 
олардың ілеспе құжаттамасы болуы тиіс. 
Бұйым  дайындаудың  қолданыстағы  стандарттарына  және  техникалық  шарттарына 


МОНТАЖДАУ 
 
15 
сәйкес  әр  контейнерге  немесе  пакетке  буылған  тораптың  маркасы  көрсетілген  тақташа 
бекітілуі тиіс. 
5.9.4  Бөлшектер  мен  тораптарға  орнатылмаған    арматура,  автоматика  аспаптары, 
бақылау-өлшеу  аспаптары,  байланыстырғыш  бөлшектер,  бекіткіш  құралдар,  төсемдер, 
бұрандамалар, сомындар, тығырықтар және т.т. бөлек оралуы тиіс және де контейнердің 
маркалауында осы бұйымдардың белгілері немесе атауы көрсетілуі тиіс. 
Қабылданатын жабдықтар мен бөлшектер нормативтік құжат талаптарына (МемСТ-
ларға, техникалық шарттарға және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат 
беретін сертификаттарға) сәйкес болуы тиіс. 
5.9.5 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құбырларын, дайындамалары мен 
жабдықтарын қоймалау аймағы құрылыс аумағында  қоршаулы және жұмыс істейтін жүк 
көтергіш кранның аймағында болуы тиіс. 
Қоймалау алаңы жоспарлануы тиіс, су ағыны үшін, ал қыс уақытында қардан және 
мұздан тазарту үшін еңісі болуы тиіс. 
 

Сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерін  монтаждау  жұмыстарын 
ұйымдастыру және орындау 
 
6.1 
Монтаждау-жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру 
 
6.1.1 Монтаждау-жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру: 

монтаж  жүзеге  асатын  өндірістік  жайлар  мен  алаңшаларында  қауіпсіздікті 
ұйымдастыруды; 

жұмыс  істеп  тұрған  өндіріс  жағдайында  жұмыстарды  орындау  қауіпсіздігін 
ұйымдастыруды; 

өндірістік  процеске  қатысуға  рұқсат  берілген  персонал  қауіпсізідігін 
ұйымдастыруды; 

қауіпсіздікті ұйымдастырудың орындалуын бақылауды; 
-  
монтаждаужинақтау  жұмыстарын  орындау  барысында  жобалау  құжаттамасында 
пайда болған ауытқулар мен өзгерістерге келісім алуды қамтиды. 
6.1.2  Монтаж  жүзеге  асатын  өндірістік  жайлар  мен  алаңшаларында  қауіпсіздікті 
ұйымдастыру. 
6.1.2.1 Сумен жабдықтау және су бұру ішкі жүйелерін монтаждау кезінде тәуліктің 
қараңғы уақытында жұмыс орындары мен жұмыс учаскелері ҚР ҚТ 2.04-02 талаптарына 
сәйкес  жарықтандырылуы тиіс. 
Жарық  біркелкі,  жұмыс  істеушілерге  жарық  құрылғыларының  көз  шағылысатын 
әсерінсіз болуы тиіс. Жарықтандырылмаған жерлерде жұмыс жүргізуге рұқсат етілмейді. 
6.1.2.2  Сумен  жабдықтау  және  су  бұру  ішкі  жүйелерін  монтаждау  жұмыстарын 
бастағанға дейін адамдардың жұмыс істеуіне және өтуіне қауіпті жерлерді жұмыс жүргізу 
жобасына  сәйкес:  қоршау,  жазулар  мен  көрсеткіштермен  жабдықтау,    ҚР  ҚТ  МемСТ  Р 
1
2.4.026 бойынша қауіпсіздік белгілерін орнату, ал түнгі  уақытта жарық сигналдарымен 
белгілеу қажет. 
6.1.2.3 Жұмыс жүргізу жобаларында адамдарға қауіпті зиянды факторы шамадан тыс 


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау